Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:




3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Нобель сыйлығының лауреаты Р. Коуз және оның теориялары.

- Фирманың өндіріс шығындары мен пайдасына талдау жүргізу.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Фирманың даму траекториясы;

- Қайтарылмайтын шығындар;

- Трансакциондық шығындар теориясы.

 

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Кестені толтырыңыз.

Табу керек:

а) жалпы, орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындарды анықтаңыз;

ә) орташа және шекті шығындардың қисығын салыңыз;

б) графиктің көмегімен шығындардың динамикасын түсіндіріңіз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

 

2. Кестені толтырыңыз.

Табу керек: а) жалпы, орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындарды анықтаңыз;

ә) орташа және шекті шығындардың қисығын салыңыз;

б) графиктің көмегімен шығындардың динамикасын түсіндіріңіз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

 

3. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

4. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа және жалпы шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

 

5. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

 

6. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

 

7. Жалпы, орташа және шекті табысты анықтаңыз. Кестені толтырыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
         
         

 

8. Кестені толтырыңыз және жалпы, орташа және шекті табыстардың қисықтарын салыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
         
         

 

9. Кестені толтырыңыз және жалпы, орташа және шекті табыстардың қисықтарын салыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
         

 

10. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
        -8

 

11. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
        -8
         

 

12. Сіз өзіңіздің жеке ісіңізді ашқыңыз келеді. Бұл жерде ғимаратты жалға алу құны жылына 500 долларға тең. Бұдан басқа сіз айына 50 долларды құрайтын жалақы алудан бас тартуыңыз керек. Өзгермелі шығындар айына 80 долларға тең. Сізге мыналарды анықтау керек:

а) жалпы шығындар жылына қаншаға тең?

ә) экономикалық шығындар қаншаға тең?

б) егер сіздің болжанған табысыңыз бір жылда 2000 долларға тең болса, онда бұл іспен айналысуға бола ма?

 

13. Сіз нан пісіріп сатқыңыз келеді. Нанды сатуға арналған дүңгіршек (ларек) 200 долларға тең. Нанның бір данасын пісіруге кететін шығын 0,2 долларға тең. Табу керек:

а) сіздің бизнесіңіздің тұрақты және өзгермелі шығындары қаншаға тең?

ә) кесте құрыңыз және 100, 200, 300, 400, 500 дана нан пісірудің жалпы, орташа жалпы, орташа өзгермелі және шекті шығындарын анықтаңыз;

б) аталған шығындардың қисықтарын салыңыз.

 

14. Егер 13 – есептегі нанның бағасы 0,3 долларға тең болса, онда сізге нанның қандай көлемін пісіріп сатқан тиімді?

 

15. Белгілі бір компания ұшаққа қажет компастар шығарады. Ай сайынғы тұрақты шығындар 100000 долларға тең. Ай сайынғы өндіріс көлемі 1000 дананы құрайды. Орташа жалпы шығындар айына 300 долларға тең. Орташа өзгермелі шығындар тұрақты және өндіріс көлеміне тәуелді емес. 1 дана компастың бағасы – 500 долл. Компанияның максималды қуаттылығы (өнімділігі) айына 1200 дана өніммен шектеледі және оны ұлғайту үшін 1 жылдан астам уақыт қажет. Айына 1000 дана компас шығаруға келісім жасалады.

Компания басшылығы басқа бір компаниямен келісім – шарт жасауға тырысады. Нәтижесінде, бұл авиажелі мынадай тапсырма ұсынып талап етті, яғни: алдағы 12 ай бойы 400 бағамен 400 дана компас сатып алу. Компанияға бұл тапсырманы қабылдау керек пе?

 

16. Белгілі бір компания жаңадан әлсіз алкогольді ішімдік шығарады. Ішімдіктің құрамына минералды су (80%) және шарап (20%) кіреді. Компания минералды судың литрін 4 теңгеден, ал шараптың литрін 100 теңгеден сатып алады. Фирма осы аталған компоненттерден басқа ресурстарды қолданбайды.

