Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 7 страница




* дроперидол

* дигоксин

* морфин

*+допамин

* изадрин

 

! 65 жастағы әйел кеуде артындағы ауыру сезіміне, жиі жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевттің тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таблеткасын күнделікті қабылдайды. Қарағнада: тері жабындылары бозарған, суық тер, өкпесінде ылғалды сырылдар және ырғақ бұзылысы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. АҚҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГ: жүрекшелердің жыпылықтауы ЖСЖ 160 рет мин. QT интервалы 0,40 мс. STV1-V4 4 мм элевациясы. Амиодаронды тағайындаудан ұстануда.

Көрсетілген қағидалардың қайсысы амиодаронды қолданудан бас тартуда БАРЫНША мүмкін болған себеп?

* ЖСЖ болуы

* кардиогенді шок

*+QT интервалының ұзаруы

* дигиталисті улану

* синусты түйіннің әлсіз синдромы

! Неревматикалық емес миокардиттің салыстырмалы диагноз және жедел ревматикалық қызба кезіндегі кардит үшін БАРЫНША ақпаратты болып табалады:

* лейкоциттердің, ЭТЖ ұзақ және тұрақты көтерілуі

*+антистрептококкты антиденелердің жоғары титрі

* трансаминаздардың белсенділігінің жоғарлауы

* жедел фазалық белоктың жоғарлауы

* тропониндер деңгейінің жоғарлауы

 

! 28 жастағы әйел ЖРВИдан 2 аптадан кейін ауыр халде жедел жүрек жетіспеушілігі клиникасымен жатқызылды. Аурудың диагностикасында БАРЫНША дәлелді әдісті көрсетіңіз:

* ЭКГ
* ЭХОКГ
* рентгенография
*+ миокард биопсиясы
* таллиймен миокард сцинтиграфиясы

 

! 24 жастағы ер адам ауруханадан тыс пневмониямен ем қабылдап жатып, шамалы жүктемеде ентігу, жүрек соғу, әлсіздікті байқады. Объективті: оң өкпенің төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары 1 см солға ығысқан. Жүрек түрткісі әлсіреген. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ 100 рет минутына. ЭКГ төмен вольтті тісшелер, АВ бөгеменің 1 дәрежесі анықталды. Эхокардиография: ЛФ - 49%, СҚ СДӨ - 6,0.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* гепарин

* кардикет

* кордарон

*+нимесулид

* преднизолон

 

! 23 жастағы әйел жүрек тұсындағы ине сұққандай ауыру сезіміне, ентігуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын аденовирусты инфекцияны өткерді. Қанда: лейкоциттер – 15,2 мың., ЭТЖ – 48 мм/сағ, СРБ-14 мг/мл, АСТ – 112 МЕ/л. ЭКГ – АВ-бөгеменің I дәрежесі.

Патогенетикалық терапияда мынаны қолданған БАРЫНША тиімді:

* аевит

* абактал

*+нимесил

* милдронат

* феназепам

 

! 31 жастағы әйелді респираторлы вирусты инфекциядан кейін қызба, ине сұққандай жүрек тұсындағы ауыру сезімі, әлсіздік мазалайды. Қанда: ЭТЖ – 32 мм/сағ. ЭКГ – атриовентрикулярлы блокада I дәрежесі. ЭХОКГ – лақтырыс фракциясы– 48%, перикардта сұйықтық – 100 мл.

Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* метаболиктерді
* антибиотиктерді

* антикоагулянттарды
* жүрек гликозидтерін
*+глюкокортикостероидтарды

 

! Көрсетілген вирустардың қайсысы БАРЫНША миокардиттің қоздырғышы болып табылады?

* аденовирус

* тұмау вирусы

* қызамық вирусы

* цитомегаловирус

*+Коксаки В типті энтеровирус

 

! 34 жастағы ер адам ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін сыздаған, кезеңді түрде қысып ауыратын жүрек тұсындағы ауыру сезіміне, жүрек қағуға, шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігуге, шаршағыштыққа және оң қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: ТАЖ 19/мин, қатаң тыныс, жүрек үндерінің әлсіздігі анықталды. ЖСЖ - 107 рет/мин. АҚҚ - 140/95 мм сб.б. ЭКГ: синусты ырғақ, ЖСЖ – 95 рет мин. Атриовентрикулярлы бөгеме I дәрежесі.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы мына дертте БАРЫНША ақпаратты?

* кеуде ағзаларының рентгенографиясы

* Холтер бойынша тәуліктік мониторлау

* құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

* АҚҚ тәуліктік мониторлау

*+ЭхоКГ

 

! 22 жастағы студентте ЖРВИ өткергеннен кейін ентігу, жүрек қағу, әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Қарағанда: жүрек ұшында I үннің әлсіреуі, тахикардия анықталды. ЭКГ: синустық ырғақ, ЖСЖ – 105 рет мин. Төмен вольтті ЭКГ.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы мына дертте БАРЫНША ақпаратты?

* жүрекшенің өңеш арқылы электростимуляциясы

* кеуде ағзаларының рентгенографиясы

* Холтер бойынша тәуліктік мониторлау

* құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

*+ЭхоКГ

 

! 35 жастағы ер адам ауыр ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін жүрек тұсындағы сыздаған ауыру сезіміне, тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Аускультацияда: үндері үнсіз, протодиастолалық галоп ырғағы. Қанда: шамалы лейкоцитоз, тропонин I - 1,926 нг/мл. ЭКГ: АВ бөгеме II дәрежесі Мобиц II.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

* ЭхоКГ

* сцинтиграфия

* коронароангиография

*+эндомиокардиальді биопсия

* Холтер бойынша тәуліктік мониторлау

 

! 38 жастағы ер адамды суықтанудан 4 апта өткеннен кейін ентігу, жүрек тұсындағы сыздаған ауыру сезімі, жүрек қағу, ісінулер мазалайды. Қарағанда: жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Қанда: лейкоциттер – 10,8 х 109/л. ЭКГ: төмен вольтаж. АВ бөгеме I дәрежесі. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі – 6,8; лақтырыс фракциясы – 45%. Сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы-1,6. Қақпақшалары интакты. Перикардтағы сұйықтық мөлшері – 20 мл.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* перикардит

* инфекциялық эндокардит

* ревматикалық жүрек ақауы

*+ревматикалық емес миокардит

* дилатациялық кардиомиопатия

 

! 29 жастағы әйелді ЖРВИ өткергеннен 2 айдан кейін тұрақты жүрек тұсындағы ауыру сезімі, шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігу, ісінулер мазалайды. Қарағанда: жағдайы ауыр. ТАЖ 23 рет мин. Өкпесінде тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерінде ылғалды дыбыссыз сырылдар естіледі. Жүрек үндері үнсіз. Бауыры қабырға асты доғасынан 2-2,5 см шығыңқы. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың. Тропонин I - 2,023 нг/мл. ЭКГ: АВ бөгеме II дәрежесі Мобитц II. Рентгенограммада: жүрек көлеңкесінің көлденең өлшемі 14,0 см ұлғайған. ЭхоКГ: ЛФ 45 %. Барлық алдыңғы қабырғасының гипокинезі.

Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+глюкокортикостероидтарды

* антиоксиданттарды

* В-блокаторларды

* антибиотиктерді

* метаболиктерді

 

! 28 жастағы жас әйелді ЖРВИ өткергеннен кейін 3 аптадан кейін ентігу, жүрек тұсындағы ауыру сезімі, минимальді жүктемеден кейін тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: АВ блокада 1 дәрежесі. ЭхоКГ: СҚ ЛФ - 48%.

Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* метаболиктерді

* антибиотиктерді

* ААФ ингибиторларды

* жүрек гликозидтерін

*+стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

 

! 32 жастағы ер адам жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, жүрек қағуға, жүректің тоқтап қалу сезіміне, шамалы физикалық жүктемеде кейін ентігуге, аяқтарының ісінуіне шағымданып кардиологиялық бөлімшеге түсті. Бір ай бұрын пневмониямен ауырған, амбулаторлық ем қабылдаған. ЭКГ: синустық ырғақ, жиі экстрасистолалар. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы - 49 %. Алдыңғы-перделік қабырғасының гипокинезі.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+бисопрололды

* милдронатты

* коринфарды

* бритомарды

* дигоксинді

 

! 36 жастағы ер адам жүк тасығыш ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін физикалық жүктеме кезінде тез шашағыштыққа және ентігуге шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері тұйықталған, экстрасистолалар. ЭКГ: бірлі жарым қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: лақытырыс фракциясы - 46 %.

Көрсетілген дәрілілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+мовалисті

* дигоксинді

* кораксанды

* рипронатты

* фозиноприлді

 

! 46 жастағы әйел шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бір ай бұрын ауыр тұмайды өткерген. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы ҚЖЖ 136-115 рет мин. ЭхоКГ: лақтырыс фракциясы - 36 %.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* конкорды

* теветенді

*+дигоксинді

* предукталды

* престариумды

 

! Субтотальді перикардэктомияға БАРЫНША мүмкін көрсеткіштер:

*+констриктивті перикардит

* экссудативті перикардит

* фибринозды перикардит

* іріңді перикардит

* жүрек тампонадасы

 

! Рентгенологиялық зерттеу кезінде жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация анықталса, қандай ауру барынша мүмкін?

* плевритт

* пневмония

*+перикардит

* аорта аневризмасының сылынуы

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

! Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел мазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80 рет, АҚҚ 130/65 мм с.б. ЭКГ: қарыншалық кешендер вольтажы төмендегенжәне ST сегментінің V 1-5 шықпаларында жоғарлауы, кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚҚ 60/40 мм с.б.

Қандай емдеу тәсілін тағайындаған БАРЫНША тиімді?

*+перикард пункциясы

* антикоагулянттар қолдану

* глюкокортикоидтар қолдану

* симпатомиметиктер қолдану

* электроимпульсті терапия қолдану

 

! Перикард жапырақшалары арасында айқын дәнекертінді бірігудің болуы қандай перикардит пайда болуына алып келуі ықтимал?

* құрғақ

*+адгезивті

* экссудативті

* констриктивті

* әктенумен журетін қыспалы перикардит

 

! 22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* миокардит

* эндокардит

* стенокардия

*+құрғақ перикардит

* адгезивті перикардит

 

! 35 жастағы әйел адам дене қалпына,тыныс алумен және жөтелмен байланысты, кеуде артындағы және сол жақта болатын қарқынды ауру сезіміне; қалтырауға, әлсіздікке шағымданады.Тексергенде алға қарай еңкейгенде күшейетін жүрек маңындағы тұрақты емес шу анықталды. Қанда: лейк – 9,6 мың., ЭТЖ – 26 мм/сағ, СРБ – 9,8 мг/мл. ЭКГ: RS-T сегментінің V1-V6 конкордантты жоғарылауы. Эхокг: перикард жапырақшаларының сепарациясы.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* миокардит

* эндокардит

* стенокардия

*+перикардит

* тромбоэндокардит

 

! 45 жастағы ер адам 37,9 гр. қызбаға, қалтырауға, жүрек маңындағы ауырлық сезіміне, жөтелге, даусының қарлығуына және басының, бұлшықеттерінің ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда алдыңғы кеуде торының ісінуі анықталады. Жүрек ұшы пальпацияланбайды. Жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек тондары бәсең. Рентгенологиялық: жүрек талиясы «тегістелген».Эхокардиограммада сол қарыншаның артқы қабырғасында 1,5 см эхонегативті кеңістік анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* құрғақ перикардит

* митральды ақау

* адгезивті перикардит

*+экссудативті перикардит

* констриктивті перикардит

 

! 24 жасар жас азамат аз ғана физикалық жүктемеден кейін болатын ентігуге, бас айналуға, әлсіздікке шағымданады. Оқта-текте артериалдық қысымның түсуі, жіп тәрізді пульстің жиі болуы және мұздай тер болуымен жүретін әлсіздік ұстамалары пайда болады. Қарағанда: маңдайы және иығымен жастыққа қарай сүйеніп, тізерлеп мәжбүрлі тұруы анықталады. Бозғылт, диффузды сұр цианоз, мойын веналарының ісінуі. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тұрақты тахикардия, парадоксальды пульс. Рентгенологиялық: жүрек көлеңкесі ұлғайған, контурлары тегістелген.

Төменде аталған әдістердің қайсысын тағайындау диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты?

* тредмил-тест

* сцинтиграфия

*+эхокардиография

* позитронды-эмиссионды томография

* жүрекшені өңеш арқылы электростимуляциясы

 

! Өкпе туберкулезінің ашық формасын өткерген науқасты ентігу, жүрек қағу, аз ғана физикалық жүктемеден соң пайда болатын әлсіздік, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, ісіну мазалайды. Горизонтальды қалыпта ентігу жоқ. Қарағанда: «Стокс жағасы» (беті ісіңкі, айқын цианозы бар мойынның қалыңдауы, мойын веналарының ісінуі); гепатоспленомегалия, асцит. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондарының бәсеңдеуі. ЭКГ: төмен вольтаж. Рентгенограммада: перикардтың әктенуі.

Төменде аталған әдістердің қайсысын тағайындау диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты?

* пульмонография

*+эхокардиография

* компьютерлі томография

* құрсақ қуысы мүшелерінің УЗИ

* позитронной эмиссионной томографии

 

! Жүйелі қызыл жегі бар 35 жастағы әйелді ентігу, жүрек қағу, әлсіздік, оң жақ қабырға астының ауырлық сезімі, іштің ұлғаюы мазалайды. Тексергенде Бек триадасы анықталады: асцит, «кіші тыныш жүрек» және жоғары венозды қысым. Ортопное белгілері жоқ: горизонтальды жағдайда ентігу ұлғаймайды. Айқын салмағының жоғалуы, цианоз, мойын веналарының ісінуі анықталады. Терең дем алғанда төстің төмен бөлігінің және қабырға аралығының ішке тартылуы анықталады. Аускультацияда қарқынды перикард-үн естіледі.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* жүрек тампонадасы

* құрғақ перикардит

* адгезивті перикардит

* экссудативті перикардит

*+констриктивті перикардит

 

! ЖРВИ өткерген 29 жасар әйел адам арқасына жатқанда күшейетін және отырғанда бәсеңдейтін жүрек маңындағы үнемі сыздап тұратын ауру сезіміне, қалтырауға, әлсіздікке, бас ауруға шағымданады. Жүректің абсолютті тұйықталған аумағында, ауру сезімінің ең қарқынды кезеңінде фонендоскоппен төс тұсына басқанда күшейетін тұрақты емес шу естіледі.

ЭКГ: RS-TV1-V6сегментінің конкордантты жоғарылауы. Эхокг: перикард жапырақшаларының қалыңдауы.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау тиімдірек?

*+диклофенак

* преднизолон

* цефтриаксон

* клопидогрел

* полиоксидоний

 

! 27 жасар ер адам 2 апта көлемінде экссудативті перикардит бойынша стационарлы ем қабылдауда. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және глюкокортикостероидтармен ем науқастың жағдайының жақсаруына алып келмеді.

Науқасты келешекте жүргізуде төменде аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША мүмкін адекватты терапияны таңдауға мүмкіндік береді?

* өкпе артериясы бітелу қысымын анықтау

* орталық венозды қысымды өлшеу

* оң гемодақылды анықтау

* лақтырыс фракциясын анықтау

*+перикард пункциясы

 

! Өкпе туберкулезін өткерген 42 жастағы әйел адамға констриктивті перикардит диагнозы қойылды. Комбинирленген туберкулезге қарсы терапия науқастың жағдайының жақсаруына алып келмеді.

Берілген жағдайда қандай ем тағайындау тиімдірек?

*+субтотальды перикардэктомия

* диуретикалық терапияны күшейту

* глюкокортикостероидтарды тағайындау

* қуысты жуумен перикард пункциясы

* перикард қуысына антибиотиктерді енгізу

 

! Жүйелі васкулиті бар 18 жасар қызда экссудативті перикардит пайда болды. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және диуретиктерді тағайындау науқас жағдайын жақсартпады.

Берілген жағдайда қандай ем тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+глюкокортикостероидтар

* антибактериальды терапия

* субтотальды перикардэктомия

* фурациллинді енгізумен перикард қуысын жуу

* антибиотиктерді енгізумен перикард қуысын жуу

 

! Перикардиті бар науқаста бірден тахикардия, ентігу, АҚҚ төмендеуі, жіп тәрізді пульс және мұздай тер басумен жүретін айқын әлсіздік пайда болды.

Қандай ем тактикасын жүргізу тиімдірек?

*+перикардиоцентез

* дофаминді енгізу

* субтотальды перикардэктомия

* диуретикалық терапияны күшейту

* өкпенің жасанды вентиляциясы

 

! 45 жастағы ер адам сол қолға берілетін, горизонтальды жағдайда күшейетін кеуде артындағы қарқынды ауру сезімі, ентігу, дене қызуының көтерілуімен келіп түсті. ЖРВИ өткерген. Об-ті: науқас алға еңкейіп, төсекте отыр. ЭКГ: RS-TV1-V6 сегментінің конкордантты жоғарылауы. Эхокг: перикард жапырақшаларының сепарациясы.

Қандай топ препараттарын тағайындау тиімдірек?

* нитраттар

* диуретиктер

* антибиотиктер

*+глюкокортикостероидтар

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

 

! Диллатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін:

* экг

*+эхокг

* сцинтиграфия

* коронароангиография

* позитронды-эмиссионнды томография

 

! Жүрек ұшындағы функционалды диастолалық Кумбс шуының БАРЫНША мүмкін алып келетін себебі неде?

* гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия

* ревматизмдік этиологиялы митральды стеноз

* қарынша аралық перденің ақауы

*+дилатациялық кардиомиопатия

* рестриктивті кардиомиопатия

 

! 35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

* аортальді стеноз

*күштемелік стенокардия

* рестриктивті кардиомиопатия

*+гипертрофиялық кардиомиопатия

* митральді қақпақша жетіспеушілігі

 

! Төменде берілген бес белгінің төртеуі қандай патологияға БАРЫНШАтән: 1. Басы айналып, есінен тану. 2. Стенокардия ұстамалары. 3. Жүрек ұшындағы қосарланған соққы. 4. Жүрек ұшында және төстің сол жағындағы IV қабырға аралықтағы систолалық шуыл. 5. Сол жақ қарыншаның айқын диастолалық дисфункциясы.

* миокард инфарктісіне

* артериальды гипертензияға

* вазоспастикалық стенокардияға

*+гипертрофиялық кардиомиопатияға

* сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың тарылуына

 

! Ер адам 38 жаста. Жүрек тұсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның 4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда болып, өз бетінше кететініне шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері мазалайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған. Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз, қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы 1,4. Шығарыс (выброс) фракциясы 72%. Қайсысы кардиалгияның себебі болуы мүмкін?

* рестриктивті кардиомиопатия

* ЖИА, жедел миокард инфарктысы

* дилатациялық кардиомиопатия

* ЖИА, жедел тәждік синдром

*+гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия

 

! Жиі ішімдік ішетін 39 - жастағы ер адам, физикалық күштемеге байланыссыз жүрек аймағының басып ауыруына, ентігуге, жүрек ырғағының бұзылуына шағымданады. Тексергенде: тері жабындысы бозарған, Дюпиитреннің контрактурасы. Жүрек шекарасы бұғананың ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Жүрек үндері бәсеңдеген, жыбыр аритмиясы. АҚ 100/60 мм с.б.б. Бауыр 4 см ұлғайған, балтырлары ісінген. ЭКГ- жүрекшелердің жыпылықтауы, қарыншалардың жиырылу жиілігі мин. 125-140 рет QT интервалы ұзарған. V2-V6 шықпаларында Т-тісшесі теріс.

Бұл науқастың емдеу жағдайының міндетті түріне барынша кіреді:

* витаминотерапия

*+толық абстиненция

* диурездік терапия

* метаболизмдік терапия

* антиаритмиялық терапия

 

! 38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 110 рет мин.

Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?

* фуросемид

* бисопролол

* верапамил

* дилтиазем

*+строфантин

 

! Қарыншалардың дилатациясымен жүрек жетіспеушілігі, жыпылықты аритмиясы, лақтырыс фракциясының 35% төмендеуі бар науқасты емдеу жоспарына қосқан, БАРЫНША тиімді:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 684 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2037 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.