Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:




3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Жетілмеген бәсеке және оның шарттары.

- Бағалық дискриминация және оның түрлері.

- Қазақстандағы монополист – фирмалар және олардың әрекеттері.

- Қазақстандағы табиғи монополиялар және олардың ерекшеліктері.

- Қазақстандағы антимонополиялық саясат.

4. Өзіндік жазба жұмыстар (ескерту: бұл сұрақтар нөмірі 3-ші, 4-ші және 5-ші міндетті әдебиеттер бойынша орындалады):

- Бағалық дискриминацияның түрлері (дәрежелері) және олардың графикалық көріністері;

- Рамсей бойынша баға белгілеу;

- «Х – тиімсіздік» мәселесі.

 

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі кестеде монополист фирманың өніміне деген сұранысы және жалпы шығындары туралы мәліметтер берілген. Жалпы және шекті табысты, шекті шығынды және пайданы анықтаңыз:

Сұраныс көлемі, данамен   Баға   Жалпы шығындар   Жалпы табыс Шекті табыс Шекті шығын Пайда
             
             
             
             
             

 

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) қандай өндіріс көлемінде фирма пайдасын максималдайды және ең жоғарғы пайда мөлшері қандай?

ә) сұраныстың, шекті табыстың, шекті және жалпы шығындардың графигін салыңыз?

б) монополист фирманың пайданы максималдайтын өндіріс көлемін сол график арқылы көрсетіңіз. Монополисттің жалпы табысы мен шығыны, пайдасы қандай фигуралардың аумағына тең болады?

 

2. Төмендегі кестеде монополист фирманың өніміне деген сұранысы, шығындары және табыстары туралы мәліметтер берілген. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Q TVC TC ATC MC P TR MR Пайда
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 

 

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) монополист фирманың тұрақты шығындары қаншаға тең?

ә) өндірістің қандай көлемінде монополист өз пайдасын максималдайды?

б) тепе-теңдікке жеткен жағдайда монополист пайда ала ма, әлде шығынға ұшырай ма?

в) пайданың (шығынның) мөлшерін анықтаңыз, егер шығын болса, онда өндірісті әріқарай жалғастыру керек пе?

3. Мына төмендегі берілген тұжырымдамалар дұрыс па? Дұрыс болса «+» белгісін, дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз:

— Монополист бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде, нарықтарды бір-бірінен оқшаулатуы керек.

— Бағалық дискриминация кезінде монополист сұранысы икемді нарықтағы тауардың бағасын сұранысы икемсіз нарыққа қарағанда жоғары белгілейді.

— Жетілген бағалық дискриминация дегеніміз – бұл тауардың бағасын оның шекті шығындарынан жоғары белгілеу.

— Егер өндіріс саласы табиғи монополия болып табылса, онда қоғам оны мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді.

— Егер берілген сұраныс мөлшеріне сәйкес реттелетін баға өндірістің орташа шығындарына тең мөлшерде орнатылса, онда қоғамның табиғи монополиядан шегетін зияны жоғалады.

— Монополия кезінде әлеуметтік шығындар туындайды, себебі қоғам үшін қосымша өндірілген өнім бірлігінің өндіріс шығындары оның қоғам үшін бағалылығынан жоғары болады.

 

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Монополия дегеніміз - бұл:

А) белгілі бір тауардың едәуір бөлігін өндіруді немесе сатуды өз

қолына жинақтаған жалғыз ғана кәсіпорынның әрекет ету үлгісі

В) негізгі ірі экономикалық көрсеткіштердің дамуында үйлесілімділіктің,

сәйкестіктің бұзылуы

С) белгілі бір кәсіпорында тауарлар өндіру барысында жасалатын құн өсімі

D) екі кәсіпорын үстемдік жасайтын нарық

Е) бірнеше кәсіпорындар бірігіп үстемдік жасайтын нарық

2. Бағалық дискриминация дегеніміз – ол:

