Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Оқушылар сабақта 20-ға дейінгі сандарды он-дықтан аттамай қосу әдісімен танысады. 14 + 3 түріндегі мысалдарды шығарып үйренеді.

Қосудың жаңа әдісін үйрену үшін екі таңбалы сандардың құрамын еске түсіріңіз. Оқушылардан 17, 13, 19, 11, 15 сандарының неше ондықтан, неше бірліктен тұратынын сұраңыз.

Кіріспе тапсырма. Санау таяқшаларын пайда-ланып, екі таңбалы сандарды модельдеу бойынша тәжірибе жұмысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бума жасау үшін санау таяқшалары мен резеңкелер таратып беріңіз.

Оқушылардан таяқшалар бумасы және жеке таяқ-шалардың нені білдіретінін сұраңыз. (Таяқшалар бумасы — ондықтар, жеке таяқшалар — бірліктер.)

Санау таяқшаларын пайдаланып 10, 20 сандарының моделін жасауды ұсыныңыз. Ондықтарды бумаларға жинатыңыз. Енді санау таяқшаларымен 14 санын көрсетуді тапсырыңыз (Ол үшін 1 ондық және 4 бірлікті алып қояды.). Сабақта екі таңбалы сандарға  бір таңбалы сандарды қосуды үйренетіндерін ха-барлаңыз. 14-ке 3 санын қосуды ұсыныңыз. Оқу-шылар 3 таяқшаны қосады. Оқушылардың әрекетін бақылаңыз.

Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы сұраңыз:

— Сендер 3 таяқшаны бумаға қостыңдар ма, әлде бөлек жатқан таяқшаларға қостыңдар ма? (Жеке жатқан таяқшаларға қостық.)

— Неге? (3 және 4 таяқша бірігіп 7 таяқша болады — бұл бір ондық емес.) Оқушылардан барлығы неше таяқша болғанын анықтауды сұраңыз. (Барлығы 17.)

Осы амалды өрнек ретінде жазуды ұсыныңыз. Тақтаға 14 + 3 өрнекті жазыңыз. Осы өрнектің сан мәнін сан түзуінің көмегімен шығаруға бола ма деп сұраңыз. Топқа сан түзуінің көмегімен өрнектің шешуін табуды тапсырыңыз.

Сан түзуінің көмегімен екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу үшін сан түзуімен сол жаққа қарай екінші санда неше бірлік болса, сонша бірлікке аттап жылжиды деген қорытындыға келтіріңіз. Осы қорытындыны бекіту үшін ұқсас мысалдарды шығарып көрсетіңіз. Мысалы, 14-ке 3-ті қосқанда, 15-ке 3-ті қосқанда қанша болатынын айтуларын сұраңыз.

20-ға дейінгі сандарды қосу кезінде ауызша есептеуге тырысқан оқушыларды мақтаңыз. Орын-дауды түсіне алмаған оқушыларға көмектесіңіз. Бұл амалдарды тірек сызбасына сүйеніп немесе сан кесіндісі бойынша орындауға болады.

Сурет бойынша қосу амалына мысал құ-растырып шығар. Берілген тапсырма екінші ондық

бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған. Кірпінің солдан оңға қарай қозғалуына қарап оқушылар бұл жағдайда азайту амалы емес, қосу амалының орындалатынын анықтайды. Содан кейін олар кірпінің алмаға жету үшін неше қадам жүруі керектігін санайды да, теңдік құрастырады: 5 + 10 = 15.

Қосу амалын орында. Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындатыңыз. Оқушылар есептеу-лер жүргізгенде шығару жолын мүмкіндігінше түсі-ніп, оны толық айтуына назар аударыңыз. Сыныппен бірінші мысалды талдап отырып шығарыңыз. Оқу-шылар мұғаліммен бірге мысалдарды шығару жолын талдап түсіндіреді. Осы қарастырылған әдіспен таныса отырып, оқушылар екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды разрядтан аттамай қосуды есте сақтауы тиіс. Қалған мысалдарды жұппен орындау-ды ұсыныңыз. Оқушылардан тексеру барысында алдымен қосу компоненттерінің атауын айтуды, сосын жауабын сұраңыз.

Жауабы:

13 + 4 = 3 + 4 + 10 = 7+ 10 = 17; 11 + 3 = 1 + 3 + 10 = 4 + 10 = 14; 11 + 7 = 1 + 7 + 10 = 8 + 10 = 18; 14 + 5 = 4 + 5 + 10 = 9 + 10 = 19.

Шығарып көр. Оқушылар әр ыдыстағы дәру-мендер санын анықтауы керек. Ол үшін бірінші ыдыстағы үлгі ретінде көрсетілген нұсқауды сыныптағы барлық оқушылармен бірге талқылып алыңыз да, жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз.

 

Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда оқушыларға көмектесіңіз.

 

Жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып, оны бірін-бірі тексергенде пайдалануға болатынын ескертіңіз.

 

Жауабы:

 

а) 18; ә) 20; б) 15; в) 19.

 

Үй құстары. Тапсырманың мазмұнымен танысуды ұсыныңыз. Шешімін табу үшін оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Топтардан бір оқушыдан жауабын айтуға ортаға шақырып, жауапты талқылаңыздар.

 

Жауабы:

 

13 құс аулада жем шоқып жүр.

 

Орындап көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар 20 көлеміндегі мысалдарды шешеді. Алған нәтижесін талдайды және “кез келген санға бірді қосқанда, әрқашан келесі сан шығады” деген ереже тек бір таңбалы сандарды қосқанда ғана емес, сонымен қатар екі таңбалы сандарды қосу кезінде де орындалады деп қорытындылайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2496 - | 2296 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.