Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Этиологиясы. Этиологиясы бойынша остеопороз біріншілік (менопаузадан кейінгі, сенильді, ювенильді, идиопатиялық) және басқа сырқаттар




Этиологиясы бойынша остеопороз біріншілік ( менопаузадан кейінгі, сенильді, ювенильді, идиопатиялық) және басқа сырқаттар әсерінен дамитын екіншілік, яғни симптоматикалық болып жіктеледі (8.8 сурет). Остеопороздың дамуына әкелетін қауіп түрткілері төмендегі 8.7 кестеде көрсетеліген.

 

8.7 кесте. Остеопорозға әкелетін қауіп түрткілері

 

Жойылмайтын түрткілер Жойылатын түрткілер
1. Ересек жаста сүйектің сынуы 2.Бірінші сатыдағы туыстарда сынықтар болуы 3. Ақ нәсіл 4. Егде жастағылар 5. Әйел жынысы 6. Деменция 1. Темекі тарту 2.58 кг-нан төмен дене салмағы 3. Гипоэстрогения (45 жасқа дейінгі менопауза, екі жақты овариэктомия, пременопауза кезінде бір жылға созылған аменорея) 4. Өмір бойы жеткілікті мөлшерде кальцийді қабылдамау
7. Нәзік дене бітімі 5. Алькогольді көп қабылдау 6. Көрудің әлсіздігі 7. Жиі сүрініп құлау 8. Жалпы денсаулығының нашар болуы

 

 

8.8 сурет. Остеопороз этиологиясы

 

8.8 сурет Первичный остеопороз- Біріншілік остеопороз Постменопаузальный 1-типа- Менопаузадан кейінгі (1 типі) Сенильный 2-типа- Сенильді (2 типі) Ювенильный- Ювенильді Идиопатический- Идиопатиялық Вторичный остеопороз- Екіншілік остеопороз Заболевания эндокринной системы- Эндокринді жүйе аурулары Ревматические заболевания- Ревматизмдік аурулар Заболевания органов пищеварения- Асқорыту ағзаларының аурулары Заболевания почек- Бүйрек аурулары Заболевания крови- Қан аурулары Другие заболевания и состояния- Басқа аурулар мен жағдайлар Генетические нарушения- Генетикалық бұзылыстар Медикаменты- Дәрі-дәрмектер Эндогенный гиперкортицизм(болезнь и синдром Кушинга)- Эндогенді гиперкортицизм(Кушинг ауруы мен синдромы) Ревматоидный артрит- Ревматоидты артрит Резецированный желудок- Бөлігі алып тасталған асқазан Хрон.поч.недост- Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі Миеломная болезнь- Миеломды ауру Длительный постельный режим- Ұзақ төсек тартып жату Несовершеный остеогенез- Жетілмеген остеогенез Кортикостероиды- Кортикостероидтар Тиреотоксикоз- Тиреотоксикоз Гипогонадизм- Гипогонадизм Гиперпаратиреоз- Гиперпаратиреоз Сах.диабет 1 типа- Қантты диабеттің 1типі Гипофизарная недостат- Гипофизарлы жеткіліксіздік Системная красная волчанка- Жүйелі қызыл жегі Анкилозирующий спондилоартрит- Анкилоздаушы спондилоартрит Мальабсорбция- Мальабсорбция Хрон.заболев. печени- Бауырдың созылмалы аурулары Почечный канальцевый ацидоз- Бүйрек түтігінің ацидозы Талассемия- Талассемия Системный мастоцитоз- Жүйелі мастоцитоз Лейкозы и лимфомы- Лейкоздар мен лимфомалар Хроническое обструктивное заболевание- Созылмалы обструктивті аурулар Алкоголизм- Алкоголизм Нервная анорексия- Жүйкелік анорексия Нарушения питания- Тамақтану бұзылысы Трансплантация органов- Ағзалар трансплантациясы Синдром Марфана- Марфан синдромы Синдром Элерса-Данло- Элерс-Данло синдромы Гомоцистинурия- Гомоцистинурия Антиконвульсанты- Антиконвульсанттар Иммунодепрессанты- Иммунодепрессанттар Алюминий содержащие антациды- Алюминийі бар антацидтер Препараты тиреоидных гормонов- Тиреоидты гормон дәрілері  

Патогенезі

Жоғары сүйектік зат алмасу тән остеопороз кезінде қалыпты немесе жоғарылаған сүйектің түзілу үрдісі сүйек резорбциясын компенсациялай алмайды, ал сүйектік зат алмасу төмен остеопороз кезінде сүйек резорбциясы жылдамдығы төмен немесе қалыпты болып, сүйектің жаңаруы баяу болады. Аталған остеопороздың екі түріде бір науқаста остеопороздың түрлі сатылары ретінде өтуі мүмкін. Менопаузадан кейінгі остеопороз патогенезінің дамуы сүйек массасының төмендеуіне әкелетін эстрогенді жеткіліксізділіктен басталады. Остеобластарда эстрогендер рецепторлары орналасады, ал эстрогендердің тапшылығы остеокластар белсенділігін ынталандырып, дифференцировкасын күшейтіп, сүйектің жоғары резорбциясын тудырады. Сенильді остеопороз патогенезі негізінде кальцитонин мен жыныс стероидтарының жеткіліксіздігінен басқа, D дәруменінің тапшылығы мен ішекте кальций абсорциясының бұзылысы нәтижесінде екіншілік гипопаратиреозбен және сүйек тіні резорбциясының жоғарылауына әкелетін теріс кальций балансы маңызды қызмет атқарады. D дәрумені алмасуының бұзылысы инсоляцияның төмендеуінен, стероидты гормондар тапшылығынан оның белсенді түрлерінің түзілуі бұзылуынан дамиды. Кез келген жаста қандайда бір гормон секрециясының артық немесе жеткіліксіз синтезделуі остеопороздың дамуына жол ашады (гиперпаратиреоз, тиреотоксикоз, Кушинг синдромы және т.б.). Глюкокортикоидтардың артық болуы сүйектің жаңаруын тежейді және бұл кезде ішекте кальций сіңірілуі тежеліп, бүйректермен оның экскрециясы артады, нәтижесінде екіншілік гиперпаратиреоз бен жоғары сүйек резорбциясына әкелетін екіншілік гипопаратиреоз дамиды. Гипогонадизм кезінде репродуктивті жастағы әйелдерде остеопороздың даму механизмі менопаузадан кейін дамитын механизмге өте ұқсас.

Менопаузадан кейінгі, стероидты және гипогонадалық остеопорозға сүйектің трабекулярлы тінінің жоғалуы тән (омыртқа денесі, қабырға, білек сүйегінің сынуы). Ал сенильді остеопороз, гиперпаратиреоз және тиреотоксикоз кезінде сүйектің кортикальды тіні зақымдалады (түтікті сүйектердің, сан сүйегі мойнының сынуы).

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 942 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.