Қазакстан Республикасының салык жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің коғамдык механизмі салык төлеушілердің келісімін кажет кылмайтын, сонымен катар әлеуметтік бағдарлы, демократиялык және күкықтык, мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық-каржылық мүдделерінің сакталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары катаң ескерілетін, тек коғамдык-мемлекеттік мүдделер басымдылығын максаттайтын субъектінін біржакты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын катынастардың қалыптасып дамуын кепілдендіретін әлеуметгік-экономикалық ретгеуші қосымша кұралдың болғанын қалайды.
Демек салықтық құқык қоғамдык-мемлекеттік маңызы бар айрықша объективті-субъективтік экономикалық саланы толығымен қамти отырып осы салық салу саласындағы айтарлықтай тұрақты ұйымдастырушы және материалдық сипаттағы катынастарды реттейтін, әлеуметтік жөне фискальдық саясаттың ұстанымын көздейтін, мемлекет билігінің әкімшілік және экономикалық әлеуетінің салықтық құзырындағы зани және экономикалық мазмұнды құкықтык нормалардың жиынтығынан тұратын құкыктык, құрылым ретінде көрініс табады.
Қазакстан Республикасының қазіргі заманғы салықтык кұкығы мынадай өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Салык салу процесін негіздейтін салықтық құқыктык нормаларда мүмкіндігінше мемлекет пен салык төлеушілердін, экономикалық-қаржылық мүдделерінің карама-қайшылығы ескеріледі.
2. Мемлекеттің салық саясатының экономикасы тұрғысынан Казақстан Республикасына тартылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
3. Салықтық кұқықтык нормалар Қазақстан Республикасы салық жүйесінін макроэкономикалық даму керсеткіштеріне байланысты жай-күйін және трансферттік қабілетін фискальдык бағдарларға сай айқындайды.
4. Салықтық кұкықтық нормалар мемлекеттік шаруашылык аясындағы, сондай-ак корпоративтік және жеке меншік шаруашылықтар аяларындағы фискальдык қатынастардың құкықтық негізін кұрайды.
5. Салықтык кұкык мемлекетгік бюджеттің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін кұрайды.
6. Салыктык құкык нормаларында салык базасын айкындау және салық ставкаларын белгілеу процесіне байланысты қағида-ережелер қатаң нактыландырылады.
7. Салыктық кұқық Казақстан Республикасындағы салық салудың заңи негізін құрайды, сондай-ақ ол мемлекеттің салықтык қызметінің кұқыктық нысаны болып табылады.
8. Салықтык кұкық мемлекеттің салық жүйесінің фискальдык негізінде қалыптастырылатын бюджетгік кірістің салыктық белігін бюджеттік шығыстың келемімен байланыстырады.
9. Салықтык құкық нормалары салықтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып, мемлекеттің салыктық менеджментінің негізін құрайтын салыктык міндеттемелердін орындалуын қамтамасыз етеді.
10. Салықтық кұқык нормалары салық салу аясында туындайтын трансферттік сипаттағы салыктық қатынастардың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансфертгік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.
Салықтық кұкық мемлекеттің салық саясатының негізін айқындай отырып жалпы саяси ахуалға сай келетін фискальдық әкімшілік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Салықтық кұқық өзінің салыктық құқыктық әлеуетінің реттеуші ықпалының аукымындағы қоғамдық қатынастар, салықтык-құкықтык, реттеу әдістері, жүйесі және дерек көздері аркылы көрініс табады.