Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Сандық сәуле — нүктелері санмен белгіленіп көрсетілген сәуле. Сандық сәуленің көмегімен қосу — оңға қарай қозғалу болса, азайту — солға қарай қозғалу болып табылады. Бүгінгі сабақта оқушылар 20-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге сүйеніп қосып және алып үйрене-ді, өрнектерді “+”, “–”, “=” белгілерін қолданып құрастырады, жазады. Оқушыларға 12 және 3 ойыншықтан тұра-тын екі топпен әртүрлі іс-әрекеттерді көрсетіңіз. Әр топтағы ойыншықтарды жеке-жеке санатыңыз және олардың санының қанша екенін белгілетіп қо-йыңыз. Осы екі топты біріктіріп қайтадан санатыңыз. Одан кейін 12 мен 3-тің бірігуі 15 болатынын айты-ңыз. Осындай тапсырманы ойыншықтардың әртүрлі сандарымен бірнеше рет қайталатып көрсетіңіз.
Кіріспе тапсырма. Оқушылардан кішкентай топтар құрып, топтардың бірігуінен заттардың жалпы санын табуға болатынын бірнеше рет тәжірибе жүр-гізіп көрсетіңіз. Осы іс-әрекетті ойыншықтардың жаңа топтарымен қайталатыңыз. Оқушыларға заттарды біріктірген кезде не өзгеретінін және осы іс-әрекетті қалай атауға болатынын талдатыңыз (жауаптарын тыңдаңыз). Заттар жиынын біріктіру дегеніміз қосу екенін және осы ретте “плюс” белгісін қолданатынымыз туралы еске түсіріңіз. Қосуды сан-дық сәуленің көмегімен орындауды ұсыныңыз.
Сандық сәуле бойынан бірінші топтағы заттар-дың санын көрсететін санды белгілетіңіз. Осы санға қаншаны қосқанымызды сұраңыз. Оқушылардың зейінін қосу амалы кезінде сандық сәуле бойымен оңға қарай жылжитынына аударыңыз. Оқушылармен сандық сәуленің көмегімен қосуды орындап, алған есептеу нәтижесін салыстыртыңыз.
Оқушылармен заттардың топтарын біріктіріп көруге жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз, мысалы: кітаптар, қарындаштар т.с.с. Оқушылар қосудың нәтижесін сандық сәуленің көмегімен анықтап, ла-минатталған бетке жазып көрсетеді.
Жаңадан тағы бір топ құрыңыз. Ондағы заттардың саны бірінші топтағы ойыншықтардың қосындысы, яғни 15 болсын. Егер осы ойыншықтардан 3 ойыншықты алып тастаса, қанша болатынын сұраңыз. Немесе 12 ойыншық алса ше? Азайтудың нәтижесін жазғызыңыз да, оны қосу амалымен байланыстырыңыз.
Оқушыларға, заттардан қандай да бір бөлікті алып тастаса, онда бұл амалды азайту амалы деп атайтынын түсіндіріңіз. Ол кезде “минус” таңбасын қолданады. Азайту амалын өрнек түрінде көрсетіңіз де, онда “–” және “=” белгілерін қолданыңыз.
| Екі топтағы заттардың бірігуі заттардың жалпы санын көрсететінін және егер бір топты қайтадан алып тастаса, оның жалпы заттардың санына қалай әсер ететінін тәжірибе түрінде көрсетіңіз. Оқушыларға оның азайту амалы деп аталатынын және қосуға кері амал екенін айтыңыз. Сандық сәулені қолданып, азайтуды қалай орын-дауға болатынын көрсетіңіз. Оқушыларға азайту амалы сандық сәулемен солға қарай жылжуды біл-діретінін айтыңыз. Оқушылардан берілген операцияларды күнделікті өмірде кездестірдіңдер ме деп анықтап, мысалдар келтіруді сұраңыз.Аквариум. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқуды ұсыныңыз. Сызбаға қаратыңыз. Бөліктерінің қатынастарын (балықтардың әр түрінің саны) және бүтінді (балықтардың жалпы саны) көрсететін сызбанұсқаны қарастыруды ұсыныңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Қандай амалдың көмегімен аквариумдағы ба-лық санын табуға болады? — Мұны сандық сәуледе қалай көрсетеміз? Қосудың нәтижесін табу үшін сандық сәуле бо-йымен қай бағытта қозғалуымыз керек? Қосу белгісі “плюс” және қосындының мәнін білу үшін сандық сәуле бойымен оңға қарай қозғалу керек деп қорытынды жасаңыз. Көңілді бақалар. Оқушыларға иллюстрацияны қарауды ұсыныңыз. Суретке қарап бастапқы кезде қанша бақа болғанын, сосын қанша бақаның тоғанға секіргенін, қанша бақаның қалғанын талдаңыздар. Оқушыларға бөліктер мен бүтіндер арасындағы қатынасты көрсететін сызбанұсқаны түсіндіріңіз және сызбанұсқадағы сұрақ белгісінің нені көрсететінін сұраңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз: — Қандай амалдың көмегімен жағалауда қалған бақа санын табуға болады? — Мұны сандық сәуледе қалай көрсетеміз? — Азайтудың нәтижесін табу үшін сандық сәуле бойымен қай бағытта қозғалуымыз керек? Шығарып көр. Оқушыларға амалдардың нәти-жесі дұрыс болу үшін заттардың тобына анықтап қарауды және олардың арасына қандай белгі қою керектігін тапқызыңыз. Жауабы: а) плюс таңбасы; ә) минус таңбасы. Орындап көр. Сандық сәулеге үлкен бағдармен бір мезгілде орындалатын бірнеше қадамды көр-сетуге болатындығына оқушы көңілін аударыңыз. Оқушылар бір үлкен бағдарды қолдануда бірнеше кішкене бағдармен көрсетудің ыңғайлы екенін және бұлай мысалдарды шығару уақытын тездетуге бола-ды деген қорытындыға келуі тиіс. Тапсырма жалпы сыныппен орындалады. | |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 464 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн |