Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет, мұнда әр азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі және барлық конфессия ӛкілдері заң алдында тең.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ұлттық құқық және халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттар негізінде ӛзіндік құқықтық база мен мемлекеттік және қоғамдық институттардың қызмет ету механизмдерін қалыптастыуда. Кӛпконфессиялы ел ретіндегі Қазақстан Республикасы азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдағы демократиялық, құқықтық дамуын негізгі құраушыларының бірі болып табылады.
Қазақстан үшін дәстүрлі діни сенім (ханафи бағытындағы ислам мен православие бағытындағы христиандық) мен дәстүрлі емес діндер мен конфессиялар енген конфессиялық алуан түрлілік бүгінгі таңда мемлекеттегі қоғамдық тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді. Кӛзқарастар, дәстүрлер мен мәдениеттердің алуан түрлілігіне қарамастан, Қазақстан діни негізде шиеленісі жоқ мемлекет болып есептеледі.
Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастар дамуының сипаттық ерекшеліктерінің бірі соңғы екі онжылдықта діни институттардың сандық әрі сапалық ӛсуін шарттандырған діннің қоғам ӛміріндегі рӛлінің артуы болып табылады.
Сарапшылардың пікірінше, дінге сенушілердің саны 1980-жж. ортасымен салыстырғанда 20-25%-дан 90-95%-ға дейін ӛскен.
Дінге сенушілердің саны бойынша дәстүрлі түрде мұсылмандық және православиелік діни бірлестіктердің кӛрсеткіштері алдыңғы орында, 2009 ж. халық санағы бойынша олар дінге сенушілердің 90%-нан астамын құраған. Жекелей алғанда, тұрғындардың 70,2% ӛздерін мұсылманбыз деп атаған, 26,0% – христиандар деп, 0,3% – иудаизм ұстанушылары 0,1% – буддизм, 0,2
% – ӛзге діни сенім ұстанушылар деп атаған. Сонымен бірге, тұрғындардың 2,8% ӛздерін дінге сенбейтіндер ретінде кӛрсеткен.
Қазақстандағы діни бірлестіктердің саны артты, 1989 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша олардың саны 671-ді құраса, 2013 жылы олардың саны 3434-ке жеткен [102].
Қазақстанда Республикадағы он жеті миллиондық халықтың кӛпэтностық және кӛпконфессиялық діни мүдделерін танытатын 18 түрлі конфессия бейбіт түрде қызмет атқарады. Қазақстандағы діндерді діни тәжірибе мен айналаға деген кӛзқарастарымен ерекшеленетін түрлі діни сенімді ұстанатын түрлі этнос, тілдік, мәдени және әлеуметтік топтар танытады.
Қазақстан Республикасында қоғам негізінен тарихи және мәдени екі дәстүрлі діндерге: суниттік ислам (ханафилік мазхаб) және православиелік христиандыққа негізделетіндіктен, ең кӛп діни бірлестіктер – 2367 мұсылмандарға тиесілі. Олар елдегі дін ұстанушылардың жалпы санының үштен екісінен астамын құрайды. Сондай-ақ аталмыш діннің культтік ғимараттары да саны жағынан басым болып табылады (2366).
Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орында Қазақстанның Православиелік шіркеуі (ҚПШ), ол 293 діни бірлестіктерге ие.
Келесі діни бағыт Қазақстандағы Рим-католиктік шіркеу (РКШ) болып табылады, оның 84 діни қауымы бар.
Қазақстанның конфессионалдық кеңістігінде айтарлықтай орынды 500- ден астам діни бірлестігі бар протестанттық бағыт алады.
Жоғарыда аталғандардан ӛзге 7 иудейлік қауымдар, 2 буддистік діни бірлестіктер, сонымен қатар, Қазақстан үшін дәстүрлі емес 18 діндер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаилер», «Муниттер») бар [103].
Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер ӛзінің ӛзектілігімен аса ӛткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық ӛміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастағандығын байқауға болады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының кӛбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің ӛсе түсіп отыруынан кӛрініс табады. Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты алаңдатып отырған мәселеге айналды. Заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған діни экстремизм мен терроризм мәселесі Қазақстаннан сырт қала алмасы анық.
Бұл проблемалар ӛз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр. Сол себепті, Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл мен алдын алу қызметтері кеңінен іске асырылуда. Осы орайда, ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында діни экстремизм мен терроризм мәселесіне қарсы қызметте құрылымды шаралардың бірі заңнамаларды жетілдіру деп атады- «Біз діни радикализм мен экстремизм кӛріністерін жою мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз қажет. Біз сонымен қатар, антитеррорлық заңаманы жетілдіруіміз қажет. Мемлекет экстремизм мен радикализмнің жолын бӛгеуі тиіс».
Осыған байланысты, Мемелекет Басшысы Президент Әкімшілігі мен ҚР Үкіметіне келесідей тапсырмаларды қойды:
діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарды жетілдіру қажет. Терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіру қажет. Мемлекет қайдан бой кӛтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек;
әлеуметтік, этникалық және діни қысымдар мен шиеленістерді болдырмау механизмдерінің жаңа сенімді формаларын қалыптастыру;
қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейту;
Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалану. Осы сұхбат алаңының базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасау қажет;
діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы ыстық нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде араағайындық жасауға дайын болу;
мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты екенін естен шығармау.
