* Толық эмоциональды және физикалық тыныштық
45! 20 жастағы қызға қан құйылғаннан кейін анафилактикалық шок дамыды, соның фонында ЖБЖ (ОПН) симптомдары дамыды. Коагулограмада: тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, этанол тестінің тез оң болуы.
Жедел бүйрек жетіспеушілігін алдын алу мақсатында қандай ем әдісі БАРЫНША дұрыс?
* Гемодиализ
* Гемосорбция
*+Плазмаферез
* Лейкоцитоферез
* Қан жасушасын ультракүлгін сәулелендіру
46! 26 жастағы ер адам III дәрежелі күйікпен түсті. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 120 мин. АҚ – 70/50 мм.сб.б. 2 ші тәуліктен бастап мұрнынан қан кету, гематома, олигурия пайда болды. ЖҚА: Нв–72 г/л, эр–2,5х1012, лейкоцит –15,5х109, тромбоцит- 45х109/л, ЭТЖ-40 мм/сағ. Коагулограмада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л. ЖЗА: белок – 3 г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 к.а.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША ықтимал?
* Гемодиализ
* Гемосорбция
*+Плазмаферез
* Лейкоцитоферез
* Қан жасушасын ультракүлгін сәулелендіру
47! 18 жастағы жасөспірімде жарақаттан кейін іш перденің гематомасы дамыды. Гемостазиограмада: АЧТВ ұзаруы, АКТ, XI факторының деңгейінің төмендеуі.
Геморрагиялық синдромды басу мақсатында аталған препараттардың қайсысы БАРЫНША кең көлемде тағайындалады?
* Фибринолиз ингибиторы – транексамды қышқыл
* Протромбин комплексінің концентраты
*+Нативты жаңа мұздатылған плазма
* Рекомбинантты фактор VIII/IX
* Криопреципитат
48! Ер адам 45 жаста көлік апатынан кейінгі бас ми жарақатымен ауыр жағдайда жеткізілді. Есі жоқ. ЖСЖ -130 рет минутына, АҚ -80/50 мм.с.б. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012, лейкоциттер–15,5х109, тромбоциттер-60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограммада: тромбоцитопения, коагуляциялық тесттерде әртүрлі бағыттағы ығысулар, антитромбин III төмендеуі,пластинді фактор - 4 жоғарылауы.
Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?
*+Жаңа қатырылған плазма
* Жуылған эритроциттер
* Стрептокиназлар
* Тромбоцитарлық масса
* Варфарин
49! СБЖ байланысты ұзақ уақыт гемодиализ алатын 45 жастағы ер адам кезеңді түрде мұрыннан, қызыл иектің қанауын, геморрагиялық бөртпелерді байқады. Қанда: Эр- 6,5х1012/л, Нв-160 г/л, тромбоциттер – 450,0 мың, фибриноген 5,5 г/л, Ұю уақыты - 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты -17 сек, антитромбин III -90 %, паракоагуляциялық тесті +++.
Гемодилюция мақсатында қандай препарат БАРЫНША тағайындаған дұрыс?
*+Реополиглюкин
* Рингер ерітіндісі
* Натрий хлориді
* Реамберин
* Рефортан
50! 45 жастағы әйел суицидальды мақсатпен сілтілі қышқыл ішкеннен кейін өңеш күйігімен жеткізілді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Құсу «кофе тәрізді қою». Теріде аяқ- қолдарда, көкіректе геморрагиялар байқалады. АҚ –80/50 мм.сб.б. Іштің барлық аймағындағы ауру сезімі. Қанда: Эр – 2,7 *1012/л, Hb– 70 г/л, Тр – 46,0 мың, лейк- 20,8*109/л, п/я–12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Коагулограмада: ҚҰУ- 17 мин., Қан ағудық ұзақтығы – 20 мин., АКГ -20 с, ККВ-63 с, протромбин уақыты - 24 с, ПДФ-26 мкг/мл, фибриноген 1,0 г/л, қан ұйю анықталмайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысы ақуыз ыдырауынан өнімдердің токсикалық әсерін азайтады?
* Аминокапрон қышқылы
* +Контрикал
* Дицинон
* Аспирин
* Клексан
51! 45 жастағы әйел суицидальды мақсатпен сілтілі қышқыл ішкеннен кейін өңеш күйігімен жеткізілді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Құсу «кофе тәрізді қою». Теріде аяқ- қолдарда, көкіректе геморрагиялар байқалады. АҚ –80/50 мм.сын.б.б. Іштің барлық аймағындағы ауру сезімі. Қанда: Эр – 2,7 *1012/л, Hb– 70 г/л, Тр – 46,0 мың, лейк- 20,8*109/л, п/я–12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Коагулограмада: ҚҰУ (ВСК)- 17 мин., Қан ағудық ұзақтығы – 20 мин., АКГ -20 с, ККВ-63 с, протромбин уақыты - 24 с, ПДФ-26 мкг/мл, фибриноген 1,0 г/л, қан ұю анықталмайды.
Препараттардың қайсысы ауру ағымын БАРЫНША асқындырады?
* Протеолитикалық ингибитор ферменттері
* Жаңа мұздатылған плазма
* Тромбоциттер концентраты
* Эритроцитарлы масса
* +Гепарин
52! 67 жастағы ер адам трансмуральды инфаркт миокардымен ауруханаға жатқызылды. 4-і күні - инфаркт миокардының ауру сезімі сияқты- эпигастрии аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. 3 күннен кейін жүрек айну, «кофе тəрізді қою» құсу, терідегі геморрагия, инъекция жасаған жерден қан ағу пайда болған. Қанда: Эр – 2,4 *1012/л, Нв – 60 г/л, ЦП – 1,0, Тр – 50,0 мың, лейк – 17,8*109/л, т/я – 12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 3 мм/сағ. Коагулограмма: ВСК- 8 мин., қан ағу ұзақтығы – 20 мин., АПТВ – 87 сек., МНО – 5,5, ПДФ +++, фибринолитикалық белсенділік кенеттен төмендеген.
Төменде аталғандардың ішінде қайсысын бірінші кезекте БАРЫНША тағайындау керек?
* Антиагреганттар
* Антикоагулянттар
* Протеаза ингибиторларды
* Эритроцитарлы масса
* +Жаңа мұздатылған плазма
53! Ер адам 35 жаста, нашақор, өкпенің деструктивті жедел стафилококкты пневмониясымен ем қабылдап жатыр. Р-граммада екі өкпесінде сұйыққа толы қуысты көп ірі ошақтар анықталды. Превральды пункциядан –ірің бөліндісі анықталды. ЖҚА: Эр– 3,0 х1012/л, НВ – 80 г/л, ЦП – 0,9, тр– 67,0 мың, лейк – 23,6х109/л. ЭТЖ – 3 мм/сағ. Коагулограммада: ВСК- 8 мин., қан ағу ұзақтығы – 20 мин., АПТВ – 87 сек., антитромбин III- 60%, ПДФ +++.
Қандай препарат БАРЫНША ТШҚҰ синдромы ағымының асқынуына алып келеді?
* Трасилол 50000-150000 ед
* Тромбоциттердің концентраты
* Эритроцитарлы масса
*+Трентал 0,1 г тамшылап көк тамырға
* Дицинон 2-4 мл
54! Ер адам 35 жаста, нашақор, өкпенің деструктивті жедел стафилококкты пневмониясымен ем қабылдап жатыр. Массивы антибиотикотерапия фонында коагулограммада тромбоцитопения анықталды, антитромбин III төмендеуі, этанол тестің кенеттен оң болуы.
Аталған емдеу әдістерінің кайсысы патогенетикалық түрде дәлелденбеген?
* Жаңа мұздатылған плазманың трансфузиясы
* Тромбоцит концентратының трансфузиясы
* Тұзды ерітінділі инфузия
*+Қан құю
* Плазмаферез
55! 30 жастағы әйел ауыр жағдайда мынандай шағымдармен келіп түсті: сол жақ аяғының ісінуіне және қызаруына, дірілдеуге, қорқыныш сезіміне, дене температурасының 39,5ºС жоғарылауына, жүрек айнуға шағымданды. Айтуы бойынша 4 сағат бұрын жылан шаққан. Объективті: науқас қозулы. Денесінде геморрагиялық бөртпелер. ЖҚА: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Коагулограммада: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанолды және протаминсульфатты тест оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-67%, эфа уымен тестте - гиперкоагуляция.
Төменде аталған препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау қажет?
* Трентал
* +Гепарин
* Дицинон
* Курантил
* Контрикал
56!48 жастағы ер адам клиникаға жол апатынан кейін жеткізілді. Диагнозы: мықын сүйектерінің көп түрлі сынуы. Травматикалық шоқ III сатысы, постгеморрагиялық анемия. 2 –ші тәулікте науқастың жағдай ауырлаған: айқын тыныс жетіспеушілігі, тахикардия. ЖҚА: эритроциттер-3,1 млн., Нb-66 г/л, тромб-155 мың., ЭТЖ-17 мм/сағ. Гемостаз жүйесі бойынша: тромбиндік уақыт -15 сек, АПТВ-58 сек, фибриноген-7,5 г/л, этанолды және протаминсульфатты тест оң, антитромбин III-92%. Науқасқа гепарин құйылды.
Берілген жағдайда қандай препарат БАРЫНША ықтимал?
* Аспирин
* Дицинон
* Стрептокиназа
* Тромбоцитарлы масса
*+Жаңа мұздатылған плазма
57!45 жастағы ер адам жол апатынан кейын бас сүйегі сынуымен жеткізілді. Жағдайы өте ауыр, ес түссіз жағдайда. ЖСЖ -133 р/мин. АҚҚ -80/50 мм.сб.б. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012/л, лейкоциттер–15,5х109, тромбоциттер 60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограмма: коагуляционды тесттің әртүрлі бағыттағы ығысуы, тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, пластинды фактор-4 жоғарылауы. Шокқа қарсы ем тағайындалды.
ТШҚҰ синдромының ауыспалы сатысында науқасқа қандай ем тактикасын БАРЫНША таңдаған дұрыс?
* Антиагреганттарды алып тастау
* Гепаринді енгізуді тоқтату
* Тромбоцитарлы масса енгізу
* Аминокапрон қышқылын қосу
*+Криоплазманы құюды жалғастыру
58! Инфекциялық эндокардитпен зардап шегетін 30 жастағы әйел соңғы 1,5 айдаүдемелі мұрнынан, қызыл иектен қан кетуіне, теріде гемморагиялық дақтар пайда болғанын байқайды. ЖҚА: тромбоциттер – 350,0 мың, фибриноген 3 г/л, қан ұйю уақыты- 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты-17 сек, антитромбин III -90 %, деградациялық фибрин тесті +++, фибринолитикалық активтілік төмендеген.
Төменде аталғандардың қайсысы тағайындауларға қарсы көрсетілген?
* Гепарин
* Трентал
* Контрикал
*+Аминокапрон қышқылы
* Жаңа мұздатылған плазма
59! 30 жастағы ер адам аяғындағы гемморагиялық дақтарға, буындарындағы ұшпалы ауру сезіміне шағымданады. Лабораторлы зерттеуде қан анализінде: этанолды тест ++, ПДФ-0,6 г/л, антитромбин III-75%, Виллебранд факторы 140% (нормада 100%).
Төменде аталған препараттардың қайсысын ем бағдарламасына енгізген БАРЫНША дұрыс?
* Преднизолон
*+Вольтарен
* Колхицин
* Димексид
* Делагил
60! 65 жастағы ер адамда ірі ошақты миокард инфарктының 2 –ші тәулігінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы симптомы дамыды. Объективті: акроцианоз, терісі «мрамор» тәрізді, суық тер. Өкпесінде майда көпіршікті крепитациялық сырылдар. Пульсі әлсіз. Жүрек үні тұйықталған, ЖСЖ -130 р/мин, АҚҚ 70/50 мм.рт.ст. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограммада: ВСК-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбин уақыты-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанолды тест ++, антитромбин III-65%.
Төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте тағайындаған тиімді?
*+Гепарин
* Аспирин
* Курантил
* Клексан
* Варфарин
ЛЕЙКОЗДАР 30
61! Жедел лейкоздың қандай түрінде жүйке жүйесінің закымдануы жиі бақалады?
* Монобластты
* Миелобластты
*+Лимфобластты
* Промиелоцитарлы
* Миеломонобластты
62! 28 жастағы ер адам ЖРВИ-дан кейін әлсіздік, температура жоғарылауына, жүрек соғуына, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозарған, кеудесінде, ішінді, белінде петехиалды жұлдызшалы дақтар. Жүрек тондары анық, тахикардия. Пальпацияда көкбауырдың ауру сезімінсіз, шеті аңықталады.ЖҚА: эр-2,5 млн., Нв-85 г/л, ТК-0,9, лейк-14,2 мың., бласттар -40%, таяқ-5%, сегм-34%, эоз-1%, лимф-20%, тромб-38 мың., ЭТЖ -40 мм/сағ. Барлық цитохимиялық реакциялар теріс.
Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?
* Жедел миелобластты лейкоз
* Жедел лимфобластты лейкоз
* Жедел монобластты лейкоз
* Жедел промиелоцитарлы лейкоз
*+Жедел дифференцирленбеген лейкоз
63! 68 жастағы ер кісі әлсіздікке, терлегіштікке, жүру кезіндегі ентігуге, сүйектердегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: терісі сұр петехиялды-нүктелі бөртпелермен. Аңқасы гиперемирленген, миндалиналар қызарған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, көкбауыры кіндіктен 2 см төмен, тығыз, ауру сезімді. Қанда: эр-2,7 млн., Нв-90 г/л, ТК-1,0, лейк-122 мың., бласттар-19%, промиелоциттер-7%, миелоциттер-17%, метамиелоциттер-10%, таяқшалар-4%, сегмент-22%, эоз-9%, базоф-7%, лимф-5%, тромб-49 мың. ЭТЖ -39 мм/с.
Төменде аталған қандай зерттеу әдісі аса ақпаратты?
* Трепанобиопсия
* Көкбауыр пункциясы
* Стернальды пункция
* Цитохимиялық зерттеу
*+Цитофлуориметриялық зерттеу
64! 52 жастағы ер кісі әлсіздікке, сол жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, терінің қышынуына, мұрынынан қан ағуға, арықтауға шағымданады. Объективті: терісі бозарған, сарғыш реңмен. Мойын, бұғана үсті және бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көкбауыры кіндіктен 4 см төмен. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-76 г/л, ТК-1,0, ретикулоциттер-12%, лейк-82 мың., т/я-2%, с/я-18%, лимф-80%, тромб-47 мың., ЭТЖ-42 мм/с. Билирубин тура емес фракцияға байланысты жоғарылаған.
Төмендегі жалпы қан анализіндегі көрсеткіштердің қайсысы болжама диагнозды дәлелдеуге негіз болады?
* Жолли денешіктері
* Гейнц денешіктері
* Кебот жүзікшелері
*+Боткин-Гумпрехт көлеңкесі
* Березовский-Штернбергер жасушалары
65! Қай ауруға қан анализінің суреті тән: эр - 3,5 мың., Нb - 106 г/л, ТК - 0,9, лейк - 37,9 мың., т/я - 0%, с/я- 8%, лимф - 90%, мон - 2%, тромбоциттер - 207 мың. ЭТЖ - 51 мм/с?
* Жедел лейкоз
* Агранулоцитоз
* Лимфогранулематоз
* Апластикалық анемия
*+Созылмалы лимфолейкоз
66! 26 жастағы ер кісі әлсіздік, қызыл иектін қанауына, мұрынынан қан кетуге шағымданып түсті. Тексеру кезінде: мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аздаған спленомегалия. Қанда: бластты жасушалар -47%, сегментоядролы лейкоциттер-29%, лимфоциттер-18%, моноцит-6%. Гликогенге цитохимиялық реакция - оң.
Мына диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
* Созылмалы лейкоз
*+Жедел лимфобластты лейкоз
* Миелодиспластикалық синдром
* Жедел лимфобластты емес лейкоз
* Жедел дифференцирленбеген лейкоз
67! 36 жастағы ер кісіде гемограммада өзгерістер анықталды: лейкоциттер-78х109/л, промиелоциттер-3%, миелоциттер-8%, метамиелоциттер-12%, т/я-21%, с/я–41%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоциттер–6%, тромбоциттер–784х109/л, Нв–114 г/л. Миелограммада: гипержасушалық, миелокариоциттер мен мегакариоциттер құрамының жоғарылауы, гранулоцитарлы қатардың барлық элементтері анықталады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
* Созылмалы миелолейкоз бластты криз фазасы
*+Созылмалы миелолейкоз созылмалы фазасы
* Эссенциальды тромбоцитопения
* Идиопатикалық миелофиброз
* Шынайы полицитемия
68! Салмағы, артериальды қан қысымы жоғары және спленомегалиясы бар 53 жастағы науқастың қанында мынадай өзгерістер анықталды: эритроциттер-6,9х1012/л, Нв-198 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-11,3х109/л, т/я-7%, с/я-60%, эозинофилдер-4%, лимфоциттер-25%, моноциттер-4%, тромбоциттер-480х109/л, ЭТЖ-1 мм/с.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
*+Эритремия
* Пиквик синдромы
* Гемоглобинопатия
* Миеломды ауру
* Салыстырмалы эритроцитоз
69! Дәрігерге жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясының жиі туындауына байланысты 68 жастағы ер кісі қаралды. Тексеру кезінде лимфоаденопатия, спленомегалия, гепатомегалия, қанда лимфоциттердің абсолютті көлемі - 14 х 109/л, миелограммада лимфоциттер көлемі 35%, коэкспрессия CD5, CD19, CD23, бірақ CD20 – әлсіз экспрессиясы.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?
* Көкбауыр лимфомасы
* Перифериялық лимфа түйіндерінің лимфосаркомасы
* Лимфогранулематоз
* Лимфа түйіндерінің туберкулезі
*+Созылмалы лимфолейкоз
70! 22 жастағы ер кісі жалпы әлсіздікке, қызыл иектерінің қанауына, тамақтағы ауру сезіміне, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қанда гемоглобин - 54 г/л, эритроциттер - 2 х 1012/л, лейкоциттер - 76 х 109/л, тромбоциттер – 50 х 109/л, ЭТЖ - 64 мм/час, бластты жасушалар - 47%, сегментоядролы - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%. Жедел лейкоз диагнозы қойылды.
Төмендегі аталғандардың қайсысы диагнозды БАРЫНША негіздейді?
* Анемия
*+Бластемия
* Лейкоцитоз
* ЭТЖ жоғарылауы
* Тромбоцитопения
71! 30 жастағы ер кісі бір ай көлемінде ауырады. Жалпы әлсіздік, мұрыннан және қызыл иектен қан кету мазалайды. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттардың бозаруы, интоксикация, температура - 38,5 °С. Жалпы қан анализінде гемоглобин - 40 г/л, эритроциттер - 2 х 1012/л, лейкоциттер - 0,8 х 109/л, тромбоциттер - 50 х 109/л, ЭТЖ - 41 мм/сағ, лейкоцитарлы формуланы есептеу мүмкін емес.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болып табылады?
* Қанды стерильділікке тексеру
* Шиллинг тесті
*+Стернальды пункция
* Протеинограмма
* Қансарысуындағы темірді зерттеу
72! 62 жастағы ер кісі дәрігерге тершеңдік, жалпы әлсіздік шағымдарымен қаралды. Тексеру кезінде бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауру сезімсіз, қозғалмалы, қамырлы консистенциялы, әлсіз спленомегалия анықталды. Қанда гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 1,0, ЭТЖ - 48 мм/час, лейкоциттер - 72 х 109/л, тромбоциттер - 110 х 109/л, лейкоцитарлы формулада таяқша ядролы - 1%, сегментядролы - 16%, лимфоциттер - 79%, моноциттер - 4%.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?
*+Созылмалы лимфолейкоз
* Лейкемоидты реакция
* Созылмалы миелолейкоз
* Идиопатиялық миелофиброз
* Жедел лимфобластты лейкоз
73! 34 жастағы әйелде иммунофенотипирлеу кезінде жедел лимфобластты лейкозга күдіктенді, бластты жасушалардың мембранасында келесі антигендер анықталды: CD 19, CD20, CD21, CD79.
Науқаста жедел лимфобластты лейкоздың қандай клиникалық варианты?
*+В-жасушалы
* Т-жасушалы
* NK- жасушалы
* Аралас-жасушалы
* Дифференцирленбеген
74! 34 жастағы әйел үдемелі әлсіздікке, тамағындағы ауру сезіміне, қызыл иектен қан ағуына шағымданады. Тері жабындылары бозғылт көптеген петехиялармен және экхимоздармен. Миндалиналарда некротикалық ошақтар бар. Жақасты лимфа түйіндері және көкбауыры палпацияланады. Қанда: эритроциттер - 2,3 млн., Нв - 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың., бластты жасушалар - 98%, с/я - 2%, тромбоциттер – 35 мың., ЭТЖ - 53 мм/с. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Иммунофенотипирлеу: CD11, СD13, CD14, CD15.
Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Созылмалы миелолейкоз
* Созылмалы лимфолейкоз
* Жедел лимфобластты лейкоз
* Миелодиспластикалық синдром
*+Жедел лимфобластты емес лейкоз
75! 20 жастағы қыз әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектердегі ауру сезіміне, температурасының жоғарылауына шағымданады. Тексеріс кезінде: терісі бозғылт, петехиялар, жақасты, бұғанаасты, мойын, қолтықасты лимфа түйіндері тығыз, ұлғайған, пальпацияланады, аздаған спленомегалия. УДЗ де –абдоминальды және құрсақтан тыс лимфа түйіндерінің ұлғаюы. ЖҚА: Нв -87 г/л, эритроциттер - 3,0х1012/л., лейкоциттер – 25х109/л., бластты жасушалар - 47%, сегментоядролы - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%, тромбоциттер – 110х109/л., ЭТЖ – 45 мм/сағ.
Қай зерттеу әдісі БАРЫНША диагнозды дәлелеуге және болжамын анықтауға көмектеседі?
* Лимфа түйіннің пунктатын зерттеу
* Сүйек миының цитохимиялық зерттеуі
*+Сүйек миы жасушаларының иммунофенотипирлеуі
* Сүйек миын иммуногистохимиялық зерттеу
* Лимфа түйінінің пунктатын иммуногистохимиялық зерттеу
76! Ер адам 40 жаста, арықтау, қызба, лимфа түйіндерінің үлкеюі, түнгі тершеңдік, құрғақ жөтел анықталды. Қарап тексеру кезінде: беттің және мойынның ісінуі анықталды. ЖҚА: Нв-78 г/л, эритроциттер-3,6х1012/л, лейкоциттер-40х109/л, ЭТЖ–60 мм/сағ. Кеуде қуысы ағзаларының КТ жасалынған: кеуде лимфа түйіндерінің және өкпе түбірінің айқын гиперплазиясы, перикардит. Құрсақ қуысының УДЗ: гепатоспленомегалия, ұйқы безі маңы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Құрсақ қуысының КТ: парааортальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия. Мойын лимфа түйінінің биопсиясы: Березов – Штернберг жасушасы
Төменде берілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША дұрыс?
* ВИЧ-инфекция
* Өкпе туберкулезі
* Миеломды ауру
* +Лимфогранулематоз
* Созылмалы лимфолейкоз
77! 40 жасар ер кісіде қалтырау, түңгі тершеңдік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады. Қан анализінде: лейкоцитоз, анемия, СОЭ көтерілуі. Кеуде клеткасының КТ-сы жасалынған: кеуде лимфа түйіндерінің және өкпе түбірінің айқын гиперплазиясы, перикардим. Құрсақ қуысының УДЗ-сы: гепатоспленомегалия, ұйқы безінің лимфа түйінінң ұлғаюы. Құрсақ қуысының КТ-сы: парааортальды лимфа түйінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия. Лимфа түйінінің мойындық биопсиясында: Березов-Штернберг клеткасы.
Қандай ең тиімді химиотерапия курсын осы науқасқа жүргізген дұрыс?
* Гидроксимочевина
* Цитозардың аз дозасы
* Цитозар + рубомицин («7+3»)
* Винкристин + преднизолон + циклофосфан
*+Адриамицин (доксрубицин)+ блеомицин+ винбластин+ дакарбазин
78! 26 жасар ер адам үдемелі әлсіздікке, ентікпе, жүрек қағысына, жиі мұрнынан қан ағуға, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданады. 2 айдан бері ауырып келеді. Ракеталық әскери бөлімде қызметін өтеген. Обьективті: терісі және көзге көрінер кілегей қабаты бозғылт, терілік геморрагия. Қан анализінде: эр-1,8 млн., Нв-56 г/л, ЦП-0,93, лейк-2,1 мың., таяқ-2, сегм-68, эоз-4, лимф-34, мон-2, ЭТЖ - 45 мм/с.
Төменде берілген емдік әдістің қайсысы ең тиімді?
* Преднизолон тағайындау
* Цитостатиктер тағайындау
* Темір препараттарын тағайындау
* Анаболикалық гормондарды тағайындау
*+Аллогенді қызыл сүйек майын трансплантациялау
79! Берілген циотостатикалық препараттардың ішіндегі қайсысы бластты лейкозды клеткаға ең әсері тиімді?
* Цитозар
* Лейкеран
* Метотрексат
* Циклофосфан
*+Альфа-аспарагиназа
80! Әйел адам 58 жаста душқа түскен кезде кушейетин денесінің қышуы мазалайды. Объективті:терінің қызаруы. ЖҚА: эритроциттер-5,8 млн., НВ-178 г/л, Ht -54, лейкоциттер-6,8 мың., тромбоциттер-490 мың., ЭТЖ-2 мм/сағ. Миелограммада: панмиелоз.
Қандай ем БАРЫНША тиімді?
*+Қан ағызу
* Эритроцитоферез
* Монохимиотерапия
* Полихимиотерапия
* Радиоактивты фосформен 32Р емі
81! 20 жастағы бластемиясы бар əйел адам полихимиотерапия емнің нәтижесінде қандағы зәрлік қышылының құрамы 0,7 г/л (қалыптыда 0,3 г/л).
Емнің нәтижелі болуына қандай препаратты қосу қажет?
* Фуросемид
* Ибупрофен
* Преднизолон
*+Аллопуринол
* Глюкоза
82! 65 жастағы ер адам гематологта лимфолейкоз диагнозымен бақылауда тұрады. Соңғы ЖҚА лейкоцитоздың нәтижесінде бластты клеткалар пайда болды.
Қандай ем тактикасы БАРЫНША дұрыс?
* Спленэктомия
* Сәулелік терапия
* Лимфоцитаферез
*+Полихимиотерапия
* Монохимиотерапия
83! 42 жастағы ер адам түскен кездегі шағымы жалпы әлсіздік, сол жақ қабырғадағы ауру сезімі, дене қызуының көтерілуі - 37,6°С. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр. Иммунофенотипирленгенде Рh-хромосома анықталды. Емдік жоспар басталды, осыған байланысты дененің төменгі бөліктерінің ісінуі пайда болды.