Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ркениеттер қақтығысы» концепциясы: сыни талдау жасаңыз




"Өркениеттер қақтығысы" – американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.). Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия, еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың соғы" жөніндегі тұжырымына және либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану қарсыластары қолдануда. "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-талас тудырды.

Өркениеттер қақтығысы дегенде ең бірінші есімізге жаһандану ұғымы еске түседі. Қазіргі таңда алпауыт, аспан асты елі Қытай Халық Республикасы жер бетіндегі әлемнің барлық елін аузына қаратқан ел. Қарап отырсақ, бұрынғы кезде әлемді дүр сілкіндірген, аузына қаратқан Америка болса, ал қазір мен мұндалап тұрған Қытай елі болып тұр. Осы орайда, француз данышпаны Наполеон Бонапарт: «қайнар көзі жер ядросынан басталып, жер сілкінісі соққысынан, әлемдегі өркениет қақтығысы артық»- деген екен. Ал, қытай билеушісі Мао Цзян өзінің бір сөзінде: «Өркениеттер қақтығысы – бозбаланың өтпелі кезеңнен өткені секілді құбылмалы»-деп айтқан. Осындай ғажайып сөздерден кейін әлемге басқаша көзбен қарағың келеді.

Батыстың белгілі ғалымы Самюэл Хантингтон өзінің «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында «Дүние жүзіндегі екі лагерьдің бірі – Кеңес Одағы құлағаннан кейін әлемде екінші бір қарама-қарсы күштер пайда болды, ол – діндер, өркениеттер қақтығысы, дәлірек айтсақ, христиан діні мен ислам дінінің арасындағы қақтығыс. Болашақта адамзат тағдырын осы екі діннің арасындағы диалог шешеді» деген пікір айтады.

Өте керемет айтылған ой! Парасатты да пайымды, пәрменді айтылған пікір. Бүгінгі таңда соның қасіретін тартып отырғандай жер беті. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің отандық азаматтарымыз басқа діннің ағымына кетіп, адасқандар шаш етектен. Мысалыға келтіретін болсақ, 2011 жылдың жаз айларындағы еліміздің батыс аймағындағы Ақтөбе, Атырау және орталықтағы Балхаш қалаларын еске алған жөн. Қазақстанда, біздің зайырлы мемлекетімізде әр адам өз қалаған дінін қабылдаса да ерікті. Сондықтан да әр адам өз қалаған дінінің ағымына ілесіп, адасуының себебі осы.

Өркениет деңгейіндегі ұқсастық барған сайын маңызды бола түседі де, дүниенің келбеті едәуір дәрежеде жеті-сегіз ірі өркениеттің ықпалдастығы барысында қалыптасады. Оларға батыстық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік-славяндық, латынамерикандық және африкалық өркениеттер жатады. Болашақтың ең елеулі жанжалдары өркениеттер арасындағы бөлініс сызығының бойымен өрістейді.

Біріншіден, өркениеттер арасындағы ерекшеліктер маңызды болып келеді. Олардың тілі, діні, ділі, салт-дәстүрлері, наным-сенімдері бәрі бір-біріне ұқсамайды. Бірақ, сайып келгенде бәрінің бір ғана жаратушысы, иесі бір ғана Аллах. Тіпті, олар өз жанұясының ортасында да бір-бірлеріне басқаша көзбен қарайды. Бірақ, осы аталып отырған ерекшеліктер ары қарай жанжалға ұласуы мүмкін.

Екіншіден, дүниедегі барлық нәрселер пәрменді дамығаны соншалықты, одан сайын үсті-үстіне тар бола түсуде. Әртүрлі өркениеттің яғни, халықтарының арасындағы бәсеке барған сайын күшейе түсуде. Ол сана-сезімнің дамуына, сонымен қатар ерекшеліктерді және ортақ түсіністікті жоғалтуға әкеп соғады.

Үшіншіден, әлеуметтік-экономикалық дамулар адам санасына қатты әсер етуде. Сонымен қатар, іргетасы енді жаңадан қаланып келе жатқан діндер ұйымы көбеюде. Осыған байланысты, ислам дініне қарағанда христиан, буддизм, иудаизм діндері қалыптасып жатты.

Төртіншіден, адамның сана – сезімінің дамуы, Батыс елдерінің жойқын күшінің бұйрығымен жүріп жатыр. Мысалы, Батыс пен Қазақтың арасындағы өркениет қақтығысын айтуға болады. Ол-табиғи дүние. Сонымен қатар, өркениет қақтығысы яғни, Еуропа Ресей және ТМД елдерінің санасын жаулап алды. Қазіргі таңда еуропалық бағытта келе жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, өркениеттер қақтығысы дегеніміз – бір ұлттың идеясын жаулау.

Өркениет адамзат дамуының жоғарғы деңгейі, әр ұлт өзінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын негізге ала отырып, әлемдік мәдениетке өз үлестерін қосады.

Бүгінгі күнде әлемде Батыс пен Шығыстың мәдени қақтығыстары белең алуда, бұл әсіресе, діни сенім мен салт-дәстүрге қатысты ерекшеліктерге орай туындап отыр.

Батыс мәдениеті өздерін әлемнің билеушісі ретінде сезініп, өздерінің мәдениеттерін шығыс елдеріне таңып отыр.

Менің ойымша, әр ұлт, әр ел өзінің мәдениетін дамытып, бір-бірінің салт-дәстүрін, діни сенімін сыйлап, құрметпен қарай білуі керек.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3081 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2218 - | 2051 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.