Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




Сабаққа қатысты деректі материалдар

Математикада “=” таңбасы мәні бірдей өрнек­ тердің немесе сандардың арасында қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады.

— Оны қалай жазуға болады?

Тепе-теңдік математикада “теңдік” деп атала­ тынын айтыңыз. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады. Көрсетілімді жалғастырыңыз. Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңыз. Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының екінші табақшасына салуын сұраңыз­. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Сендер не байқадыңдар?

— Таразы басы тең бе?

— Таразының бір табақшасы екіншісінен неге тө­ мен түсті?

— Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жа­ зып көрсетуге болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын­ жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын­ хабарлаңыз. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3 ≠ 5 және “3 тең емес 5-ке” деп оқылады.

Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Оқу­ шыларға суреттің әр қорабындағы кәмпит санын салыстыруды ұсыныңыз. Ол үшін бірге бір сәйкес­ тендіру әдісін пайдаланыңыз. Оқушылардан екі қораптағы кәмпиттер санының тең әлде тең емес екенін анықтауға­ ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан­ неге олай ойлайтынын сұраңыз­. Оларға теңсіздіктерді ламинат­талған­ парақтарға­ жазып, жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді­ ұсыныңыз.

Жауабы:

5 ≠ 7.

Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Жұптық жұмыс. Оқушылардан ауызша жауабын ламинатталған қа­ ғазға­ жазып көрсетуді сұраңыз. Олар жазған жауа­ бын жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім­ осылайша кімге көмек қажет екенін анықтай алады.

 Кіріспе тапсырма. Топтағы зерттеу жұмысы. Әр топта табақшалы таразы және құны және массасы бірдей тиындар болуы шарт. Егер әр топты таразымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, көрсетіліммен шектеліңіз.

Таразының әр табақшасына үш монетадан салы­ ңыз. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

— Таразы қандай жағдайда тұр?Жауабы:

а) 5 = 5; ә) 6 ≠ 9.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындатып, 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен­ тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыныңыз­. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды сұраңыз. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған “теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.

 

Жауабы:        

теңсіздіктер теңдіктер

1     ≠ 11; 6 = 6.

2     ≠ 10;   

3     ≠ 9;     

4     ≠ 8;     

5     ≠ 7.     

 

Орындап көр. Оқушыларға таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсыныңыз. Оларға таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көруді ұсыныңыз. Оқушылар өз тобында талқылайды. Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап көруді ескертіңіз. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы тең көгөніс муляж­ дарын пайдаланыңыз.

 

Жауабы:

 

а) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу; ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табақ­

 

қа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол жақтан 2 алманы алып тастау).

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

тіексөздерді есте сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып оқушыларын төрт не алты адамнан тұратын топқа бөліңіз. Жүргізушінің “Теңдіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3 және 3 деп бөлініп тұруын ұсыныңыз. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек. Мысалы, егер топта 4 адам­ нан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан бөлінеді­. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4, 1 және 5 адамнан бөлінеді.

Cуреттен теңдіктерді тап. Оқушылар тең­ сіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.

Жауабы:

а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б) теңдік 4 = 4.

Белгілерді қой. Тапсыр­маның­ мақсаты — а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады­.

 

б) және в) тапсырмасының екінші бөлігі деңгейлік­ тапсырмаға жатады. Білім деңгейі жоғары оқушылар теңдік пен теңсіздікті кеңестік фигуралардың­ көмегі­­ мен өз бетінше құрастыру керек. Фигуралар тобының­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілері­нің­ тиістісін қойып жазу көзделеді.

Жауабы:

а) 8 = 8; ә) 5 ≠ 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді.

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімінің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмен­ дегі сұрақтарды қойыңыз:

— теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)

— Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)

— Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)

— Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.

Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 = 5.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.

             


 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2213 - | 2174 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.