Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ндіріс шығындары және пайда




Мақсаты: нарықтағы фирмалардың максималды пайда табуы үшін жұмсайтын шығындарының мәнін анықтап, олардың қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылау, сонымен қатар, шығындарды минималдау арқылы өндірушінің тепе-теңдігі мәселелерін шешу. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.

 

Дәріс сабағының жоспары:

1. Өндіріс шығындарының табиғаты, олардың құрылымы мен түрлері.

2. Пайда және оның түрлері.

3. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.

4. Ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.

5. Өндіріс шығындарын барынша азайту. Изокосталар.

 

Негізгі ұғымдар: өндіріс шығындары; экономикалық шығындар; бухгалтерлік шығындар; қайтарылмайтын шығындар; жалпы шығындар; орташа шығындар; шекті шығындар; тұрақты шығындар; өзгермелі шығындар; шығындар функциясы; орташа тұрақты шығындар; орташа өзгермелі шығындар; орташа жалпы шығындар; изокосталар; өндірушінің тепе-теңдігі; даму траекториясы; фирманың пайдасы; экономикалық пайда; бухгалтерлік пайда; қалыпты пайда; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Бұл тақырыпта өндірушілердің нақты өнім көлемін өндіруге қажетті өндіріс шығындарының құрамын талдауды қарастырамыз. Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияның мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.

Өндіріс шығындары туралы мәселелер әлі күнге шейін әр түрлі экономикалық бағыттағы ғалым-экономистердің зерттеулеріндегі басты пән ретінде қарастырылып келеді. Бірақта, өндіріс шығындарының теориялық негіздерін К. Маркс өзінің «Капитал» деген басты еңбегінде аса толық қарастырып кетеді.

Шығындар дегеніміз – игіліктерді өндіру үрдісінде тұтынылатын өндірістік ресурстар құнының ақшалай көрінісі; өнім өндіруге кететін жанды және заттандырылған өндіріс факторларының жиынтық жұмсалымдары. Өндіріс шығындары өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын өндірістік шығындар ретінде қарастырылады. Олар өндіруші үшін өнімнің нақты құнын сипаттайды, сатудың соңғы бағасы – ұсыныс бағасын анықтаудың негізгі базасы болып табылады. Өндіріс шығындарының шамасы тұтынылатын экономикалық ресурстардың бағасы мен олардың жалпы санының көбейтіндісі ретінде есептеледі. Қазіргі микроэкономикада өндіріс шығындарының түрлері әртүрлі әдістермен анықталады, оларды бірнеше критерийлері бойынша жіктеуге болады.

Сондықтан да, біздерге белгілі нақты жайт, ол кез келген тауар мен қызметті өндіру үрдісі өндірістік (экономикалық) ресурстар ретінде сипатталатын еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, ал осы өндірістік ресурстардың құны шығындармен анықталады. Өндірістік (экономикалық) ресурстардың шектеулілігімен байланысты оларды аса тиімді пайдаланудың мәселесі туындайды. Игіліктерді өндіруді жүзеге асырудың экономикалық жағынан аса тиімді әдісін қолдану өндіріс шығындарын минимизациялау мәселесін шешкенде ғана қол жеткізіледі.

Сонымен, өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әр түрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.

Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:

Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.

Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.

Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:

TR – TC.

Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πбух. = TR – TCбух.

Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πэк. = TR – TCэк.

Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.

Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:

Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.

Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.

Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады (сурет 5.1).

Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:

1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q;

2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q;

3) орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.

Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.


C TC

 

VC

 

 

FC

 

FC

Q

Сурет 5.1 Фирманың қысқа мерзімдегі тұрақты, өзгермелі

және жалпы шығындары

 

 

       
   


C C

а) ә)


AVC

AFC

Q Q

Сурет 5.2 Орташа тұрақты (а) және орташа өзгермелі (ә) шығындар

Ал орташа және шекті шығындардың өзара байланысын мына график түрінде көрсетуге болады (сурет 5.3):

C MC

ATC

 

AVC

 

 


Q

Сурет 5.3 Орташа және шекті шығындар

- шекті шығындар (МС) орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен орташа жалпы шығындардан (ATC) төмен болған уақытта, AVC пен AТC азаяды;

- егер MC > AVC және MC > ATC болса, онда орташа шығындар өседі;

- орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі (минимум) нүктелерінде MC = ATC = AVC болады.

Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өзінің барлық ресурстарын өзгерте алады, олай болса өндіріс факторларының барлығы да өзгермелі болып табылады. Әрбір фирманың мақсаты – орташа шығындарды (АТС) азайта отырып, өнім шығару көлемін (Q) арттыру болады.

Ұзақ уақыт мерзіміндегі және қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар арасындағы өзара байланыстар төмендегі суретте берілген (сурет 5.4):

 

 


C LRMC

 


LRAC

ATC1 ATC2 ATC3

 

min min

min

 

 


Q* Q

Сурет 5.4 Ұзақ мерзім кезеңіндегі шығындар

Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.

- масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;

- масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;

- масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.

Шекті шығындардың ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа уақыт мерзіміндегі шекті шығындар қисықтарын жанап өтпейді. LRMC – бұл өндірушінің кәсіпорын ауқымының шамасын өзгерту мүмкіндігі болған жағдайындағы өндіріс шығындарын арттыруы:

- егер LRMC < LRAC болса, онда LRAC азаяды;

- егер LRMC > LRAC болса, онда LRAC көбейеді;

- егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.

Шығындар деңгейі туралы ақпараттар изокосталарды (тең шығындар сызықтарын) тұрғызуға мүмкіндік береді.

Изокоста (тең шығындар сызығы) – бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL – еңбектің бағасы; PK – капиталдың бағасы (сурет 5.5).

Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL / PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды:

TC = PL . L + PK . K; K = TC / PK – (PL / PK) . L.

 

 


K

 

 


C0 C L

Сурет 5.5 Изокосталар

Берілген өнім көлемін өндіруді өндіріс факторларының қандай жиынтығы ең төменгі жалпы шығындармен (ТС) қамтамасыз ететінін анықтау үшін изокостаны пайдаланады.

K

M

 

 


E

N Q1

 

C1 C2 C3 L

Сурет 5.6 Өндірушінің тепе – теңдігі

Жоғарыдағы 5.6 суретінен көріп отырғанымыздай, өндірушінің тепе-теңдігі изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде (Е) орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL / PK немесе ∆K / ∆L = PL / PK. ∆K / ∆L = MPK / MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL / MPK = PL / PK немесе MPL / PL = MPK / PK.

Бұл теңдестік – өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.

 

Орытынды

1. Өндіріс шығындары – өнім өндіру үшін қолданылған факторлардың жұмсалуының құндық (ақшалай) нысаны.

2. Өндіріс шығындарының экономикалық талдануы ресурстарды қолданудың баламалылығынан туындайды, олай болса бухгалтерлік және экономикалық өндіріс шығындарының арасындағы айырмашылықтың бар екенін көруге болады.

3. Бухгалтерлік өндіріс шығындары – ресурстарды сырттан тарту төлемдерімен байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылған нақты шығындар.

4. Өндірістің экономикалық шығындары – бұл балама қолданудан ұсталатын ресурстардың құны. Оларға жан-жақтан тартылған ресурстарға деген төлемдер де, төленбеген өндірістің меншікті факторларын балама қолданудан ұсталынған жіберіп алған табыстар да кіреді.

5. Экономикалық шығындар сыртқы (айқын), ішкі (айқын емес) және қалыпты пайда сомаларының жиынтығынан құралады. Сондықтан, экономикалық шығындардың мөлшері бухгалтерлік шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда мөлшеріне үлкен болып табылады.

6. Табыс пен экономикалық шығындардың арасындағы айырманы экономикалық пайда құрайды, ал ол өз кезегінде бухгалтерлік пайдадан төмен болып келеді.

7. Ресурстарды өндірістің үздіксіз үрдісіне қосу сипатының әртүрлілігіне байланысты экономикалық шығындар тұрақты және өзгермелі шығындар болып бөлінеді, тұрақты шығындардың мөлшері қолданылатын тұрақты факторлардың көлемі мен бағасына тәуелді болса, ал өзгермелі шығындар қолданылатын өзгермелі факторлардың бағасына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді.

8. Экономикалық шығындар деңгейінің сипаттамасы үшін өндіріс шығындарының жалпы, орташа және шекті көрсеткіштері қолданылады, олардың мөлшері өндіріс көлеміне тәуелді болып табылады.

9. Қысқа мерзімде өндірістік шығындардың деңгейі шекті өнімділіктің төмендеу заңына бағынады. Сондықтанда шығарылым көлемі ұлғайған сайын шығындар мөлшері өзгермелі фактордың қайтарымдылық сипатына байланысты өзгеріп отырады. Қайтарымдылықтың өсуі кезінде шығындар төмендейді, ал төмендегенде шығындар артады.

10. Шығарылым көлемінің артуымен байланысты өндіріс шығындарының өзгеру сипаты өзінің көрінісін өндірістің жалпы және орташа шығындарының қисықтары формасында табады.

11. Ұзақ мерзімде өндірістің барлық факторлары өзгермелі болып табылғандықтан, шығындардың қалыптасуы өндіріс ауқымы тиімділігінің орындалуымен байланысты болады. Өндіріс ауқымының оң (өспелі) тиімділігі кезінде ұзақ мерзімді орташа шығындар төмендейді, ауқымның тұрақты тиімділігі кезінде шығындар өзгермейді, ал өндіріс ауқымының теріс (кемімелі) тиімділігі кезінде ұзақ мерзімді орташа шығындар артады.

12. Берілген шығарылым көлемін өндірумен байланысты жалпы шығындар деңгейін изокоста сипаттайды. Изокоста – шығындардың тең жұмсалуы қамтамасыз етілетін өндіріс факторларының үйлесімділіктерін көрсететін сызық, ал оның көлбеулігі қолданыстағы өндіріс факторлары бағаларының арақатынасын көрсетеді.

13. Берілген шығарылым көлемі минималды экономикалық шығындармен қамтамасыз етілген жағдайдағы өндірісті ұйымдастырудың әдісі шығындар бойынша оңтайлы, әрі экономикалық жағынан тиімді болып табылады.

14. Өндірушінің басты міндеті болып шығарылымды өндірістің минималды орташа шығындарымен қамтамасыз ете отырып, сол өндірістің тиімді мөлшерін табу және қолданылатын факторларының оңтайлы үйлесімділіктерін таңдау табылады.

15. Өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктері ресурстардың шекті өнімділіктерінің және осы ресурстар бағаларының ара қатынастарының теңесуі кезінде орындалады, бұл теңдік графикалық түрде изокванта мен изокостаның жанасу нүктесіне сәйкес келіп, нәтижесінде өндірушінің тепе-теңдігі орындалады.

16. Ұзақ мерзімді орташа шығындардың деңгейі өндірістің тиімді көлемін анықтауға тікелей әсер етеді. Өндірістің тиімді мөлшері болып ұзақ мерзімді минималды орташа шығындар деңгейінің орындалуы табылады.

17. Ұзақ мерзімі орташа шығындардың өзгеру сипаты салалық нарықтың құрылымын анықтаушы фактор болып табылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3615 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2489 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.