Лекции.Орг


Поиск:




В011000 – «Физика» мамандығы бойынша білім бакалаврының құзіреттеріне қойылатын талаптар.




Түйінді құзіреттерге:

    - қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұьас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеру, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

    - жүйелеуші:  синергетикалық,әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикалық жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық – педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

    - зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық – педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу.

    Пәндік құзіреттерге: Қандай пәннің болмасын, оны оқытудың мынандай басты үш қызметі бар: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеушілік.   

    Б і л і м б е р у ш і л і к қызметті орындау арқылы студенттерге физиканы оқыту әдістемесінен сапалы білімдер берумен қатар ол білімдерді практикалық мақсаттарға пайдалана білу біліктері мен дағдылары қалыптасады.

    Д а м ы т у ш ы л ы қ қ ы з м е т і студенттердің алған білімдерін өздігінен тереңдету, кеңейту білігін қалыптастыру, білім алуда едәуір күрделі логикалық операцияларды меңгеру, қажырлы еңбек ете білу, шығармашылық табыстарға жете білу қабілеттерін дамытуды көздейді.

    Т ә р б и е л е у ш і л і к қ ы з м е т і н пән бойынша білімдер берумен қатар жүретін оқытудың құранды бөлігі деуге болады. Студенттерді тәрбиелеу физика сабақтарында және сабақтан тыс ұйымдастырылатын шараларда, олардың тапсырмаларды өздігінен орындау кезінде жүзеге асырылатын негізгі жұмыстардың бірі болып саналады. Физиканы оқыту процесінде студенттердің дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға, саяси-идеялық сенімін және жеке адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктер туады. Физика курсы бойынша қарастырылатын политехникалық оқу материалы, орындалатын зертханалық жұмыстар олардың ғылыми-техникалық ой өрісін кеңейтуге, политехникалық білімдері мен біліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды.

Студенттердің білімдері мен біліктілігін балл бойынша бағалау

 

    Студенттердің білімдері мен біліктілігін бақылау 5,6 семестрдің әрқайсысында, 15 жеті ішінде: аралық бақылау-15; өзіндік жұмыс – 4: бақылау жұмыстары – 2 және семестр соңында өткізілетін емтиханнан тұрады. Аралық бақылау бойынша берілеті максималь балл – 60, ал емтихан нәтижесі бойынша – 40. Сонымен барлық бақылаулар нәтижелері бойынша қорытынды баллдар 100 –ге дейін жетуі мүмкін.

    Семестр бойы оқу процесстері кезінде студенттердің білімдері мен біліктілігін жүйелі түрде қадағалап отырудың негізгі әдістері бойынша барлық максималь 100 балл төмендегі таблица бойынша жіктеледі.

Әріптік жүйеде коэффициент % - пен есеп-тегенде Дәстүрлі жүйеде
       
А 4,0 95-100    Өте жақсы     
А- 3,67 90-94  
В+ 3,33 85-89       Жақсы
В 3,0 80-84  
В- 2,67 75-79  
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69  
С- 1,67 60-64  
Д+ 1,33 55-59  
Д 1,0 50-54  
F 0 0-49 Қанағаттанарсыз
       

 

 

      

 

 

Студенттің қорытынды бағасы дәстүрлі бес баллдық жүйеге сәйкес әріптік және  баллдық жүйеге баланған.

 

Курс бойынша алған білімдердің жалпы баллдық бағалануы

 

Бағаланатын бақылау түрлері 1-8 жеті ішіндегі бағалау саны 9-15 жеті ішіндегі бағалау саны Максимальдық баллдар саны Электрондық журналға баллдарды қою мерзімдері
Ағымдық бақылау 7 7 Әр бағалау үшін 100 балл Жеті сайын (бірінші жетіден басқа)
СӨЖ 2 2 Әрбір СӨЖ үшін 100 балл 4,7,11,14 жетілер
Аралық бақылау 1 1 Әрбір аралық бақылау үшін 100 балл 8 және 15 жетілер
1 жіберу рейтингі

R 1

100 8 жеті
2 жіберу рейтингі

R2

100 15 жеті
Академиялық аралықтағы жіберу рейтингі

R = (R1+R2)/2

100 15 жеті
Емтихан

E

100 16-19 жеті
Қорытынды баға

I = R 0,6+E 0,4

100  

                                                                                                 Қосымша В.3

Бағаларды қою критерилері (3 кредит үшін)

 

Бақылаудың түрі Максимальдық баға Оқытушы журналына баллдарды қою мерзімдері
Аралық бақылау: Сабаққа қатысуы: 1 сағ. – 5 балл                                 Үй тапсырмасын орындауы Семинарда баяндама жасау Белсенділігі(дәрістер,семинарлар кезінде) ОСӨЖ   100 15 15 15 15        40       Әрбір сабақта    
СӨЖ 1 * ) 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   100 30 40 30 СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 2 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   100 30 30 40 СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 3 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   100 20 35 45 СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 4 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма   100 30 35 35 СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
1 аралық бақылау: жобаны қорғау Жоба идеясы Жобаның сипаттамасы Жобаның өтуі   100 10 50 40   3 жеті 6 жеті 8 жеті  
2 аралық бақылау:  коллоквиум 1 сұрақ – 1 баға 2 сұрақ – 2 баға 3 сұрақ – 3 баға Қорытынды баға: (1 баға + 2 баға + 3 баға)/3   100 100 100 100   15 жеті  

 

*) СӨЖ тапсырмаларының мазмұны силлабустың сәйкес бөлімдерінде келтірілген

Курстың саясаты   

 

        «Физикаға оқыту технологиялары мен әдістемелері» пәні курсының негізгі саясаты мектепте физиканы оқыту әдістемесі бойынша студенттерге оның теориялық негіздерінен едәуір сапалы білімдер беруге, әртүрлі оқу сабақтарын өткізудің практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, физика пәні бойынша оқушылардың өзіндік және сыныптан тыс, сондай – ақ тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізе білуге, оның есептерін шығару әдістерін жетік меңгеруге бағытталған.   Пәнді оқыту барысында студенттердің творчестволық ойлау қаблеттерін жетілдіруге, оқушыларды физикаға оқытудың әртурлі әдістері мен тәсілдерін жетік меңгертуге, олардың ішінен қажетті сабақтарға едәуір тиімділерін таңдай білуге, арнайы оқулықтар мен ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, өздігінен білімдер ала білу қаблеттерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Дәрістер, семинарлар, ОСӨЖ және СӨЖ бірін – бірі толықтырып, курстың толық меңгерілуіне мүмкіндіктер жасайды. Мәселен, дәріс кездерінде қамтылмай қалған оқу материалы студенттерге өздігінен дайындауға тапсырылып, семинарлар мен ОСӨЖ сабақтарында талданып, қорытындыланады, сондай – ақ бұл семинарларда студенттер әртүрлі сабақтарды өткізуге машықтанып, өздерінің кәсіби дайындықтарын шыңдайды. Бұлардан басқа, бұл пәннің негізгі саясаттарының бірі - студенттерді ғылыми - әдістемелік зерттеу жұмыстарына баулу.

  Зерттеу жұмыстары студенттердің физиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер оқытылып, семинар сабақтар жүргізіле бастағаннан қолға алынады. Оның реті: алдымен үйірмедегі жұмыс (барлық студенттер үшін міндетті емес), одан кейін курстық жұмыс орындау; соңғы семестрдегі дипломдық практика соңында аяқталатын дипломдық жұмыс.   





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

750 - | 749 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.