а) күніне 500 литр шарап пен 1000 литр минералды су қолданғандағы фирманың өндіріс көлемі мен шығындарын анықтаңыз;

б) өндірісті қайта ұйымдастырудың нәтижесінде шығындар төмендеді, бірақ өндіріс көлемі бұрынғы қалпында қалды. Енді жалпы және орташа шығындар қалай өзгереді? Шекті шығындар қандай?

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Экономикалық шығындар нені көрсетедi:

А) фирмадан тыс қолданылған ресурстардың көлемiн

В) фирманың меншiгi болып табылатын өндiрiс факторларының құнын

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) барлық айтылғандар дұрыс

Е) барлық айтылғандар дұрыс емес

2. Салада 1000 фирма жұмыс iстейдi, олардың әрқайсысы 5 дана өнiм шығарғанда шектi шығындары - 2 тг болады, ал 6 дана болғанда – 3 тг, 7 дана болғанда – 5 тг. Егер осы өндiрiлетiн өнiмнiң нарықтағы бағасы 3тг болса, онда осы салада айына қанша өнiм шығарылады:

А) 5000 данадан кем В) 5000 дана С) 6000 дана D) 7000 дана Е) 10000 дана

3. Егер фирманың 20 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 240 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

А) 12 В) 120 С) 10 D) 220 Е) 22

4. Егер орташа айнымалы шығындар 60, ал өнім көлемі 20 тең болса, онда айнымалы шығындар нешеге тең болады?

А) 520 В) 2500 С) 1200 D) 3 Е) 20

5. Егер орташа жалпы шығындар 50, ал өнім көлемі 2 тең болса, онда жалпы шығындар нешеге тең болады?

А) 25 В) 100 С) 50 D) 0,1 Е) 2

6. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді шығындар:

А) тұрақты В) өзгермелі С) шекті D) бухгалтерлік Е) трансакциондық

7. Шекті табыс қалай есептеледі?

А) ΔTR / ΔQ В) ΔQ / ΔTR С) TR / Q D) Q / TR Е) Q *TR

8. Егер түсімі 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құрса, онда фирманың пайдасы қандай?

А) 5 В) 35 С) 40 D) 75 Е) 0

9. Фирманың түсімі қалай анықталады?

А) R=PQ В) R=P+Q С) R=Q-P D) R=P-Q Е) R=Q/P

10. Егер жалпы шығындар 1200-ге тең болса, ал нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындар 400-ге тең болса, онда өзгермелі шығындар қаншаға тең:

А) 1600 В) 800 С) 3 D) 400 Е) 777

11. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 500 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 2 тг., орташа тұрақты шығындар – 0,5 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

А) 2,5 теңге В) 1250 теңге С) 750 теңге D) 1100 теңге Е) 1850 теңге

12. Шекті шығындар қисығы:

А) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктелерін қиып өтеді

В) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктелерін қиып өтеді

С) орташа жалпы шығындардың ең төменгі нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

D) орташа жалпы шығындардың ең жоғарғы нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктесін қиып өтеді

Е) тек шекті табыс қисығымен ғана қиылыспайды

13. Бухгалтерлік шығындар:

А) экономикалық және айқын емес шығындардың айырмасына тең В) айқын шығындарға тең С) қолданылатын ресурстарға төленетін төлемдерге тең D) әрқашанда экономикалық шығындардан кіші болып келеді Е) барлық жауаптар дұрыс

14. Өнім көлемі жоғарылағанда орташа тұрақты шығындар:

А) максималды мәнге ие болады В) өседі С) қысқарады D) тұрақты болады Е) минималды мәнге ие болады

15. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

А) экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан үнемі кіші болып келеді

В) бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады

С) өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады

D) орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қосындысы ретінде анықталады

Е) тұрақты шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде де орын алады

16. Нан зауыты нан өндiруге 3 тг. орташа тұрақты шығындарын жұмсайды. Егер 100 нан өндiруге кеткен жалпы шығындар 900 тг. болса, онда орташа айнымалы шығындар қаншаға тең:

А) 5 В) 6 С) 7 D) 10 Е) 17

17. Тұрақты шығындар:

А) нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындарға тең В) өндіріс көлеміне қатысты емес шығындар С) жалпы және өзгермелі шығындардың айырмасына тең D) тек қысқа мерзімде ғана қарастырылатын шығындар Е) барлық жауаптар дұрыс

18. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

А) тұрақты және өзгермелі шығындар В) тұрақты шығындар С) өзгермелі шығындар

D) шекті шығындар Е) орташа өзгермелі шығындар

19. Шекті шығындар қай формуламен анықталады?

А) MC=∆Q/TC В) MC=∆TC/∆Q С) MC=TC-FC D) MC=TC-Q Е) MC=TC/Q

20. Изокостадағы нүктелер нені сипаттайды:

А) фирманың әртүрлі шығындарын В) өндіріс факторларының әртүрлі жиынтықтарын қолданудағы бірдей шығындардың жұмсалуын С) көлемі бірдей өнімдердің шығарылуын

D) өндірушінің тепе-теңдікке ұмтылуын сипаттайды Е) тұтынушының тепе-теңдікке ұмтылуын

21. Егер өнімнің соңғы екі бірлігін өткізу кезінде жалпы табыс 70 теңгеге өссе, онда шекті табыс қаншаға тең болады:

А) 140 В) 70 С) 35 D) -35 Е) 68

22. Өзгермелі шығындар:

А) өндіріс көлемімен бірге өзгереді

В) жалпы және тұрақты шығындардың айырмасына тең

С) шикізатқа, материалдарға, жалақыға жұмсалатын шығындардан құралады

D) нөлдік өндіріс көлемі кезінде орын алмайды

Е) барлық жауаптар дұрыс

23. Егер фирма 12 дана өнімді 5 теңгеден сатса, ал келесі 10 дана өнімді 6 теңгеден сатса, онда оның жалпы табысы қаншаға тең болады:

А) 120 В) 100 С) 60 D) 33 Е) 16

24. Өнім көлемі 4-тен 5-ке өскенде, жалпы шығындар 27 теңгеден 33 теңгеге өседі, яғни шекті шығындар қаншаға тең болады:

А) 27 теңгеге В) 7 теңгеге С) 33 теңгеге D) 6 теңгеге Е) -6 теңгеге

25. Егер өндіріс көлемі 3 бірлікке өзгерсе, онда шекті шығындар 15 бірлікті құрайды. Бұл жерде жалпы шығындар қаншаға өседі:

А) 15 В) 45 С) 18 D) 5 Е) 12

26. Изокостаның көлбеу бұрышы неге тең?

А) ресурстар бағаларының қатынасына В) шығындар мен капитал бағасының қатынасына

С) шығындар мен еңбек бағасының қатынасына D) еңбек шығындарының капитал бағасының қатынасына Е) еңбек пен капитал бағасының қосындысына

27. Студент университетте оқып 200 теңге стипендия алады. Ол оқуын тастап коммерциялық агент болып жұмыс істеп 1000 теңге таба алады. Оның университетте білім алуының альтернативтік шығындарын анықтаңыз:

А) 200 тг В) 1000 тг С) 800 тг D) 1200 тг Е) 1500 тг

28. Егер түсім 400 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 350 мың теңгені құрса, онда фирманың пайдасы қандай?

А) 50 В) 75 С) 40 D) 1400 Е) 1000

29. Орташа жалпы шағын (АТС), орташа тұрақты шығын (АFС) мен орташа айнымалы шығындардың (АVС) қатынастарының қайсысы дұрыс?

А) АVС = АТС + АFС

В) АТС = АVС + АFС

С) АТС = АVС - АFС

D) АТС = АVС / АFС

Е) АТС = АVС *АFС

30. Тұрақты және өзгермелі шығындар фирма қызметінің қандай мерзімінде орын алады?

А) тек қысқа мерзімде

В) тек ұзақ мерзімде

С) олигополист фирманың ұзақ мерзімді қызметінде

D) монополист фирманың қысқа мерзімді қызметінде

Е) жетілген бәсекелес фирманың қысқа және ұзақ мерзімді қызметінде

31. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы шығыны қаншаға тең?

А) 50 000 теңге В) 30 000 теңге С) 80 000 теңге D) 10 000 теңге Е) 1 000 теңге

32. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы табысы қаншаға тең?

А) 80 000 теңге В) 50 000 теңге С) 15 000 теңге D) 800 теңге Е) 30 000 теңге

33. Егер фирманың 40 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 560 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

А) 15 В) 14 С) 600 D) 520 Е) 6000

34. Егер өндіріс көлемі 5 бірлікке өзгерсе, онда шекті шығындар 15 бірлікті құрайды. Бұл жерде жалпы шығындар қаншаға өседі:

А) 10 В) 45 С) 3 D) 75 Е) 20

35. Экономикалық шығындар нені сипаттайды:

А) фирма қызметінен тыс жерде қолданылған ресурстардың көлемiн

В) тауардың сапасын және басқа да қасиеттерін зерттеуге байланысты кететін шығындарды

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) бухгалтерлік және әлеуметтік шығындардың қосындысын

Е) тұтынушының әлеуметтік шығындарын

36. Баламалы шығындар ненiң құны болып табылады:

А) жанұяның минималды тұтыну бюджетiнiң В) ақшаға шаққандағы тауарлар мен қызметтердiң С) тұтынушының жасырын шығындарының D) таңдаудағы қолдауға ие болмаған тиiмдi баламаның Е) таңдауға ие болған ең жақсы баламаның

37. Изокванта мен изокоста қисықтарының жанасқан нүктесі:

А) изокванта мен изокоста қисықтары жанаспайды, олар қиылысады

В) өндіріс шығындарының артуын көрсетеді

С) тұтынушының максималды пайдалылыққа жетуін сипаттайды

D) өндіріс ауқымының тұрақтылығын көрсетеді

Е) өндірушінің тепе-теңдігін көрсетеді

38. Экономикалық шығындар нені сипаттайды:

А) фирмадан тыс қолданылатын ресурстар шығындарының сомасын

В) фирма үшін қажетсіз ақпараттардан арылу жолындағы пайда болатын шығындарды

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) айқын және айқын емес шығындардың айырмасын

Е) тек қана фирманың айқын шығындарын

39. Шекті табыс қалай есептеледі?

А) ΔQ / ΔTR В) ΔTR / ΔQ С) TR / Q D) Q / TR Е) TR + Q

40. Ұзақ мерзімді кезеңде:

А) барлық шығындар тұрақты В) барлық шығындар өзгермелі С) өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі D) тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда тез өседі Е) пайданың мәні үнемі теріс болады

41. Фирманың табысы қандай формуламен анықталады?

А) МR = МP + Q В) МR = МP * Q С) R = Q – МP D) R = P – (1+ Q) Е) R = P * Q

42. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 1000 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 5 тг., орташа тұрақты шығындар – 1 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

А) 6 теңге В) 166,6 теңге С) 1000 теңге D) 6000 теңге Е) 5000 теңге

43. Шекті шығындар қисығы ұзақ мерзімде қандай шығындармен қиылысады:

А) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктелерін қиып өтеді

В) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктелерін қиып өтеді

С) орташа жалпы шығындардың ең төменгі нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

D) орташа жалпы шығындардың ең жоғарғы нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктесін қиып өтеді

Е) ұзақ мерзімде тек шекті табыс қисығының ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

44. Изокостадағы нүктелер нені білдіреді:

А) фирманың әртүрлі шығындарын В) өндіріс факторларының әртүрлі жиынтықтарын қолданудағы бірдей шығындардың жұмсалуын С) көлемі бірдей өнімдердің шығарылуын

D) өндірушінің тепе-теңдікке ұмтылуын сипаттайды Е) көлемі әр түрлі өнімдердің шығарылуын

45. Егер өнімнің соңғы екі бірлігін өткізу кезінде жалпы табыс 70 теңгеге өссе, онда шекті табыс қаншаға тең болады:

А) 140 В) 70 С) 35 D) -35 Е) 105

46. Шекті шығындар қай формуламен анықталады?

А) MC=∆TC/∆Q В) MC=∆Q/TC С) MC=TC-FC D) MC=TC-Q Е) MC=∆TC-Q

47. Фирманың пайдасы = табыс -...:

А) баға В) құн С) шығын D) айнымалы шығын Е) тұрақты шығын

 

 

АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1718 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2227 - | 2155 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.