Қазіргі кезде діни экстремизм ғылыми және әлеуметтік дискурста маңызды орынға ие болып отыр. Діни экстремизм құбылысымен пайда болған мәселелерді талқылау ғылыми және бұқаралық басылымдарда, теле-, радиобағдарламаларда белсенді түрде жүзеге асуда. Аталмыш құбылысқа қатысты белсенді пікір таластардың орын алуы оны қарастырудың қажеттілігі мен ӛзектілігін кӛрсетуде. Діни экстремизм мен экстремистік ұйымдар мәселелерімен кӛптеген шетелдік зерттеушілер айналысқан, алайда, аталмыш құбылыстардың күрделілігі мен құбылмалылығы себебінен: экстремизмнің тарихи ӛзгермелілігі және кӛптүрлілігі, сондай-ақ, осы құбылысты зерттеушілердің ӛздерінің идеологиялық кӛзқарастары, саяси- идеялық және әлеуметтік-философиялық ұстанымдары мен таңдауларының ықпалынан діни экстремизмді объективті тұрғыдан қарастыру қиындыққа толы болып отыр.
Осы орайда, діни экстремизм ұғымын жан-жақты талқылап түсіндіру мақсатында жалпы экстремизм ұғымына тоқталып ӛткен жӛн. Қазақстандық саяси, дінтану, құқықтану салаларына қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы діни экстремизм құбылысына қатысты нақты түсінік қалыптаспағандығын кӛруге болады.
Егер экстремизм сӛзінің этимологиясына үңілсек, «экстремизм» сӛзінің нақты мағынасы ХХғ. ӛзінде пайда болды. Қазіргі таңда экстремизм шектен шыққан радикалдық ұстаным (бағыт) ретінде түсініледі. Экстремист – біржақты кӛзқарасты (ұстанымды) берік ұстанып, қоғамдық қатынас тұрғысынан шектен шығатын қимылдарға дайын адам, ол ӛзінің саяси кӛзқарасы бойынша солшыл немес оңшыл болуы мүмкін.
Бірқатар сарапшылар экстремизм ұғымының бастауын саяси мүдделерді жүзеге асыру мақсатынан туындағандығын негізге ала отырып, «діни экстремизм» ұғымына да біржақты саяси мақсаттарды жүзеге асыру құралы ретінде қарастыруды ұсынады. Сол себепті, діни экстремизмнің пайда болу себептері мен белгілерін талдау арқылы оны саяси ғылым санаты ретінде қарастыруға ұмтыламыз.
«Діни экстремизм» ұғымы екі құрамдастырушы – экстремизмнің ӛзі мен діннің қатысуы арқылы тұжырымдалады.
Экстремизм термині латыншадан шектен шығушы дегенді білдіреді. Яғни, нақты тұлғаның, адамдар тобының, қоғамдастықтың нақты парадигмада орныққан моралдық нормаларға, салт-дәстүрлерге, құқық қорғау қатынастарына қайшы іс-әрекеттері.
Экстремизм нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатынын атап ӛткен жӛн. Және ол адам ӛмірінің барлық салаларында тұлғааралық байланыстарда,
қоршаған ортамен қатынастарда, саясат, дінге қатысты орын алады. Экстремизм ӛз мәнінде «агрессия» және «қылмыс» ұғымдарын қамтиды. Алайда, агрессия саналы әрі бейсаналы болатын болса, экстремизмге мотивация тән. Сол себепті, экстремизм адамдарға қатысты орын алатын әлеуметтік құбылыс болып кӛрінеді. Экстремизм зорлық кӛрсетуге бағытталған тәрбиенің немесе сыртқы факторлардың тұлғаға кері ықпалынан пайда болатын салдар. Мысалға, заманауи ғылымда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін келесі факторларды кӛрсетеді:
- әлеуметтік психологиялық және ӛнегелік (ӛзгелердің пікірлерімен санаспаушылық, айналадағы жағдайды дұрыс пайымдай алмаушылық, психологиялық тұрақсыздық (шектен тыс психологиялық белсенділік, тез қабылдаушылық немесе жастық максимализмі, бұлардың барлығы тек арнайы жағдайларда немесе ӛзге факторлармен қатынасқа түскен кезде ғана пайда болады);
- әлеуметтік-экономикалық (материалдық жағдайының тӛмен болуы, әлеуметтік теңсіздік);
- идеологиялық (жалпы идеологияның әлсіздігі немесе болмауы);
- жұмыспен қамсыздандыру;
- әлеуметтік тарихи (репрессиялар салдары, соғыс, гуманитарлық апаттар, т.б.) [25].
Жоғарыда берілгендерден байқалғандай, экстремизмнің генезисін талдаудан келесідей қарапайым тұжырым жасауға болады: аталмыш құбылыстың пайда болуына қарапайым мүдделердің қақтығысы мен саяси, экономикалық, әлеуметтік, конфесионалдық сипаттағы қайшылықтар негіз болады.
Қоғамдағы кез-келген топтардың аталған мүдделерді (саяси, діни, этностық және т.б.) қандай да бір себептермен қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырылуы оларды ӛз мүдделерін жүзеге асыруда шектен тыс әдістерді қолдануға, яғни экстремистік әрекеттерге итермелейді. Осы тұста Қырғыз сарапшысы М. Койчукуловтың, «экстремизмнің пайда болу табиғаты наразылық сипатында кӛрініс табады: саяси режимге кӛңіл толмаушылық, әлеуметтік теңсіздік, кейбір әлеуметтік, нәсілдік топтар мен конфессиялардың қоғамдағы орындарына кӛңіл толмаушылықтар» [26].
Сонымен қатар, орын алатын қақтығыстардың барлығы бірдей антиәлеуметтік, зорлықшыл, заңға қайшы фомада болмайды. Орын алған әрекеттерді нақты экстремистік немесе экстремистік емес деп бӛлу үшін экстремизмнің нақты критерилерін анықтау қажет. Экстремизм критерилерін анықтаудағы басты мақсат тек қоғамға қайшы, заңсыз әрекеттердің орын алуына себепкер болатын деструктивті идеялардың (дiни ӛшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыратын) алдын-алу үшін ғана емес, сондай-ақ, оларды осы критерилерге жатпайтын идеялардан ерекшелеу үшін де қажет. Мұнда экстремизм критерилерін тізбелеудің нақты бірыңғай жүйесі жоқ
екендігін, әр сарапшы-ғалым ӛз критерилер тізімін ұсынатындығын ескерткен жӛн. Экстремизмнің критерилерін кӛрсеткен шетел сарапшыларының ішінен ресейлік сарапшы М. Красновтың критерилеріне тоқталып ӛтуге болады:
- адамдарды таптық, мүліктік, нәсілдік және діни белгілері бойынша бӛлу;
- жоғары конституциялық құндылық ретіндегі адам құқықтарын жоққа шығару;
- ашық плюрализм, идеяларды ашық таратумен алмасу мүмкіндіктерін жою;
- мемлекеттік идеология ретінде жалғыз идеологияны орнықтыру [3].
Әрине, жоғарыда берілген критерилер экстремизмді бағалау тәсілдері мен амаладарының объективтілігін бере алмайтыны анық, дегенмен де, экстермизм құбылысыны тиімді анықтаудың құралы ретінде қолдануға болады. Оның негізгі қағидаты адам, қоғам және мемелекет мүдделері мен құқықтарын қаматамасыз етуге қауіп тӛндіретін әрекеттер, кӛзқарастар мен идеяларды бағалау белгісі болып табылады. Мысалға, Ш. Акинердің пікірінше, экстремистер қатарына «ӛз идеяларын тек жеке ӛмірінде ғана емес, мүмкін болатын заңдық, заңсыз шеңбердегі әдістер арқылы қоғамға таңуды қалайтындар жатады» [2].
Жоғарыда берілген кӛзқарастарды талдай отырып, келесідей екі тұжырым жасауға болады. Біріншіден, қоғамның кейбір топтары немесе жеке тұлғалары ӛз мүдделерін радикалды түрде қорғаулары қоғам мен мемлекеттің мүдделері мен құқықтарын сақтауға қауіп тӛндіретіндей болған кезде ғана шынайы экстремизм кӛрінісі туралы айтуға болады. Екіншіден, орын алған кӛріністерді экстремизмге жатқызу үшін нақты критерилердің болуы қажет, ӛйткені ол экстремизммен күресті ӛзге кӛзқарастағылармен күреске айналмауына, плюралистік пікірлердің сақталуы мен ар-ождан және діни-сенім бостандықтарының сақталу қағидаттарының бұзылуынан сақтайды. Сондай-ақ, экстремизмнің антиқоғамдық және антидемократиялық сиапттарын ескере отырып, экстремизмге қарсы күрестің уақытылы әрі тиімді жүзеге асуы мемлекет қауіпсіздігі мен оның азаматтарының бостандықтар және құқықтарының сақталуына кепіл болады.
Ал мемлекет пен қоғамның экстремизм кӛріністеріне қарсы қимылдарының сапалы түрде әрі дер кезінде жүзеге аспауы мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесінің құлдырауына әкеледі. В. Зорин және Э. Паин сынды Ресей сарапшылары экстремизм құбылысына қарсы уақытылы жүзеге асырылмаған қызметтің салдарын келесідей етіп кӛрсетеді:
- саяси салада еріктілік айтарлықтай ұлғаяды, яғни, шын мәнінде маргиналды болып табылатын саяси күштер беделге ие болады, салдарынан саяси этиканың жалпы деңгейі тӛмендеп, оның ықпалы барлық қоғамдық ӛмірге таралады;
- қоғамда тӛзімсіздік ахуалы күшейеді, салдарынан саяси жүйенің тұрақтылығы азаяды;
- зорлыққа жол беріледі және ол мақсатқа жетудің таңдаулы әдісі ретінде кӛрініс табады. Бұл әсіресе жастарға кері әсер етеді, ӛйткені олар идеялық астар мен соңғы нәтижелерге қарамастан түбегейлі қимылдарға және мұндай қимылдарды романтизациялауға жақын болады. Бұл жағдайды экстремистік қозғалыстардың идеологтары мен ұйымдастырушылары тиімді қолдана отырып, «идея үшін» кез-келген террористік актіге немесе қылмысқа дайын тұратын фанатиктарды қалыптастырады;
- соңында үрей азаматтық ӛмірдің ӛзегіне айналады, ал бұл елдегі саяси ахуалды тұрақсыздандыруға қажет қолайлы жағдай болып табылады [27].
Осылайша, экстремизмге қарсы шараларды уақытылы жүргізу арқылы мемлекет мемлекеттік жүйелердің қалыпты қызметі мен тұлғаның, қоғамның мүдделері, бостандықтары мен құқықтарын қаматамасыз етіп қана қоймай, жалпы алғанда, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғайды. Шын мәнінде, экстремизмге қарсы күрестің тиіміділігі оның пайда болуына себеп болатын кӛріністерді уақытылы шешуге тікелей байланысты.
Бұдан діни экстремизм мәселесі әлем мемлекеттерінің саяси, экономикалық даму деңгейлеріне қарамастан бірдей ӛзекті болып отыр. Экстремизмнің әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, экологиялық және т.б. мәселелерді шешу құралы ретінде кез-келген қоғамда, мемлекетте, соның ішінде саяси тұрақты, экономикалық дамыған мемлекеттерде де пайда болу кӛріністерін әлем тәжірибесі кӛрсетіп отыр.
Сондай-ақ, аталмыш әлемдік тәжірибе қоғамның экстремизмді қабылдау деңгейінің жоғары болу кӛрінісі «ӛтпелі кезеңдегі мемлекеттерде» жоғары екендігін кӛрсетіп отыр. Қысқа уақыт мерзімі ішінде саяси және экономикалық жүйесін қайта қалпына келтіру жағдайын ӛткерген елдерде деструктивті ағымдардың, соның ішінде экстремизм кӛріністері жиі орын алатындығы байқалады.
Әр мемлекет пен қоғам үшін экстремизмнің пайда болу себептері әртүрлі, олар субъективтік және объективтік жайттарға қатысты болады. Дегенмен де, экстремизмнің пайда болуы мен таралуына қажетті базистік жағдайлар анықталған, олар барлық қоғам мен мемлкеттерге сәйкес келеді. Мысалға, Д. Ольшанский, заманауи шарттылықтарда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін келесідей факторларды айқындайды: әлеуметтік- экономикалық дағдарыстар, халықтың басым бӛлігінде ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуі, саяси институттар мен билік құрылымдарының шұғыл деформациялануы, олардың қоғамдық дамуға қатысты қордаланған мәселелерді шеше алмауы, саяси режимнің тоталитарлық сипатта болуы, билік тарапынан оппозицияны басу, ӛзге пікірдегілерді бақылау, ұлттық негіздегі езгі, жекелеген топтардың ӛз мүдделерін шешуге ұмтылыстары, лидерлердің саяси амбициялары және т.б. [19].
Мұндай фаткорлардың жиынтығы қандай да бір экстремистік актінің орын алу себебін түсіндіріп бере алмайды, ӛйткені экстремизм кӛрінісі орын алған әр қоғамда, мемлекетте ӛзіндік ерекшелікке ие факторлар әсер етеді. Алайда, жоғарыда берілген факторлық талдау қазіргі қоғамда экстремизмнің пайда болуы туралы жалпылама түсініктерді қалыптастырады. Кӛрсетілген негізгі себептерді жиынтықтай келе, экстремизм үздіксіз жалғасып отыратын саяси тұрақсыздық кезінде, мемлекеттік институттардың әлсіздігі, сондай-ақ, экономикалық дағдарыс жағдайларында белсенді бола бастайды деген тұжырым жасауға болады. Кейбір зерттеушілер ӛздері ұсынатын негізгі факторлардан бӛлек экстремизмнің пайда болуы мен таралуына жанама түрде әсер ететін факторлар тобын ұсынады. Мысал ретінде оларға:
«экстремизм кӛріністерімен күресетін мемлекеттік немесе халықаралық жүйелердің тиімсіздігі; тұрғындардың, олардың кейбір топтарының саяси және құқықтық мәдениетінің тӛмен болуы; мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы, әлеуметтік шиеленістердің күшеюі және т.б.» [4].
Берілген себептерді саралай отырып, жалпы әлеуметтік теңдік орнаған, экономикалық игіліктердің теңдей бӛлінуі жүзеге асқан, яғни, қоғамның барлық мүшелеренің мүдделері теңдей сақталған қоғамда экстремистік кӛріністердің орын алу мүмкіндігі азаяды немесе жоғалады деген пікір білдіруге болады. Бұл пікір бір жағынан утопиялық сипатқа ие, ӛйткені, экстремистік кӛріністер орын алған елдегі саяси, экономикалық-әлеуметтік ахуалдың тӛмендейтіні ӛздігінен белгілі. Сол себепті, адамзаттың созылмалы ауруына ұқсаған экстремизм кӛрінісін түбегейлі жою мүмкін емес болып кӛрінеді. Сондықтан оның қаупін тӛмендету жұмыстары жүргізіледі, мұндай жұмыстар үнемі туындап отыратын экстремизм себептерінің алдын алу секілді шараларды үнемі жүргізуді талап етеді.
Экстремизмнің критерилері мен пайда болу және таралуына жағдай жасайтын себептерге қатысты жалпы түсініктерге тоқталғаннан кейін, оларды ескере отырып экстремизмге нақты дефиниця беру қажеттілігіне тоқталамыз.
Айтылып ӛткендей, экстремизм туралы біржақты ортақ анықтаманың жоқ екендігін атап ӛткен жӛн. Ұлттық және ӛзге де мүдделердің қайшылықта болуы себебінен, және оларды іс жүзінде үйлестірудің мүмкін еместігін ескере отырып аталмыш терминдерге ортақ анықтама жасаудың тиімсіздігі мен мүмкін еместігін анықтауға болады. Экстремизмнің, сондай-ақ, ӛзге де мәндес терминдердің, ең алдымен терроризм терминін анықтауға бірыңғай тәсілдің қалыптаспауы, бірақатар елдердің, саяси институттардың, жеке сарапшылардың экстремизмді бағалауды саясиландыру салдарынан деген тұжырым жасауға болады. Әр тарап аталған құбылысты анықтауда пайда болған жағдайды ӛзіндік тұрғыдан, яғни ӛзіндік мүдделер мен қауіпсіздік тұрғысынан бағалайды. Бір тарап үшін экстремизм ретінде анықталған кӛрініс, екінші тарап үшін қауіп тӛндірмеуі мүмкін,тіпті оның қандайда бір мүдделері үшін ыңғайлы болуы ықтимал.
Айтылғандарды тұжырымдай келе, экстремизм құбылысына ортақ, бірыңғай анықатама берудің мүмкін еместігін ескере отырып, экстремизмді – мемлекет пен қоғамның қалыптасқан ортақ саяси, әлеуметтік, идеолгиялық негіздерін түбегейлі ӛзгертуге бағытталған идеялар, әрекеттер, кӛзқарастардың кӛрінісі. Олар тұлғаны, қоғамның және мемлекеттің құқықтары, мүдделері мен бостандықтарын қаматамасыз ету мен қауіпсіздігін қорғауға ауқымды қатерлер туындатады деп анықтауға болады.
Әрине экстремизмнің дефинициясын анықтау оның ұғымдық кеңістігін сапалы зерттеу үшін жеткіліксіз екендігі сӛзсіз. Мазмұны жағынан экстремизмге жақын, ӛзара байланысты құбылыстарды зерттеу қажеттілігі туындайды. Ол құбылыстардың ӛзара тәуелділігі мен ӛзара байланыстарының логиқалық құрылысын анықтауға, зерттеулерде терминологиялық реттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі анық, ол жеке зерттеулерді қажет етеді.
Қазіргі таңда экстремизмнің экономикалық, экологиялық, ұлттық түрлерінің қатарынан діни экстремизм құбылысына ерекше назар аударылуда. Діни экстремизмді белгілі бір діни сенімдегі ұстанымның шектен шыққандығын, оның жеке және әлеуметтік топтардың дүниетанымы мен іс-әрекеттеріндегі кӛріністерін айтуға болады. Сонымен бірге, діни экстремизм қоғамда қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, агрессивтік пиғылда ӛз дүниетанымын, ұстанымдарын басқаларға мойындату үшін әртүрлі күрес жолдарын таңдайтыны да белгілі. Күрес жолдары үгіт насихаттан бастап қорқыту, үрейлендіру,манипуляция, гипноз, және адам ӛліміне алып баратын шектен шыққан іс-әрекетке дейін болатыны белгілі.
Сонымен қатар, діни экстремизм экстремизмнің саяси, ұлттық және т.б. түрлері секілді радикалды топтардың діни, саяси немесе экономикалық салаларда басымдылықтарға ие болу жолындағы құралы ретінде қолданылады. Діни экстремизм клерикализм немесе діни фундаментализм құбылыстарымен жиі қабысып отырады, әсіресе діни фундаментализм діни экстремизм платформасы ретінде қолданыс табады. Сондай-ақ, діни экстремизм мәдениетаралық және ұлтаралық қатынастар саласында қолданылады. Бұл жағдайларда ол саяси немесе ұлттық экстремизмнің идеологиясы ретінде кӛрініс табады. Діни экстремизм экстремистік қимылдардың ӛзге түрлерімен тығыз байланыста болып олардың түрлі саяси мүдделеріне қол жеткізуде идеологиялық және ұйымдастырушылық қызмет атқарады.
Қазіргі таңда мемлекет, қоғам мен конфессиялар діни экстремизм кӛріністерінің пайда болуымен аталмыш қауіптерде ӛз бетінше қимыл атқаруда. Дінге сенушілер ортасындағы экстремизм кӛрінісі экстремизм ретінде емес, ӛзге діннің қауіпті үндеуі, прозелетизм, діни соғыс (егер бір конфессияның ішінде болса – секта) түрінде қабылданса, мемлекет пен қоғам үшін діни әлеумет ішіндегі деструктивті қимылдар немесе дін шеңберінен
шығып, мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылықты бұзатын діни агрессия радикализм немесе экстремизм ретінде қабылданады.
Нақты бір парадигмаға қатысты діни экстремизм құбылысы бар, сондықтан діни экстремизм эксперттік категория ретінде орынды деуге болады. Осы орайда, Ресей зерттеушісі А.П. Забияконың аталмыш құбылысқа берген анықтамасына тоқталып ӛткен жӛн: «Діни экстремизм қалыптасқан салт-дәстүрлерге ымырасыздықпен бағдарланған діни идеология мен қимыл типі, ішкі діни ортадағы және сыртқы әлеуметтік ортадағы шиеленістің күшеюі. Экстремизм келесідей ағымдар арқылы кӛрініс табады:
1. қандай да бір кофессия ішінде догмалар, құндылықтар мен нормалардың радикализациялануы арқылы (христиандықтағы анабаптизм, исламдағы уахаббизм және т.б.);
2. түрлі ілімдердің синкреттелуі арқылы қалыптасқан конфессиялардан тыс немесе жаңа доктринаның қалыптасуы (АУМ синрике). Экстремизмнің мақсаты қалыптасқан діни жүйені түбегейлі немесе оның ауқымды бӛлігін ӛзгерту болып табылады.
Мақсаты тұрғысынан діни экстремизмнің екі негізгі типін кӛрсетуге болады ішкі конфессиялық бағдардағы және әлеуметтік бағдардағы. Бірінші тип ӛз мақсатын қалыптасқан діни ілімдерге, культтік тәжірибеге немесе діни институттарға қайшы қоюмен байланысты. Екінші типтегі діни экстремизм діни ӛзгерісті жеке тұлға мен қоғамды ӛзгертуге бағытталған діни күш ретінде қарастырады. Ішкі конфессиялық бағдардағы діни экстремизм діни және зайырлы билікпен қақтығысқа ұшырағанда әлеуметтік радикализация түрінде ӛзгеріске ұшырап, әлеуметтік қарсылық пен ӛзгеріске айналады [5].
Ӛз мақсаттарына қол жеткізу үшін діни экстремизм қалыптасқан қоғамдық нормалардың шегінен шығатын әдістерді қолданады; құқықтық нигилизм, діни немесе зайырлы құрылымдар мен институттарды мойындамау. Діни ӛмірдегі діни экстремизмнің салдары радикалды діни ағымды жою, немесе онымен мәмілеге келу арқылы ӛзгерген діннің пайда болуына, немесе діннің ыдырауы арқылы жаңа діни ағымның, сектаның пайда болуына әкелетін конфессия ішіндегі қайшылықтар болып табылады. Қоғамдық ӛмірде діни экстремизмнің салдары экстремистік топтардың қоғамды радикалды түрде ӛзгерту бағдарламасынан ерікті немесе қысым кӛрсете отырып бас тартуы немесе экстремистермен мәмілеге келу арқылы әлеуметтік реформалардың орын алуы, сирек жағдайларда қоғамның клерикалдануы болып табылады.
Діни экстремизмнің негізгі бағыттарына қатысты экстремизмнің келесідей ӛзгерістерді жүзеге асыратын түрлері анықталады:
1) конфессияны терең деформациялауға бағытталған – ішкі конфессиялық;
2) легитимді емес, зорлықты жолдар арқылы ӛзге конфессияларды жоюға бағытталған – сыртқы конфессиялық;
3) тұлғаның деструктивті ӛзгеруіне бағытталған – тұлғалық-бағдарлық;
4) этносты және этносаралық қатынастарды радикалды түрде ӛзгертуге, жат этнодіни топтарды жоюға бағытталан – этнодіни экстремизм;
5) мемлекеттің құқықтық жүйесі мен мемлекетаралық қатынастарды ӛзгертуге бағытталған – діни-саяси-экстремизм;
6) әлеуметтік экономикалық жүйелерді ӛзгертуге бағытталған – әлеуметтік-діни экстремизм; және адам тіршілігінің ӛзге де салаларына бағытталған діни экстремизм болып бӛлінеді [5].
Зерттеудің концептуалды түсініктік аясында ӛзге сенімдегілерге басымдық орнату әдісі ретінде діни экспансия жағымсыз сипаттағы жауапты реакцияларды туындататынын атап ӛткен жӛн. Осы тұста діни экстремизм жаңашыл мен дәстүрлі мәдениеттердің қайшылыққа түсу кӛрінісі болуы да мүмкін. Тарихи шеңберде орын алған гуманизм, ағарту, рационализм секілді кезеңдерден соң архаикалық рухани және әлеумттік құрылымдар ӛзгеріп, олардың орнына дәстүрлі қоғам қағидаларына қайшы келетін құндылықтар қалыптасты. Осы тұста діни экстремизмнің пайда болуын дәстүрлі қоғам құндылықтарын сақтау тәсілі ретінде қарастыруға болатын секілді. Ӛйткені, қазіргі таңдағы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бірінші орынға қойылып, барынша қорғалатын қоғамды діни ілімдер мен қағидаттарын негізінде ӛзгерту әрине діни экстремизм ретінде бағаланатыны анық.
Бірақ бұл жерде діни экстремизмді анықтап беретін негізгі діндер алдыңғы орынға шығады. Мысалы, қазақ даласында пайда болған діндердің барлығы бірдей нақты тарихи миссияны атқармады. Ал кейбір сенімдер мен діндер, тәңіршілдік пен ислам, әсіресе, соңғысы мәдениеттүзушілік басымдылыққа ие болып, қазақ халқының этностық қалыптасуы мен географиялық тіпті геосаяси айқындалуына ықпал еткені анық. Ислам ұлттық мәдениет пен дәстүрге сіңісіп, дәстүрлі ұстанымдарға айналды.
Осы тұста, саясаттанушылар, дінтанушылардың кез-келген діни экстремизм доктриналық алғышарттарға ие, себебі, кез-келген конфессия ӛмір ақиқатын тек ӛзіндік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылады, ӛйткені, кез- келген дін ӛзін ғана барлық жаратылыс сұрақтарына анық жауап беруші әрі шынайы ақиқат ретінде, ал ӛзге діндерге ашық немесе ұстамды түрде күмән келтіретіні анық дегенге саятын пікірлері бүгінгі күннің ақиқатына сәйкеспейді. Себебі, түрлі діндердің сенім жүйелерінің бір-біріне сәйкеспеуі түрлі дін ұстанушылар арасында қақтығыстар туындатпайды.
Айтылған пікірдің күмәнділігін кӛрсететін мысал, қазіргі таңдағы конфессияаралық немесе дінаралық қатынастар тікелей субъективті факторға байланысты болып отыр және нақты саяси тұлғалар, немесе топтар ӛз саяси мүдделері үшін діни жамылғыны пайдалану арқылы діни экстремизмнің мазмұнын ӛзгерте алады.
Діннің кең таралуына немесе ұлттар мен ұлыстардың тарихи орын ӛзгертулері салдарынан пайда болған кӛпконфессиялы қоғамдардағы діни келісім үлгісі бола алады. Мысалға, қазақстандық қоғамдағы дәстүрлі ислам
мен православиеден ӛзге католицизм, буддизм, индуизм секілді діндер мен сенімдердің мәдени алуандылықты түзе отырып, ортақ құндылықтарды насихаттайтындығын байқауға болады.
Жоғарыда айтылғандарға қайта оралатын болсақ, діни экстремизм экстремистік әрекеттердің бір формасы болып табылады және оның мазмұны бір субъектілердің ӛзге субъектілерге басымдылығына ұмтылу ретінде бағаланады. Аталмыш әрекеттің жүзеге асу шарты мен жағдайына байланысты оған идеологиялық сипаттама беріледі, мысалы саяси, ұлттық және діни. Шын мәнінде оларды жеке дара бӛліп қарастыру шартты түрде жүзеге асады, ӛйткені іс жүзінде олардың жеке орын алуы сирек кездеседі. Осы себептерге байланысты кӛптеген қазіргі заманғы сарапшылар діни экстремизм ұғымына діни саяси, этнодіни секілді қосымшаларды қолдануды ұсынуда.
Қазақстандың ғалым Т.Қ. Бӛрібаев: «Діни экстремизм мен саяси экстремизмнің ара қатынасын ажырата отырып, бұл екі құбылыстың ӛзара тығыз байланыста екенін атап ӛткен жӛн. ХХI ғасырда бұл екі құбылыс бір- бірін толықтырып қана қоймай, олардың мақсат мүдделерінің белгілі бір ситуацияда бір жерге тоғысуы да діни экстремизмге ерекше сипат беретінін ескерген жӛн. Діни экстремизм саяси экстремизммен байланысты болғанмен, олардың мақсаттары әр түрлі. Саяси экстремизмнің мақсаты билікті басып алып, елдің саяси жүйесін ӛз мүдделеріне сай ӛзгерту болса, бұл жолда діни экстремизм жәй қол жаулық күйінде қалатынын айта кеткен жӛн. Діни экстремизмнің мақсаты белгілі бір діндегі сенімді қайта қарау, сол діндегі фунаменталдық догматтарды, базалық ұстанымдар мен қағидаларды қайта құру үшін күрес болып келеді. Бұл екі экстремизмді біріктіріетін - ол зорлық, үрей» деген пікір білдіреді [28].
Діни идеологияны ұлтшылдардың, сепаратистердің қолдануы, әсіресе халықтардың этностық және діни сәйкестенулері бірдей болатын жағдайда діни экстремизмнің шеттен тыс қатал формалары пайда болады. Сол себепті,
«діни экстремизм», «діни-саяси экстремизм», «қылмыстық діни экстремизм» ұғымдарын «діндегі экстремизм» ұғымымен бірге қарастырған жӛн, ӛйткені ол экстремизм құбылысының барлық қабаттарын қамтиды.
Зерттеуде «діни экстремизм» ұғымы арқылы дінаралық және конфессия ішіндегі қатынастар саласында шектен шыққан амалдарды қолданушыларды айтамыз, олар ӛзге сенім ӛкілдеріне ӛз діни ұстанымдары мен құндылықтарын таңуда зорлық және психологиялық әдістерді қолданумен ерекшеленеді.
Діндегі экстремизм мәселесі объектілік мәселе емес, ол субъектілік мәселе. Басқаша айтқанда, экстремизм дінде таным объектісі ретінде кӛрініс таба ма деген сауал емес (ӛйткені құбылыс ретінде ол бар), сауал кім (субъект) экстремизмді айқындап, түсіндіреді және осы айқындау мен түсіндіру қандай парадигмалық контекстіде жүзеге асады деген нұсқада қойылғаны жӛн.
Әдетте, дінге сенуші тұлға үшін дінде экстремизм жоқ, құбылыс ретінде экстремизм дінсіздік санада пайда болған, мұндай түсіндірмеде діни экстремизм мен терроризм саяси манипуляцияны немесе діннің саясилануын кӛрсетеді. Саясаттану мен дінтануда діни әрекеттердің шеткері (экстремалды) формалары түсіндіру үшін «діни экстремизм», «діни-саяси экстремизм» немесе «діни негіздегі экстремизм» терминдері қолданылады. Кейбір сарапшылар мен саясаттанушылар, құқықорғаушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер күрделі діни мәселеде саяси әдептілік пен толеранттылыққа шақыруда. Осы күрделі мәселеде дінтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы нақты анықталған ұстанымдарға ие емес. Олардың бір тобы «діни экстремизм» терминін қабылдаса, екінші тобы бұл термин орын алып отырған кӛріністің мәнін ашып бере алмайды деген пікірде. Ал дәстүрлі діндердің ӛкілдері діндегі экстремистік әрекеттерді дінге жат псевдодіни деген ұстанымда. Бұл орынды да әлемдік діндерге экстремисттік әрекеттер жат, олардың ӛкілдері мемлекеттің сәйкесті құзырлы органдарымен бірге аталған кӛріністерге қарсы қимылдарға қосылуда.
Діни экстремизм немесе діндегі экстремизм мәселесін тұжырымдық тұрғыдан түсінудегі бірізділіктің болмауының ӛзі экстремизм кӛрінісіне қарсы шығушылардың ӛздерінде талданып отырған мәселенің нақты бір шеңберде талқылануы үшін қажетті бірыңғай координаталар жүйесі, бірыңғай құндылықтар, бірыңғай парадигманы анықтай алмауында болып табылады.
Жоғарыда айтылып ӛткендей, «діндегі экстремизм» діни экстремизмге қатысты жалпы ұғым болып табылады, ол қоғамдағы діни қатынастарды да қозғайтын экстремистік әрекеттердің кең қабаттарын қамтиды. Мұнда діни ағым мүшелерінің экстремистік қимылдарының барлығы бірдей эктремистік ретінде сипатталмайды. Деструктивті діни ұйымдардың мүшелері ӛз кӛсемдерінің бұйрықтарымен радикалды әрекеттер жасай отырып, кӛсемдері мақсат ретінде айқындап отырған ӛзге дін ұстанушыларға басымдық орнатуды білмеуі де мүмкін. Сонымен қатар, осы құбылыстарды объективті тұрғыдан зерттеу мен олардың себеп-салдарын анықтау барысында экстремистік әрекет діни басымдылыққа ұмытлу мақсатымен біріккен тұсында діндегі экстремизм кӛрінісі болып табылады.
Осы орайда, діндегі экстремизм мәселесін зайырлы қоғам тұрғысынан қарастыру орынды болып кӛрінеді. Әлемді әлеуметтік-саяси және құқықтық әдістер арқылы танитын зайырлы (секулярлы) мемлекет діни координаталар жүйесін қабылдай алмайды. Мемлекеттік қағидаттардың діни парадигмалық контекстке ӛтуінде клерикалды мемлекет пайда болады. Кӛптеген дәстүрлі дінді ұстанушылар діни экстремизм жоқ деген түсінікті алға тартады және олар ӛз тұжырымдарын «ӛйткені, дін жаман болуы мүмкін емес» немесе «дін жамандыққа үйретпейді» деген аргументтермен дәлелдеуге ұмтылады, ал мұның ӛзі осындай пікір иесі ӛз ойларын діни парадигма аясында тұжырымдайтынын білдіруі мүмкін. Мұндай тұжырым үшін нақты
аргументацияның қажеті де жоқ, ол үшін дін – ақиқат, ізгілік деген сенім жеткілікті. Ал ақиқатта, ізгілікте экстремизм секілді қайшылыққа орын жоқтығы онсыз да түсінікті. Әрине логикалық тұрғыдан мұндай тұжырым орынды. Алайда, біз қолданып отырған діндегі экстремизм мәселесінде экстремизмнің конфессияның ішкі қатынастарында да сыртқы конфессияаралық қатынастарда да пайда бола алатындығын кӛрсетеді.
Мысалға, батыстық саяси тұлғалардың, сарапшылардың діни экстремизге қатысты, «конфессияаралық қатынастардағы экстремизм дінге сенбейтіндермен соғыс» деген пікірлеріне тоқталуға болады. Олардың пікірлерінше, діни жүйеде экстремизм құндылықтары жоқ, алайда дінсіздермен (ӛзге діншілдер, т.б.) соғыстар – «жиһад», «крест жорықтары» бар [6].
Дінде экстремизм жоқ, ӛйткені ӛз сенімін қорғау (миссия, жиһад, ӛзге сенімдегілермен күрес арқылы) кӛптеген конфессиялардың негізгі доктриналарының бірі болып табылады, сол себепті «экстремизм» термині діни парадигмада легитимді емес. Салыстыру үшін мемлекет те тек діни құндылықтар жүйесін жетекшілікке ала алмайды. Дін – тек ізгілік деген негіздегі дінде экстремизм жоқ деген тұжырым діни дүниетанымның белгісі, алайда осы тұжырымның біржақтылығы оның саяси саламен байланысында анық байқалады. Осы құбылысты зерттеу әдісінде «қос стандарттар» саясаты кӛрініс табатыны жасырын емес, мұнда бір ағымдардың әрекеттері экстремистік деп классификацияланса, келесілерінің дәл сондай мазмұндағы әрекеттері легитимді түрде қабылданады. Дінде «экстремизм» термині легитимді емес және ол қабылданбайды, алайда ол саяси ғылымда және дінтануда «экстремизм» деген атауға ие болған құбылыстардың дінде кездесуін жоққа шығара алмайды.
Саяси, діни немесе этностық экстремизмді қарастыруда саяси ғылым діни қауымдастықты этностан немесе әлеуметтік топтан тыс феноменологиялық ерекше құбылыс ретінде қарастырмайды. Мұнда құбылыстың пайда болуынан оның әлеуметік-саяси сипаттамасы маңызды.
Кӛптеген саясаткерлер мен дінтанушылар экстремизмге құбылыс ретінде сипаттама беруде қойылған мақсаттарға зорлық кӛрсету арқылы қол жеткізіледі деген тұжырым ұсынады. Сол себепті, саяси ғылымда экстремизм
– саяси тәжірибедегі радикалды идеялар мен мақсаттарға бағдарлану, ал оларды жүзеге асыру легитимді емес, қарулы (мемлекеттік тұрғыдан) әдістер және құралдар (терроризм, діни, нәсілдік жеккӛрініштілікті туындатуы, қарулы қақтығыстар және т.б.) арқылы орындалады. Сонымен қоса, радикализм мен экстремизмнің мұндай формаларға түсуі олардың ӛзге мәдениетте пайда болуынан деген пікір келтіруге болады. Мысалға, уахаббилік Сауд Арабиясында немесе Египетте абсолютті легитимділікке ие, ал Түркияда қатаң қудаланады, Дағыстанда заң жүзінде тыйым салынған, дәл осы кӛріністе, яғни, Сауд Арабиясы мен Египетте дәстүрлі, ал Түркия мен
Дағыстанда жаңашыл болуынан басым конфессиялармен қайшылыққа түсіп әлеуметті және саяси жүйені қайта ӛзгертуге ұмтылады [7].
Кез келген мемлекет үшін жат формадағы діншілдік формасының сыртқы мәдениет ретіндегі ішке енуі – ӛзге мемлекеттердің қандай да бір мемлекеттің діни платформасына әсер ету формасы – діннің радикализациялануы мен саясилануының факторы болып табылады. Діннің саясилануы, сәйкесінше радикалдануы діни платформасы сыртқы әсерге ұшыраған мемлекеттің ықпалынан және кӛп жағдайда мақсатты түрде әрекет етіп отырған екінші мемлекеттің әсерінен жүзеге асады. Мұндай құбылыстар салыстырмалы түрде алғанда жаңадан пайда болып отырған жоқ. Аталмыш
«рухани агрессияға» қарсылық кӛп жағдайларда ӛзге діндегілермен қарулы қақтығыстарға ұласады. Осы тұста дін мәдениеттің ең кӛне әрі консервативті элементі ретінде халықтың ӛзіндік болмысының символы, оның түрлі заңға қайшы қауіптерден қорғау құралына айналады. Сонымен қатар, қандай да бір қауымдастық анағұрлым ежелгі әрі ӛзндік болмысқа ие болған сайын діннің қорғаушылық функциясы де белсенді бола түседі, ал қауымдастық сырттан енген рухани экспансияға (діни, мәдени, тілдік) агрессивті түрде қарсы тұрады. Кӛп жағдайларда мұндай қорғаныстық функциялар нақты шеңберлер аясынан шығып, экстремистік сипат алып жатады, бұл этнодіни шиеленістердің орын алуына, яғни, бір субъектілердің экстремистік әрекеті ӛзге тараптың жауапты экстремистік әрекеттерін туындатады.
Осы тұста қазіргі таңда қазақстандық қоғамда орын алып отырған діни экстремизм құбылысы жат пиғылды күштердің қалыптасқан (немесе қалыптасу үстіндегі) рухани жүйелерді мақсатты түрде бұзуға бағытталған әрекеттер ретінде бағалауға болады. Ал олар елдің тарихи кезеңдерінде орын алған объективті және субъективті дағдарыстар жағдайын кеңінен пайдаланды.
Осы орайда, жүргізіліп отырған талдаудың логикасы діни экстремизмнің ұғымдық аппаратында дифференцация жүргізуге сәйкеседі. Қазіргі кезде діни экстремизм ұғымы біржақты діни қағидаттарды діни мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану мағынасында қолданыла алмайды, ӛйткені ол экстремизді жүзеге асырушы субъектілердің іс әрекеттерінің мазмұнын кӛрсетіп бере алмайды. Жүзеге асып отырған кӛріністерден шығатын тәжірибелерден байқайтынымыздай, діни қатыстылық түрлі экстремистік ұйымдардың әрекеттерінде маңызды факторлардың бірі болып отыр. Оның басым түсетін кӛріністерінің бірі немесе айқын кӛрініс табатын сәттері саяси мақсаттарға қатысты. Сол себепті, «дін ұстанушылар арасында пайда болатын діни экстремизмді нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін діни санаға жасанды түрде енгізілетін діни саяси экстремизмне ажырату» ұсынысын қолдау орынды [8].
Діни-саяси экстремизм мәселесін зерттеу контекстінде ең алдымен қарастырылып отырған экстремизм түріне қатысты түсінікті талдап алған орынды. Осы орайда, экстремизм мәселесін зерттеуші ғалымдар арасында
діни-саяси экстремизм мәселесіне қатысы бар бірқатар шешуші ұғымдардың ғылыми бірізділігіне қатысты қайшылықты пікірлер қалыптасқан. Мұндай жағдай қалыпты ұғымға айналған терминдердің түрлі мағынада қолданылуынан, сол себепті қайта түсіндіру мен зерделеуді талап ететін шарттылықтар жағдайында пайда болды. Жекелей алғанда, «діни экстремизм» әрі жиі қолданылатын, әрі аталуына қатысты түрлі пікір таластар туындататын ұғымды анықтау қажеттілігі байқалады.
Діни экстремизм анықтамасын ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қолдануға қатысты зерттеушілер арасында бірыңғай пікір қалыптаспаған. Сарапшылардың басым бӛлігінің пікірінше, қазіргі кезде қолданылып жүрген діни экстремизм анықтамасы кӛп жағдайларда мәселенің мазмұнын ашып бере алмайды.
