Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Сабаққа қатысты деректі материалдар Бұл сабақта оқушылар бір таңбалы сандарды қосу мен азайту дағдысын қолданып, 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды қосып және азайтып үйренеді. Дөңгелек сандарды қосу немесе азайту үшін ондықтарды қосып немесе азайтып, оң жаққа нөл жазу керек. Сабаққа 1-ден 100-ге дейінгі сандар кестесін дайындаңыз. Оны тақтаға орналастырыңыз. Ин-терактивті тақтаны пайдалануға болады. Сабақты 100-ге дейінгі сандарды ондықтар арқылы тура және кері ретпен санаудан бастаңыз. Дөңгелек сандардың атауын еске түсіріңіз. Ол сандарды тақтаға жазыңыз. Бір таңбалы сандарды қосу және азайту стратегия-сын пайдаланып, ондықтармен қосу және азайтудың тиімділігін зерттеуге уақыт бөліңіз. Оқушылардан мысалдарды қарап, олардың ұқсастығын және айырмашылығын айтуды сұраңыз: 2 + 3, 20 + 30; 9 – 5, 90 – 50. Оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндік бері-ңіз. Дөңгелек сандармен жұмыс ондық сандар-ды білдіретін бір таңбалы сандармен жұмысқа ұқсас орындалады, бірақ соңында 0 қосылады деп қорытынды жасатыңыз. Дөңгелек сандармен іс-әрекеттердің ережесін құрастыртыңыз: дөңгелек сандарды қосу және азайту үшін ондық сандарды қосып азайту керек және оң жақтан 0 цифрын қосып жазу керек. Кіріспе тапсырма. Жұмысты жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға дөңгелек сандарды қосып, азайтуға бір-біріне мысалдар ойлап табуды ұсыныңыз. Зерттеу барысында жұппен жұмыс істеу оқу материалын толық меңгермеген оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы амалды қолдану қиынға соққан оқушыларға көмек көрсетіңіз. Тәтті тоқаштар. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, кондитердің қанша тоқаш пісіргенін анықтау-ды ұсыныңыз. Оқушылардың қалай әрекет ететінін сұраңыз. Оларды бір-бірлеп санаудың көп уақытты талап ететіні туралы қорытындыға алып келіңіз. Қосу арқылы тоқаштардың жалпы санын білуді ұсыны-ңыз. Оқушыларға сандардың ондық құрамын және “ондық” сөздерін жазудағы шартты қысқартуларды қайталатыңыз. Есептеп шығару үшін сандағы ондықтардың санын қосып, қасына нөл жазу сияқты меңгерілген әдісті пайдалануды ұсыныңыз. Жауабы: 3 онд. + 4 онд. = 7 онд. 30 + 40 = 70. 7 онд. – 5 онд. = 2 онд. 70 – 50 = 20.
| Есептеп шығар. Оқушыларға тапсырманы жұп-пен орындауды ұсыныңыз. Олар торсықтың артында қандай сан жасырынып тұрғанын есептеп табады. Оқушылардан сұраңыз: “Қай амалдың компоненті белгісіз?”. Есептеу барысында оқушылар бірдей дөңгелек санды алу үшін 10-ды қосып немесе 10-ды азайтып алуға болатыны туралы қорытындыға келеді. Ең маңыздысы, тапсырманы орындау барысында ал-ғашқы сөрелік нүктені анықтай алу болып табылады. Олар бұл үшін 1-ден 100-ге дейінгі демонстрациялық кестені пайдалана алады. Жауабы: а) 30; ә) 90; б) 60; в) 0. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Олар жолдың ұзындығын дөңгелек сандарды қосу арқылы таба алады. Оқушыларды жұптастырып, өзара тексертіңіз. Жауабы: 70. Ойлан. Оқушыларға “ойдағы санмен” сұрақ-жауап ұсыныңыз. Оқушыларды тыңдап алыңыз және жауабын табу үшін олардың жасаған әдістерін талқылаңыз. Жұптарға осыған ұқсас тапсырмалар ойлап табуды ұсыныңыз. Оқушылардың құрастырған жұмбақтарының бірнешеуін сынып болып шешіңіз.
Жауабы:
мен 30 санын жасырдым.
Шығарып көр. Oқушылардың назарын есепті ашық әдісті пайдаланып шешу керектігіне аудары-ңыз. Оқушыларға бір таңбалы сандармен әрекетті орындай келе, бірінші ондықтарды қосып, оның санын анықтауға мүмкіндік беріңіз де. Одан кейін бірліктермен де тапсырманы солай орындатыңыз. Жауапты дөңгелек санмен беріңіз.
Жауабы: 30 бала.
| |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 316 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин |