Студенттерге төмендегідей талаптар қойылады:
- сабаққа кешікпеу;
- сабақты себепсіз жібермеу;
- жіберілген сабақтарды оқытушымен келісе отырып қалпына келтіру;
- сабақ үстінде тыныштық сақтау, ұялы телефондарды уақытша өшіріп қою;
- өздігінен орындайтын тапсырмаларды міндетті түрде өз мезгілінде орындау;
- сабаққа дұрыс жұмыстық киіммен келу;
- формализмге үйір болмай, шынайы білім алуға тырысу;
- оқу кешенінде тәртіп сақтау, шылым шекпеу, тазалық сақтау, қоғамдық мүлікке адамгершілікпен қарау.
В011000 – «Физика» мамандығы үшін «Физиканы оқыту әдістемесі» курсы бойынша оқылатын дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
Рет № п. | Тақырыптар | Дәріс/ Семинар (60/30) | Жетілер Жетілер бойынша өту мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
6 с е м е с т р (30/15) | |||
1 | 1 модуль: «Жалпы мәселелер» 1 дәріс. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі пәні және оның дамуы. 1 семинар. Орта мектептерде физиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы және оның педагогикалық ғылымдар саласы болып қалыптасуы. 1 ОСӨЖ. Таным теориясы – физикаға оқыту негіздері. | 2 1 1 | 1- жеті |
2 | 2 дәріс. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері. 2 семинар. Физикалық түсініктерді қалыптастыру және білімдерді жүйелеу. 2 ОСӨЖ. Физикаға оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері. | 2 1 1 | 2- жеті |
3 | 3 дәріс. Физика курсы бойынша оқушыларға политехникалық білімдер беру. 3 семинар. Политехникалық білімдерді жүйелеу. 3 ОСӨЖ. Оқушыларға кәсіптік-техникалық бағдар беру. | 2 1 1 | 3- жеті |
4 | 4 дәріс. Физикаға оқытудың негізгі тұжырымдамалары. 4 семинар. Мектептің физика курсының құрылымы мен мазмұны. 4 ОСӨЖ. Физикаға оқытудың мектептің басқа пәндерімен байланысы. | 2 1 1 | 4- жеті |
5 | 5 дәріс. Физикаға оқыту әдістері және олардың классификациясы. 5 семинар. Сөздік, көрнектілік және практикалық әдістерді қолдану. 5 ОСӨЖ. Физика сабақтарында сынып тақтасын пайдалану. | 2 1 1 | 5- жеті |
6 | 6 дәріс.Физикаға оқытудағы индукция мен дедукция, аналогия мен модельдеу. 6 семинар. Оқу материалының мазмұнына қарай оқыту әдістерін таңдау. 6 ОСӨЖ. Оқытудың проблемалық әдісі. | 2 1 1 | 6- жеті |
7 | 7 дәріс. Мектептің физикалық эксперименті: демонстрациялық тәжірибелер және оларға қойылатын талаптар. 7 семинар. Демонстрациялық тәжірибелерді көрсету әдістемесі. 7 ОСӨЖ. Техникалық оқу құралдары. Экрандық материалдарды демонстрациялау. | 2 1 1 | 7- жеті |
8 | 8 дәріс. Мектептің физикалық эксперименті: зертханалық жұмыстар мен физикалық практикум жұмыстары. Үй тәжірибелері мен бақылаулар. 8 семинар. Физика кабинеті. 8 ОСӨЖ. Физика кабинетін электрлендіру жүйесі. | 2 1 1 | 8- жеті |
9 | 9 дәріс. Физика бойынша есептер шығару. 9 семинар. Есеп шығарудың аналитикалық және синтетикалық әдістерін қолдану. 9 ОСӨЖ. Әртүрлі есептер шығару әдістемесі. | 2 1 1 | 9- жеті |
10 | 10 дәріс.Физика бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру формаларыстары. 10 семинар. Физика пәні бойынша оқу процесін жоспарлау. 10 ОСӨЖ. Белгілі бір бөлім бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру. | 2 1 1 | 10- жеті |
11 | 11 дәріс. Физика бойынша оқушылардың білімдері мен білігін тексеру. 11 семинар. Білімдерді ауызша сұрау және жазбаша тексеру. 11 ОСӨЖ. Тест бойынша білімдерді тексеру. | 2 1 1 | 11- жеті |
12 | 12 дәріс. Физика бойынша факультативтік курстар. 12 семинар. «Негізгі курсқа қосымша тараулар мен тақырыптар» және арнайы факультативтік курстардың оқу сабақтарын өткізу әдістері. 12 ОСӨЖ. Факультативтік курстардың оқу бағдарламаларымен танысу. | 2 1 1 | 12- жеті |
13 | 13 дәріс. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар. 13 семинар. Физикалық және физика-техникалық үйірмелер, физикалық олимпиядалар, тақырыптық кештер ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлау. 13 ОСӨЖ. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау. | 2 1 1 | 13- жеті |