Сонымен қатар, түйткілді мәселенің мәнін нақты бейнелейтін анықтаманы айқындау теоретикалық және тәжірибелік қызығушыларды туындатуда. Анықтаманың нақтылығынан діни экстремизмнің табиғатын, оның дамуына әсер ететін себептерді анықтауға болады. Алайда, діни экстремизмнің анықтамасымен қатар, талқылға түсетін мәселелердің бірі экстремистік деп аталатын ұйымдардың ӛкілдерінің саналарындағы діни құрауыштар кӛлемін анықтауға қатысты. Діни экстремизм ӛз мәнділігі бойынша діни құбылыс болып табылады ма, әлде ол саяси немесе әлеуметтік құбылыстар қатарына жатқызуға бола ма деген сауалдар ӛзекті әрі орынды.
Ең алдымен жалпы тұжырымдамасында діни экстремизмді діни салада орын алатын экстремизм ретінде квалификациялауға болады. Сонымен қатар, діни экстремизмнің ӛзі, яғни оның тек дін саласында орын алуы сирек құбылыс екендігін атап ӛткен жӛн. Кӛп жағдайларда діни экстремизм ретінде дінге қатысы болса да әлеуметтің саяси саласында кӛрініс табатын экстремистік құбылыстар аталады. Жалпы алғанда, діни экстремизмді анықтаудың екі тәсілін айқындауға болады:
Бірінші тәсіл діни экстремизмді діни сананың ішкі конфессиялық және конфессияаралық дағдарысты құбылыстарға ерекшелікті реакция және осы дағдарыстарды діни емес тәсілдермен шешу ретінде қабылданады.
Екінші тәсіл діни экстремизм анықтамасын қоғам мен мемлекетке қарсы мазмұндағы нақты саяси құбылыс ретінде қарастырады. Бұл бағытты қолдаушылар діни негіздегі орын алатын шиеленістердің басым бӛлігі бірінші кезекте саяси негізге ие болады және олар діни емес саяси экстремизм ретінде айқындалады деген пікірді ұстанады. Дін мұндай жағдайларда бағынышты элемент қызметін атқарады. Мысалға, діни экстремизді қолдану себептері анықталса да, ресейлік исламтанушы Л. Сюкияйнен діни экстремизм ашық немесе астыртын түрде саяси мазмұнға ие деген пікірді қолдайды. Сарапшының пікірінше, «қандай жағдайда болмасын діни экстремизді жеке немесе саяси экстремизммен немесе оның кӛрініс табу формасы ретінде қарастыруға болады» [29].
Осындай пікірді ресейлік дінтаншуы И.Н. Яблоков та ұсынады, ол «діни
индивидтер, топтар және институттар экономикалық, саяси, ағартушылық қызметтерді атқарып, оларға сәйкес, саяси, экономикалық ағартушылық және ӛзге қатынастарды жүзеге асыруларына байанысты мұндай қызметтер мен ұйымдарды «діни» деп атаудың қажеті жоқ» [9].
Діни экстремизм құрауыштарының қайсысы басымдылыққа ие, сәйкесінше, экстремизмнің бұл түрін қалай анықтауға, яғни, діни экстремизм бе әлде саяси экстремизм кӛрінісінің формасы ма деген сауалға қатысты талқылаулар ортақ тоқтамға келген жоқ және сарапшылар арасында әлі күнге дейін жалғасуда. Мұндай пікірталастардың ӛзектілігі мен ұзақтығы екі тараптардың ӛзіндік дәлелдемелерге ие негіздемелерінің болуына байланысты екенін атап ӛткен жӛн, шын мәнінде діни экстремизм түрлі формаларда кӛрініс табады. Мысалға, дін ұстанушыны бір діннен ӛзге дінге ӛткені үшін адамдардың оны жария түрде айыптауы мен қуғындауға, жазалауға үндеулері, немесе кейбір діни қайраткерлердің конституциялық билікті жойып, орнына теократиялық мемлекет құруға үндеулері экстремистік әрекет ретінде бағаланады. Алайда, аталып ӛткен екі кӛріністер арасында айырмашылықтар бар, егер бірінші жағдайды таза діни экстремизм ретінде сипаттауға болса, екінші кӛріністі діни құрауыштардан тұратын саяси әрекет ретіде класификациялауға болады. Экстремизмнің екі кӛрінісінде де діни форма болғанымен, екі бӛлек мазмұнға ие болады.
Діни-саяси экстремизмді айрықшалайтын маңызды шарттардың бірі
«мұндай діни топтар экстремимстік кӛріністерді діни қызметтерден тыс жүзеге асыру» фактісі, яғни, саяси байланыстарға түсе отырып жүзеге асырылады. Алайда олардың әрекеттері діни сана арқылы бүркемеленеді [11].
Ресей зерттеушілері А. және А. Нуруллаевтардың «діни-саяси экстремизм» ұғымын енгізу діни салада орын алатын құбылыстарды саяси әлемде орын алатын діни мотивация мен діни бүркемелеуге ие әрекеттерден нақты бӛлуге мүмкіндік береді. Ал оларды діни экстремизм ретінде сипаттау билік пен қоғамды саяси билікті басып алу мен мемлекетті бӛлшектеу мақсатында жүргізілетін қатал қылмыстардың себебін діннен іздеуге бағдарлау болып табылады. Ал ол мүлдем қате», деген тұжырымдары жоғарыда аталғандарға сәйкеседі [12].
Ресей зерттеушілері діни-саяси экстремизмді экстремизмнің ӛзге түрлерінен дифференциациялау үшін келесідей үш айқындау сипаттамаларын ұсынады:
1. Діни-саяси экстремизм – бұл мемлекеттік құрылымды күштеп ӛзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің аумақтың тұтастығы мен егемендігін бұзуға бағытталған қызмет. Саяси мақсаттарды басшылыққа алуы діни саяси экстремизмді діни экстремизмнен ерекшелеуге мүмкіндік береді. Аталған сипаттар бойынша ол экономикалық, экологиялық және рухани экстремизмнен ерекшеленеді;
2. Діни-саяси экстремизм діни қағидаттар мен ұрандар арқылы бүркемеленеді немесе мотвацияланатын заңға қайшы саяси әрекеттердің кӛрінісі болып табылады. Осы белгілері арқылы ол ӛзге мотвацияларға ие этноұлттық, экологиялық және экстремизмнің ӛзге де түрлерінен ерекшеленді;
3. Ӛз мақсаттарына жету үшін күш қолдана отырып күресу әдісі діни- саяси экстремизмнің ерекше белгісі болып табылады. Аталған сипаттар бойынша ол діни, экономикалық, рухани және экологиялық экстремизмнен ерекшеленеді» [12].
Діни экстремизм – нақты бір тұлғалардың, топтардың, мемлекеттердің саяси мақсаттарға жету үшін дінді немесе діннің кейбір қағидаттарын идеология, мотивке айналдыру. Яғни дін саясаттың құралына айналатындықтан, діни экстремизм саяси зерттеудің объектісі болып табылады. Осы орайда, діни экстремизмнің идеологиясы, мотивтері, объектілері мен субъектілері, экстремистік әрекеттер мен ұйымдарды қарастырған жӛн.
Экстремистік идеологияның мәнін ұғыну үшін идеология ұғымының ӛзін талдау мен құрылымын, типтерін қарастырудан және оны тұтас құбылыс ретінде талдаудан бастаға жӛн. «Идеология адамдардың қоршаған ортаға және бір бірлеріне қатынастарын белгілейтін және қоғамдық қатынастардың бекіту мен дамытуға қызмет ететін идеялар мен кӛзқарастардың жиынтығы. Иедологиялық кӛріністердің негізі ретінде қандай да бір қоғамдық мүдделер анықталады. Таптық қоғамда идеология нақты бір таптың сол қоғамдағы орнын, таптардың ӛзара қатынастары мен мүдделерін білдіретін таптық сипатта болады. Идеология саяси, құқықтық, діни, этностық, эстетикалық, философиялық кӛзқарастар формасында кӛрініс табады». [30].
Ӛз мәнділігінде идеология объективті әлеуметтік шынайылықтың қандай да бір әлеуметтік қауым тұрғысынан кӛрініс табуы және осы әлеуметтік қауымның базалық әлеуметтік мүдделерін білдіру, яғни, ол қандай бір әлеуметтік қауымның ӛзіндік әлеуметтік сана сезімі. «Әлеуметтік топтың (тап, ұлт және т.б.) немесе жеке тұлғаның бекітулері мен таңдаулар жүйесі, ол шынайылықты түсіну мен түсіндіру тәсілі және әлеуметтік игіліктерге, дәрежелер мен рӛлдерге қатынастарын білдіру болып табылады» [31]
Формасы жағынан идеология әлеуметтік шынайылыққа қатысты кӛзқарастар жүйесі. Бірақ, саяси ғылымнан ерекшелігі ол құндылықтық сана болып табылады. сол себепті, идеология қоғам туралы ғылыми білімдерден бұрын нақты әлеуметтік шынайылыққа қатысты ешбір сынсыз қабылданатын құндылықтар жүйесінен тұрады. Идеологияны құрылымдық тұрғыдан қарастыруда, оның үш деңгейін қарастыруға болады: «Теоретикалық- концептуалды. Бұл деңгейде саяси теорияның негізгі ережелері қалыптасады, ұсынылатын қоғамдық құрылымның негізін құрайтын кейбір құндылықтары мен идеалдары негізделеді.
Бағдарламалық директивалық. Бұл деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар нақты саяси бағдарламаларға ауысады.
Іс-қимылдық. Қоғамдық санаға бағдарламалар, ұрандар мен талаптар түріндегі идеологиялық ұстанымдарды енгізу қандай да бір саяси іс қимылдарға әкеледі.» [31]
Идеология құрылымы келесілерден тұрады:
- қандай да бір әлеуметтік топтың нақты әлеуметтік шынайылық туралы және ондағы ӛзінің орны туралы елестетулері (теоретикалық- танымдық);
- нақты әлеуметтік шынайылықты бағалау мен ондағы ӛзінің орнын жеке (топтық) мүдделер тұрғысынан бағалау;
- осы топтың түпкілікті әлеуметтік мүдделерінің іске асуын қамтамасыз ететін, қоғамдық жүйенің үлгісін кӛрсететін қандайда бір әлеуметтік идеал;
- идеалды жүзеге асыратын іс қимылдар бағдарламасы;
- әлеуметтік-саяси қызмет пен сәйкесті іс-қимылдық ұстанымдар нормаларының, ережелерінің жүйесі.
Осы орайда, берілген элементтердің қандай деңгейінде экстремистік идеологияны экстремистік емес идеологиядан ажырату мәселесі туындайды. Мұндай ерекшеліктерді анықтау идеологияның әлеуметтік мазмұнының белгілері негізінде, яғни, ол қандай топтың мүдделерін білдіретіндігіне байланысты айқындау толық болмайтыны белгілі. Сәйкесінше, қандай да бір әлеуметтік топтың идеологиясын экстремистік, топтың ӛзін де экстремистік деп атаудың орынсыз екендігі анықталады. Сонымен қатар, қоғамды экстремистік топтар мен экстремистік емес топтар деп бӛлудің ӛзі абсолютті шартты түрде және идеологиялық тұрғыдан алдын ала қалыптасқан сипат алатыны белгілі.
Сол себепті экстремистік және экстремистік емес идеолгияның ерекшеліктерін олардың саяси іс қимыл бағдарламалары мен іс әрекеттік ұстанымдары арқылы айқындаған жӛн. Егер нақты бір идеология жүйелі немесе жаппай зорлық кӛрсетудің әлеуметтік топтарға геноцид жүргізу шараларына дейінгі радикалды іс қимыл бағдарламаларынан, сондай-ақ саяси оппоненттері, қарсыластары, ӛзге сенімдегілерге қатысты шектен шыққан ерікті қимылдар нормаларынан тұратын болса, мұндай идеологияны экстремистік ретінде айқындауға болады. Алайда, идеологияның ішкі байланыстар элементінің логикасы ескерілмей қалады. Ӛйткені идеологияның бағдарламалық іс әрекеттік элементтері оның теоретикалық құндылықтық элементтерінің салдары, нәтижелері ғана болып табылады. сол себепті экстремистік идеологияның басты критериі ретінде осы мазмұнды, теоретикалық құндылықтық критерилерді ескерген жӛн.
Нақты қоғам туралы түсініктер мен ондағы ӛзіндік орынды нақты әлеуметтік топтар арқылы айқындау, сәйкесінше осы түсініктер мен
бағалаулардан пайда болатын қандай әлеуметтік идеалдарды экстремистік іс әрекеттер мен саяси бағдарламалардың негіздері деп қарастыруға болады. Сонымен нақты әлеуметтік топтың экстремистік идеологиясы ретінде келесідей белгілері бар идеологияны атауға болады:
- қоғам туралы түсініктер деңгейінде әлеуметтік, әсілдік және ұлттық теңсіздіктер бар болатын және олар тек жоғары әлеуметтік топтар ғана лайықты ӛмір сүруге құықылы, ал тӛменгі топтар шексіз пайдалану тіпті геноцидке лайықты деген шектен шыққан идеялар болатын болса;
- әлеуметтік шынайылықты бағалауда қарапайым биополярлы жүйе, яғни, ӛз адамдары мен жат адамдар, мейірімділік пен зұлымдық ретінде бӛлу қолданылатын болса және зұлымдық ретінде сол топтың құқықтары мен мүдделері қысымға түсетін нақты бір әлеуметтік жүйе танылатын болса, ал мейірімділік ретінде сол әлеуметтік жүйемен күресудің кез келген формалары қабылданатын болса;
- әлеуметтік идеал деңгейінде ӛзге әлеуметтік топтардың мүдделерінің зардап шегуі арқылы нақты бір әлеуметтік топтың мүдделері толығымен орындалуы жүзеге асырылатын қоғамдық құрылым үлгісі ұсынылатын болса;
- әлеуметтік іс әрекет деңгейінде экстремистік идеология қоғ