А) бір текті тауарды түрлі сатып алушыларға түрлі бағалармен сату

В) жұмысшыларды тұтыну тауарларына бағаны көтеру арқылы пайдалану

С) жалақыны ұлты мен жынысына қарай алалау

D) жоғары сапалы тауарларға бағаны көтеру

Е) төменгі тауарларға бағаны түсіру

3. Фирма тұтынушының барлық ұтымын иемдене алады, егер:

А) шекті түсім мен шекті шығындар арасындағы айырманы мейлінше арттырсақ

В) нарықты жаулап алса

С) бағалық дискриминация жүргізсе

D) нарықты сегменттесе

Е) жалпы пайданы мейлінше арттырса

4. Монополист фирма көбінесе қандай шараны орындауға тырысады:

А) таза бәсекеге қарағанда өнімді көп өндіру және аса жоғары баға тағайындау

В) жетілген бәсекеге қарағанда өнімді аз өндіру және аса жоғары баға тағайындау

С) өндіріс көлемін үнемі өсіріп отыру

D) бағаны бір қалыпта ұстап тұру

Е) бағаны бәсекелестерімен бірігіп өте құпия түрде тағайындау

5. Нарықтық ортада монополиялық билік болу үшін:

А) жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алуы керек

В) жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алмайды

С) жеке өндіруші өнім көлемін қысқартуы қажет

D) жеке өндіруші өнім көлемін өсіруі қажет

Е) өндірушілер арасында бәсекелестк болмауы қажет

6. Белгілі бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады?

А) монополия В) олигополия С) монопсония D) дуополия Е) олигопсония

7. Саладағы монополиялық биліктің үлесін қалай сипаттауға болады:

А) Херфиндаль-Хиршман индексінің көмегімен В) Джини коэффициенті арқылы

С) Лоренц қисығы арқылы D) Калдор-Хикс критерийі арқылы Е) Коуз теоремасы арқылы

8. Монополистің шекті табысы:

А) бағадан жоғары В) бағадан төмен С) бағаға тең D) өндіріс көлеміне тең болады

Е) таза қоғамдық шығындарға тең болады

9. Бағалық дискриминация саясаты кімге пайдалы?

А) мемлекетке В) фирмаға С) тұтынушыға D) фирмаға да, тұтынушыға да Е) ешкімге де пайдалы емес

10. Монополиялық билікке ие болу үшін фирма:

А) бағаны шекті шығындардан жоғары белгілеуі керек В) бағаны шекті шығындардан төмен белгілеуі керек С) бірінші болып бағаны төмендетуі керек D) бағалық қақтығыс жүргізуі керек Е) баға әрқашанда шекті шығындарға тең болуы керек

11. Герфиндаль бойынша монополистік билікті анықтау индексі:

А) H = S21+S22+ ….+S2n

В) MR=P+QP

С) M=P-AC/P

D) M=P-MC

Е) М = Р - МС / Р

12. Егер монополисттің өніміне деген сұраныс қисығы P = 30 – 2Q болса, онда Q = 10 тең болғандағы орташа түсім қаншаға тең болады?

А) 10 В) 20 С) 1 D) 30 Е) 28

13. Монополистің шектi шығыны әдетте тауар бағасынан төмен, себебi:

А) баға шектi табыстан төмен В) баға шектi табыстан жоғары С) шектi шығын орташа шығыннан төмен D) шектi шығын орташа шығыннан жоғары Е) шекті шығын 1-ге тең

14. Студенттердің қоғамдық көлікте төмендетілген бағамен жүруін қандай мысалға жатқызуға болады:

А) мемлекеттің бағаларды реттеуі

В) жарнамалық компаниялардың іс-әрекеттерінің нәтижесі

С) студенттердің құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың күрес нәтижелері

D) бәсекелестіктің орын алу нәтижесі

Е) бағалық дискриминацияның жүргізілуі

15. Егер монополисттің өніміне деген сұраныс қисығы P = 400 – 5Q болса, онда Q = 20 тең болғанда баға қаншаға тең болады?

