Салықтық-кұкықтык реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай-ак белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекетгік өктем билік-императивтік әдіс және келісімді, шартты-диспозитивтік әдіс түрінде қолданылады.
Мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастырылу құрылымы императивтік сипатта болатындыктан салықтық құкык аясында көбінесе императивтік әдіс пайдаланылады.
Осы императивтік салықтық-құкыктық реттеу әдістері мына:
1) салық салу саласындағы салык төлеушілер мен өзге де қатысушылардың жүріс-тұрыстары мен қажетті іс-әрекеттері мемлекет тарапынан (әдетге уәкілетті мемлекеттік органдар) қабылданған нормативтік және жекелей салықтык-кұқықтык актілердің әмірлі-талапты нұсқамаларымен шартталынған;
2) салық төлеушілер мен салык, органдарының және өзге де қатысушылардың нормативтік-құкықтық актілерде көрініс тапқан мемлекеттің талабын орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;
3) салықтық катынаска катысушы салык телеушілер мен салық органдарының өзара құқықтары мен міндеттері мемлекеттің талабының және тиісті нормативтік-құкықтық актінін негізінде накты әрі мұқият белгіленген;
4) мемлекеттің талабы мен езге де салықтық міндеттерін орындау мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етілуіне орай тиісті салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату уәкілетігі мемлекеттік орган тарапынан біржақты әмірлі түрде не болмаса сот аркылы жүзеге асырылады.
Алайда, мемлекеттің салықтык қызметінің аясында әлсін-әлі пайдаланылатын (пайдаланылуы ықтимал) диспозитивтік (келісімді) әдістін бар екенін жоқка шығара алмаймыз.
Осы диспозитивтік қүкықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:
1) салыктық қатынастағы тараптардың кұкыктары мен міндеттері осы катынастарды реттейтін салықтык заң актілерінің және жазбаша шарт нысанында ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады;
2) осыған орай салықтык, қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екіжактык міндеттемелерін білдіреді;
3) мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты-өктем мәжбүрлеу нысанында ғана емес, сонымен қатар экономикалык стимулдар мен материалдыққ мүдделеу арқылы қызықтыру (ынталандыру) нысанында көрініс табады;
4) диспозитивтік қүқыктық реттеу әдісінін көмегімен реттелінетін салықтық қатынастардың заңи нысаны болып табылатын салықтық шарт екі тараптың өзара құкыктары мен міндеттерін туындатады;
5) салық органдары мен салық төлеушілердің құкықтары мен міңдеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін.
Мәселен, осы айтқандарымызға байланысты жер койнауын пайдаланушылардың мемлекетке төлейтін бонустарын алсак. Қол қойылатын бонус және коммерциялык табу бонусы болып бөлінетін бұл арнаулы төлемдердің ставкалары мен түпкілікті мөлшерлері жөне төлеу мерзімдері мен тәртібі тек келісім-шарт негізінде айқындалып, белгіленеді.