– дәстүрлі исламға деген оң кӛзқарас анық байқалады – 77-84%, бұл қазақстандық қоғамда оның қолдаушылары санының кӛптігімен түсіндіріледі;
– позитивтік-бейтарап деп Қазақстандағы екінші ірі дін - православиеге қатысты айтуға болады. Сауалнамаға жауап берушінің 43-55%-ы оны оң, ал 41-49%-ы бейтарап бағалайды;
– бейтарап қабылдау тізімде кӛрсетілген иудаизм, католицизм, протестантизм мен буддизм сынды діндерге байқалған;
– бүгінгі күні дәстүрлі емес исламға (59-70%) теріс қабылдау байқалады, бұл жағдай елде діни экстремистердің қатысуымен ӛткен терактілерден кейін орын алған.
Конфессияаралық қарым-қатынастардың келесі негізгі аспектісі ретінде екі негізгі діни топтар, атап айтсақ, мұсылман мен христиандар, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер ӛкілдері, белсенді сенетіндер мен сенбейтіндер арасындағы қарым-қатынас сипатын атауға болады.
Кӛпшілік (67-71%) халықтың кӛрсетілген топтары арасындағы қандай да бір қайшылықтардың жоқ екендігін алға тартады. Мұны мұсылман мен христиандар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты айтуға болады.
Сауалнама қорытындысы бойынша, 79% азамат Қазақстандағы әрбір адам ӛз дінін ұстана алады. Ал толық сенімділері 16%-ды құрайды.
Дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ел тұрғындары дін саласындағы жалпы саясатты қабылдағандай, оң қабылдайды. Бұл бағыттағы мемлекет қызметін 86% халық (халықтың басым бӛлігі) қабылдайды. 9% респондент жауап беруге қиналды, сұралғандардың 5%-ы ғана дінаралық қатынастар саласындағы мемлекет жұмысына теріс баға берді. Бұл діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың кең әлеуметтік базаға сүйенетінін дәлелдейді.
Қазақстанда ешкімнің діни ағым ӛкілдері құқықтарының бұзылғаны туралы естімеген. Мұндай жағдайларға сауалнама нәтижелері бойынша халықтың тек 5%-ы ғана тап болған.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі кӛрсеткендей, республикадағы діни сенім бостандығын сақтау мәселесіндегі жағдай соңғы үш жылда ӛзгермеген.
Конфессияаралық қарым-қатынас жағдайына қатысты халықтың негізгі діни топтары арасында (дәстүрлі ислам мен православие) елдегі діни ахуалға тікелей әсер ететін достық, жайма-шуақ қатынастың орнағандығын айтуға болады. Бір аумақта кӛп жылдар бойы ӛмір сүру, екі конфессиялық топтың мәдени кеңістігі мен ортақ тарихи ӛткені бұл қарым-қатынастардың алдағы уақытта да тұрақтылығына негіз бола алады. Халықтың пікірінше, конфессияаралық қарым-қатынас саласын шиеленіске әкеп соқтыратын жалғыз фактор қоғам тарапынан теріс қабылданатын, Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы болып табылады.
Қазақстандықтардың діни толеранттылығы жоғары болып саналады. Адамның дінге қатыстылығы қоғам мүшелері арасында әлеуметтік арақатынас факторы емес. Түрлі діннің ӛкілдері қоғамдық және күнделікті ӛмірде ӛзара қарым-қатынасқа түске алады.
Сонымен, Қазақстандағы деструктивтік, радикалдық және экстремистік ағымдардың алдын алуда мемлекеттік органдар атқаратын қызмттердің негізгі принциптері ретінде тӛмендегілерді анықтауға болады:
– қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық басымдығын сақтау;
– конфессияаралық және этносаралық келісімді бекіту;
– дінде экстремизм жоқ екендігін мойындай отырып, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын жүзеге асыру;
– қоғамның руханилығын жоғарылату және ұлттық дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу;
– адамгершілікке бастайтын, шындық пен әділеттілікті дәріптейтін нағыз рухани құндылықтарды анықтау;
– патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
– мемлекеттің зайырлық принциптерін дамыту.
Алайда, діни экстремизм мен терроризм кӛріністеріне қарсы мемлекеттік органдарды қызметтері қоғам тарапынан біркелкі бағаланбайтындығы байқылады. Мысалы, ҚР Дін істері агенттігіне қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жүргізген әлеуметтанулық зерттеу бойынша, зерттеуге қатысушылар «Сіз Биліктің діни экстремизм мен терроризмге қарсы және оның алдын алу бойынша қызметтерінің тиімділігін қалай бағалайсыз?» деген сауалға тӛмендегідей нәтижелер
анықталған:
Сауалнамаға қатысушылардың пікірлерінше, экстрмистік әрекеттерде діни факторды қолданудың алдын алуда ҰҚК, ІІМ секілді органдардың арнайы құрылымдар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің жетекшілерімен бірлесе жүзеге асырылуы тиіс.
Түрлі құқық қорғау органдардың экстремизм мен терроризмге қарсы біріккен іс қимылдарын бағалау тӛмендегідей кӛрсеткіштерді анықтаған::
•жоғары деңгей - 16%;
•орташа деңгей - 38,7%;
•тӛменгі деңгей - 38,7%;
•жауап беруге қиналамын - 6,5%.
Олардың қызметтерінің тиімділігінің тӛмендігіне келесідей себептерді кӛрсеткен (сауалнама нәтижесі бойынша):
•қаржыландырудың аздығы, нормативтік-құқықтық кедергілер («мемлекет тарапынан қолдау лайықты деңгейде емес, қажетті ӛзара әрекеттестік орнықпаған»);
•кәсіби деңгейдің тӛмендігі («дайындық пен тәжірибенің аздығы»,
«траибализм секілді жағымсыз кӛріністер жұмысқа «кәсіби мамандарды» емес «ӛздерінікін» алады»);
•әлеуметтік-психологиялық дайындықтың тӛмендігі («олар қорқады және жұмыс істемейді, кӛп жағдайларда қарапайым халықты жауаптап, жазалайды, ал қылмыскерлер мен террористер бостандықта жүреді»);
•халық арасында антитеррористік қызметті ақпараттық-насихаттық қолдау деңгейінің тӛмендігі («бұрын кездегідей тұрғындардың кӛмегі – друженниктер отрядының кӛмектері жетіспейді», «халық террористік қауіпті таратушы қайнарларды айтпайды»);
•дін мәселелеріне қатысты біліктілік деңгейінің тӛмендігі («дінді, діни рәсімдерді білмеушілік», «олардың ойлау, жүріс-тұрыс ерекшеліктерін білмеу»).
Жоғарыда берілгендерге байланысты, сауалнамаға қатысушылардың басым бӛлігі (80,6%) негізгі міндеті республика аумағында қызмет ететін діни ұйымдардың заңбұзушылықтарын тіркеу болып табылатын арнайы ұйым құруды құптайды. Нәтижесінде, әр ұйым жинақтық жүйе бойынша, яғни, заңбұзушылықтың белгілі бір шегіне дейін қызмет атқарады. Осы шектен шыққан діни ұйымның қызметіне тыйым салынады. Мұндай органның қажеттілігін әр діни ұйымның қызметі (ҚР аумағынан тыс жерлердегі) туралы бірыңғай ақпараттар базасын құру да дәлелдей түседі. Бұл Қазақстан аумағында шет елдерде тыйым салнған ағымдардың атауларын ӛзгерту арқылы тіркеуден ӛтуіне тосқауыл болады.
Сауалнамаға қатысушылардың пікірлері мен діни экстремизмге қарсы атқарылып отырған мемлекеттік органдардың (ҚР Дін істері агенттігі, т.б.), ғылыми-зерттеу мен арнайы мамандандырылыған орталықтардың (ҚР Дін істері агенттігі жанындағы орталықтар, Антитеррористік орталық, т.б.), үкіметтік емес ұйымдар, дәстүрлі діндер, БАҚ тарапынан бірлесе атқарылып отырған қызметтерді талдай келе тӛмендегідей бірқатар ұсыныстарды беруге болады:
Заңнамалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық сала:
•ӛңірлік заңнамаларды және діни сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы ӛзара бірлескен ведомствоаралық механизмдерді жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-басқарушылық базаны жетілдіру;
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік ортада толерантты сананы қалыптастыру, антиэкстремистік бағыттағы профилактикалық шараларды, экстремистік, ксенофобиялық кӛріністердің алдын алуға бағытталған ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды дайындау;
•дін саласына қатысты мемлекеттік орган қызметкерлерін дайыдау, қайта дайындау, теологиялық, дінтану мамандығы бойынша білім беру сапаларын арттыру, сонымен қатар, дінтанушы психолог, дінтанушы заңгер, дінтанушы журналистер, дінтанушы тарихшы секілді біріктірілген мамандарды дайындау жұмыстарын жүзеге асыру;
•экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл ме алдын алу шараларын ұйымдастыру мен үйлестіру қызметтерін атқаратын мемлекетті орган құру, оның міндетіне аталмыш қызметтермен айналысатын барлық ұйымдардың: мемлекеттік органдар, соның ішінде, қарулы күштер құрылымдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің қызметтерін, ғылыми зерттеу, қоғамдық ұйымдар мен орталықтардың қызметтерін ұйымдастыру, бағыттау енуі қажет;
•қоғамдық басқару формалары мен сараптаманы дамыту, заңға сәйкес келетін жобаларды, заңдар мен нормативтік актілерді кӛпшілік тарапынан талқылау;
•экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимылда халықаралық ынтымақтастықты күшейту.
Әлеуметтік-экономикалық сала бойынша:
•ӛңірлерді әлеуметтік экономикалық дамытуға арналған мақсатты кешенді бағдарламаларды дайындау мен іске асыру, олар адам құқығын қорғау, жемқорлыққа қарсы шаралар және оларды қоғам тарапынан бақылау механизмдерін енгізуді қамтуы тиіс;
•ӛңірлердегі әлеуметтік экономикалық кӛрсеткіштерді ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуді жүргізілетін экономикалық, саяси шаралармен ұштастыру. Қоғамдағы әлеуметтік оңалту жұмыстарына қарамастан жұмыссыздық пен кедейлік деңгейінің артуы секілді кӛріністерді шешудің жаңа жолдары іздестіру мен енгізу.
Ақпараттық сала бойынша:
•Деструктивті ақпараттарды жоюдың құқықтық механизмдерін дайындау. Елдегі немесе шетелдік ақпараттық кеңістікте арнайы тұлғаларға немесе жалпы тұрғындарға үндеулер мен террористік идеологияны тарату кӛріністеріне нәтижелі әрі дер кезінде қимылдайтын жүйе қалыптастыру. Мұндай қызметке азаматтық қоғам институттарын, ғылыми орталықтар мен діни ұйымдарды тарту. Интернет кеңістігінде танымал тұлғалар мен блоггерлерді тарта отырып ақпарттық профилактикалық қызметтерді жүргізу, мұндай қызметтер террористік идеология мен деструктивті діни ағымдардың әрекеттерін әшекерелеуге бағытталған интернет форумдар, қауымдастықтар құру және т.б. қамтуы тиіс;.
•Медиа кеңістікте мемлекеттің қатысуын ұлғайту және ақпарат саласында бюджетті кӛбейте отырып, жастардың бойында дұрыс мінез құлық пен экстремистік идеологияға, діни фанатизмге қарсы тұру иммунитетін қалыптастыратын жоғары ӛнегелік идеяларды насихаттау, ұлттық ӛнер, мәдениет, дәстүрді дәріптеу, дін, отан сүйгіштік, әлеуметтік толеранттылық, ӛзі және ӛзгелер үшін жауап беруге тәрбиелеуге бағытталған үлгілерді әзірлеу;
•ӛңірлік, республикалық ақпарат кеңістігінде мемлекеттік қоғамдық бақылауды күшейту арқылы мүдделі топтардың ақпарат құралдарын ӛз
мақсаттарына пайдалану, әдейі ұйымдастырылатын ақпараттық даулар, бӛлінушіліктерді болдырмау;
•діни экстремизм мен ксенофобияның алдын алу қызметтерінде және экстремистік кӛңіл күй мен үрейлерді туындататын ақпараттарды жариялаудың алдын алу үшін БАҚ жауапкершілігін арттыру.толеранттылық, әлеуметтік жауапкершілік, гуманизм идеяларын насихаттайтын, экстремизмге қарсы шаралардың нәтижелерімен халықты таныстыратын медиа жобалар, соның ішінде деректі фильмдер, бейнероликтер, әлеуметтік жарнамалар дайындау;
•адамның, әсіресе жастардың рухани жан дүниесіне кері әсер етіп, психологиясы мен денсаулығын бұзатын интеллектуалды ӛнімдердің кӛрсетілуі мен таратылуын болдырмау мақсатында аталмыш ӛнімдердің (фильм, кітап, телебағдарламалар, т.б.) сапасын шынайы әрі нақты бағалайтын маманданған сыншылар мен сарапшылар қызметін қайта жандандыру.
ОРЫТЫНДЫ
Қазақстан – азаматтардың ӛз дүниетанымын таңдауда тек заңнама ретінде емес, іс жүзінде тең құқылы мүмкіншілікті кеңінен берген зайырлы мемлекет. Қоғамда ешқандай құндылықтарда монопольдік (біртұтастық) құқық жоқ, барлық азаматтарға рухани ізденісте ӛз ойларын жүзеге асыруға түгел жағдай жасалған. Қазақстанда білім беру зайырлы сипатта болғанымен, қазіргі әлеуметтік жағдайда ғылымның да, діннің де гуманитарлық қызметінің жалпы міндеті ағарту қызметі екенін барлығымыз да түсінеміз.
Қазақстанда қалыптасқан діндарлық пен зайырлықтың идеялық бірлігі мемлекет негізін құрушы этностың, сол сияқты қоғамдағы басқа да этникалық топтардың тарихи және мәдени дәстүрлері арқасында мүмкін болып отыр.
Елдегі діни жағдайды білу, сонымен қатар, оны бақылау қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің құрамдас бӛлігі болып табылады.
Жоғалған діни негізде зорлық пен зомбылық, жеккӛрушілік жүйелі түрде іске аспай тұрғанда, ол ұйымдасқан террорға ауыспай тұрған уақытта олар оған қарсы тұра алатын шараларды дайындауы керек. Діни экстремизм мәселесі жаһанды тенденция болып отыр және ол үшін ешқандай географиялық шекара жоқ. Сондықтан қарама-қарсы әрекеттер мен шаралар жүйелі болуы керек. Қарама-қарсы әрекеттер жүйелі кең кӛлемдегі мәселелерді қамтиды, олар әртүрлі институттар мен ұйымдар: құқық қорғау органдарынан бастап діни ұйымдарға, білім беру және ғылыми мекемелерден бастап ағартушылық қызметпен айналысатын ҮЕҰ-ға дейін тығыз байланысты.
Қауіпсіздік мониторингі (ал ол жоғарыда аталғанның бәрін және басқа да тақырыпты айдарларды қамтиды) негізінен мемлекеттік ұйым мәртебесі бар, жаңа тенденцияларды анықтауға, мемлекеттік органдар үшін нұсқаулықтар дайындауға қабілетті ғылыми мекемелерде жинақталу керек.
Қазақстанда террористік бағыттағы сайттарды жабу тәжірибесі ӛте маңызды шара, алайда жабумен қатар оны басқа әртүрлі Ғаламтор жүйесін қолданушы мақсатты топтарға, тинэйджерлерден бастап зейнеткерлерге дейін, арналған әлеуметтік мәселелерге байланысты жаңа сайт желісін құру қажеттілігі ескерілмеген.
Ӛзара қарым-қатынас аясының ғаламтор – кеңістікке ауысуы жағдайында заманауи жалпы қазақстандық менталитеттің құндылық парадигмасын қалыптастыратын және жандандыратын мүлдем жаңа әлеуметтік желілерді құру қазіргі уақытта ең ӛзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Бұл бағыт ағарту ісімен де, қажетті жалпыазаматтық мәдениетті қалыптастырумен де тығыз байланысты. Қазақстандық Ғаламтор сегментіндегі оқырмандардың бүгінгі пікірталасының контент – талдауы тоғышарлық ретінде кӛрінеді, тіпті оның ӛзі сананы экстремистендіру
«мысалы» болып табылады.
