Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Берілген сабақ бірінші жартыжылдықта өткен материалды қайталауға арналған. Оқушылар ұзын дық, масса, көлем жөніндегі білетін түсініктерін бекітуге арналған тапсырмалармен қатар осы түсі ніктерді кеңейтетін тапсырмаларды да орындайды. Бұл сабақта шамалардың мәнін есептеу мен олардың айырмаларын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Кіріспе тапсырма. Оқушылар білімін жаңғырту үшін сабақ тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіңіз, соңында төмендегі ұғымдарды еске түсіріңіз: ұзындық, масса, көлем — шамалар; сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі; 10 см = 1 дм; килограмм — массаның өлшем бірлігі; литр — көлемнің өлшем бірлігі. Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастаңыз. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтауды өтініңіз. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған болатын. Алайда осы сабақтағы тапсыманың ерекше сипаты мынадай: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушы ларға қадамдарды сандық сәуле бойынша (сызғыш бойынша) басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді. Әр заттың ұзындығын анықтаған соң оқулықтағы сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіңіз. Содан соң жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұраңыз. — Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр ұзын? — Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа? — Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын? — Өшіргіш пен сызғышты бір-біріне тіркестіріп көр. Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің? Жауабы: өшіргіш — 5 см; қайшы — 11 см; қарындаш — 14 см. | Шығарып көр. Тапсырманы орындау үшін оқу шыларды жұптарға біріктіріңіз. Олардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсырыңыз. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйеніңіз: — Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе-теңдік күйде.) — Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.) — Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.) — Олардың массасы қандай? (6 кг.) — Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.) — Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша? Жауабы: қарбыз — 4 кг, 1 қап картоп — 5 кг. Ойлан. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты жалғастырыңыз. Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсырыңыз. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады: Құмыраның көлемін табу. (1 л.) Қазанның көлемін табу. (2 л.) Шелектің көлемін табу. (2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.) Жауабы:
7 л.
Орындап көр. Берілген тапсырманы топтық жұмыстың барысында орындаған жөн. Жұмыс басын да оқушылар әрекетінің ретін түсіндіріп, артынша өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер немесе геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің сыртына олардың көлемін жазуды тапсырыңыз.
Жауабы: нұсқалары: бір рет 3 л және он жеті рет 1 л; екі рет 3 л және он төрт рет 1л; үш рет 3 л және он бір рет 1 л; төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л; бес рет 3 л, бес рет 1 л; алты рет 3 л, екі рет 1 л; жиырма рет 1 л. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Оқушыларға “Неге?”, “Оны қалай білдің?”, “Нелік тен?”, “Сен қалай ойлайсың?” деген сұрақтарды қойыңыз. Осындай және осы тәріздес сұрақтар оқушыларды ойлануға, өз әрекетін бағамдауға, қолданған тәсілді түсіндіруге ынталандырады, яғни оқушылардың математикалық тілін дамытады. | Заттардың ұзындығын анықта. Өлшеу жұмыс тары оқушыларға заттың ұзындығын сызғыштың көмегімен өздігінен анықтауға мүмкіндік береді. Жауабы: қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см. Заттардың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтиже сінде қалыптасқан дағдыларын қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындау керек. Жауабы: кітап — 1 кг; сыйлық — 2 кг; қарбыз — 4 кг. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді; антиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем бірлігі, килограмм — массаның өлшем бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді; ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, кө лемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін түсінеді; ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәліметтер бойынша анықтауды меңгереді. Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең гейін анықтау үшін сабақтың барысында байқау жүргізіңіз. Жұптық, топтық талқылауға назар ауда рыңыз. Талқылауға әр оқушының қатысуы керек. Олардың жауаптарын тыңдағанда нені түсінбейті нін анықтаңыз. Қалыптастырушы бағалаудың қоры тындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтайсыз. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалатыңыз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт |