Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы
* трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
* митральді қақпақшаның жетімсіздігі
* өкпе артериясы саңылауының тарылуы
*+аорта саңылауның тарылуы
! Жүректің ревматиздік ақауымен ауыратын 35 жастағы әйел, ентігу, жүрек соғуы, аяғының існуіне шағымданады. Қарағанда өкпесінде іркіліс өзгерістері, гепатомегалия және ісінулер.
Науқаста жүректің сол жақ қарыншаның қызметін бағалауға жүргізу көрсетілген:
* велоэргометрияны
*+эхокардиографияны
* электрокардиографияны
* коронароангиографияны
* ЭКГ холтерлік мониторлау
! 30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған.
Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барыншатиімді?
*+диуретиктерді
* кортикостероидтарды
* β-адреноблокаторларды
* кальций антагонистерін
* антиаритмиялық препараттарды
! Қарыншалардың дилатациясы, жыбыр аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілмелі сырылы бар іркілісті жүрек жетіспеушілігімен асқынған жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын науқастың емдеу жоспарына, қандай дәріні қосқан барынша тиімді?
* диуретиктерді
* кортикостероидтарды
* β-адреноблокаторларды
* кальций антагонистерін
*+жүрек гликозидтерін
! Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 38 жастағы әйел, тыныштықтағы айқын ентігу, тұншығу ұстамасы, әлсіздікке шағымданады.
Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз.
Өкпесінде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы естіледі. Митральді саңылаудың алаңы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия.
Науқасқа қандай ем БАРЫНША мүмкін көрсетілген?
* инотропты қолдау
* дезагрегантты заттар
* антиаритмиялық терапия
* антикоагулянтты дәрілер
*+ақаудың хирургиялық коррекциясы
! Шамалы митральді тарылуға митральді қақпақшаның қандай саңылауы БАРЫНША тән?
* 5,0-6,0 см2
* 4,0-5,0 см2
* 2,0-4,0 см2
*+1,0-2,0 см2
* менее 1,0 см2
! де Мюссе, Квинке, Ландольфи, Мюллер, «каротид биі» симптомдары жүректің қандай ақауына БАРЫНША тән?
* қолқа саңылауының тарылуы
* митральді стеноз
*+қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
* митральді қақпақшаның жетіспеушілігі
* үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
! 35 жастағы ер адам аз ғана физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. I тонның бәсеңдеуі және сол аксиллярлы аймаққа берілетін жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ырғағы дұрыс. ЭКГ: сол жүрекше және сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Рентгенологиялық: жүрек белінің тегістелуі.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?
* аорта саңылауының стенозы
* аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
*+митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
* өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі
* сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы
! Жұқпалы эндокардитті өткерген жас әйел аз ғана физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге шағымданады. Қарағанда: ұйқы артериясының айқын пульсациясы; Боткина нүктесіне берілетін және денені алға қарай еңкейткенде айқын естілетін сол жақ төстің II қабырғааралығында азаймалы диастолалық шу; екі еселенген Траубе үні, екі еселенген Дюрозье шуы.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?
* аорта саңылауының стенозы
*+аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
* митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
* үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
* сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы
! Жиі баспамен ауыратын 25 жасар жас жігіт түнде мазалайтын тұншығу ұстамаларына, мезгілді болатын қан түкіруге шағымданады. Объективті: жүрек шекаралары сол жақ жүрекше әсерінен кеңейген; өкпе артериясы тұсында II үннің жарықшақтануы; жүрек ұшында пресистолалық күшеюімен диастолалық шу естіледі. ЭКГ: оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүректің митральды конфигурациясы.
Диагнозды анықтау үшін төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?
* ЭФЗ (ЭФИ)
* ӨАЭС (ЧПЭС)
*+эхокардиография
* вентрикулография
* жүрек қуысын катетеризациялау
! 43 жастағы әйел бас айналуға, дене қалпын тез ауыстырғанда пайда болатын талмаларға, төс артындағы қысқан тәрізді ауру сезімге шағымданады. Аускультацияда: II үннің әлсіреуі және екі еселенуі, ұйқы артериясына берілетін және қарқыны айқын оң жақ II қабырғааралығында қатаң қардың сықырына ұқсас систолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды қақпақша жармаларының қалыңдауы, сол жақ қарыншаның концентриялық гипертрофиясы. Допплерлік режимде сол жақ қарынша және аорта арасында қысым градиенті анықталады.
Аорта саңылауының айқын стенозын және қысым градиентін тікелей анықтау үшін төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛ?
* сцинтиграфия
* коронарография
* ангиопульмонография
*+жүрек қуысын катетеризациялау
* позитронды-эмиссионды томография
! Митральды стенозы бар 36 жастағы ер адамда оң жақ қабырға астында ауыру сезімі, аяғында ісік; мойын веналарының ісінуі және пульсациясы; дем алудың қарқынды биігінде күшейетін төстің сол жақ жиегінде систолалық шу (Риверо-Карвалло симптомы);іш көлемінің ұлғаюы, гепатомегалия пайда болды.
Осы жүрек ақауына қандай патология БАРЫНША мүмкін қосылды?
* аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
* митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
* өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі
*+үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
* оң атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы
! 39 жасар әйел физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, түнгі уақытта пайда болатын тұншығу ұстамаларына,кейде басында және мойын аймағында қатты пульсацияны сезінуіне шағымданады. Тексергенде тері жабындыларының бозғылттығы және акроцианоз анықталды; Боткина-Эрба нүктесінде және төстің оң жағында үрлемелі диастолалық шу; сан артериясында екі еселенген Траубе үні және екі еселенген Дюрозье шуы, АҚ-150/50 мм сб.б. ЭхоКГ: аортальды қақпақша жармаларының тығыздануы, қанның аортадан сол қарыншаға кері қайтуы, сол қарыншаның айқын кеңеюі.
Төменде аталған емдеу әдістердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* лабиринт отасы
* катетерлі аблация
* өкпе венасын оқшаулау
* митралды қақпақшаны протездеу
*+аортальды қақпақшаны протездеу
! 13 жаста жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген 24 жастағы жас жігіт ентігуге, түнде болатын тұншығу ұстамаларына, қан түкіруге шағымданады. Объективті:
Митральды қақпақшаның ашылу сыбдыры, жүрек ұшында систолалық және протодиастолалық шу. ЭКГ: сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы. Сол қарыншаның айқын емес гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүректің митральды конфигурациясы.
Төменде аталған ота түрлерінің қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛЫРАҚ?
* баллонды вальвулопластика
* ашық митральды комиссуротомия
* жабық митральды комиссуротомия
* митральды қақпақша биопротезін имплантациялау
*+митральды қақпақшаны механикалық протезбен протездеу
! Біріккен митральды ақауы бар 67 жастағы әйел тыныштық жағдайдағы айқын ентігу, қан түкіру шағымдарымен жатқызылды. Қарағанда: астения, еріннің айқын цианозы; жүрек ұшында систолалық және мезодиастолалық шу; ЖСЖ орташа – 108 рет мин. жыпылықтаушы аритмия. ЭХОКГ: сол атриовентрикулярлы саңылаудың аумағы -1,0 см2. Митральды қақпақша жетіспеушіліг.
Берілген науқасқа төменде аталған ота түрлерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* баллонды вальвулопластика
* ашық митральды комиссуротомия
* жабық митральды комиссуротомия
*+митральды қақпақша биопротезін имплантациялау
* митральды қақпақшаны механикалық протезбен протездеу
! 27 жасар ер адам аз ғана физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. Жасөспірім жасында жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бойынша емделген. Объективті: ТҚС (ЧДД) - 22 рет мин, өкпенің төменгі бөлімінде айқын емес ылғалды сырылдар. Жүрек ұшында I тон әлсіреген; систолалық шу I тонмен бірігіп кеткен, қолтық астына беріледі. ЖСЖ-110 рет мин, жыпылықтаушы аритмия; АҚ 110/70 мм сб.б; сирақ және аяқ ұшының ісінулері.
Төменде аталған препараттардың қайсысын ем жоспарына енгізу ЫҚТИМАЛ?
* изокет
*+дигоксин
* каптоприл
* нифедипин
* триметазидин
! 39 жасар әйел адам бас айналуға, физикалық жүктемеден соң пайда болатын талмаларға, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: тері жабындыларының бозғылттығы, акроцианоз. Жүрек тондары бәсеңдеген, төстің оң жақ жиегінің екінші қабырғааралығында мойын қантамырларына берілетін дөрекі систолалық шу естіледі. ЭхоКГ: миокардтың сол қарыншасының айқын гипертрофиясы, аорта түбірі және аортальды қақпақша жармаларының кальцинозы, аортальды саңылаудың аумағы 0,75 см², аортаның стеноздан кейін кеңеюі.
Төменде аталған ем әдістердің қайсысын тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?
* митральды қақпақшаны протездеу
*+аортальды қақпақшаны протездеу
* аортокоронарлы шунттау
* митральды комиссуротомия
* ЭКС имплантациясы
! 17 жасар жас жігіт физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек қағуға, бұлшықетінің әлсіздігіне, аяғында ауырлық сезіміне шағымданады. Баспадан кейін 6 айдан соң ауырып қалды. Қарағанда: 1 тонның әлсіреуі және сол қолтық астына берілетін жүрек ұшында систолалық шу,ЖСЖ-94 рет мин. Қанда: лейкоциттер-11,8 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ. СРБ – оң.
Төменде аталған препараттар қай тобын ем жоспарына енгізу ЫҚТИМАЛ?
*+антибиотиктер
*жүрек гликозидтері
* глюкокортикостероидтар
* метаболикалық препараттар
* антиаритмиялық препараттар
! 25 жасар әйел адам ентігуге, айқын жалпы әлсіздікке және оқта-текте пайда болатын буындағы ауру сезіміне шағымданады. Балалық шақта жиі баспамен ауырған. Қарағанда: астениялы,тері жабындылары бозғылт. Аускультацияда: жүрек ұшында шапалақтаушы I тон, митральды қақпақшаның ашылу сыбдыры және диастолалық шу. ЖСЖ-100 рет мин, АҚ-100/70 мм сб.б. ЭХОКГ: сол атриовентрикулярлы саңылаудың аумағы 1,6 см², сол қарынша және сол жүрекше арасында қысымның диастолалық градиентінің жоғарылауы, сол жүреше қуысының айқын кеңеюі.
Төменде аталған ем әдістердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* коронарография
* комиссуротомия
* сол жүрекше құлақшасын тігу
* аортальды қақпақшаны протездеу
*+митральды қақпақшаны протездеу
! Қант диабетімен, диабеттік нефропатиямен ауыратын әйелге антигипертензивті терапия жүргізілуде.
Осы науқаста АҚ қай деңгейге дейін төмендету БАРЫНША тиімді?
* < 120/80 мм сб.б.
*+< 130/80 мм сб.б.
* < 140/85 мм сб.б.
* < 140/90 мм сб.б.
* < 150/95 мм сб.б.
! Антигипертензивті препараттардың қандай комбинациясы барынша тұрақты және эффективті болады:
*+диуретик, ааф ингибиторларын
* β-бөгемелерді, ААФ ингибиторларын
* кальцийантагонистерін, диуретик
* β-бөгемелерді, кальцийантагонистерін
* кальций антагонистерін, альфа-адрено бөгемелерді
! 53 жастағы әйелге артериальді гипертензия II дәрежесі, қауіп III диагнозы қойылды және екі антигипертензивті дәрілермен қосарланған терапия тағайындалды.
АҚ мақсаттық деңгейге жетуде БАРЫНША ескере отырып қысымның төмен шекарасын көрсетіңіз?
* 100/60 мм сб.б.
* 105/65 мм сб.б.
*+110/70 мм сб.б.
* 120/80 мм сб.б.
* 125/85 мм сб.б.
! Абдоминальді семіру және артериальді гипертензиямен ауыратын 69 жастағы ер адамды коронароангиографиялық зерттеу кезінде сол коронарлы артерия тармағының алдыңғы қарынша аралықтың 70% тарылуы және стенттілеу жүргізілді. Қанда: креатинин – 105 мкмоль/л, ЛПТТ холестерин – 4,6 ммоль/л.
Осы науқаста ең жоғары жүрек қан тамырлық қауіпті анықтайтын клиникалық ассоциирленген жағдайды көрсетіңіз:
* гиперхолестеринемия
* абдоминальді семіру
*+коронарлы реваскуляризация
* сол қарынша гипертрофиясы
* сарысу креатининнің жоғарлауы
! Соңғы 2 жылда артериалды қысмы жоғарылап жүрген 57 жастағы ер адам
клиникада зертелуде.
Науқаста жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясын нақтылайтын БАРЫНША ақпаратты және қол жететін әдіс:
* сцинтиграфия
* рентгенография
* велоэргометрия
*+эхокардиография
* вентрикулография
! Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары қалыпты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталынған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКГ-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты рентгенографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?
* созылмалы пиелонефрит
* созылмалы интерстициалды нефрит
* бүйрек туберкулезі
* біріншілік альдостеронизм
*+бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы
! 82 жастағы ер адам қарқынды бас ауыруына, жүрек айнуға, көз алдындағы шыбын-шіркейдің және көздің бұлдырауына шағымданады. Көп жылдар бойы АҚ көтеріледі, бірақ антигипертензивті дәрілерді тек АҚ көтерілгенде қабылдайды. Қарап тексергенде: бойы – 174 см, салмағы – 116 кг. Бет терісі және көзінің склералары гиперемирленген, жүректің сол жақ шекарасы кеңейген, аорта үстінде екінші үн акценті. АҚ–200/90 мм сб.б. Науқасқа салмағын төмендету және ас тұзын азайту ұсынылды, индап, престариум, физиотенз тағайындалды.
Қарт жастағы науқасқа арналған систолалық АҚ мақсаттық деңгейін көрсетіңіз:
* <110 мм сб.б.
* <120 мм сб.б.
* <130 мм сб.б.
*+<140 мм сб.б.
* <150 мм сб.б.
! Артериальді гипертензиямен ауыратын 85 жастағы әйел АҚҚ өлшегенде «шексіз Коротков үні».
Науқаста пульстік қысымның жоғарлауына көрсетілген себептердің қайсысы БАРЫНША мүмкін алып келді?
* тамырлардағы қанның турбулентты ағысы
* төмен жүрек лақтырысы
* тамырлардың жоғары тонусы
* тамырлардың облитерациясы
*+иық артериясының ригидтілігі мен қалыңдауы
! 25 жастағы жас адам соқылдаған бас ауыруға, құлақтағы шуға, мұрынныа қан кетуге, АҚ көтерілуіне шағымданалды. Қарағанда: мойын тамырларының, қабырға аралық коллатералдардың интенсивті соғуы, құрсақ аортасында азаюы, төстен сол II қабырға аралықта интенсивті систолалық шу естіледі. Қолдарында АҚ – 230/11 мм. сб. б., аяқтарында – 150/90 мм сб. б.; қабырғалардың узурациясы.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* спецификалық емес аорто-артериит
* біріншілік гиперальдостеронизм
* иценко-кушингауруы
*+аортакоарктациясы
* феохромоцитома
! Қасақана шылымшы 46 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II үн акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, тобық ісінуі. ЭхоКГда миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды.
Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?
* диуретиктерді
* β-бөгемелерді
*+ААФ ингибиторларын
* кальций антагонистерін
* альфа-адренобөгемелерді
! Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхты демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?
* «ақ халат» гипертензиясы
* эссенциалды артериялық гипертензия
* натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы
* дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия
*+атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
! 70 жастағы ер адам 2-3 сағатқа созылатын, тағам қабылдағаннан кейін 20-30 минут соң пайда болатын іштегі сыздап ауратын сезімге; кекіруге; тәбетінің төмендеуіне; арықтауға шағымданады. Пальпаторлы кіндік аймағында тығыз ісік тәріздес, пульсациялайтын, ауырсынуы аздаған түзілім анықталынады. Аускультативті сол жерде систоликалық шуыл естіледі.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін:
* асқазан ісігі
*+аортаның құрсақ бөлігінің аневризмасы
* өршу сатысындағы созылмалы гастрит
* өршу сатысындағы созылмалы панкреатит
* өршу сатысындағы асқазанның ойық жара ауруы
! 58 - жастағы әйел артериальды гипертензия, қантты диабет, семіздікпен ауырады.
Емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді?
* тенорик
*+физиотенз
* верапамил
* гипотиазид
* фуросемид
! 37 - жастағы әйел, басының ауыруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, әлсіздік, кейде тырысулар, шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. Бір жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларда қиғаш өрлеп жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015.
Төмендегі қандай препараттар тобын тағайындау барынша тиімді?
* ААФ ингибиторлары
* b-адреноблокаторлары
*+алдостерон антагонистерін
* I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері
* ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері
! 34 -жастағы ер адам, қорқыныш сезімі, діріл, зәр шығаруға қажеттілік сезімі, дене қызуының 38º С дейін көтерілуі мен қосарласатын АҚҚ-ның кенеттен 270/130 - 240/110 мм с.б.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызарған, жүрек үндері күшейген, тахикардия. ЖЖЖ -120 рет мин. АҚҚ - 240/120 мм с.б.б. Жалпы қан анализі: лейкоциттер - 8,6 мың, эозинофил - 8%, глюкоза - 7,2 ммоль/л. Адреналиннің зәрмен тәуліктік экскрециясы - 48 н/моль, норадреналин - 160 н/моль.
Төмендегі дәрілердің қайсысын бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?
* изокетті к/т
* обзиданды к/т
* дреридолды к/т
*+фентоламинді к/т
* эналаприлатты к/т
! 72 жастағы әйел 30 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Зәр анализінде үнемі протеинурия анықталады.
Гипертониялық нефросклерозды нақтылауға ақпаратты биохимиялық көрсеткіш БАРЫНША мүмкін болады:
* мочевина
*+креатинин
* электролиттер
* жалпы белок
* зәр қышқылы
! 59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 230/120 мм.сб.бб.
Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?
* но-шпаны
* дофаминді
* папаверинді
* преднизолонды
*+нитропруссидті
! Артериальді гипертензиямен ауыратын 60 жастағы ер адам созылмалы обструктивті өкпе ауруының өршуімен түсті. Анамнезінде пароксизмальді жүрекшелердің жыпылықтауы. Қарағанда: өкпесінде көптеген ысқырықты сырылдар. АҚҚ-180/100 мм сб.б. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Лақтырыс фракциясы-50%.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* β-блокаторларды
* жүрек гликозидтерін
* калий каналдарын белсендірушілерді
*+кальций антогонистері, бензотиазипиндер туындысы
* кальций антогонистері, дегидроперидиндер туындысы
! Артериальді гипертензиямен ауыратын 53 жастағы әйелде, гипертониялық криз фонында кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімі, тұншығу, көпіршікті қақырыққа шағымданады. Об-ті: тыныштықта ентігу, өкпесінде әркалиберлі ылғалды сырылдар, үндерінің бәсеңдеуі, тахикардия, АҚ 220/100 мм сб.б. ЭКГда: STV3-V55 мм көтерілуі.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* изокет
* лазикс
* морфин
* эналаприл
*+натрий нитропруссиді
! 32 жастағы әйел бас ауыру, жүрек айнуға шағымданады. Анамнезден: жиі бас ауыруынан аналгетиктерді, диклофенак қабылдаған, мұрын бітелуінен нафтизин қолданған. Босанудан кейін 3 жыл бойы оральді контрацептивтер қолданған. Соңғы уақытта верошпирон қабылдаған. Қарағанда: АҚ 160/90 мм сб.б.