А) 20 В) 300 С) 400 D) 100 Е) 500

16. Егер монополисттің өніміне деген сұраныс қисығы P = 30 – 2Q болса, онда Q = 10 тең болғандағы орташа түсім қаншаға тең болады?

А) 10 В) 20 С) 1 D) 28 Е) 30

17. Монополия – бұл жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін нарықтық құрылым ретінде былай сипатталады, яғни:

А) белгілі бір тауардың едәуір бөлігін өндіруді немесе сатуды өз

қолына жинақтаған жалғыз ғана кәсіпорынның әрекет ету үлгісі

В) бірнеше ірі фирмалар өнім көлемін өзара келісіп сату туралы шарттар жиынтығы

С) негізгі ірі экономикалық көрсеткіштердің дамуында үйлесілімділіктің,

сәйкестіктің бұзылуы

D) белгілі бір кәсіпорында тауарлар өндіру барысында жасалатын құн өсімі

Е) екі кәсіпорын үстемдік жасайтын нарық

18. Қазақстандықтарға қарағанда шетел азаматтары үшін мұражайға кіру ақысы жоғары болып тұр, мұндай жағдай қалай түсіндіріледі:

А) фирманың бағалық дискриминация саясатын жүргізуі

В) мемлекеттік реттеудің болмауы

С) мемлекет тарапынан бұл саланың қаржыландырылмауы

D) бұл салада монополиялық жағдайдың орын алуы

Е) бұл жердегі басты мақсат -қазақстан азаматтарын қалдау болып табылады

19. Егер монополисттің өніміне деген сұраныс қисығы P = 400 – 5Q болса, онда Q = 20 тең болғанда баға қаншаға тең болады?

А) 20 В) 300 С) 400 D) 100 Е) 500

20. А. Лернер бойынша монополиялық билік индексі:

А) H = S21+S22+ ….+S2n

В) MC = AC

С) MC = Q*P

D) L = Q / Р

Е) L = Р - МС / Р

21. Монополиялық билікке ие болу үшін фирма:

А) бағаны шекті шығындардан жоғары белгілеуі керек

В) бағаны шекті шығындардан төмен белгілеуі керек

С) бірінші болып бағаны төмендетуі керек

D) бағалық қақтығыс жүргізуі керек

Е) бағаны шекті шығындармен теңестіру қажет

22. Егер монополист MR=MC=AC жағдайында пайданы максималдайтын болса, онда экономикалық пайда:

А) оң болады В) теріс болады С) нөлдік деңгейде болады D) үнемі артып отырады

Е) үнемі тұрақты болады

23. Бағалық дискриминацияны жүргізу кім үшін пайдалы?

А) монополия жағдайында қызмет істейтін фирмаларға

В) жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмаларға

С) тек тұтынушыларға

D) нарықтық құрылымның барлық жағдайларында жұмыс істейтін фирмалар үшін пайдалы

Е) тек мемлекеттік органдар үшін пайдалы

24. Монополист фирма көбінесе қандай шараны орындауға тырысады:

А) жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда өнімді көп шығарып сәйкесінше бағаны жоғары белгілейді В) жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда өнімді аз шығарып сәйкесінше бағаны жоғары белгілейді С) өндірістік қуаттарды толық пайдаланбауға тырысады

D) ұзақ мерзімде бағаны өзгертпеуге тырысады Е) ұзақ мерзімде өндіріс көлемін өзгерпеуге тырысады

25. Монопсония нарығы - бұл:

А) 1 сатып алушыдан тұратын нарықтық құрылым В) 1 сатушыдан тұратын нарықтық құрылым С) 2 сатушыдан тұратын нарықтық құрылым D) 1 сатушыдан және 1 сатып алушыдан тұратын нарықтық құрылым Е) ресурстармен қамтамасыз етуші жалғыз ғана фирма

26. «Тосқауылдардың болуы» деген ерекшелік нені білдіреді?

