Міндетті әдебиеттер:
1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 6 – тақырып.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. 7 тарау.
3. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Главы 6, 7.
4. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:Издательство НОРМА, 2005. Главы 6, 7.
5. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 6-е издание. Спб.: Питер, 2007. Глава 7.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкономика). Глава 6.
7. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: Оқу құралы. – Алматы, 2007. 8 – тақырып.
8. Молдахметова А.Б., Өтебаев М.Ө. Микроэкономика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. Төртінші бөлім, 1 – тарау.
9. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. Главa 6.
10. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Главы 6, 7.
11. Пиндайк Р.С., Рабинфельд Д.Л. Микроэкономика. М., 2002. Главы 8, 9.
12. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике. – СПб.: Питер, 2006. Главы 7, 8.
13. Микро-, макроэкономика. Практикум. / Под общ. ред. Ю.А. Огибина. – СПб.: «Литера плюс», «Санкт-Петербург оркестр», 1994. Тема 8.
Қосымша әдебиеттер:
14. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теориядан оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006. – 248 б.
15. Мэнкью Н. Принципы микроэкономики. Учебник. 2-е изд. Спб. Питер – 2003 – 555 с.
16. Мухамедиев В.М. Микроэкономика. Уч. пособие. Алматы: 2001.
17. Корниенко О. В. Микроэкономика: 100 экз. ответов: Учебное пос. 2 – е изд., перераб. и доп. М. – Ростов н/Дону: 2004. – 254 с.
18. Тарасевич Л.С. Микроэкономика. Учебник. 4-е изд., М.: ЮРАИТ, 2005 – 376 с.
19. Хейне П. и др. Экономический образ мышления. Пер. с англ. – 10-е изд. – М.: Вильямс, 2005. – 544с.
20. Селищев А.С. Микроэкономика. Анализ рынка, теория цены, рынок и общество. Учебник: 2-е изд. Спб: Питер – 2003 – 448с.
21. Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник. СПб. 1998 г.
22. Гальперин В.М. и др. Микроэкономика. в 2-х томах. М.: 2000.
23. Валдайцев С.В. Введение в практическую микроэкономику. Учебное пособие – Спб.: ИД «Сентябрь», 2001 – 188 c.
24. Максимова В.Ф. Микроэкономика. Учебник. М., 1996 г.
25. Микроэкономика. Под ред. Е.Б. Яковлевой – М., 1997 г.
Семинар сабағының жоспары:
Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікір – талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ – жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Нарықтық құрылымдар және олардың түрлері.
2. Жетілген бәсеке нарығы және оның шарттары.
3. Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың пайданы мейлінше арттыру мәселесі. Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың ұсынысы.
4. Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік және бәсекелі фирмалардың ұсынысы.
5. Бәсекелі нарықтардың тиімділігі. Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.
СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Қазақстандағы экономикалық салалар және нарықтық құрылымдар.
- Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы бәсеке және оның түрлері.
- Қазақстандағы жетілген бәсекелес нарықтар және олардың тиімділігі.
4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
- Фирманың теориялық бағыттары;
- Фирманың негізгі типтері;
- Келісімдер және олардың типтері.
5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:
1. Егер тауардың нарықтық бағасы 8 долл. болса, онда фирма өнім өндірудің қандай көлемін таңдайды және қандай пайда алады?
Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирманың жалпы шығындарының функциясы төмендегідей көрсетілген:
Q | ||||||
TC |
2. Жоғарыдағы №1 есепте көрсетілген бәсекелі фирманың шығындарының функциясы негізінде бір дана өнім өндірудің бағасы 11 долл. болғанда фирманың өндіру көлемі мен алатын пайдасын анықтаңыз.
3. Егер тауардың нарықтық бағасы 30 долл. болса, онда фирма өнім өндірудің қандай көлемін таңдайды және қандай пайда алады?
Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирманың жалпы шығындарының функциясы төмендегідей көрсетілген:
Q | ||||||
TC |
4. Жоғарыдағы №3 есепте көрсетілген бәсекелі фирманың шығындарының функциясы негізінде бір дана өнім өндірудің бағасы 25 долл. болғанда фирманың өндіру көлемі мен алатын пайдасын анықтаңыз.
5. Төмендегі кестеде жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың шығындары мен табыстары туралы мәліметтер берілген. Сәйкес көрсеткіштерді есептеп кестені толтырыңыз, бұл жерде тауардың бағасы 5000 долл. тең:
Өнім шығару, данамен Q | Жалпы шығындар, мың долл. ТС | Орташа өзгермелі шығындар, мың долл. AVC | Шекті шығындар, мың долл. MC | Жалпы табыс, мың долл. TR | Пайда мың долл. |
Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) өндірістің қандай көлемін таңдаған дұрыс?
ә) өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?
б) тұрақты шығындар мен шекті табыс қаншаға тең?
6. Төмендегі кестенің мәліметтеріне сәйкес бәсекелі фирманың орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы, шекті шығындарының және шекті табысының қисықтарын салыңыз. Бір дана өнімнің бағасы 3 долларға тең:
Q | AFC | AVC | ATC | МС |
- | - | - | ||
1,5 | 4,5 | 2,5 | ||
2,5 | 3,5 | |||
1,5 |
Кестеде берілген белгілер:
Q - өнім көлемі, данамен;
AFC – орташа тұрақты шығындар;
AVC - орташа өзгермелі шығындар;
ATC – орташа жалпы шығындар;
МС - шекті шығындар.
Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) өндірістің қандай көлемінде фирма пайдасын максималдайды немесе шығындарын минималдайды?
ә) тиімді өнім өндіру көлемінде пайда (шығын) қандай фигураның аумағына тең болады?
7. Төмендегі кестеде жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың шығындары мен табыстары туралы мәліметтер берілген. Сәйкес көрсеткіштерді есептеп кестені толтырыңыз, бұл жерде тауардың бағасы 5000 долл. тең:
Q | ТС | TFC | TVC | TR | Пайда (шығын) |
Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) шекті табыс қаншаға тең болады?
ә) өндірістің қандай көлемі тиімді болып табылады?
б) өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?
8. Кестенің бос орындарын толтырыңыз. Тауардың бағасы 10 долларға тең:
Q | ТС | TFC | TVC | TR | Пайда (шығын) |
Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) өндірістің қандай көлемінде фирма өз пайдасын арттырады?
ә) бәсекелі фирма өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?
9. Айталық, фирма өнімінің бағасы – 50 теңге. Фирманың ағымдық өндіріс көлемі деңгейіндегі шекті шығындары 30 теңгеге тең. Фирма пайданы максималдау үшін не істеуі керек? Бұл жағдайды график арқылы түсіндіріңіз.
10. Кәсіпорын жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейді. Кәсіпорынның жалпы шығындары (TC) кестеде көрсетілгене:
Уақыт бірлігімен өнім шығару (Q), дана | Жалпы шығындар (TC), ақшалай бірлікпен |
Егер тауардың бағасы 5 тг.болса, онда кәсіпорын өндірістің қандай көлемін таңдайды? Кәсіпорынның нақты сол тауар өндірісін тоқтату үшін баға қандай деңгейге дейін төмендеуі керек?
11. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма:
а) өнімнің нарықтық бағасын берілген деп қарастырады;
б) жаңа фирмалардың салаға енуін толық бақылай алмауы мүмкін, бірақ едәуір дәрежеде бақылай алады;
в) егер бағаны төмендетсе, онда көп өнім сата алады;
г) басқа фирмалардың сататын өнімдеріне қарағанда ерекше өнім сатады.
12. Бәсекелес фирманың тұрақты шығындары 50 мың теңге болсын. Жалпы өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне байланысты бір жылдағы өзгерісі кестеде берілген:
Q, мың дана | ||||||
TVC, мың теңге |
Қысқа мерзімді кезеңде өнім бірлігі бағасының деңгейлері келесідей: 25, 30, 34, 50, 60, 90 теңге болғандағы фирманың ұсынысын анықтаңыз. Бағаның әр деңгейіндегі шығынның және пайданың шамаларын көрсетіңіз. Фирманың ұсыныс қисығын салыңыз.
6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1. Жетiлген бәсеке анықтамасының түсiнiгi - ол:
А) көптеген фирмалар стандартты тауар өндiрiп шығарады
В) осы тауарды нарықтық бағамен сатып алуға көп сатып алушылар бар
С) барлық сатушылар мен сатып алушылар нарық жайында ақпаратты бiледi
D) нарыққа еркiн кiрiп, еркiн шыға алу оңай
Е) барлық жауаптар дұрыс
2. Егер нарықтық баға орташа өзгермелі шығындардан төмен болса, онда бәсекелес саладағы фирма:
А) жоғары пайда алады В) шығынсыз жұмыс істейді С) жабылады немесе саладан шығып кетеді D) өндірісті қысқартады және бағаны көтереді Е) өндірісті қысқартады және бағаны уақытша бір қалыпта ұстайды
3. Жетілген бәсекелі фирманың өніміне деген сұраныс қисығының пішіні қандай болып келеді?
А) көлденең түрде В) тік сызық формасында С) оң көлбеулі болып келеді D) теріс көлбеулі болып келеді Е) бастапқыда көлденең түрінде болады да, содан кейін тік сызық формасына айналады
4. Жетілген бәсекелі нарыққа сәйкес келмейтiн шартты таңдаңыз:
А) қатысушылар санының шексiздiгi В) кез-келген шаруашылық, нарықтың қызметiне деген еркiндiктің болуы С) нарықтың ақпаратпен толық қамтамасыз етiлуi D) тауар мен қызметтi жалғыз өндiрушiнiң болуы Е) еркiн баға белгiлеу механизмінің болмауы
5. Жетілген бәсеке нарығындағы фирма мыналардың қайсысын «берілген» деп қабылдайды?
А) орташа шығындар қисығын В) сұраныс көлемін С) тауардың бағасын D) тәртіп стратегиясын Е) тұрақты шығындар қисығын
6. Жетілген бәсеке жағдайында Лернер коэффициенті қандай мәнге тең?
А) 0 – ге В) теріс мәнге С) оң мәнге D) 1 – ге Е) -1 - ге
7. Ұзақ мерзімде бәсекелі фирманың тепе-теңдігі үшін қандай теңдік орындалуы тиіс:
А) Р = МR = МС = min LАС
В) Р = АТС = МR
С) MR = AVC = MC
D) (Р) МR = МС = max АТС
Е) Р > АТС = МR
8. Жетілген бәсекелі фирма үшін:
А) баға шекті табысқа тең болуы керек В) сұраныс қисығы өте икемді С) баға нарықтық сұраныспен қалыптасады D) ұсыныс қисығы шекті шығынның жоғарғы кесіндісіне сәйкес келуі керек Е) аталғандардың барлығы дұрыс
9. Жетілген бәсекелі фирманың ұсыныс қисығы:
А) өте икемді болып келеді В) шекті табыс қисығымен сәйкес келеді С) шекті шығындар қисығының жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді D) шекті шығын қисығымен қиылысады
Е) абсолютті икемсіз болып келеді
10. Егер өнім шығару көлемі Q=7 кезінде әрбір фирма пайдасын мейлінше арттыратын болса, нарықтағы сұраныс көлемі 77-ге тең десек, онда нарықта неше фирма жұмыс істейді?
А) 84 В) 70 С) 10 D) 11 Е) 0
11. Қандай нарықтық құрылым кезінде шекті табыс нарықтық бағаға тең болады:
А) монополистік бәсеке нарығында В) монополистерде С) жетілген бәсеке нарығында
D) картельге қатыспайтын олигополистерде Е) картель құрушы олигополистерде
12. Ұзақ мерзімде жетілген бәсекелі фирма өндірістің қандай көлемін таңдайды:
А) баға шекті шығындарға тең болатын өндірісті
В) баға шекті шығындардан төмен болатын өндіріс көлемін
С) баға минималды орташа шығындарға тең болатын өндіріс көлемін
D) баға минималды орташа шығындардан төмен болатын өндіріс көлемін
Е) баға шекті шығындардан жоғары болатын өндіріс көлемін
13. Жетілген бәсекенің монополистен айырмашылығы:
А) өз өніміне кез-келген бағаны тағайындай алады
В) шекті табыс пен шекті шығын теңескен кезде пайданы жоғарылатады
С) өнімнің кез-келген көлемін өндіріп, оны кез-келген бағамен сата алады
D) берілген нарықтық сұраныс қисығы кезінде жоғары пайда әкелетін өнім көлемі мен бағаларының комбинацияларын таңдайды
Е) өте икемді сұраныс қисығымен ерекшеленеді
14. Нарықтың қай құрылымында шекті табыс бағадан төмен болмайды:
А) жетілген бәсекеде В) картель құрушыларда С) монополиялық бәсекеде D) монополияда
Е) картель құрмайтын олигополияда
15. Егер өнім шығару көлемі Q=5 кезінде әрбір фирма пайдасын мейлінше арттыратын болса, нарықтық сұраныс көлемі 150-ге тең десек, онда нарықта неше фирма жұмыс істейді?
А) 150 В) 5 С) 30 D) 750 Е) 155
16. Қандай жағдай жетiлген бәсеке нарығына тән болады?
А) нарықта көп мөлшерде фирмалар қызмет етсе В) нақты тауардың баламалары жоқ болғанда С) әр түрлі тауарлар өндірілсе D) нарыққа кіруге тосқауылдар қойылса
Е) бағаға белгілі бір дәрежеде бақылау болса
17. Мыналардың қайсысы жетiлген бәсекеге тән емес?
А) фирма өнiмiне сұраныс қисығы көлденең сипатта болса В) өндiрушiлер санының көп болуы С) бағалық емес бәсекенiң болмауы D) бағаға зор бақылау жасау
Е) өнім туралы ақпараттың жеткілікті болуы
18. Жетілген бәсеке нарығындағы фирма төмендегілердің қайсысын «берілген» деп қабылдайды?
А) сұраныс көлемін В) орташа шығындар қисығын С) тәртіп стратегиясын
D) тауардың бағасын Е) тұтынушылардың талғамын
19. Шекті шығындар функциясы: МС= 10+Q, ал өнімнің бағасы Р = 250 тенге. Жетілген бәсеке нарығында жұмыс істейтін фирма қандай өнім көлемін таңдайды?
А) 250 В) 100 С) 240 D) 0 Е) 10
20. Егер нарықтық баға орташа өзгермелі шығындардан төмен болса, онда бәсекелес саладағы фирма:
А) жоғары пайда алады В) шығынсыз жұмыс істейді С) жабылады немесе саладан шығып кетеді D) өндірісті қысқартады және бағаны көтереді Е) тез арада бағаны көтереді
21. Бәсекелес нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеудің мақсаты:
А) өндірушілердің пайдасын төмендету В) өндірушілердің шығындарын өтеу
С) тұрғындардың сатып алушылық қабілетін қолдау D) тұрғындарды несиелеу
Е) тұтынушыларды салықтан босату
22. Қандай жағдайда шекті табыс мөлшері бағаға тең болады?
А) монополиялық және монопсониялық жағдайларда В) монополиялық бәсеке жағдайында С) жетілген бәсеке жағдайында D) олигополиялық және олигопсониялық нарықтар жағдайында Е) жетілген және монополиялық бәсеке жағдайларында
23. Жетiлген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар:
А) біртекті тауарлар өндіреді
В) ықтимал пайда туралы мәліметтерден толық хабардар бола алады
С) салаға немесе нарыққа еркін кіреді және одан еркін шығады
D) бағаны сырттан қабылдаушылар ретінде жұмыс істейді
Е) осы аталған шарттардың барлығы дұрыс
24. Қандай нарықтық құрылым жағдайында Лернер индексі нөлдік мәнге ие болады?
А) монополия жағдайында В) жетілген бәсеке жағдайында С) монополиялық бәсеке жағдайында D) екі жақты монополия жағдайында Е) олигополия жағдайында
25. Ұзақ мерзімде жетілген бәсекелі фирма өндірістің қандай көлемін таңдайды:
А) баға шекті шығындарға тең болатын өндірісті
В) баға шекті шығындардан төмен болатын өндіріс көлемін
С) баға минималды орташа шығындарға тең болатын өндіріс көлемін
D) баға минималды орташа шығындардан төмен болатын өндіріс көлемін
Е) баға минималды орташа шығындардан жоғары болатын өндірісті
26. «Өнімнің біртектілігі» деген сипаттама нені білдіреді?
A) өнімнің алмастырушы тауарлары болады және тұтынушы сол тауарды кім өндіргеніне мән бермейді B) тауарлар бірдей ие болады C) тауарлар бір дүкенде ғана сатылады
D) тауарлар әртүрлі елдерде өндіріледі E) бір тауар екіншісін толықтырып отырады
ЖЕТІНШІ ТАҚЫРЫП.