Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Кіріспе тапсырма. Сабақты проблемалық жағдай туғызудан бастаңыз. 1-қадам. Оқушыларға жұппен 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды ойлап және оны қағазға жазуды сұраңыз. 2-қадам. Жұптарды топқа біріктіріп және оқу-шыларға оларды өзара салыстыруды ұсыныңыз. Олар салыстыру нәтижесін ламинатталған беттерге жаза алады. 3-қадам. Оқушыларға болжауы бойынша дәлел табуды ұсыныңыз. Олар дәлелдеу құралын өз беттерін-ше таңдай алады. Ресурстар нұсқасы ретінде мыналарды алуға болады: “лего” текшелерінің конструкторы, 0-ден 20-ға дейінгі сандық сәуле. Таңдап алынған ресурстарға байланысты орын-далатын тапсырманы талдау сценарийі дамиды. Оқушылар бір-біріне әрбір модельдегі ондықтар және бірліктер санын сәйкестендіре отырып, санның графикалық моделін көрсете алады. Сандық сәу-лені таңдап алған соң, сандардың онда орналасуына және нөлден қандай қашықтықта тұруына байланысты сандардың қайсысы артық болатыны туралы қорытын-ды жасайды.4-қадам. Берілген ресурстар үнемі қолымызда бола бермейтін болғандықтан, оқушыларды екі таңбалы сандарды өзара салыстыруға көмегін тигізе-тін ереже немесе іс-әрекет алгоритмін құрастырып шығару қажет деген қорытындыға келтіру. 5-қадам. Оқушыларға екі таңбалы сандарды са-лыстыру кезінде қалай әрекет ету керектігін көр-сететін ережені топпен құрастыруды ұсыныңыз. 6-қадам. Құрастырылған ережелерді талдатыңыз. Оқушыларға екі таңбалы сандарды салыстыру үшін барлығы бірдей қолдануға алатындай етіп, нұсқау-лықты жасап шығуды ұсыныңыз. Бұл ереже шамамен мынадай мағынада болу ке-рек: екі таңбалы сандарды салыстыру үшін ондықтар разрядынан бастап салыстыру керек. Егер ондықтар разрядындағы сандар бірдей болса, онда бірліктер разрядын салыстыр. Салыстыру нәтижесін “<”, “>” немесе “=” белгілерін қолданып жаз. | Қарындаштар. Берілген тапсырманы жалпы сы-ныппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды және қойылған сұрақтар-ға жауап беруді ұсыныңыз. Оларға өз жауаптарын ламинатталған қағаз бетінде жазып және өзара тексеру кезінде барлық сыныптағы оқушыларға көрсетіп беру керектігін ескертіңіз. Жауабы: Қарлығашта 14, ал Асхатта 17 қарындаш. Асхаттың қарындашы артық. 3-ке артық. Мәшинелер жарысы. Оқушыларға тапсырманы өз бетіңше орындап, нәтижесін ламинатталған қағаз бетінде жазуды ұсыныңыз, ал содан кейін жұппен өзара тексеруді өткізіңіз. Тапсырманың орындалу барысын бақылаңыз. Бағалау кезінде өз бақылауыңыздың нәтижесін пайдаланыңыз. Жауабы: а) 15 > 12; ә) 13<19; б) 9 < 18; в) 20 > 10. Орындап көр. Оқушылармен жұппен ойын ұйымдастырыңыз. Олар тапсырманы орындау барысында тағы да бір рет бір таңбалы сандарды қо су мен оларды салыстыру дағдысын бекітеді. Ойынды ұйымдастыру үшін әрбір оқушы жұбына төрт ойын картасы немесе нүктелері бар төрт ойын текшесі, 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет. Ойынның ережесі: Әройыншыекітекшенілақтырыпжәнетекшелерде түскен нүктелер санының қосындысын табады. Ол алынған қосындыны парақшаның көмегімен сәйкес санды көрсетіп белгілейді. Осыдан кейін текшелерді екінші ойыншы лақтырады. Ойыншылар алынған сандарды өзара салысты-рып, түскен сандардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды. Шыққан нәтижелер салыстыру белгілерінің кө-мегімен көрсетіледі. Ойынды бес рет қайталатуға болады. Оқушылар жұппен қалай ойнайтынан бақылаңыз. Бағалау үшін бақылау нәтижесін қолданыңыз.
Шығарып көр. Оқушыларға әр жолдан ең үлкен немесе ең кіші санды тапсырмаға сәйкес таңдап алуды ұсыныңыз. Жұмысты жалпы түрде орындауды ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушы өзінің болжаған жауабын ламинатталған қағаз бетіне жазып және өзара тексеру кезінде жоғары көтеруі тиіс. Жауабы: 17. 10. 18. 15. | |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Сөйлеу кезінде “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын ұйым-дастырыңыз. Тірек сөздермен әмір беретініңізді айтыңыз. “Артық!” деп әмір бергенде — оқушылар аяқта-рының ұшына тұрып, қолын жоғары көтеруі тиіс. “Кем!” деп әмір бергенде — оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен құшақтайды. “Тең!” дегенде — оқушылар қолдарын жанына қойып түзу тұрады. | Қар қиыршықтарын боя. Оқушылар бір қа-тардағы сандарды салыстырып, олардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды. Оқушылар ең үлкен саны бар қар қиыршықтарын көк түспен, ал ең кішісін сарымен бояйды. Жауабы: а) ең үлкен — 20, ең кіші — 3; ә) ең үлкен — 16, ең кіші — 9; б) ең үлкен — 19, ең кіші — 8. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: екі таңбалы сандарды салыстыруды; бір таңбалы сандарды салыстыруды; екі таңбалы сандарды 11-ден 20-ға дейін тура және кері санауды; сандық сәуледегі санның орнын анықтауды; оның реттік нөмірін атауды, оқуды, жазуды; 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрастырылуын меңгереді. Оқушылардың бұл дағдыны қандай деңгейде меңгергенін білу үшін, мына сұрақтарды қойыңыз: — Екі таңбалы сандарды қалай салыстырады? — Данада — 15, ал Динарада — 14 стикер бар. Қайсысында стикер кем? Неліктен? — 1 ондық және 1 бірлігі бар саннан 1-ге артық санды ата. — 2 ондық және 0 бірлігі бар санан 1-ге кем сан-ды ата. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Ондықпен санау | Мектеп: | ||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | ||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Оқу мақсаты: | 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды; cанның жаңа бірлігі — ондық туралы түсінігі болады, 100-ге дейін ондықтармен санайды, жазады, салыстырады. | |||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | ||||||
Ресурстар: | cанау таяқшалары (бірнеше қорап); кеңсе резеңке баулары; 10-нан 90-ға дейінгі дөңгелек сандар жазылған парақшалар (4 топтама). | |||||
Тірек сөздер | ондық. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға ондықты шығарып алу жолын түсіндіру, ондықтармен санауды үйрету, оларды дөңгелек ондықтардың атауымен таныстыру. | |||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 438 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб |