Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы




Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, өңдеп іске жарату кезек күтпейтін мәселе болып табылады. Бұл бойынша қоршаған ортаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

Өзендерге, теңіз бен мұхит суларына күн сайын мыңдаған тонна өндірістік қалдықтар мен лай сулар құйылып, қалалардың үстін оңаша бұлт пен түтін емес, қара бұлдыр тұман жауып тұрса, ормандар жойылып, жер беті айқыш - ұйқышқазылап жатса, радиоактивті қалдықтар өсімдіктер мен жануарларға жиналып, олардан адамдарға өтіп, өлім-жітім, ауыру-сырқау көбейсе - мұныэкологиялық дағдарыс, адамзатқа төнген үлкен қауіп деп түсіну керек.

Көп жылдар бойы экологиялық дағдарысты капиталистік қоғамнан көріп, олардың өндіріс күштері мен жеке меншік иелерін кінәладық.

Айтылғандарды растау үшін жер мен оның байланыстары жеке меншікте, оның иелері пайда табу үшін өзара қырылысады, бірінің капиталы мен байлықтары екіншісіне қарсы тұрады деген дәлелдер келтірілді. Мысалы, химия концерні ауаны және суды ластап жатса, оның иесінің басы ауырмайды деп жазғырдық. Осыны дәлелдеу үшін әлемге әйгілі мысалдарды келтіріп, басқаларға кінә таптық. Сондағы капиталистерге тағылған кінә мыналар еді:

- бодан және жартылай бодан елдердің табиғат байлықтарын сүліктей сору;

- қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды бодан елдерде салып, өздеріне таза, ортаға зияны жоқ өнімдерді әкелу;

-1945 - 1970жылдары АҚШ Атлант мұхитының шығыс жағалауына 3 мың метр тереңдікке радиоактивті қалдықтар салынған 85 мың контейнер тастады. Қазір бұл контейнерлер шіріп, радиоактивті қалдықтар мұхит суына жайылуда. Атлант мұхитына осындай контейнерлерді Ұлыбритания, Франция, Бельгия, ГФР-де тастады.

- Ханфордтағы (АҚШ) атом электр станциясы радиоактивті қалдық суларды Колумбия өзені арқылы Тынық мұхитқа, ағылшындар - Ирланд теңізіне, Француздар Рона арқылы Жерорта туңізіне жіберіп жатыр;

- Үндіқытай түбегіндегі соғыс кезінде АҚШ аспандағы бұлттарды нөсер жауынға айналдырып, жер бетіне топан су жайып Вьетнамның қатынас жолдарын, су қоймаларын, бөгеттерін қыйратты;

- АҚШ әскері Вьетнам жеріндегі ағаштарды, басқа өсімдіктерді у шашып жойып жіберді. Соғыс біткелі 30 жылдан астам уақыт өтседе әлі күнге дейін онда ештеңе өспейді.

 Бұл фактілердің бәрі де дұрыс және шындық. Азамат пен табиғат алдында капиталистік қоғамның кінәсі аз емес, қылықтары айыптауға тұрарлық.

Бірақ, кешегі өздерін социалистік қоғам санаған елдердің де кінәсі мен теріс әрекеттері көп болмаса, аз емес.

Демократия мен ашықтықты жақтаған капиталистік елдерде орнын алған қолайсыз жағдайлар уақытында жария болып, оларды болдырмауға, табиғатты қорғауға, әскерлердің ғалымдардың қоршаған орта үшін қауіпті әрекеттеріне қарсы тұруға сол элементтеріне қарсы тұруға сол мемлекеттер азаматтары белсенді түрме қатынасады. Ортаның тигізетін зиянын күн ілгері білгендіктен онан сақтануға мүмкіншіліктері болады.

Басқаларды бодан және жартылай бодан халықтың табиғат байлығын сүліктей сорды деп кінәлаған кеңестер империясы, Ресей патшасынан бастап 300 жыл бойы қазақ халқының табиғат байлықтарын сұрақсыз, ақысыз, керегінше пайдаланды, басқа елдерге сатып, пайдасын көрді. Алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, темір, болат, марганец, хром, никель, мұнай, газ, көмір т.б. түсті және сирек кездесетін металдар жыл сайын көбейген мөлшерде әкетіп жатты.

Сөйтіп бір айналған дөңгелекті тоқтата алмай әуре болуда. Келімсектерге, Қазақстанда қалғылары келсе, біздің мемлекеттерімізге пайдалы басқа жұмыс беруге болмайма?!

Басқаларды радиоактивті қалдықтарды мұхит түбіне тастады, -деп кінәлаған кеңестер империясы Қазақстан жерінде 40 жыл бойы, ауада, жерастында атом және сутек бомбаларын жарып келді. Чернобыльде болған үлкен бір апатқа дүрліккен адамдар Қазақстанда жыл сайын бірнеше Чернобыльге тұратын апат болып жатқанын елемеді. Ауыру-сырқау мен жарымжандардың көбеюіне атом бомбаларын сынаудан көрген жергілікті халықты адамға, табиғатқа оның зияны жоқ деп өтірік айтып, алдап келді. Медицина ғалымдары мен дәрігерлерден құрылған арнаулы комиссия атом жарылыстарынан Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне, адамдардың денсаулығына үлкен зиян келгенін жарияланған кейінде Ресейдің атом өнеркәсібі министрі В.Михайлов бұрынғы әдетпен өтірік айтуын қоймай, комиссия қорытындыларын бекерге шығарғысы келді. Бірақтың «өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам» деген рас, Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан соң, 1993 жылдың қазан айында Семей полигонындағы жарылыстан зардап шеккен Алтай Республикасының тұрғындарына жәрдем көрсету туралы Ресей үкіметі қаулы алды. Сонда қалай болғаны палигоннан қашықтағы Алтай тұрғындары зардап шегеді де, полигонның түбінде отырған Семей облысының тұрғындарына зиянсыз болғаны ма?!

Қазір белгілі болғандай, атом жарылыстары жалғыз Семей палигонында емес, Қазақстанның басқа облыстарында да болыпты.

Ресейге бағынатын сынау полигондары осы күнге дейін Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жезқазған, Алматы, Талдықорған, Семей т.б. облыстарда жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Олардың атқан ракеталары адасып Қызылқоға, Махамбет аудандарының қой отарларына жақын жарылып жатады. 1993 жылы қыркүйек айында Атырау қаласының маңына келіп түсті. Ресей әскерлері пайдаланатын Қазақстандағы толып жатқан Уран қазатын, өңдейтін кәсіпорындарда жұмыс істеу тәртібі сақталмай, қоршаған ортаға, адамдарға көп зиян тиюде. Қазақстан Ресейдің радиоактивті қалдықтарын көметін өңірге айналды. Сұраусыз, ұлықсатсыз Ресей кәсіпорындары радиоактивті қалдықтарын алып келіп, «Уақытша» деген сылтаумен жер бетіне бос үйіп, жер қазып, көмбе жасауды «ұмытып» кетіп жатыр. Бұл жөнінде нақтылы мәлімет осы кітаптың «топырақты қорғау» деп аталатын тарауында елтірілген.

Ұзақ жылдарға созылған қасарысқан үнсіздіктен кейін бірнеше мың радиоактивті қалдықтар салынған контейнерлерді Ресейдің теңіздерге жасырғаны белгілі болды. Одан бері көп уақыт өтіп, контейнерлер шіріп, теңіз суы ластану қаупі төнгендіктен Финляндия, Швеция, Норвегия, Польша, Жапония, Корей Республикасы алаңдаушылық білдіріп, Ресейден тиісті шара алуын, тастаған жерлерін көрсетуді талап етуде.

1993 жылы қазан айында сұйық радиоактивті қалдықтарды жасырын, түн қараңғысын жамылып Жапон теңізіне тастауы Ресей империясының басқалармен есептеспейтінін, олардың мүддесімен санаспайтынын әлемге тағы әйгілі етті. Ормандарды жою, өзендер мен көлдерді, су қоймаларын, топырақты, ауаны ластау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қырғидай тию, тағы басқа масқара қылықтар кешегі социалистік елдерде де кең өлшемде жүргізілгені, табиғаттың орны толмас зиян шеккені енді жария бола бастады. Оның өзіндік себебі де бар. Капиталистік қоғамда жеке меншік иесі өзінің және ұрпақтарының қамын ойлап, жиған-тергенін, қолындағы жерді, суды, қазбалы кенді, кәсіпорындарды сақтап ертеңге қалдыруға тырысады. Социалистік елдерде келешекті ойлауға мұрша жоқ, қоғамдық үлкен және тәтті «пирогтан» бүгін, басқалардан бұрын, көбірек алып қалу мақсат. Өзінен кейін топан су басса да онда шаруасы жоқ.

Қоршаған ортаның ластануын тоқтату жөнінде мәселе көптен айтылып, талқылап келе жатса да әлі шешімі табылмай, керісінше жыл сайын ластану мөлшері өсіп барады.

- құрылыстар салып, кен қазғанда, жер жыртқанда жыл сайын 4 мың км құнарлы топырақ қопарылып, басқа жерге тасталады немесе тау - таспен араласып бүлініп жатады.

- жыл сайын егістік пен шабындықтарға 500 миллион тонна минералды тыңайтқыштар, 4 миллион тонна улы химиялық заттар қолданылады. Олардың үштен бір бөлігі жан – жаққа шашырап, желмен, жаңбыр, сулары мен өзендерге көлдерге келіп, қалғаны топырақта, ауада, жерасты суларда жиналады.

- жыл сайын 700 миллион тоннадан астам шаң-тозаң, газ, бу қосындылары, олардың ішінде 200 миллион тонна көміртек тотығы, 50 миллион тоннадан астам көмірсутектер, 146 миллион тоннаға жуық күкірт қостотығы, 53 миллион тонна азот тотығы атмосфералық ауаға келіп қосылады.

- жер бетінде жылудың көбеюіне байланысты ауаның температурасы біртіндеп өсіп келеді. Оның себебі өндірістік және тұрмыстық қажеттер үшін көп отын – көмір, ағаш, шымтезек, мұнай, газ жағылып, алынған жылудың көбі ауаға қосылып жатады.

- жыл сайын 60 км су лайланады. Олардың құрамында асқана қалдықтары, сабын көбіктері, қышқыл қоспалар, жанар және жағар май қалдықтары, сынап, кадмий, қорғасын т.б. ондаған заттардың қалдықтары бар. Су қоймаларына жиналған қалдықтағы бұл заттар балдыр, планктон, балық арқылы адамдарға қайтіп оралады. Таза су қорлары азайып, адамдар ластанған суды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Қазір АҚШ-та тұрмыстық қажетке жұмсалатын судың 70 процент бұрын пайдаланып, тазалаудан өткен сулар. 1994 жылдың ақпан айында Ресейдің экология министрлігі халықтың ішетін суының тек жартысы ластанған сулар деп хабарлады.

Ластанған суды табиғи жағдайда тазарту үшін 5-12 есе көп таза су қажет. ХХ ғасырдың аяғында ластанған су көлемі 6 мың км² болады деп күтілуде. Оны тазалау үшін 60 мың км² жүзі өзендері суынан екі есе көп деген сөз.

Адамдардың іс - әрекетінен тек құрлық беті ластанып қоймай, теңіз бен мұхит сулары да көп ластана бастады. Бұрын кемелер желкен көмегімен жүзгенде суға тастайтын қалдықтар аз және зиянсыз болатын. Кейіннен бумен, сосын жылумен жүретін кемелер пайда болғасын отынға тас көмір, мұнай жағылатын болды. Бұл кезде де кемелер аз болғандықтан теңіз суы көп ластанған жоқ. Мұнай және мұнай өнімдерін таситын үлкен танкерлер пайда болғаннан кейін жағдай, мүлдем өзгеріп, теңіз сулары тез ластана бастады. Ұлыбританияның оңтүстік жағалауына «Торри-Каньон» өте үлкен танктер апатқа ұшырағанда теңіз суына 17 мың тонна мұнай құйылды. Мамандардың есебі бойынша мұхит суларына жыл сайын 10 млн. тонна мұнаймен қалдықтары құйылатын көрінеді. Бұл жоғарыда көрсетілген «Торри-Каньон» сияқты 588 апатқа тең. Мұнайдың үлес салмағы судан жеңіл болуына байланысты, сумен араласпай, бетінде жұқа қабық ретінде жайылып кетеді. 1 тонна мұнай 6 дан 12 км² дейін су бетін жабады. Сөйтіп, ондағы фитозоопланктондардың өмір сүруіне үлкен зиян келеді. Осыдан кейін 10 млн. тонна мұнай қаншама су бетін жауып, қанша тіршілігі жоятынын есептеп шығару қиын емес.

Теңіз суына, мұнайдан басқа да, өндірісте ластанған, құрамында зиянды заттар, оның ішінде ауыр металдар бар, су қалдықтары қосылып жатады. Жыл сайын 6,5 миллион тонна фосфор, 7 мың тонна сынап, көптеген темір, қорғасын ұнтақтары, тағы басқа да ауыр металдар теңізге келіп қосылады.

Бұрын балық аулайтын кемелер аз, тоңазытқыш жабдықтары жоқ кезде олар жағадан алыс кетпейтін. Қазір балық аулайтын үлкен кемелер, арнаулы тоңазытқыш кемелер пайда болғасын балықты алыстан аулап, жарты жыл - бір жылға қайтпайтын, аулаған балықты мұхит, үстінде өңдеп басқа кемелермен елге жіберетін болды. Өздері басқа балық аулауды жалғастыра берді. ХХ ғасырдың басында балықтың 80 проценті жағадағы сулардан ауланса, қазір 45 процентке дейін кеміді.

Су астынан мұнай, газ, басқа пайдалы кендер іздеп бұрғылау жүргізгенде, су бетінде мұнай, газ скважиналары жұмыс істегенде де теңіз көп ластанды.

Мұхитқа қатысты тағы бір мәселе – су балдырлары жөнінде. Адамдар ерте заманнан теңіз балдырын пайдаланып келеді. Жыл сайын миллиондаған тоннна балдыр жиналады. Адамдар мен жануарлар үшін тамақ, егістік жерлерге тыңайтқыш, өнеркәсіпке шикізат.

Балдыр, жинаушылар олардың тұтыну құндылығын білгенмен, жер жүзіндегі тіршілік үшін маңызын ескермейді. Басқа фитопланктондар сияқты балдырлар да оттек өндірушілер қатарына жатады. Теңіз бен мұхиттағы өсімдік тұқымдас салмағы 0,2 миллиард тоннадан аспаса да олар жылына 80 миллиард тонна оттек беретінін ұмытуға болмайды. Құрлықтағы өсімдіктер жиынтығы 24 есе көп болғанымен оттекті 3 есе ғана артық өндіретіні белгілі. Мұның себебі теңіз суындағы фитопланктон негізінен өте тез көбейетін бір клеткалы балдырлардан тұратын болғандықтан.

Балдырларды азақ-түлік қажетіне пайдалану жөнінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазір азыққа жарамды балдырдың 70 түрі белгілі. Дегенмен мұны абайлап, сын көзімен қарап жүргізген дұрыс. Шектен тыс, бақылаусыз балдырларды жұлу мен жинау мұхит пен ауа жүйесіндегі қалыптасқан теңдестікті бұзып, биосфераға зиянды боуы мүмкін.

Онан да пайдалы өсімдіктерді теңіз-суына қолдан өсіріп азық түлікке жасаған орынды болар еді. Жапония, Қытай, АҚШ, т.б. елдер жыл сайын 4-5 миллион тонна балық, 1 миллион тоннадан жұмсақ денелі омыртқасыз жәндіктер мен теңіз балдырларын қолдан өсіреді.

Пестицидтер өсімдіктері, ағаштарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, мақтадан, жүннен, теріден жасалған заттарды сақтау үшін, ауыру таситын, шыбын-шіркей, құрт-құмырысқамен, басқаларды пайдаланып өмір сүретіндермен (паразиттер) күресу үшін қолданылады.

Олар күрделі химиялық қосындылар болып есептеледі. Өсімдіктердің биіктігін, өсуін реттейтін – ауксин, гибереллин, ретардант, жапырақты түсіретін – дефелиант, өсімдікті тамырымен жойып жіберетін – дисикант, гүлімен ұрығын түсіретін – дефлорант, хайуандар мен шыбын-шіркейді үркітетін – репеллент, оларды қызықтырып ұстап алатын – аттрактант, тұқымды өлтіретін – хемостирилизатор, т.б. химиялық заттар пестицид қатарына жатады. Бұлардың атаулары өздері ықпал ететін өсімдіктер мен жануарлар тобының Латынша атауынан басталып, соңына «цид» деген жалғау қосылудан құралған. Мысалы акарцид, альгицид, интектицид, ихтиоцид т.б.

