Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лкен Орталық Азия» жобасы: геосаяси мәнін ашып беріңіз




Орталық Азия елдерінің одағы, оны интеграциялау мәселесі - қайталанып айтылып жүрген, қоғамдық өмірдің өзекті әрі өткір мәселесі. Бұл қажеттілікті жүзеге асырған жағдайда әрине, олар бірыңғай саяси-экономикалық, әлеуметтік саясатты белгілеген болар еді. Демографиялық дамуы жағынан алда келе жатқан Өзбекстанда 26 млн., ал экономикалық жедел даму жолына түскен Қазақстанда 17 млн. тұрғын бар. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2006 жылғы Ташкент кездесуінде бұл проблеманың өзектілігін, бірігудің тиімді екенін қадап айтты. Ауғанстан президенті Х. Карзай «Үлкен Орталық Азия әріптестік, сауда мен даму» деген тақырыппен Кабулда өткен халықаралық кеңесте өз елін тығырықтан шығару жолдарын сөз етті. Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялануы проблемасын Кабулдың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан мемлекеті Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қажет инвестиция жұмсап, мамандарды оқытуды қолға алды. Бұл туралы кезінде Кабулдағы кеңесте бұрынғы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, қазіргі Сенат төрағасы Қ. Тоқаев мәлімдеген болатын. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы қазақстандық делегацияның алғашқы ресми сапары еді. Қ. Тоқаев мырза сол жолы Кабулға Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке хатын ала барды. Онда Қазақстан Президенті Ауғанстан басшысы Хамид Карзайды Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық жөніндегі кеңеске арнайы шақыруы жазылған.

Хамид Карзай саммитке қатысты. Айта кету керек, Ауғанстан Ислам Республикасы дамудың жаңа сатысына көшті. Ұзақ жылдар қанды қырғыннан көз ашпаған ел жаңа үкіметке арқа сүйеді. Мұнда қарулы қақтығыстар, саяси текетірестіктер әлі де болса ішінара жүріп жатыр. Батысқа үміт артатындар да, оған наразылық танытып жатқандар да бар. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін біріге отырып талқылауды қазақстандық сарапшылар мен АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ жөніндегі институты осыдан үш жыл бұрын қолға алған болатын. Бұл тақырып Кабулда өткен кеңестің күн тәртібіне шығарылды. Бұған ғаламның әр қиырынан 40-қа жуық елдің сарапшы-ғалымдары қатысты.

Ауғанстан қазір қай жаққа барады? Үлкен Орталық Азияға кіре ме, кірмей ме? Осы мәселе туралы үлкен әңгіме болуда. Азия және Оңтүстік Азияның дәл ортасында тұрған Ауғанстан егер болашақта үлкен Орталық Азияға қосылатын болса геосаяси және экономика жағынан өте жақсы нәрсе болады. Барлық тарапқа өте пайдалы болады. Газ-мұнай құбыры осы Ауғанстан арқылы өтетін болады.

Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубиш:
Қазақстанның Ауғанстанды жаңғыртуға ниет танытып отырғандығы атап айтар-
лықтай оқиға. Орталық Азия-ның тұрақтылығын сақтау үшін біз бұл іске барлығымыз бір кісідей жұмыла білуіміз керек, - деді.

Халықаралық қауымдастық Орталық Азияның бірігуіне, онда тұрақтылық ырғағын сақтауға ынталы. Сауда-экономика, әлеуметтік көмектермен қатар дамып келе жатқан Орталық Азия елдері үшін саяси тәуелсіздік проблемасы бірінші кезекке шығады.

Орталық Азияның мемлекеттері халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен алып держава Қытаймен шектеседі. Қытайдың экономикалық даму қарқынына Батыс елдері сақтана қарайтын болды. Саясатты экономика белгілейді десек, қазіргі кезеңде Орталық Азияның даму бағдарын белгілеуде Қытай Халық Республикасы жетекші орын алады. Әлемдегі алып державаның бірі Қытай мемлекеті Орталық Азия елдерінің интеграциялануы жөнінде не ойлайды?

- Бұл аса қажет ұйым, - дейді Қытай профессоры Дун Сяоян, - Ал Қазақстанға келетін болсақ, біз оны Қытай еліне мұнай, газ, басқа да минералдық бай ресурстар жөнелтетін жақын көрші мемлекет ретінде қараймыз. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы бізге түрлі тауарлар жеткізіледі. Сондықтан да Қытай мемлекеті Қазақстанды осы аймақтағы өзінің сенімді әрі ықпалды көршісі әрі өкілі ретінде таниды. Жалпы, Орталық Азиядағы интеграциялану процесінде Қы-
тай елі Қазақстанның жетекшілік қызмет атқарғанын қалайды. Мұның екі тиімді жағы бар. Біз, біріншіден, кепілді өнім алып отырмыз. Екіншіден, батыс дүниесімен байланыста тұрақтылық өте қажет. Бұл екі проблеманы Орталық Азия аймағы елдерінің интеграциясын құру, онда Қазақстанға жетекшілік мәртебесін беру арқылы шешуге болады. Ал Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде Орталық Азиядағы тұрақты дамыған, демократияландыру реформасын жүзеге асырып келе жатқан өркениетті ел болып табылады.

АҚШ және еуроодақтың ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі әлемдік даму, индустриялық-инновациялық саясаттың тетіктерін білгірлікпен басқарып отырған батыс дүниесі Орталық Азия-ның тәуелсіздік пен даму, демократиялық өзгерістер жолына түскенін қалайды. Жағрапиялық алыстығына қарамастан АҚШ Қазақстанға, Орталық Азиядағы Қырғыстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан секілді дамушы мемлекеттерге жыл сайын 30-50 млн. доллар көлемінде қайтарымсыз көмек береді. Ақпарат кеңістігінде мынадай мәселеге көңіл бөлінуде. Орталық Азия мемлекеттері біртұтас интерацияға бірікпейді деген пікір белең алуда. Әрине, мұның бәрін шығарып жүрген ресми тілдегі ақпарат құралдары. Мәселен, олар Орталық Азияның негізгі мемлекеттері АҚШ пен Қытайдың ықпалында кетеді, ал, Қазақстан Ресейдің ықпалдастық аймағына айналады деп сәуегейленді. Біздің ойымызша, бұл пікірлер қате айтылған, мүмкін, қазіргі кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайды пайдаланып қалу үшін жорта шығарылған теріс көзқарас болуы мүмкін. Оған себеп: Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы дамыған ірі державаға айналып келе жатыр. БСҰ-ға, ЕҚЫҰ-на өтуді, бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды, демократиялық саяси реформалауды жүзеге жүзеге асырып жатқан Қазақстан Республикасы кешегі отарлаушы елге тіленбейді.

Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіз одағын құру мәселесі бүгінгі күн тәртібіне өткір қойылды. Өзекті мәселе өзінің шешімін күтіп тұр. Бұл мәселе жөнінде әлемдегі жетекші державалар мүдделілік танытуда. Қазақстан Республикасы өзінің көп қырлы саясатын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздік тұғырын одан биіктетудің тиімді әдісін оңтайлы пайдаланады деп үміттенеміз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 968 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.