Дінтану пәнінің жалпы курсын міндетті пән ретінде мектептердің жоғары сыныптарында да, колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курсында да оқыту ауадай қажет. Ӛкінішке орай, әлеуметтік- гуманитарлық пәндердің сағат кӛлемі мен санын қысқарту тенденциясы руханилықты жоғалту мен бей-жайлықты қалыптастырудың бір шарты болып бара жатыр. Ең бастысы, «Дінтану» пәнінің қандай мүмкіншіліктері бар және оны қазіргі күрделі жағдайда қалай пайдалану керек екенін түсінудің маңызы зор.
Зайырлы білім беру жүйесінде «Дінтану» пәні міндетті пәннің бірі болуы тиіс және ол оқушылар мен студенттерді ақпараттандыруға, дін түрлерінің кӛптігі туралы білімдерін қалыптастыруға, әлемдік діндердің мәдени дамудағы рӛлін, діннің тарихтағы және қазіргі уақыттағы рӛлін кӛрсетуге, сонымен қатар дінді саяси мақсатта қалай пайдаланатынын тусінуге бағытталған. Пән базалық матрица ретінде жалпы адами құндылықтар жүйесін қабылдауға кӛмектесуі керек.
Тілшілер қоғамдастығы үшін ӛткізілген бірқатар іс-шаралар тәжірибесі бізді дін тақырыбын жалпы дискурс ретінде де, діндарлықтың әртүрлі аспектілерін түсіндіру барысында да ашып жариялайтын адамдар үшін арнайы кәсіби қайта дайындау керек екендігіне кӛзімізді жеткізді. БАҚ-да экстремизмді болдырмау тақырыбын ретімен, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру позициясынан ашып, жариялау маңызды.
Қазақстандық қоғам үшін діни ағарту жұмысы ӛте ӛзекті мәселе. Дүкендер сӛресінде әртүрлі әдебиеттер толып тұрғанымен, бүгінгі күні елдегі азаматтардың дүниетаным аясында қажетті білім мен керек бағыт әлі жетіспейді.
Қазақстан Республикасында «Діни әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы» Заң бар болғанымен, оның қажетті қосымша заңнамалық актілері болмағандықтан іс жүзінде құқықтық пайдасы әзірше үлкен жетістіктерге әкеліп отырған жоқ. Сондықтан мемлекеттік конфессиялық саясатқа қатысты заңнамалық базаны әрі қарай жетілдіру талап етіліп отыр. Тұлғалық дамуға, топтық бірдейлік пен қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер ететін жалған діни, квазидіни, деструктивті әрекеттер туралы ереже жасау қажет. Эксперттік баға және қоғамдық мониторинг, сол сияқты бұқаралық қабылдау деңгейінде мәдениет құрушы және дін жамылған әрекеттерді нақты айыра білу керек. Дін, білім, тәрбие, отбасы – некелік қарым-қатынастар, ӛндірістік қатынастар саласында заңнамаларды жетілдіру мақсатында кешенді ӛзара байланысы бар ережелерді дайындауға кірісу қажет.
Зерттеулерде тӛзімділік, ар-ождандығы, дін туралы заң үшін іске асудағы тиімді және қайшылықсыз глоссарий жасау туралы дауларда ұғымның саяси әлсіздігін анықтау ӛте маңызды. Мониторинг тәжірибе жүзінде тәртіптік декларация мен оның фактілік іс-әрекетпен ӛлшенуі сараптық бағаны ғана талап етпейді, бірақ сонымен қатар олардың
мәртебелерін анықтауға мүмкіндік беретін жаңа діни ұйымдардың қызметі жӛніндегі қоғамдық пікір ескеріледі.
Діни негіздегі іс-әрекеттің мүмкіндік шекараларын орнықтырушы (мүмкін болатын жағдайларда) мониторинг әдістемесіне тиісті критерийлерді анықтау мен енгізуді талап етеді. Тексеру жүргізу үшін ғылыми- тұжырымдалған әдістер мен аксеологиялық бағамдар тұрғысынан а) қазақстандық қоғамда тарихи қалыптасқан және қабылданған жалпыазаматтық құндылықтар жүйесіне сәйкестік; б) шынайы тәжірибені жалпылау (тәжірибе, ӛнеге); в) ұйымның негативті қызметін бағалау, оның адам және қоғам үшін шынайы қауіптері мен мүмкін болатын нәтижелерін анықтау қажет.
Осы салада тиімді жұмыс істеу үшін жалған діни қызмет тексерісін жүргізуде әдістемелік комментарийлер, дінтану, дін философиясы, дін психологиясы, дін әлеуметтануымен айналысатын әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы сарапшыларды қайта даярлаудан ӛткізу қажет.
Негізінде, Қазақстанда дінді әлеуметтік институт ретінде қарастыру мен оның заманауи әлеуметтік-саяси үрдіске әсерін зерттеу жаңадан басталып келе жатыр. Идеологиялық үрдістерді тиімді басқару үшін басқару обьектісін білу қажет, яғни, бұқара санасының ауыспалы құрылымын. Оның кӛрініс табуы үшін үздіксіз мониторинг пен үлгіні қайта қалпына келтіру үрдісі қажет. Бастапқы үлгіні қалпына келтіру үрдісінсіз әсе ету ауқымын бағалау мен сәйкесінше құралдарды таңдау мүмкін емес болып табылады.
Кешенді әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер негізінде діндарлық үлгінің кӛрініс табуы ӛзекті болып табылады. Әлеуметтік тәсілдерді, философиялық әдістемелерді, саяси технологияларды қолдану діндарлық үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Философиялық концептуализациямен бірлескен діндарлық әлеуметтанулық мониторингі қоғамдық менталитеттің үлгіні қайта қалпына келтіру мүмкіндігін ашады.
Саяси жүйенің, әлеуеттік құрылым мен қоғамдағы экономикалық тәртіп трансформациясының жағдайында құндылықты басымдықтардың жүйесінде ӛзгерістер жүреді. Бұл орайда мемлекет пен қоғам азаматтық менталитетке идеологиялық тұрғыдан әсер етудің тетіктерінен айырылмауы керек. Діндарлық үлгісінің қайта құрылуы қазақстандықтардың заманауи дүниетанымы құрылымының ұдайы толығуына септігін тигізіп қоймай, діннің ӛмірдің азаматтық мәніне әсер етудің үдерістерін анықтайды. Діндарлықтың қайта жаңғыртылған үлгісі Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын, қоса алғанда діни ұйымдарды анықтайтын зайырлы мемлекет үлгісін қалыптастыру қағидаттарын құрауда кӛмектеседі.
Қазіргі ғылымның талаптары контексіндегі діндарлықң феноменін зерттеу діни қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге мүмкіндіктер тудырады. Түсініктер аппаратын жетілдірудің талабы діни ұйымдар қызметін сараптау бағасы мен қоғамдық мониторингте басқа елдердің тәжірибесімен ӛлшенген қазіргі инструментарийлерді қолдану қажеттілігі жеткілікті түрде айқын
кӛрініс табады. Діни ұйымдардың қызметін бағалаудың жиынтық әдісі негізінде оларды классификациялау; әлеуметтік нәтижелікті айқындау үшін белгілердің инновациялық жүйесі мемлекеттік басқарманың барлық субъектілеріне діни ұйымдармен ӛзара әрекет ететін мониторинг инструменттерін береді. Діни қызметтің шынайы кӛрінісі үшін барлық діни ұйымдарға азаматтық қоғамның ӛзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсыну және олардың жан-жақты талқылану мен бағалануының нәтижелерін таныстыру маңызды.
Қазақстанның діни ұйымдармен қатынасындағы мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты нығайту (консолидация), тұрақтылық және қазақстан қоғамының рухани жаңғыруы болып табылады. Мемлекет ӛзін қандай да бір дінмен сәйкестендірмейді, бірақ кез-келген тарихи-мәдени діни дүниетанымда тамырын жайған олардың позитивті әлеуметтік- адамгершіліктік әлеуетін қажет етеді, діншіл және дінге сенбейтін, түрлі діни ұйымдардағы, этноконфессиялық топтардағы адамдар мүддесін келістіруге, түрлі дүниетанымдар мен діни топтар арасындағы бір-бірін түсінушілікті қамтамасыз етуге талпынады. Қазақстандық мемлекет пен діни қауымдарда екі ортақ ынтымақтастық аясы бар: әлемдік және қоғамдық келісім насихаты және мәдениет жандануы.