Пестицидтерді қолданғанда өте сақтық қажет. Қоршаған ортаға және адамдарға әсері көп. Өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғау нақтылы нәтиже бергенде ғана пестицидтерді қажетті мөлшерден асырмай пайдалануға болады.

Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалық заттар қосындысынан тұратын ДДТ, диэлдрин, элдрин, полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталып болғандықтан топырақта, теңіз суларында көп жиналады. Мысалы ДДТ 50 жыл бойы сақталады. Жыл сайын 100 мың тонна, жарты ғасырда 3 миллион тонна ДДТ өндіріледі. Оның қаншасы топырақта, қаншасы теңіз суына жиналғанын ешкім білмейді. Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДДТ табылғанын ескерсек жер жүзіне қалай кең тарағанын түсінуге болады.

АҚШ, Венгрия, Швеция, бұрынғы Кеңестер одағы, т.б. бірқатар елдерде ДДТ-ны қолдануға тыйым салынған. Ал дамушы елдерде оны безгек, бөртпе сүзек ауруларына қарсы қолданып келеді.

Дүние жүзінде 20 жыл бұрын 4 миллион тонна пестицидтер шығарылған. Қазір қанша шығарылғаны жөнінде мәліметтер толық емес, өйткені көптеген мемлекеттер өнім мөлшерін жасырып, жарияламайтын болды. Экологиялық жүйелер үшін өте қауіпті пестицидтер өндіруді жасыру, әрине адамзат алдындағы өз қылмыстарына жауап беруден қашудың бір түрі ғой.

Америка әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600-мың гектар ағаштарды пестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін әлем ұмытқан жоқ.

Гербицид, дефолиант, десикант, дефлорант т.б. улы химиялық заттар Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе мақта, күріш, бидай алқаптарында ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Соның салдарынан Оңтүстік облыстарда кісі өлімі, әсіресе жас сәбилердің өлімі, ауыру сырқауы, жарымжан болып тууы өте көбейіп кетті.

Деттергенттер жинақтау әдісімен (синтез) алынған химиялық заттар. Олардың негізгі қасиеті заттардың сыртқы қабатына тез әсер етіп өзгерту немесе тазарту. өндірісте, тұрмыстық қызметте оларды кір кетіру, жуу үшін, сыртын бояу, әшекейлеу ұшін қолданады. Детергенттер суда ерімей ұзақ сақталады, ұсақ организмдер ірітіп-шіріте алмайды. Бір литр суда 1 мг түссе су көбіктене бастайды. Детергенттердің рұқсат етілген шегі (ПДК) 1 литр суда 0,3 мг-нан аспау керек. Ал қалдық суларда бұл мөлшер 5-10 есе асып кетіп жатады.

Дүние жүзінде жылына 4 млн тоннадан астам детергенттер өндіріледі.

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе азот пен фосфор, жыл сайын 300 миллион тоннадан астам егістік пен шабындықтарға қолданылады. Олардың бәрін өсімдіктер пайдаланбай топыраққа, жаңбырмен, ағын сулар мен көлдерге, теңіздерге жиналып жатады. Су беті көктеп, көк жасыл балдыр болып кеткен көлдер осының белгісі.

Қоршаған орта көп ластаушы заттар қатарына сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк т.б. улы химиялық заттар мен олардың қосындылары жатады.

Қоршаған ортаға көп тараған көмір қышқыл газ, көміртек тотығы, күкірттің, азоттың, хлордың түрлі қоспалары да табиғатты ластаушы заттар болып саналады.

Адамдардың ар-ұяты, сана-сезімі, қайрат-жігері қоршаған ортаның қасіретті жағдайын тез түсініп, табиғаттың бұзылуын, азып-тозуын тоқтатуға жұмсалса жер жүзінде қызықты өмір жалғаса берері сөзсіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Биосферадағы заттар айналымы қалай жүреді?

2. Адамның экожүйедегі орны қандай?

3.Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар.

4. Қазіргі биосфера қандай?

5.Биосфера дегеніміз не?

6.Ноосфера дегеніміз не?

Ә дебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж138 – 158беттер.

2. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – М., 1998 ж.

3. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 ж.

4.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 ж.

5.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 ж.

Тақырып 6





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

4427 - | 4184 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.