Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||||
Сабақ компоненттердің өзара тәуелділігі не-гізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байланысын анықтау мақсатына жету үшін қоры-тындылау сабағы болып табылады. Сонымен қатар бұл сабақ “қосудың ауыстырымдылық заңы” түсіні-гін енгізу үшін дайындық кезеңі болып табылады. Сабақ барысында оқушылар ойын формасында қосу және азайтуға өзара кері мысалдардың төрттігін құрастырып үйренеді, қосу және азайту амалдары өзара байланысты екенін және олардың нәтижесінің пайдаланылған компоненттеріне байланысты екенін анықтайды. Мысалы, 8 + 2 =10 өрнегіне кері мысал құрастыруға болады. 10 – 2 = 8. 10 – 8 = 2. Кіріспе тапсырма. Оқушыларды сабаққа ын-таландыру мақсатында ойын әдісін пайдаланыңыз. Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліңіз. Үстел үстінде ойналатын ойын ойнауды ұсыныңыз. Сабақтың басында сандар салынған “Сиқырлы дорбаны” алыңыз. Әрбір топ дорбаның ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшаны алуы керектігін айтыңыз. Қандай амалдарға мысал құрастыруға болатынын сұраңыз: қосуға немесе азайтуға ма? “Қосу және азайту өзара қалай байланысқан?” деген мәселелік сұрақ қойыңыз. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты осы сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз.
Ойын барысы: мұғалімнің белгісі бойынша топ-тағы әрбір оқушы бір мысалды жазып, оны келесі ойын-шыға береді. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты “Қосу мен азайту амалдары өзара қандай байланысқа ие?” деген сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз. Егер парақшада төрт мысал жазылған болса, ойын аяқталған болып есептеледі. Ойынды аяқтаған топ бір-бірінің қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп, мұғалімге хабарлайды. Құрастырылған мысалдар сыныппен талқылау үшін тақтаға ілінеді.
Мысалы, егер оқушы: 7, 2, 9 сандарын алса, ол мынадай мысалдар құрастырады: 7 + 2 = 9; 2 + 7 = 9; 9 – 7 = 2; 9 – 2 = 7.
Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. Топта оқушылардың назарын диалог жүргізуге аудару маңызды: — топтағы әрбір оқушының дауыс құқығы болуы; — әрқайсысының пікірі маңызды; — талқылау барысында дауыс көтеруге және қатты сөйлеуге болмайды; — тіл табыса, келісе білу дағдысы қажет. Диалог жүргізе отырып, оқушыларды орындаған тапсырмаға байланысты мынадай қорытынды жа-сауға жетелеңіз: қосу және азайту амалдары өзара байланысты. Қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыруға болады. Қосу (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) және азайту (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні) компоненттерінің атауын қайталаңдар. | Қосу кестесі бойынша құрастырылған мысал-дарды қарап шық. Бұл тапсырманы орындау үшін
жалпы сыныппен жұмыс жүргізіңіз. Тапсырма алын-ған қорытындыны бекітуге бағытталғанын ескеріңіз. Оқушыларға тағы бір рет қосу кестесін талдаты-ңыз. Қосуға және азайтуға кері мысалдарды кесте бойынша қалай құрастыруды анықтауға жетелеңіз. Бұл тапсырмада модельдеу әрекетін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Амал компоненттерінің сызба-лық бейнесі және оларды бөліктер мен бүтін арқы-лы белгілеу мен азайту амалдарының өзара қалай тәуелді екенін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Бұл білімнің алдағы уақытта теңдеулер мен есептерді шешуге негіз болатынын ескертіңіз. Мысалды шығар: 4 + 3 =? Тапсырма қосуға берілген бір мысалға тағы үш мысал: бір мысал қосу амалына, екі мысал азайту амалына құрастыруға болатынын бекітуге бағытталған. Оқушыларға оқулықта берілген үлгінің негізінде жұппен жұмыс жасау арқылы мысалдар құрастыртыңыз. 8 + 2 = 10 мысалына мынадай екі мысал құрастырады:
10 – 2 = 8. 10 – 8 = 2.
Қырықбуындар. Тапсырма қосу амалына беріл-ген мысалға кері азайту амалымен мысал құрастыра білу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тап-сырманы орындау үшін, қосу кестесіне және қосу мен азайту амалдары арасындағы тәуелділікке сүйену керек.
Жауабы: 4, 4;
2, 7; 10, 6, 4.
Шығарып көр. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай орындайтын қосу мен азайтуға мысалдар келтірілген.
Берілген мысалдарды қосу және азайту амалдары арасындағы тәуелділікке байланысты білімдерін қолданып шығаруы тиіс. Жауабы: 11 – 2 = 9; 11 – 9 = 2. Орындап көр. Өзара кері төрт мысал құрасты-руға және оқушының байқампаздық қабілетін да-мытуға бағытталған тапсырма. Жауабы: бір мысал ғана келтіруге болады, себебі бірдей сандарды қостық. Мысалы: 5 + 5 = 10; 10 – 5 = 5.
| |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 353 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди |