Қазақстан халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен келісім, тӛзімділік пен ӛзара түсіністік кеңістігі ретінде танылып, конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісін кӛрсетіп берді. Жаһандану заманында діни мәндегі қақтығыстар болып, адамдардың рақымшылық пен сенімге деген үміттерінде күдік пайда болған, қауіп-қатерге толы кезеңде еліміздің дін саласындаға мемлекеттік саясаты келісім мен этносаралық үйлесімділікті сақтау бағытындағы ауқымды қызметтерді жүзеге асырып, жақсылық пен қайырымдылық, гуманизм мен ізгілік талабындағы әлемнің жаңа архитектоникасын қалыптастыруды іске асыруда.
Алайда, дін саласындағы оң кӛріністермен қатар, бірқатар түйткілді мәселелер де жоқ емес. Мемлекеттің жарты ғасырдан астам дінсіздік идеология үстем болған Кеңес үкіметінен тәуелсіздік алғаннан кейінгі рухани саладағы бос кеңістіктің орын, бұл салада дәстүрлі діндермен қатар дәстүрлі емес ағымдардың жаппай белең алуы жағымсыз салдарды туындатты. Қазақстан XXI ғасырдың екінші жартысында халықаралық жоғары деңгейдегі кездесулерде, саммиттерде, конференцияларда мемлекет басшылары мен танымал саясаткерлердің, діндер лидердерінің қызу талдауына түскен діни экстремизм мәселесімен жолықты.
Қазіргі әлемде діни экстремизм − жалпы адамзат мәселесіне айналды. Аталмыш құбылыс күрделі әрі біртекті емес. Оның күрделілігі мен қиындығы және оған қарсы тиімді әдістердің дайындалмауы «экстремизм» ұғымын түрлі таным түсінікте қабылдауға ықпал ететін нақты анықтамасының қалыптаспауында болып табылады.
Сонымен жалпыадамзаттық, мәселенің елімізде кӛрініс алуының ӛзіндік себептері жоқ емес еді. Жоғарыда аталғандай, атеисттік идеологияның ықпалынан босағаннан кейін қоғамның діни сұранысы бірден ұлғайғанымен, оны қабылдау тәжірибесі жетілмеген еді. Қоғам мен діннің ашық түрде әрекеттесуінің нақты үлгісі қалыптасып үлгермеді. Мемлекеттің дін саласына қатысты саясаты бейтараптылық сипатта болуы, ал діни саланы реттеуші діни институттардың қалыптаспауы мен діни және дінтанушы мамандардың болмауы секілді бірқатар себептерді кӛрсетуге болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның геосаяси орналасуы да діни экстремизм кӛрінісінің орын алуының маңызды факторы болып табылады. Осы тұста ел аумағында орын алған діни экстремизм мен терроризм құбылыстары сырттан енген «кірме» сипатта екендігін атап ӛткен жӛн. Орталық Азияда болғандықтан осы аймақта болып жатқан үрдістерден тыс бола алмаймыз.
Алдымен, ол исламның пәрменденуі және исламның басты дін ретінде танылған мемлекеттердің пайда болуы. Ал, енді зайырлы мемлекет ретіндегі Қазақстанда қайшылықтар болмауы мүмкін емес еді.
Қазақстанда және Орта Азияда дәстүрлі исламның жандануымен қатар, ӛзге де тенденция мемлекеттің әлеуметтік саяси ахуалына кері ықпал етуші исламның радикалды, фундаменталистік ағымдарының таралуы байқала бастады. Олардың ел аумағына ӛтуі мен мотивациялары туралы Ресейдің Таяу Шығыс Институтының президенті Евгений Сатановский: «Қазақстан Ӛзбекстан мен Түркіменстан елдерімен шектеседі, осы елдер арқылы Қазақстанға Ауғаныстан экстремистері ӛтуі мүмкін. Олар этникалық қазақтар болуы мүмкін: ауған Пәкістан шекарасында әрекет ететін «Булгар» жамағаты», сондай-ақ, олар татарлар, башқұрттар және Орта Азия республикаларының ӛкілдері болулары мүмкін. Мұндай жағдайда этникалық қазаққа «Талибан» неосалафилік қозғалысының немесе радикалдардың ӛзге де бағыттарының мүшесі болуға ешкім кедергі бола алмайды» деген тұжырым жасайды [67].
Мұндай ағымдар Таяу Шығыс, Закавказье, Орта Азия мемлекеттерінде белсенді түрде кӛрініс таба бастады. 2011 ж. жазында Қазақстаның Батыс ӛңірлерінде орын алған қайғылы оқиғалар аталмыш тенденциялардың ел аумағына да енгендігін кӛрсетіп берді. Ақтӛбе, Атырау, Маңғыстау аймақтарындағы оқиғалар легі кейбір экстремистік ұйымдардың тармақтары Қазақстанға аса қауіпті екендігін кӛрсетті. Орын алған экстремистік әрекеттерге келесідей шолу жасауға болады:
- Ақтӛбе қаласының ҰҚК ғимаратының жанында жарылыс орын алып 4 адам жарақаттанды. Жарылысты террорист «шаһид» ұйымдастырды деп болжануда [68].
- 2011 жыл 24 мамыр. Астана ҰҚК абақтысы жанында кӛлік жарылды. Кӛліктен 2 адамның – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының мәйіті табылды [69].
- 2011 ж. 1 шілдесінде Ақтӛбе облысының Шубарши ауылында патрулді-посттық қызметтің полицейскилері белгісіздердің оғынан қаза табады [70].
- Орын алған оқиғадан екі күннен соң Қостан ауданында да қарулы атыстар болып, Шубарши ауылының маңында қарулы әрекеттер орын алып, арнайы қызмет бӛлімінің жауынгері қаза табады [71].
- Ақтӛбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы арнайы операцияда 1 полицей және қарулы топқа қатысы бар деген 2 күдікті кӛз жұмды [72].
Экстремистер тек мұнайлы Батыс ӛлекеде емес, басқа ӛңірлерде де әрекет етеді. Сол жылдың 11 шілдесінде Қарағанды облысы Балхаш қаласының 159/21 колониясына жарылыс орын алғандығы туралы ақпарат тарайды. Ресми ақпарат бойынша, түрмедегілер түрме күзетшілеріне қарулы
шабуыл ұйымдастырған. Бірнеше адамдарды ӛлтіріп, бірнеше адамдарды жаралаған, түрмедегілер ІІМ арнайы жасағы келген кезде ӛздерін оттегі баллоны арқылы жарып жібереді [73].
2011 ж. 31 қазанында Атырау қаласында облыстық әкімшілік пен прокуратура ғимараттарының жанында екі жарылыс орын алады. Жарылыс террористтің ӛзін жаруы арқылы жүзеге асады. Аталған оқиғаға қатысты
«Терроризм» (ҚР ҚК б п. 2 ч. 233 б.), бабы бойынша іс қозғалады. [74]. Тексеру амалдарының нәтижесінде жарылыс ұйымдастырушылардың террористік тобы 2009 ж. жихадтық идеялар, соның ішінде Солтүстік Кавказда қаза тапқан экстремистік идеологияның уағызшысы Саид Бурятскийдің ықпалымен құрылғандығы анықталды. 2011 ж. топ мүшелерінің «Джунд-аль-Халифат» («Халифат сарбаздары», аталмыш ұйым Қазақстан азаматтары Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов және Дамир Зналиевтардың Қазақстан аумағында террористік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатымен құрылған) террористік ұйымымен қатынасқа түскендігі анықталды [75].
Исламдық радикалдардың аталмыш тобы сол жылдың 25 қазанында Интернет арқылы Қазақстанға қатысты үндеулерін жариялады, жекелей алғанда, олардың үндеулері Республикада «Дін және діни қызмет» туралы жаңа заңның қызмет орындарында намаз оқуға тыйым салатын баптарына қатысты болды. Сол жылдың 1 қарашасында аталмыш топ Интернет арқылы Атырауда орын алған жарылыстарды ӛздері ұйымдастырғандықтарын жариялады. 2012 ж 12 наурызынан бері топ ешқандай белсенділік танытқан жоқ және ол Қазақстан аумағында экстремистік деп танылып, іс әрекеттерені тыйым салынды [76]. Атырауда орын алған оқиғалар Қазақстан Республикасы аумағында бірінші рет ресми түрде террористік акті ретінде мойындалғандығын атап ӛткен жӛн.
- 8 қараша күні кешкі сағат сегіз шамасында Алматы қаласында белгісіз қылмыстық топ «Боран» патрульдік экипажымен қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметкерлерін атып ӛлтіріп кеткен [77].
- Атыраудағы жарылыстардан кейін 2 аптадан соң 2011 ж. 12 қазанында Жамбыл облысының Тараз қаласында 7 адам қаза тапқан қарулы қақтығыс орын алды [78].
Берілген шолудан байқалатындай, 2011 ж. Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизм мен терроризмге қатысты орын алған оқиғалар жиі кӛрініс тапқан. Осы оқиғаларға қатысты саясаттанушы Ерлан Карин Қазақстанда терроризм кӛріністері 1990 жж. соңында пайда бола бастағандығын айтады. 2011 жылдың 16 қазанында ӛткен «Қазақстанның антитеррористтік жүйесі. Мәселелер диагностикасы және қоғамның рӛлі» атты дӛңгелек үстелде жасаған баяндамасында терроризм бойынша сотталғандардың статистикасын келтіреді, оған сәйкес, 2003 жылдан 2011 жж. арасында Қазақстандағы экстремизм мен терроризмнің ӛсу динамикасы байқалады: 2003 ж. сотталғандар саны 6 боса, 2006 ж. – 33, 2010 ж. – 31
адамға жеткен. «Осы жылдар бойы органдар экстремизм мен терроризмнің кӛріністеріне назар аударып, ішкі пайда болушылықтарға назар аудармады» деп атап ӛтеді [79].
Жоғарыда келтірілген террористік оқиғалардың ішінен екеуі ғана терроризм ретінде мойындалуы сарапшының пікірін нақтылай түседі. Шын мәнінде, орын алған әрекеттердің діни негізде орын алғандығын олардың ұқсастықтарына үңіле отырып анықтауға болады. Мысалы, барлық орын алған оқиғалар құқық қорғау ӛкілдеріне қатысты болған. Мұның ӛзі исламдық экстремистік ұйымдарде ерекше насихатталатын «тагут» ұғымына байланысты, яғни жер бетінде тек ислами халифат орнатуды мақсат ететін исламдық радикалды топтары жер бетіндегі «тагуттық» жүйелерді (зайырлы билік) жоюды халифат құрудың негізгі жолдарының бірі ретінде айқындайды. Ал «тагутқа» қарсы жихадта (соғыста) бірінші бағыт әскерилерге, жекелей алғанда тәртіп сақтау қызметкерлеріне бағытталады. Мысалы, Ресейдің Таяу Шығыс Институтының президенті Евгений Сатановский: «Қазақстанға діни радикалдардың ӛту себептері түсінікті. Ӛйткені, радикалдардың ойынша, Кеңес Одағының барлық аумағы жиһад аумағы болып саналады» деп кӛрсетеді [80]. Мұндай ұстаным жоғарыда аталған кӛріністерді мотивациясын кӛрсетсе, олардың кейбіреулерінде экстремистердің ӛздерін жарып жіберу әрекеттері экстремистік топтардағы
«шаһид» (ислами емес жүйеге бағытталған «қасиетті» соғыста ӛз ӛмірін қию арқылы, жұмаққа түсу) ұғымына негізделеді. Аталған екі белгі негізінде заңға қайшы әрекеттерді діни терроризм ретінде бағалауға болады.
Сонымен қатар, ресми емес деректер, яғни, саясаттанушылар, сарапшы- аналитиктер, ҮЕҰ, БАҚ және т.б. орын алған оқиғаларға қатысты ресми тараптан ӛзгеше пікірде. Сондай-ақ, оқиға орын алған ауданның жергілікті тұрғындары, оқиғаларға діни экстремисттердің қатысы бар екенін айтуда. Мысалға, Шубарши ауылының тұрғындары бандиттер – 17 ден 30 жас аралығындағы жастар, Темір ауданында, жалпы Батыс Қазақстан ӛңірінде кең таралған уахабилік қауымның мүшелері деп кӛрсеткен [81].
Берілген пікірлерден ӛзге, бірқатар сарапшылардың пікірінше орын алған оқиғаларға Қазақстан Республикасы үкіметімен «Талибан» қозғалысына қатысты орын алған жағдай себеп болуы мүмкін. 2011 ж. 18 мамырында Қазақстан Республикасының Мәжілісі Астананың Ауғаныстандағы халықаралық коалицияға қаысуы туралы НАТОмен келісімін ратификациялады [82]. Келісім шарттары бойынша, Қазақстан қауіпсіздікке ықпалдасудың халықаралық күштеріне МССБ Ауғаныстан жеріне әскери контингент жіберуі тиіс, НАТО-ның сертификацияны мақұлдау шарттарында әскер жіберу мерзімі алты айға мерзімінде және екі жақтың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін еді. МССБ үшін жолданған ұлттық контингенттер қимыл ету аумағына жеткізілгеннен соң НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысының
оперативті басқаруына беріліп, НАТО бекіткен қару қолдану субъектілеріне айналуы тиіс.
Сол жылдың 22 мамырында «Талибан» қозғалысы Қазақстанға Қазақстанның НАТО контингентін қолдау үшін Ауғаныстанға әскер жіберу шешімі ӛңірдегі мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келетіндіктен ауыр салдарға ұшырайтындығын ескерткен үндеу таратты [83].
Бұл оқиғалар Қазақстанның географиялық орналасуынан туындайтын қауіптер мен оның мұсылман әлемінің бір бӛлшегі екендігін кӛрсетіп берді. Сондай-ақ, туындап отырған діни экстремизм мен терроризм жағдайында сыртқы саясаттағы шешімдерге ерекше мән берілу қажет екендігін кӛрсетті. Мұны отандық сарапшы Д.Сатпаевтың «Талибан» үндеуіне қатысты «Бұл қорқытулар мемлекеттер АҚШ және НАТО блогымен қатынаста, әсіресе, Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге туралы әңгімеге қатысты екені даусыз. Сол себепті, «Талибан» үндеуі Қазақстан тарапынан қандай да бір шара қабылдауды қажет етуі тиіс», деген пікірін кӛрсетуге болады.
Аталмыш оқиға Қазақстанмен шектесетін елдердегі діни ахуалдарға үнемі назар аудару қажет екендігін байқатады. Мысалы, Д.Сатпаев «Мәселе Орталық Азияда, Қазақстанмен кӛршілес елдер Ӛзбекстан мен Қырғызстанда жергілікті экстремистік террористік ұйымдар әрекет етеді және олардың Қазақстан аумағында да белсенділік танытуы кӛрініс береді. Ал Қазақстанның Ауғаныстандағы шиеленіске араласуы экстремистік террористік ұйымдардың шын мәнінде елде террорлық әрекеттерді жүзеге асыруына әкелуі мүмкін» деп тұжырымдайды [84]. Жалпы, діни экстремизм мен терроризмнің орын алу мотивтерін қазіргі таңда Орта Азия аумағында белсенді түрде тарап отырған уахаббилік ағымына қатысты кӛрсетуге болады.
Уахаббизмнің ел ішінде таралуы мемлекет қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы үшін қауіп тӛндіретін келесідей жағдайларға итермелейді (мұндай тұжырымдама уахабшылдар белсенді әрекет етіп отырған мемелекеттерді бақылау нәтижесінде ұсынылады):
- елдің мұсылмандар қауымын «дінсіздер» мен «таза ислам» жолын ұстанушылар деп жікке бӛлінушілікке әкеледі;
- жікке бӛлінген бір ұлттан құралған мұсылмандық қауымнан мемлекетке қарсы, қоғамға қарсы белсенді антисемиттік топтың құрылуы;
- топтың бүкіләлемдік уахабшылдық тобына қосылып, сырттай қаржыландыруға ие болуы;
- ұлттық және діни тӛзімсіздік идеологиясының таралуы, уахаббизм таралған аймақтардағы дискриминация мен сегрегацияның орын алу мәселелері;
- зорлық, экстремизм мен терроризмнің «дінсіздерге» қарсы қолдануын теориялық жағынан ақтау;
- «дінсіздерге» қарсы қарулы террористтік актілердің іске асуы.
Жалпы Қазақстандағы діни экстремизмнің геосаяси, экономикалық мүдделерді кӛздейтін сыртқы күштердің арнайы ойыны ретінде бағалайтын пікірлерде жоқ емес. Мысалы, кӛңіл аударуға тұрарлық кӛзқарасты, Қырғызстанның Prudent Solutions атты сараптама орталығының директоры Эсен Усубалиев айтқан болатын. Ол Қазақстанның діни топтарын радикалдандыруға ықпал етуі мүмкін бірнеше факторларды атап кӛрсетті:
- әлемдік экономика мен саясаттағы ҚХР-дың саяси және экономикалық ролінің ӛсуіне кӛңілі толмайтын, оның қатарында АҚШ шешуші орын алатын, батыс елдерінің әрекеті;
- Парсы шығанағындағы араб елдерінің әлемдік нарықтағы қуат тасымалдаушылығының тым артуына мүдделі еместердің әрекеті
– бұл оларға Каспий маңы аймағынан Орта Азия мұнайын сыртқа шығаруға кесе кӛлденең тұру үшін тиімді;
- Сауд Арабиясының әрекеті, ол – Таяу және Орта Шығысқа АҚШ мүддесін ӛткізудің, Израильден кейінгі, радикалданған діни қызметкерлердің кӛпшілігі білім алған басты мемлекеті;
- дін саласы бойынша толық либералданған заңдар.
Оның түсінігі бойынша, радикалды топтардың әрекетінің мәні, жиһадшылардың пәрменді құрылым ӛкілдеріне қарсы шығуы – Қазақстандағы жамағаттардың және әр түрлі топтардың қарулы әрекеттерін дамытудың негізгі кезеңі емес, тек бастапқы ғана сатысы. Болашақта – қазақ топтарымен қатар жиһад бағытын ұстанатын ұйғыр сепаратистерінің мүддесін біріктіру арқылы ҚХР-мен қатынасты ушықтыру, сондай-ақ Қазақстандық террористермен және Солтүстік Кавказдағы (Дағыстан) жиһадшылармен байланысу арқылы Ресеймен де қатынасты шиеленістіру және Ресейдегі Солтүстік Кавказдағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін Қазақстан аймағын пайдалану мүмкіндігі [85].
Саяси алаңда діни пиғылдағы экстремизм мен терроризмнің болуымен байланысты жалпы мәселені терең ұғыну үшін исламның саясилануы үдерісі деген феноменді қарастыру керек. Исламның едәуір саясилануын түсіндіру үшін кӛбіне ислам тарихының бастапқы кезеңдеріндегі зайырлы және діни биліктердің ең әуелгі бірігуі туралы дәлелге иек артады. Яғни, исламның саясатқа практикалық және, тіпті кейде қатаң қағидалық деңгейде принципиалды және концептуалды тартылуын дәлел қылады. Ислам дамуының ертедегі кезеңінде зайырлы билік пен діни биліктің бірігуі шынында орын алды. Ол Мұхаммед пайғамбардың жоғары беделімен және қауымның тайпалық сипатымен ақталды, мұның ӛзі діни және зайырлы билікті ешқандай қиындықсыз біріктіруге (халифат формасында) мүмкіндік берді. Алайда пайғамбар қайтыс болған соң ислами араб қоғамдарында билік зайырлы (эмират) және діни (имамат) деп бӛлінді. Ислам әлемінде биліктің қалаулы формасы саналған кейінгі басқарушы халифтер ислам факторының қатысы кӛбірек немесе азырақ болған мемлекеттегі зайырлы билеушілер
болды.
Бүгінгі күні исламның атынан діни және зайырлы биліктерді біріктіруді (оның үстіне кез келген зайырлылық элементін біртіндеп ығыстырумен) талап ету қисынсыз. Оның үстіне зайырлы мемлекетте. Сондықтан қазіргі кезеңде исламның саясилануын ақтау үшін биліктің аталған бұтақтарының әуел бастапқы дәлелін алға тарту ақылға сыймайды.
Бүгінгі исламның саясилануы – бұл мүлдем діни емес, саяси жоба. Және оған оған дәл осылай саяси жоба ретінде қарау керек, яғни билікті атқарудың тарихи тұрғыда игерілген формаларын қайта тірілту кімге және қандай мақсатта керек екендігін анықтау арнайы зерттеуді талап етеді. Бүкіләлемдік халифат идеясы бүгін ӛмір сүруге қабілетсіз, бірақ ол идея жүзеге асырылуды мақсат тұтпайтын да тәрізді. Ол идея барынша кең саяси кеңістікті «жаулап алу» үшін турашыл тӛрт халифтің дәуіріне қайта оралу талабын мейлінше бұқаралық сипатқа айналдыру мақсатында ұсынылды. Және бұл исламистердің қолынан келеді. Бұл, ӛз кезегінде, экстремизм мен терроризмге (экстремизмнің шектен шыққан формасы ретінде) деген пиғылды қоздырады. Сондықтан біздің жағдайымыздағы (Орталық Азия елдеріндегі) діни пиғылдағы терроризмге әкелетін бүкіл үдерісті былайша сипаттауға болады: ислам – исламның саясилануы – ислами идеологиялар – экстремизм – терроризм. Терроризмді исламмен байланыстыру мүлдем дұрыс емес, ислам анықтамасы бойынша ол – бейбітшілік діні, бірақ оқиғалар жоғарыда келтірілген бағыт бойынша орын алғанда біз ең
«соңынан» терроризмді кӛреміз.
Қазіргі «саяси ислам» термині батыстық журналистикада кӛбіне теріске шығарушы коннотацияға ие болмағанның ӛзінде, күмәнділіктің реңкін білдіреді. Бұл түсінікті де – исламдық құндылықтарды саясатқа енгізу қажеттілігін жариялау кӛп жағдайда бұл саясаттың ӛзінің радикалдануын білдіреді.
Американдық зерттеуші Грэкхем Фуллердің «саяси ислам саяси бұрмаланған мұсылмандардың мәдени жамылғысы» деген саяси исламға берген анықтамасынан шығар болсақ, әбден мүмкін. Оның үстіне, Қазақстанда бұл діннің саяси сахнаға шығуы үшін қажетті барлық шарттар формальді түрде бар. Егер, әрине, бұл үдерісті мұхиттың арғы жағындағы зерттеушінің жоғарыда келтірілген пікірі тұрғысынан түсінер болсақ. Урбанизация үдерісі, әсіресе ауыл тұрғындары есебінен қалалық қазақтардың санының ӛсуі және ауыл халқының ӛмір деңгейінің салыстырмалы түрде тӛмендігі мұндай ортада әлеуметтік құрылысты «түзету» туралы идеялардың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл идеяларды қоғамның қабылдауы үшін ыңғайлы формаға түрлендіру қиын емес [86].
Мұның расталуын қазіргі заманғы тарихтан кӛптеп табуға болады. Мысалы, ең танымал ислами саяси ұйымдардың бірі – «Ихван аль- муслимин» («Мұсылман ағайындар») исламды «сенім әрі мемлекеттілік, кітап әрі қылыш және ӛмір тәртібі» деп түсініп, дін «бауырларының»
ұстанатын осы ұстындарынан ӛзге негіздерге құрылған кез келген басқа мемлекеттік құрылысты теріске шығарады.
Осындай «сырттай-діни» радикалды идеяларды қоғам қабылдай ала ма деген сауал туындайды. Саясиланған исламның салдары жоғарыдағыдай сипатта берілсе де, қоғам ӛміріндегі діннің белгілі бір пайдалылығын мойындай отырып және діннің бекіткен адамгершілік нормалары мен қағидаларын ішінара немесе сӛзбен бӛлісе отырып, қазақстандықтардың басым бӛлігі дін олардың ӛмірі мен қылықтарын белгілі дәрежеде анықтап отыруы тиіс деп есептейді. Мысалы, «ислам құндылықтарын саясатқа енгізуден қорықпау керек» деген пікір де жоқ емес. Мысалға, ӛзін Қазақстан мұсылмандары одағының тӛрағасы ретінде таныстырып, ғаламтор бетінде ӛзінің «ерекше» пікірлерімен танымалдыққа ие болған Мұрат Телібеков:
«Ислам нормаларының елдің ӛміріне ену үдерісі ұлттық мүдделерден немесе мемлекеттің зайырлы негізінен бас тартуды білдірмейді. Шынайы мұсылман үшін жетекші болатын нәрсе ислам қағидаларын ӛз қалауынша түсіндіретін кӛбейе түскен беделді діни кӛшбасшылардың пікірі ғана емес, оның ӛзінің ар-ұяты мен парызы, оның ішінде туған елге деген де парызы» деген ойымен бӛліседі [87].
Жоғарыда берілген пікірдің әлеуетін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Дін істері Агенттігіне қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының 2012 жылғы «Діни негіздегі терроризм мен экстремизмнің қауіптеріне тұрғындардың қатынасы» тақырыбында жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелерін қарастыруға болады.
Мұнда респонденттерге діни фундаменталисттердің теократиялық мемлекет құруға қатынастарын анықтау үшін қойылған сауалдарға, келесідей жауаптар алынған: әрбір екінші қатысушы мемлекет зайырлы сипатта болуы тиіс деп санайды, әрбір бесінші жауап беруге қиналады, әрбір алтыншы
«мақсат дұрыс, бірақ қолдану әдістері дұрыс емес деген» пікір білдіреді, сұралғандардың әр он біріншісі фундаменталисттердің мақсаттары мен әдістерін қолдайтындығы анықталып отыр. Олардың ішінде басым бӛлігі Павлодар (28,6%), Қызылорда (21,9%), Қарағанды (19%), Жамбыл облыстарынан (15,6%), сондай-ақ, салыстырмалы түрде жоғары кӛрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан ӛңіріне тиесілі (11,3%), Маңғыстау (11,1%) және Атырау облыстары (10,4%).
Дегенмен Қазақстанның қазіргі саяси ӛмірінде заңмен бекітілген саяси исламның болмауы еліміздегі бұл құбылыстың орны туралы мәселе маңызды емес дегенді білдірмейді. Нарықтық экономикасы бар құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет идеологиясы әлсіз екені анық. Қазақстанда мемлекеттік құрылыс үдерісін одан ары дамыту мейлінше әралуан идеологиялық бояулары бар «саяси палитраны» білдіретіні түсінікті. Мұндай жағдайларда бағдар кӛрсететін мемлекеттің біртұтас идеологиясын құру анағұрлым қажет бола түседі. Оның үстіне құндылықтардың мемлекеттік жүйесі әмбебап, яғни барлық таптардың немесе діни топтардың
кӛзқарастарымен сай келетіндей болуы тиіс.
Осы тұста, қазақстандық қоғамның діни экстремизм мен терроризмге қатынастары, олардың аталмыш қауіп туралы ақпараттану деңгейлері, қоғам мүшелерінің пікірінше діни экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептерін анықтау қажет секілді. Осы мақсатта ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының 2012 жылы жүргізген
«Діни негіздегі терроризм мен экстремизмнің қауіптеріне тұрғындардың қатынасы» тақырыбында жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелерін қарастыруға болады.
Әлеуметтанулық сауалнамаға қатысушылардың басым кӛпшілігі діни экстремизмді «үрей», «қиналыс», «қорқыныш», «ӛлім» және т.б. секілді жағымсыз ұғымдар арқылы анықтаған.
Респонденттер бұл ұғымдарды бірінші кезекте радикады ислами идеологиядағы террористерді сипаттайтын категориялармен байланыстырады («шаһидтер», «терактілер», «моджахедтер», «уаххабизм»,
«қарулы мұсылмандар» және т.б.) және олардың атрибуттарымен («қару»,
«ұзын киім», «ұзын сақал», «қысқа балақты шалбар» және т.б.).
Сауалнамаға қатысқандардың 36,6%-да діни экстремизмге қатысты ұғымдар нақты ассоциацилар туындатпағандығы анықталды. Бұл олардың аталмыш құбылыспен жолықпағандығын кӛрсетеді.
Қандай діни ұйымдарды проэкстремисттікке жатқызуға болады деген сауалға 70% сұралғандар нақты жауап бере алмаған. Қалған 30%
«Мұсылман бауырлар», «Халифат сарбаздары», «Хизбут-тахрир», «Боз Гурд», «Аль-Каида» секілді ұйымдар мен ағымдарды кӛрсеткен.
«Сіз псевдомұсылмандық террористік ұйым туралы естідіңіз бе» деген нақты сауалға» сауалнамаға қатысқандардың - 7,5% мұндай ұйымдар туралы БАҚ арқылы естігендіктерін айтқан.
Осы тұста зерттеуге қатысушыларға қойылған «Сіз түрлі діни ұйымдар мен олардың лидерлері туралы мәліметтерді қандай ақпарат кӛздерінен аласыз?» деген сауалға тӛмендегідей жауаптар алынған.
« Қазақстанда діни экстремизм идеяларының таралуының негізгі себептері?» деген сұраққа респонденттердің 21,1 %-ы тұрғындардың діни сауатсыздығы деп жауап берген. Респонденттердің 20,2 %-ы жұмыссыздықтың себебінен деп есептейді. Жастарда сапалы түрде бос уақытының болмауы деген жауап 9,5 %-ды құраған.
Ал «Адамдарды экстремистік, террористік ұйымдарға/топтарға не итермелейді?» – деген сұраққа респонденттердің 24,0% - материалдық
сыйақы, 22,4%-ы - әділетсіздік пен зорлық-зомбылық сезіну, кек алу тілегі, 17,3% - үміт үзу, тығырыққа келу, ӛзін-ӛзі құрбан ету, 15,5 % - діни идеялар, арман-мұраттарды кӛздеу деп жауап берген.
«Конфессияаралық егесті жасанды, ашық және жасырын қоздыратын немесе бҧл қатынастарды шиеленістік жағдайға сҥйемелдейтін кім?» деген сұраққа респонденттердің 40,3 % біздің қоғамүшін жат жаңа діни ағымдарды тарататын діни миссионерлер, 21,8% - түрлі қайырымдылық қорлары арқылы шетелдік мемлекеттер, 12,9% - билік, мемлекеттік органдар, 9,1% - ел ішіндегі қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялар деп есептеген.
«Діни экстремизммен және терроризммен кҥресуде тҧрғындар қандай позицияны ҧстануы тиіс?» – деген сұраққа респонденттердің 51 % құқық қорғау органдарына мүмкін болатын террористтік әрекеттер мен күдікті азаматтар туралы хабар беру, 16 % – террористік әрекеттердің құрбандарына моральдық және материалдық қолдау кӛрсету, 14% – экстремизм мен терроризмнің кӛріністеріне қарсы наразылық шараларына қатысу, 9% – терроризммен және экстремизммен күресуде мемлекетке қаржылық қолдау кӛрсету деп жауап берген.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді талдай отырып, Қазақстан жерінде ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында пайда болған діни экстремизм құбылысы кӛріністерінің себептерін анықтауға болады. Бұл себептер тәуелсіздік негізінен тәуелсіздік алған жылдардағы тәжірибелерді қамтиды.
Діни сабақтастық тәжірибесінің ҥзілуі. Ұзақ мерзімді атеисттік иделогия орнаған қоғамда діни еркіндік жариялануы Діни институттардың болмауы. Мұның салдары дәстүрлі дін жетекшілер, яғни имамдар идеологиялық тартыстарда жеңіліс тауып отырады.
Исламның дәстүрлі емес ағымдарына қарай осылайша қайта
бағдарланудың басты себептерінің бірі, кейбір сарапшылардың пікірінше, ӛздерінің жүріс-тұрысы жағынан мемлекеттік шенеуніктерді еске түсіретін ҚМДБ мен Епархиямен салыстырғанда салафилер, құраншылар, сопылар және т.б. ӛздерінің әлеуетті ізбасарларымен байланысқа оңай түсіп қана қоймай, кейде оларға материалдық тұрғыда кӛмектесіп те тұрады. Сондықтан да әлеуметтік-экономикалық мәселелер жағдайында, қазақстандықтардың басым бӛлігі ӛздерінің экзистенциясымен уайым шегіп жатқан тұста, әртүрлі ислами радикалды ағымдар жақтастарының саны Қазақстан үшін қауіп тӛндіретіндей кӛлемде ұлғаюда [88].
Геосаяси себептер. Қазақстанның геосаяси орналасуы да діни экстремизм кӛрінісінің орын алуының маңызды факторы болып табылады. Осы тұста ел аумағында орын алған діни экстремизм мен терроризм құбылыстары сырттан енген «кірме» сипатта екендігін атап ӛткен жӛн. Орталық Азияда болғандықтан осы аймақта болып жатқан үрдістерден тыс бола алмайды. Исламдандыру үдерістерінде жаңасаяси ауқым да бар. Орталық Азияның тұрақсыздығына қазіргі геосаясаттың кӛптеген ірі субъектілері мүдделі. Қарсылық әлеуетінің бар екенін пайдалана және шетелден енген радикализмнің ұшталған формаларын қолдана отырып, бұл
«ойыншылар» қақтығыстарды желіктіріп, кейін оларды басқара отырып қарсылық әлеует пен радикализмді бӛлшектейді, осылайша жаһандық геосаяси мақсаттарына жетеді.
Сондай-ақ, аймақтағы исламдық радикализмнің таралуымен байланысты ахуалдың соншама қауіпті кӛлемге ие болуы Орталық Азия елдеріндегі исламдық жетекшіліктің қабілетсіздігінің салдарынан сияқты кӛрінеді. Аймақтағы ислам үмбетінің ресми кӛшбасшылары радикалдармен пікірталасқа түсуден, радикализм идеяларын айқын әрі негізді сынайтын күнделікті уағыздан бойын аулақ ұстады. Имамдар тарапынан әлеуметтік және экономикалық сипаттағы ӛткір мәселелерді кӛтерілмейді, ал ислам радикалдары бұл сұрақтарға жауап бере отырып, оны белсенді пайдаланады, сӛйтіп, ӛз жақтастарының санын арттырады.
Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Д. Сәтпаев 2006 жылы-ақ террорлық әрекеттердің белсендендірілуіне жағдай туғызатын, Қазақстанның террорлық топтар әрекет етіп отырған мемлекеттермен кӛршілес болуынан бастап, Республика аймағында шетелдік құрылымдар мен батыстық инвестициялық компанияларының санының кӛптігіне дейінгі, факторларды атап кӛрсеткен болатын. Ол бұлардың қатарына АҚШ-пен серіктестікті де қосып қойған. Оның пікірінше, ҚР-да тек экстремистік ұйымдар ғана емес, соққы беретін нақты жоспарлары бар тұтас топтар әрекет етеді. Ол біздің елімізде экстремизм үшін шарттардың жоқ екендігі туралы әңгімелерді негізсіз деп санайды. Оның түсінігі бойынша, мемлекеттік құрылымдар (ҰҚК-нен басқа), сондай-ақ дәстүрлі конфессиялар халық арасында, іс жүзінде, жұмыстар жүргізбейді, ал Қырғызстанда «Хизбут-Тахрир-аль- Ислами» айтарлықтай саяси күшке айналып үлгерді және ӛздерінің
кандидаттарына немесе басқаларға қолдау кӛрсетіп, сайлауға белсенді түрде қатысып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай. Экстремизмді зерттеуші мамандар экстремизмнің пайда болу себептері ретінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды кӛрсетеді. Кейбір дінтанушылар мен саясаткерлердің пікірінше исламдық экстремизмнің таралуының бірден-бір себебі, ол халықтың әлеуметтік және мәдени деңгейінің тӛмендеуі, кейбір әлеуметтік– демографиялық топтардың әлеуметтік тұрғыдан дұрыс қорғалмауы, жұмыссыздық себептерін алға тартады [89]. Әрине, кӛрсетілген себептердің діни экстремизмнің таралуына ықпал ету факторын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, оларды абсолюттендіріп, Қазақстандағы діни экстремизмнің таралуының бірден - бір себебі ретінде кӛрсетуге болмайды. Мұндай себептер кӛршілес Қырғызстан, Ӛзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінде орын алып отырған жағдайларға сәйкес келуі мүмкін, мысалы, Ахмед Ращида «Джихад» атты кітабында былай деп жазады:
«Аймақтағы 50 миллионнан астам халықтың жаппай кедейшілігі, олардың болашақтан күдер үзуі, елді жайлаған коррупция, ат тӛбеліндегідей биліктегілердің елмен санаспауы, олардың шектен шығуы Орталық Азияда діни экстремизм отын тұтатуда» – деп кӛрсетеді.[90]. Кӛрші елдердегі әлеуметтік жағдайдың тӛмендеуі, жұмыссыздықтың ӛсуі мен кедейшілік Қазақстан жеріне заңсыз миграция мәселесін туындатады. Ел ауымағына заңсыз ӛтуі арқылы жұмыс пен жайлы жағдай іздеушілер діни экстремистік идеологияны тасымалдаушылар болу мүмкіндігін естен шығармаған жӛн. Олардың саналарындағы әлеуметтік жағдайға алаңдаушылық, ӛз елдеріндегі саяси билікке наразылық, торығу секілді психологиялық қалып Қазақстанның қоғам мүшелері, әсіресе жастар арасында экстремистік кӛңіл күй туындатады.
Діни саланы реттеуші занаманың әлсіздігі. 1992 жылы қабылданған ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы мейлінше либералды сипатқа ие болып, ел аумағына деструктивті діни ағымдардың ӛтуіне, таралуына тоқтау бола алмады. Ол туралы ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану интитутының ғалымы Е. Бурова келесідей пікір білдіред: «Құқықтық, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі Қазақстанның осы жылдарға дейінгі егеменді дамуы нақты әралуандық үшін жағдайлар қалыптастырды және қазақстандық қоғамның шын мәнінде діни сипатта еместігіне қарамастан, қазіргі кезде бізде тек әлемдік және дәстүрлі діндердің ғана емес, сонымен қатар жаңа наным- сенімдердің де тұтас шоғыры бар. Мемлекет пен діннің ӛзара қатынасын реттеу саласындағы бұрыңғы заңнама мыналарға мүмкіндік берді:
1) қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде жалған діни сипаттағы да) тіркемеу және олардың қызметін бақыламау;
2) экстремистік мазмұны мен үндеулері бар әдебиеттің шектеусіз енгізілуі мен еркін таратылуы;
3) діннен хабары жоқ азаматтарды жалған діни әрекетке алдап немесе мәжбүрлеп кіргізу;
4) азаматтарды бұл ұйымдарда қорқыту және еркін басып тастау арқылы ұстау.
Оның ішінде әңгіме мыналар туралы болып отыр:
а) ӛз мүдделері мен әрекеттерінің аясына балаларды, оқушыларды, жұмысшы жастарды, зиялы қауымның (педагогикалық, ғылыми) әртүрлі топтарын, жасы ұлғайған азаматтарды қоса алғандағы жергілікті халықтың барлық топтарын дерлік алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде тартатын жалған діни бағыттағы кӛптеген бірлестіктер туралы;
ә) саяси сахнада белсенді «жұмыс істейтін және қарсы бағыттағы азаматтық мәдениетті қалыптастыру үдерісіне (ең бастысы, мемлекет пен оның институттарына қатысты азаматтардың осындай ұстанымын қалыптастыратын) азаматтық қоғам институттарының әрекеті туралы.
Діни сауатсыздық және экстремистік идеологияның белсенді тҥрде
уағыздалуы. Бұл әсіресе діни сауаты тӛмен деңгейдегі жастарға қатысты орын алып отыр. Бірінші кезекте, дәсүрлі діндер туралы қолжетімді ақпараттардың болмауы, жас буын ӛкілдерін ӛз рухани сұраныстарын ғаламтор кеңістігінен іздеуге итермеледі. Мұнда тілдік мәселе, яғни, орыс тілділердің ислам туралы ақпараттарды мешіттерден, имамдардан ала алмауы радикалды мазмұндағы орыс тілді ақпараттарға жолықтырады.
Исламдану үрдісінің басқа бір факторы «Хизб ут-Тахрир» тәрізді қозғалыстардың культуртрегерлік қызметі болып табылады. Кӛп адамдар бұл ұйымдарға қандай да бір саяси мақсат кӛздеп емес, ислам туралы кӛп білгісі келгендіктен барады.Нәтижесінде, экстремистердің қоғамға жат қылықтары, құқық қорғау органдарымен шынайы қарулы қақтығыстары еліміздегі бүлдіргіш күштердің қызметінің жаңа сатысын кӛрнекі түрде кӛрсетіп берді. Кӛп жағдайда экстремизмнің идеологтары манипуляциялаудың, адам таратудың, дендеп енудің әдеттен тыс формалары мен тетіктерін ӛзіне жинақтаған және қазіргі заманғы технологиялары белсенді қолданылуда: қарым-қатынас әдістемесі, әлеуметтік желілер, медиа-аспаптар және т.б.
ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану интитутының ғалымы Е. Бурова[20]: «дәстүрлі емес сипаттағы діни ұйымдардың жетекшілеріне арналған арнайы әдістемелік әдебиеттің мониторингі кӛптеген қауымдардың дінді жамыла отырып, ӛз қатарына жаңадан келгендерді тарту мен әдістемелермен арнайы жасақталған әрі бекітілген және мақсатты түрде ұйымдастырылған сипатқа ие зомби жасау, манипуляция технологиялары бойынша ӛз мүшелерін тәрбиелеу боынша белсенді түрде жұмыс жасайтынын кӛрсетеді. Мұндай әрекет табиғи сипатты емес, белгілі бір дүниетанымды, жүріс-тұрыс пен ӛмір тәртібі үлгілерін «жасанды енгізу» сипатты, яғни «таңылған бірегейлікті» қабылдайды. Біз мұндай қауымдарды псевдодіни деп атап, ал олардың әрекетін квазидіни деп бағалауды ұсынамыз.
Жүріс-тұрыстың экстремизациялануына мыналарды жатқызу керек:
а) ӛздерінің әлеуетті және шынайы мүшелеріне тұтастай алғанда қазақстандық қоғамдағы және жекелей алғанда отбасында қалыптасқан мәдени дәстүрлерден бас тартуға, туған-туыстармен ӛзара қарым- қатынастарда жалпы қабылданған құндылықтар мен басымдылықтарды үзуге шақыратын үндеулер;
ә) діни топтағы қарым-қатынастың қатаң, құпиялық ережелерін сақтаумен байланысты белгілі бір мінез-құлық алгоритмдеріне үйрету, сана мен құлықты қадағалауға дағдыландыру, ӛз туыстары мен қауымның ӛзге мүшелері ӛмірінің әр алуан қыры туралы ақпарат жинауға үйрету».
Діни экстремизмнің алғы бастауларының бірі діни фанатизм болып табылады. Ол діни ұстанымдар мен идеяларға шексіз, шүбәсіз, соқыр сенуден туындайды. Соның нәтижесінде, ол адам ӛміріндегі басты қозғаушы күшке айналады. Діни фанат ӛлімнен қорықпайды, ол ӛз ӛмірін әр уақытта қиуға дайын. Діни экстремизмнің идеологтары осындай фанаттарды ӛзінің саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланып отырады. Фанаттар әр салада бар. Бірақ, діни фанаттардың санасы мен дүниетанымында шүбә келтіруге, ақылмен саралауға орын жоқ. Сенім ақылды адам іс -әрекетінен ығыстырып, жетекші күшке айналады. Тертуллианның: «сенемін, ӛйткені ақылға қонымсыз» деген қағидасы фанаттың дүниетанымының негізіне айналады.