14 | 2 модуль: «Физикаға оқытудың жеке тараулары мен тақырыптары» 14 дәріс. 7 сыныпта физиканы оқыту әдістемесі. 14 семинар. 7 сынып физика курсының құрылымы мен мазмұны. 14 ОСӨЖ. Таңдаулы демонстрациялық тәжірибелер. | 2 1 1 | 14- жеті |
15 | 15 дәріс.8 сыныпта физиканы оқыту әдістемесі. 15 семинар. 8 сынып физика курсының құрылымы мен мазмұны. 15 ОСӨЖ. Таңдаулы демонстрациялық тәжірибелер. | 2 1 1 | 15- жеті |
7 с е м е с т р (30/15) | |||
1 | Механика 1 дәріс. Кинематиканы оқыту әдістемесі. 1 семинар. Механикалық қозғалыс түрлерін талдау. Оқу материалын жүйелеу. 1 ОСӨЖ. Кинематика бойынша есептер шығару әдістемесі. | 2 1 1 | 1-жеті |
2 | 2 дәріс. Динамиканы оқыту әдістемесі. 2 семинар. Табиғаттағы механикалық күштерді талдау. Оқу материалын жүйелеу. 2 ОСӨЖ. Динамиика бойынша есептер шығару әдістемесі. | 2 1 1 | 2-жеті |
3 | 3 дәріс. Механикадағы сақталу заңдарын оқыту. Энергетикалық түсініктерге ғылыми-әдістемелік талдау. 3 семинар.Энергетикалық түсініктерді жүйелеу. 4 ОСӨЖ. Сақталу заңдарына есептер шығару. | 2 1 1 | 3-жеті |
4 | 4 дәріс. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту әдістемесі. 4 семинар. Оқу материалын жүйеге келтіру. 4 ОСӨЖ. Тақырыпқа есептер шығару. | 2 1 1 | 4-жеті |
5 | Молекулалық физика 5 дәріс. «Молекулалы-кинетикалық теория негіздері», «Газ заңдары.» тақырыптарын оқыту 5 семинар. «Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі», «Газ заңдары» тақырыптарына үйрену сабақтары. 5 ОСӨЖ. Тақырыптарға есептер шығару. | 2 1 1 | 5-жеті |
6 | 6 дәріс.Сұйықтардың, газдардың және қатты денелердің қасиеттерін, термодинамика негіздерін оқыту. 6 семинар. «Жылу қозғалтқышының жұмыс принципі» тақырыбын талдау. 6 ОСӨЖ. Есеп үлгілерімен танысу. | 2 1 1 | 6-жеті |
7 | Электродинамика негіздері 7 дәріс.Электростатиканы оқыту.Электростатика бойынша оқу материалын жүйелеу. 7 семинар. «Электростатика бойынша таңдаулы демонстрациялық тәжірибелер». 7 ОСӨЖ. Электростатикадан таңдаулы есеп үлгілерімен танысу. | 2 1 1 | 7-жеті |
8 | 8 дәріс. Тұрақты ток заңдарын оқыту. 8 семинар Тұрақты ток заңдары бойынша үйрену сабақтары (Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау). 8 ОСӨЖ. Тұрақты ток бойынша есеп үлгілері. | 2 1 1 | 8-жеті |
9 | 9 дәріс. «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбын оқыту. 9 семинар. «Фарадейдің электролиз заңы», «Жартылай өткізгіштер» тақырыптарына үйрену сабақтары. 9 ОСӨЖ. Электролиз заңына есеп үлгілері. | 2 1 1 | 9-жеті |
10 | 10 дәріс. «Магнит өрісі». «Электромагниттік индукция және өздік индукция» тақырыптарын оқыту. 10 семинар. Әртүрлі формадағы өткізгіштердің магнит өрісін демонстрациялау. Электромагниттік индукция және өздік индукция құбылыстарын демонстрациялау. 10 ОСӨЖ. Магнит өрісі бойынша есеп үлгілерімен танысу. | 2 1 1 | 10-жеті |
11 | 11 дәріс. «Электромагниттік тербелістер», «Айнымалы ток» тақырыптарын оқыту. 11 семинар. Айнымалы ток тізбегін тұрақты токпен салыстырып демонстрациялау. 11 ОСӨЖ. Контурдағы тербеліске және айнымалы токқа есеп үлгілері. | 2 1 1 | 11-жеті |
12 | 12 дәріс. «Электромагниттік толқындар» тақырыбын оқыту. 12 семинар. «Электромагниттік толқындардың қасиеттері», «Радиобайланыс принциптері» тақырыптарында үйрену сабақтарын өткізу. 12 ОСӨЖ. Тақырыпқа есеп үлгілері. | 2 1 1 | 12-жеті |
13 | Оптика 13 дәріс.«Жарық толқындары», «Геометриялық оптика» тақырыптарын оқыту. 13 семинар. «Жарық толқындарының қасиеттері»,«Линзаларда кескіндер салу» тақырыптарында үйрену сабақтары. 13 ОСӨЖ. Берілген тақырыптарға есептер шығару. | 2 1 1 | 13-жеті |
14 | 14 дәріс. «Сәуле шығару және спектрлер», «Жарық кванттары» тақырыптарын оқыту. 14 семинар. Спектроскоп жұмысы мен фотоэффект құбылысын демонстрациялау. 14 ОСӨЖ. Тақырыптарға есеп үлгілері. | 2 1 1 | 14-жеті |
15 | Атомдық физика 15 дәріс. Атомдық физика, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасын оқыту. 15 семинар. Атомдық физика бөлімі бойынша оқу материалын жүйеге келтіру. 15 ОСӨЖ. Тақырыптарға есеп үлгілері. | 2 1 1 | 15-жеті |