1. Діни экстремизм ӛте күрделі әлеуметтік-құқықтық, саяси және этно-психологиялық мәселе бола отырып, кӛпқырлы және амбивалентті. Діни артықшылық пен айрықша құқықтық, діни алауыздық пен жеккӛрушілік, дінді саясаттандыру және кӛптеген тағы басқа радикалды қисынсыз кӛзқарастары мен әрекеттері түрінде пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады. Экстремизмнің генезисін талдаудан келесідей қарапайым тұжырым жасауға болады: аталмыш құбылыстың пайда болуына қарапайым мүдделердің қақтығысы мен саяси, экономикалық, әлеуметтік, конфессионалдық сипаттағы қайшылықтар негіз болады, сонымен қатар, әлемді деконструкциялаумен, дезинтеграциялаумен және тұрақсыздандырумен айналысатын нақты құрылымдардың діни экстремизмді экспорттауы.
2. Қазақстандық саясаттану, дінтану, құқықтану салаларына қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы діни экстремизм құбылысына қатысты нақты түсінік қалыптаспағандығын кӛруге болады. Діни экстремизмді салааралық әдіспен зерттеу осы құбылыстың салыстырмалы түрде қазақстандық қоғамда жаңадан кӛрініс табуымен және зерттелу тұрғысынан алғанда кең қамтылмағандығымен түсіндіріледі. Отандық және шетелдік сарапшылардың діни экстремизмнің мәнін, белгілерін, орын алу саласын анықтаудан тұратын теориялық тұрғыдан зерделеуге арналған еңбектері бар. Алайда, саяси және әлеуметтік құбылыс ретіндегі діни экстремизм гуманитарлық ғылымдар аясында жүйелі түрде зерттелмеген, сол себепті, әлеуметтік ғылымдардың түрлі салаларында жинақталған тәжірибелерді діни экстремизм құбылысы туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін қолдануға
болады. Сонымен, діни экстремизм – қоғам мен саяси әлеуметтік құрылым санасын түбегейлі ӛзгерту мақсатында толерантты емес сана, толерантты емес ой-пікір қалыптастыруға бағытталған радикалды феноменологиялық кӛрініс. Сонымен қатар, діни экстремизм қоғам ӛмірінің барлық деңгейінде конфессияаралық жанжалға, бӛлінуге ықпал етеді. Діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – қоғамның саяси және әлеуметтік ортасына ӛте ақырын және қулық жамылып кіретін «бейімделген діни экстремизм» болып табылады.
3. Діни экстремизмнің факторлық әсерін зерттеу барысында діни экстремизм кӛріністерінің әлемдік деңгейдегі динамикасы мен ӛсуі анықталды. Діни экстремизммен күрес бойынша мемлекеттік концепциялар тәжірибесінің сараптамасы (АҚШ, Корея Республикасы, Ресей, Батыс Еуропа елдері мен Ислам әлемі) діни экстремизм трансұлтты құбылыс болып табылатынын кӛрсетті және жалпы бірегей тұжырымдама жасау бірегейлік пен дербестік бірлігіне, яғни діни экстремизмнің пайда болуы мүмкін елдердің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, соған негізделуі керек.
4. Қазақстанның геосаяси орналасуы да діни экстремизм кӛрінісінің орын алуының маңызды факторы болып табылады. Осы тұста ел аумағында орын алған діни экстремизм мен терроризм құбылыстары сырттан енген
«экспорттық» сипатта екендігін атап ӛткен жӛн. Орталық Азияда орналасқандықтан біздің мемлекетіміз болып жатқан әлемдік және аймақтық саяси үрдістерден тыс бола алмайды. Орталық Азияндағы жағдайдың тұрақсыздығына қазіргі геосаясаттың кӛптеген ірі субъектілері мүдделі. Қарсылық әлеуетінің бар екенін пайдалана және радикализмнің ұшталған формаларын қолдана отырып, бұл «ойыншылар» қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерді қақтығыстарды желіктіріп, одан кейін оларды басқара отырып қарсылық пен радикализм әлеуетін бӛлшектейді, осылайша жаһандық геосаяси мақсаттарына жетеді. Бүгінгі таңдағы діни-саяси экстремизмнің ерекше белгісі оның мемлекеттік құрылымды ӛзгерту, билікті жаулап алу, мемлекет аумағының тұтастығын жою секілді мақсаттарына қол жеткізуде күш кӛрсету әдістерін қолдану болып табылады. Кӛрсетілген қауіптер аясында Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күресу маңызды, міндетті және қажетті мәселенің бірі. Мәлім болғандай, республикамыздың аумағында 130-дан астам ұлт пен ұлыс ӛкілдері тұрады. Сонымен қатар, 18 конфессияның 3088-нан астам тіркелген діни бірлестіктері ӛз қызметтерін жүргізуде. Плюрализм саясаты аясында ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау, қоғамның және барлық азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің ең басты міндеті.
5. Қазақстан Республикасы аумағындағы діни экстремизм кӛріністеріне талдау жасау біздің қоғам үшін діни экстремизм феномен болып табылатынын, ол қазақстандық қоғамның тұрақтылығын жоюға, «жау тілін» енгізуге және біздің кӛпконфессиялы мемлекетімізге түсініспеушілік енгізуге ұмтылған әртүрлі миссионерлер арқылы сырттан келген «кірме»
құбылыс екендігін кӛрсетті. Осы құбылысты зерттеу халық арасында діни ағарту мен білім беру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін кӛрсетті, соған байланысты осындай ұсыныстарды ҚМДБ мен діни білім мәселелерімен айналысатын мемлекеттік құрылымдарға беру қажет.
6. Қазақстан Республикасында «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заң бар болғанымен, оның қажетті қосымша заңнамалық актілері болмағандықтан іс жүзінде құқықтық пайдасы әзірше үлкен жетістіктерге әкеліп отырған жоқ. Сондықтан мемлекеттік конфессиялық саясатқа қатысты заңнамалық базаны әрі қарай жетілдіру талап етіліп отыр. Тұлғалық дамуға, топтық бірегейлік пен қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер ететін жалған діни, квазидіни, деструктивті әрекеттер туралы ереже жасау қажет. Эксперттік баға және қоғамдық мониторинг, сол сияқты бұқаралық қабылдау деңгейінде мәдениет құрушы және дін жамылған әрекеттерді нақты айыра білу керек. Дін, білім, тәрбие, отбасы – некелік қарым-қатынастар, ӛндірістік қатынастар саласында заңнамаларды жетілдіру мақсатында кешенді ӛзара байланысы бар ережелерді дайындауға кірісу қажет. Діни білім мен діни ағарту ісіне кӛзқарас формалды емес, онтологиялық сипатта болу керек.
Зерттеу жҧмысының сыннан ӛтуі және мақҧлдануы. Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми нәтижелері түрлі халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияларда, конгрестерде, сараптамалық баяндамаларда баяндалды. Диссертацияның негізгі идеялары 16 ғылыми мақалада кӛрініс тапты, соның ішінде Білім және ғылым саласында бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымда 5 мақала, Scopus компаниясының мәліметтер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымдарда 3 мақала, 6 ғылыми мақала халықаралық конференциялар материалдарында, соның ішінде 2 – шетелдік конференциялар материалдарында жарық кӛрген.
Докторлық диссертация қҧрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бӛлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.