A) лицензиялардың, патенттердің, баждардың болуын B) жарнаманың болуын сипаттайды

C) бағаны нарықтық баға деңгейінде қою міндетін D) нарықтың белгілі бір бөлігін жаулап алу міндетін E) жоғарғы пайдаға ие болу міндетін

27. Төмендегі ұйымдардың қайсысы табиғи монополист болып табылады:

А) Астана су арнасы МҚК-ы В) ОПЕК — халықаралық мұнай экспортаушы – елдер ұйымы С) «Қазына» даму қоры D) «Халық банкі» АҚ-ы Е) «Айқын - апта» баспасы

28. Баға тағайындаудағы «бас бармақ» ережесі нені білдіреді?

А) шекті шығындарға белгілі бір мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтауды В) нарықтың үлкен үлесіне ие болуді С) бағалық белгілер (сигнал) беру ережесін D) пайданы ұзақ мерзімде белгілі бір дәрежеде тұрақтандыратын бағаны тағайындауды Е) шекті шығындардың бағадан жоғарылауын

29. Монополиялық іс-әрекетті жүргізу салдары:

А) өндірісті қысқартады және бағаны көтереді В) өндірісті ұлғайтады және бағаны төмендетеді С) өндіріс пен салықтарды жоғарылатады D) өндірісті де, бағаны да қысқартады Е) қоғамның әл-ауқатын жақсартады

30. Монополист фирманың шекті табыс қисығы қай уақытта оның өніміне деген сұраныс қисығымен сәйкес келеді?

А) бағалық дискриминация саясаты жүргізілсе В) мемлекет бағаның ең төменгі деңгейін белгілегенде С) бірінші дәрежелі бағалық дискриминация саясаты жүргізілсе

D) екінші дәрежелі бағалық дискриминация саясаты жүргізілсе

Е) үшінші дәрежелі бағалық дискриминация саясаты жүргізілсе

31. Қазақстандықтарға қарағанда шетел азаматтары үшін мұражайға кіру ақысы жоғары болып тұр, мұндай жағдай қалай түсіндіріледі:

А) үшінші дәрежелі бағалық дискриминацияның жүргізілуімен

В) бірінші дәрежелі бағалық дискриминация саясатының орын алуымен

С) екінші дәрежелі бағалық дискриминация саясатының орын алуымен

D) мұражайға кіруге шетел азаматтары үшін біршама шектеу қоюмен

Е) бұл жердегі басты мақсат - Қазақстан азаматтарын қалдау болып табылады

32. Монополист фирманың екінші дәрежелі бағалық дискриминация саясатын жүргізуі қалай сипатталады?

А) сатып алынатын тауардың санына қарай әртүрлі баға белгілеумен

В) тұтынушылардың сатып алушылық қабілетіне байланысты әртүрлі баға белгілеумен

С) өнім бірлігіне максималды баға тағайындау арқылы D) бұл жерде фирма тұтынушыларды нарықтың «қымбат» және «арзан» сегменттеріне бөледі

Е) тауардың алдын ала анықтап қойған санын төменгі бағамен сату арқылы

33. Монополист фирма бағалық дискриминацияның қандай түрін жүргізгенде тауарға әртүрлі бағалық жеңілдіктер береді?

А) жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде В) жетілмеген бағалық дикриминацияны қолданғанда С) екінші дәрежелі бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде D) үшінші дәрежелі бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде

Е) ең төменгі бағалық дискриминация әдісін қолданғанда

34. Жетілмеген бәсеке (әсіресе, монополия) жағдайында салаға жаңа фирмалардың кіруіне

тосқауылдар қою туралы мәселелерді алғаш рет қарастырған кім еді?

А) Американдық экономист Джо Бейн В) Ағылшын экономисі Абба Лернер

С) Американдық экономист Пол Суизи D) Американдық экономист Эдвард Чемберлин

E) Италияндық экономист Вильфредо Парето

 

СЕГІЗІНШІ ТАҚЫРЫП.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2208 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2300 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.