Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыш-тардың орнын ауыстырса, қосынды өзгермейді. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті оқушыларға тиімді әдіспен есептеуді меңгертеді. Алдыңғы са-бақтарда аталған заңдылықты таныстыру бойын-ша дайындық жұмысы жүргізілді. “Бізді қоршаған әлем” тақырыбына сәйкес қосудың ауыстырымды-лық қасиетін түсіну үшін сабақ барысында заттар-ды қолданып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру керек. Сабақты ауызша есептеу жүргізуден бастаңыз. Оны интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз. Ол үшін презентацияны қолданыңыз. Қосу мен азай-туды, сандық сәуле мен қосу кестесін қолдану ар-қылы мысалдарды шығаруды меңгергендері үшін оқушыларды мақтаңыз. Кіріспе тапсырма. Жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы дорбадан” бірнеше фишканы алып санауды және мысал құрас-тыруды тапсырыңыз. Бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Қандай қорытынды жасауға болатынын біліңіз. Өз бетінше қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау үшін оқушылардың талдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырыңыз. Егер қиындық тудырса, онда өзіңіз: “Қосуда санның орнын ауыстырса, қо-сындының мәні өзгермейді” деп тұжырымдаңыз. Қай кезде есептеу тиімді болды деп сұраңыз: “Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?” Қосу амалын орындауда сандардың орындарын тиімді ауыстыру бойынша нақты мысалдар келтіріңіз. Мысалы: 1 + 9 және 9 + 1; 3 + 7 және 7 + 3. Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін дұрыс қолдана білу тез және жеңіл есептеуге кө-мектесетінін айтыңыз. Сонымен қосудың ауысты-рымдылық қасиетін қолдану тиімді болатынына көздерін жеткізіңіз. | Суреттерге қарап, қорытынды жаса. Тә-жірибелік жұмысты орындау алған білімдерді бекі-туге бағытталған. Оқулықта “қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді” деген заңдылық үш түрде: заттардың суреті, оларға сәйкес сандық өрнектер және сандық сәуледегі үлгісі ар-қылы көрсетілген. Бұл ақпараттың осындай тәсілмен берілу мақсаты әртүрлі деңгейде оқушыларға жаңа тақырыпты қабылдауға көмектесу болып табылады. Шығарып көр. Тапсырма қосудың толық емес кестесін қолданып, мысалдарды шығаруға бағыт-тайды. Екінші жартысы — қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан алынған мысалдар болады. Осы кестеге сүйене отырып, оқушылар қажетті қосын-дының мәнін тауып жаза алады және тиімді әдіспен есептеу дағдысын бекітеді. Жауабы: а) 9; ә) 10; б) 10; в) 9; г) 8; ғ) 10; д) 9; е) 8; ж) 8. Орындап көр. Бұл тапсырма қоршаған ортадағы нысандарды ауыстырымдылық заңын қолданып қо-суға болатынын көруге бағытталған. Оны орындау барысында оқушылардың назарын конструкцияда-ғы текшелердің екі түсіне аударыңыз. Текшелердің саны екі конструкцияда тең болатындай, екінші конструкциядағы текшелер санын басқа түстегі текшелермен толықтыру қажет. Жауабы: а) 2 текше; ә) 3 текше. Есте сақта! Бұл айдарда берілген тұжырымда-мада қосу амалындағы компоненттердің қасиеті көрсетілген. Оны есептеуді жеңілдету және мы-салдарды тиімді тәсілмен орындау үшін алдағы уақытта үнемі қолданып отыру керек.
| |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Сабақ барысында оқушыларға өз сөздерінде жаңа терминдерді орынды қолдануға және дұрыс айта білуге қолдау көрсетіп отырыңыз. Тапсырманы жұппен және топпен орындау кезінде оқушылар-дың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). | Суреттер мен оларға сәйкес келетін мысал-дарды сызық арқылы қос. Оқушыларға “Лего” конструкторынан құралған тіктөртбұрыштарды қарауды ұсыныңыз. Әр тіктөртбұрышқа сәйкес мы-сал тауып, сызбамен көрсетуін сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында бірдей қосылғыштардың орнын ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтыңыз. Бірдей мысалдарды тап. Тапсырма есептеудің тиімді жолын іздеуге бағытталған. Оқушылар бірдей мысалдарды табуы керек және оларды сызықтармен қосып, мысалдың мәнін табуда қайсысынан бастаған жеңіл екенін анықтап, мәнін есептеуі керек. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қол-данып, 4 мысал құрастыр және жаз. Тапсырма қосудың ауыстырымдылық қасиетін оқушылардың өз бетінше қолдану жұмысына арналған. Оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп, жұп мысалдар құрастырып жазу керек. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдануды ойын арқылы бекітіңіз. Ол үшін оқушыларды топтарға бөліңіз. Топтағы қыздар мен ұлдар санын көрсету арқылы қосудың ауыстырымдылық заңын қолдануын сұраңыз. Ойын барысында оқушылар орындарымен ауыса отырып, саны өзгермейтініне көз жеткізеді. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана отырып, мысалдар шығаруды; қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, есептеудің тиімді тәсілін таңдауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты меңгерy деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойыңыз: — Егер қосу амалын орындау барысында сан-дардың орнын ауыстырса, қосудың нәтижесі қалай өзгереді? — Қай қосудың нәтижесі артық: 5 + 3 немесе 3 + 5? — Қай мысалды шығару оңай: 2 + 8 немесе 8 + 2? Неге? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Екі таңбалы сандар | Мектеп: | |||||||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | |||||||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаты: | натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10/11-20 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады; 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді. | ||||||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | |||||||||||
Ресурстар: | 10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың де-монстрациялық кестесі; әрбір оқушыға арналған ламинатталған қағаз парақтары; екінші ондықтың сандары жазылған сан кесіндісі; 10-нан 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар жинағы. | ||||||||||
Тірек сөздер | бірліктер; ондықтар. | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно |