Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды көп мөлшерде көк тамырға тамшылап енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауымен айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, парентеральды тамақтандыру, уыттану белгілерін жою.
Инъекция жасалатын орындар: шынтақ буынының, білектің, қол-аяқтың шеткері көк тамырлары, балаларда- бастың шеткері көк тамырлары.
Асқынулары: гематома, флебит, тромбофлебит, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, сепсис, ауа және дәрілік эмболия.
Жабдықтау: 4-қабат залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалы бар залалсыздандырылған бикс, сұйықты тамшылап жіберуге арналған бір реттік система, ұштаған, дәрілік заттар, дәрісі бар флакон, 70% этил спирті бар флакон, клеенкалы жастықша, лейкопластырь, жгут, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Іс-шара алдында палатаға барып, пациентпен әңгімелесіп шығыңыз, тоқ ішекті және қуықты босату керек екендігін ескертіңіз.
2. Тағайындалған ем жайында хабардар екеніне көз жеткізіңіз.
3. Ем-шара бөлмесінде бір реттік системаны тексеріңіз (жарамдылық мерзімі, сыртқы орамының бүтіндігін,).
4. Дәрілік заты бар флаконды дайындаңыз (дәрінің атын, дозасын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін және дәрігердің тағайындау нұсқауымен сәйкестігін тексеріңіз).
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.
6. Флаконның темір қақпағын қайшының көмегімен ашып, спиртке малынған мақта түйіршігімен резеңке қақпағын екі рет сүртіңіз.
7. Системаның орамын ашып, тамшы системаны орамнан алып шығыңыз.
8. Системаның бұрандысын жабыңыз.
9. Системаның қабылдағыш инесінің қақпашасын алып, инені дәрісі бар флаконның резеңке қақпақшағына енгізіңіз. Тамшы системаның ауа өткізетін қақпақшасын ашыңыз.
10. Флаконды түбін жоғары қарата төңкеріп, системаның бос ұшын сол қолға ұстап, ұштағанға іліп қойыңыз.
11. Тамшы жібергішті жартысына дейін дәрімен толтырыңыз.
12.Тамшы системаның бұрандысын ашып, системаны дәрілік затпен толтырыңыз, инеден 1-2 тамшы дәрі шыққанша.
13. Системада ауаның жоқтығын тексеріп, бұрандысын жабыңыз.
14. Лотоктағы залалсыздандырылған дәкенің арасына антисептикке малынған мақта түйіршіктерімен және ұзындығы 4-5см лейкопластырь орналастырыңыз.
15. Палатада пациентті арқасымен жатқызыңыз.
16. Қолғапты антисептикпен өңдеңіз.
17.Шынтақ астына клеенкалы жастықшаны орналастырыңыз.
18. Иықтың орта тұсынан резеңке жгутты байлаңыз.
19.Тамыр соғысын тексеріңіз.
20. Пациенттен қолын ашып- жұмып, жұмыс жасауын сұраймыз.
21. Пальпация көмегімен көк тамырды тексереміз.
22.Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сосын кіші – инъекция жасалатын орынды. 3-ші спиртті мақта түйіршігін сол қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарының арасына орналастырыңыз.
23. Система инесінің қақпақшасын шешіп,1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз.Сол қолдың 1-ші саусағымен тамырды бекітіңіз.
24. Инені теріге 300 С бұрышта ұстап енгізіңіз, содан соң иненің бұрышын азайта отырып, 1/3 бөлігін көк тамырға енгізіңіз.
25. Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен системаның түтікшесін қысып, ине тамырда екеніне көз жеткізіңіз. Егерде канюляда және системада қан пайда болса, жгутты шешіңіз.
26. Ине тамырда екеніне тағыда көз жеткізіңіз.
27. Системаның қысқышын ашып, көк тамырға дәрінің келу жылдамдығын реттеңіз (1 минутта 20-40-60 тамшыға дейін, жіберілетін дәрінің түріне және дәрігер тағайындауына байланысты). Бір неше минут дәрілік заттың тамшылауын және пациенттің жағдайын қадағалау керек.
28. Иненің канюлясын жабысқақ жолақпен бекітіп, залалсыздандырылған дәкемен дәрі жіберетін ине тұсын жауып қойыңыз.
29. Тамырға кетіп жатқан дәрінің жылдамдығын қадағалаңыз.
30. Инфузия кезіндегі пациенттің жалпы жағдайын қадағалаңыз.
31. Процедура аяқталған сон, системаның бұрандысын жауып, тері антисептигіне малынған үшінші мақта түйіршігімен басып, инені тамырдан алып шығыңыз. Пациенттің шынтақ буынын қан толығымен тоқтағанша бүгіңіз.
32. Системаның инесін қалпақшасын кигізбей, пайдаланған мақта түйіршігімен және қолғапты арнайы контейнерге тастаңыз.
33. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Ине кірген жерді ауық- ауық қарап отыру керек, дәрі тамырға кетіп жатқанына көз жеткізу үшін. Иненің жағдайын тексеріп отыру,(орнынан жылжыған жоқпа, жақсы бекітіліп тұр ма), пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отыру, дәрі кетіп жатқан жер ауырмай ма деп сұрау керек, егер пациент ауырсынса, немесе иненің дәрі кетіп жатқан тұсында ісік пайда болса, бұрандысын жауып, инені алу тастайды.
109.Шеткері көк тамырға катетерді қоюдағы медбикелік технологиясы (перифериялық катетеризациясы)
Мақсаты: емдік және диагностикалық
Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауымен айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, парентеральды тамақтандыру, уыттану белгілерін жою.
Инъекция жасалатын орындар: шынтақ буынының, білектің, қол-аяқтың шеткері көк тамырлары, балаларда- бастың шеткері көк тамырлары.
Асқынулары: гематома, флебит, тромбофлебит, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, сепсис, ауа және дәрілік эмболия.
Жабдықтау: 4 қабат залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалы бар залалсыздандырылған бикс, шеткері тамырларға қолданатын катетері, бір реттік қолданылатын шприц 5-10 мл, физиологиялық ерітінді (0.9 % NaCl), тері антисептигі бар флакон, клеенкалы жастықша, жгут, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б).
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Пациенттен ыңғайлы орналасуын сұраңыз:отырып немесе жатып.
Ыңғайлы жағдайды таңдау пациенттің жалпы жағдайына байланысты
болады.
2. Пациенттің қолының астына жастықша қойыңыз.
3. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, залалсыздандырылған резеңке
қолғапты киіңіз.
4. Пациенттің қолына резеңке жгутты байлаңыз.
5. Пальпация арқылы ең толық көк тамырын таңдап алыңыз.
6. Ине салатын, көк тамыр тұсын екі рет тері антисептигімен өңдеп, оның толық құрғап кебуін тосыңыз.
7.Залалсыздандыру ережелерін сақтай отырып, катетердің орауын
ашыңыз.
8. Катетерді ең ыңғайлы тәсілмен алыңыз.
9. Қорғаныш қалпақшасын алып тастаңыз. Иненің тесігі жоғары қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
10.Ине салатын орынға жанаспай, сол қолдың үлкен саусағымен
пациенттің қолының терісін тартып, көк тамырды тұрақты қылыңыз.
11. Катетерді 15 – 450 С градуста ұстап, алдымен теріні, содан соң көк
тамырды тесіңіз.
12. Камераға қан келгенін көрген соң катетерді енгізу бұрышын азайтыңыз, катетерді теріге жақындата отырып. Өткізгіш - инесімен қоса катетерді көк тамырға 2-3мм тереңдете енгізіңіз. Өткізгіш- инені ақырындап 2-3мм-ге кері тартыңыз. Өткізгіш-ине мен канюляда қанның болуы катетердің көк тамырда дұрыс орналасуын көрсетеді.
13. Катетердің канюлясын өткізгіш инеден босата отырып, толығымен көк тамырға енгізіңіз. Жгутты шешіңіз.
14. Көк тамырды катетер ұшынан жоғары тұсынан саусағыңызбен басып, өткізгіш инені суырып алыңыз. Өткізгіш инені дереу өткір заттарға қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б) тастаңыз.
15. Катетерді тығынымен жабыңыз немесе дәрі жіберетін системаға
жалғаңыз.
16.Катетерді залалсызданған және өздігінен жабысатын байламмен
бекітіңіз (залалсыздандырылмаған байламды қолдануға болмайды).
17.Катетерді залалсыздандырылған физиологиялық ерітіндімен жуыңыз.
(NaCl 0,9%). Егер дереу дәрі енгізу қажет болмаса, катетерді физиологиялық ерітіндімен «құлыптап, бітеп» қойыңыз.
18.Қолғапты шешіп, қолданылған заттарға арналған контейнерге (класс
А және Б) салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
19.Орындалған іс- шара жайында ауру тарихына, катетерді бақылау
парағына тіркеп қойыңыз.