Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Салықтық құқығының жүйесі




Салықтық құқықтың жүйесі — мемлекеттің салықтық қызметі барысында туындайтын салықтык катынастарды реттеуге атсалысатын салықтык кұқыктық нормалардың өзара қарым-қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ак қыйсынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсетеді.

Біз ұстанған көзқарас бойынша салықтык құқық жүйесінің кұрылымы бюджеттік құқық жүйесінің құрылымынан тым алшак кетпеуге тиіс. Сонымен, құқыктык құрылым ретінде салықтық кұкықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлімге мемлекеттің салык жүйесінің үйымдастыру кұрылысын және оның күрылу принциптерін, салықтар жүйесінің топтастырылуын, салық төлеушілердің күкықтары мен міндеттерін, салык органдарының өкілеттіліктерін, салық зандарын бұзғаны үшін мемлекетгік мәжбүрлеу шараларын, салықсалу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардын, кызмет бағыты мен кұзыреттерін, салық әкімшілігін жүргізу тәртібін, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын салықтық жоспарлауды, мемлекеттік салыктық бақылауды жүзеге асыратын кұзыретті органдарды, салықтық бақылау нысандары мен түрлерін белгілейтін және салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайтын салыктық кұкыктык нормалар жатады.

Салыктық кұқыктың жалпы бөлімі мына:

1. Салықтар, салык салу және мемлекеттің салық жүйесі;

2. Мемлекеттің салықтык, кызметі;

3. Салықтық құқық құқықтык, құрылым ретінде;

4. Салықтык күқықтық нормалар және салықтық құқықтык қатынастар;

5.Салықтық міндеттемелер;

6. Шағын кәсіпкерлікке арналған арнаулы салык режимі;

7. Салык салу аясындағы салыктық ынталандыру және мемлекеттік мәжбүрлеу;

8. Мемлекеттіңсалықтыққұрылысы;

9. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;

10.Мемлекеттік салықтық жоспарлау;

11. Мемлекеттік салыктық бақылау тәрізді институттардан құралады.

Ал ерекше бөлімнің күрылымы әдетте Салық кодексінде белгіленген және айқындалған салықтар жүйесі арқылы көрініс табады. Реті келгенде айта кету қажет, осы салықтар жүйесі мемлекеттің салык жүйесінің ең негізгі құрылымдық элементі оолып табылады.

Бүгінде, салықтық кұқықтың дерек көздері, иерархияны сақтай отырып мынадай: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салык кодексі), Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметі қабылдайтын салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, Каржы министрлігі Салық комитетінің нұсқаулық және өзге нормативтік-құқықтық актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті салык салуға катысты нормативтік-кұкықтық актілері, халықаралық салык салуға байланысты келісім-шарттар — салық конвенциялары түрінде көрініс табады.

Салықтық зандар (қазіргі кезде «заңнама» деп айтылып жүр) мемлекеттің салық салу саласында туындайтын коғамдық катынастарды реттейтін нормативтік салықтық, қүқыктык, актілердін жиынтығы болып табылады.

Дебиет

1 ҚР салық кодексі 12.06.2001

2 Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005

3 Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002, 344 с. С.

4 Налоги и налогообложение / Под ред. Романовского М.В. – М.: Юристъ, 1997.-672с.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Салық құқығының түсінігі және пәні

2 Салықтық құқықтық қатынастарының түсінігі және құрылымы

3 Салық құқығының жүйесінің және қайнар көздерінің түсінігі





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1622 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2294 - | 2115 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.