Берілген тапсырмаға сәйке, 2013 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес туралы кейбір заңнамалық актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, ҚР «Терроризмге қарсы күрес» туралы заңына ауқымды ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Содан бергі уақыт ішінде діни экстремизм мен терроризмге қатысты мәселелердің ушыға түскенін ескере отырып, 2013 жылғы қаңтар айында
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, 2013 жылғы 24 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жӛніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір арнайы мемлекеттік органдар туралы кейбір заңнамалық актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Жалпы алғанда, қабылданған заңамалық және нормативтік-құқықтық актілер терроризмге қарсы қызметтің тиімді механизмдерін ұйымдастыру мен үйлестіруге бағытталған және халықаралық әрі ӛңірлік деңгейдегі экстремизм қаупінің ӛсуі шарттарында Қазақстанның заңнамалық жүйесіне ауқымды ӛзгерістер енгізілді. Бұл ӛзгертулер мемлекеттің экстремизм қаупінің алдын алу мен оған қарсы күресудің құқықтық негіздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы» Заңында экстремизм келесідей анықталады: «экстремистік әрекет (экстремизм) –
– белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымның атынан әрекеттерді адамның, адамдар тобының не ұйымдардың;
– мынадай экстремистік мақсаттарды: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен ӛзгертуді, егемендігі мен тұтастығын және оның аумағының біртұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, ӛкіметті күшпен басып алуды немесе ӛкіметті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтiк, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);
– мемлекетте бiр ұлттың үстемдiк етуiн орнықтыруды, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық және рулық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);
– мемлекетте бiр дiннiң немесе дiни ағымның үстемдiк етуiн орнықтыруды, сондай-ақ дiни алауыздықты қоздыруды (дiни экстремизмдi) ұйымдастыруы және/немесе жасауы;
– дiни алауыздықты қоздыруға, адамның жеке басын бұзуға, оның денсаулығы мен ӛмiрiне (дiни экстремизм) қауiп тӛндiруге бағытталған әрекеттердi жасауда кӛрiнетiн түбегейлi дiни нанымнан сенiм бостандығына берiлушiлiк» деп анықталады.
Ал оның алдын алу мен оған қарсы күрес келесідей берілген:
«экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл – экстремизмнен жеке адамды, қоғамды және мемлекетті қорғауға, экстремистік әрекеттің алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және оның зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремистік әрекетті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және болдырмауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі»;
«экстремистік әрекеттің алдын алу – экстремистік әрекеттің жолын кесуге бағытталған ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және ӛзге де шаралар жүйесі» [104].
Экстремизмге қарсы мемлекеттік қызметтерге тоқталуды заңда берілген қарсы іс-қимыл мен алдын алудың анықтамаларындағы тізімді атқарылып жатқан қызметтердің критерилері ретінде пайдалана отырып тоқталамыз.
Республикада 2011 және 2012 жж. орын алған экстремизм мен терроризм кӛріністерін ескере отырып, еліміздегі антитеррористік құрылымдарының жұмыстарына сәйкесті ӛзгертулер енгізілді. Діни экстремизмге қарсы күрестің маңыздылығын ескере отырып, терроризмге қарсы қызметті үйлестіруді қаматамасыз ету мақсатында Елбасы 2013 жылдың 24 маусымында «Қазақстан Республикасының антитеррористік орталығын бекітетін Ереже туралы»№ 588 Жарлыққа қол қойды.
Жаңа форматта қалыптасқан Қазақстан Республикасының Антитеррористік орталығы мемлекеттің басты ұлттық қауіптері терроризм мен экстремизмге қарсы мемлекет пен қоғамның қызметтерін басқару және үйлестірумен айналысады.
АТО жоспарлы негізде ведомсвтоаралық ӛзара әрекеттестік және терроризм мен экстремизмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені одан әрі нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға арналған отырыстарды ӛткізеді.
АТО терроризм мен экстремизм кӛріністеріне құқықтық тосқауылдар жасауға тікелей қатысады. Қазіргі уақытта террористік қауіптерге қасры іс- қимылдардың барлық аспектілері заң негізінде бекітілген.
Қарулы құрылымдардан ӛзге, терроризмнің салдарын азайтуда терроризм профилактикасы маңызды басымдылық ретінде айқындалды. Антитеррористік қызметте оның ақпараттық және насихаттық құрамына ерекше кӛңіл бӛлінеді. Осыған байланысты, Дін істері агенттігінің де қызметтері қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.Сонымен қатар, саяси- экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, тәрбиелік, насихаттық және
мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылатын ӛзге де шараларды жандандыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қазіргі күнде шешімін таппаған жекелеген мәселелерге қарамастан, елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұмыстары жүйелі деңгейде жолға қойылғаны туралы толық сеніммен айтуға болады. Яғни, осыған қажетті инфрақұрылым мен құқықтық базаның негізі қаланды. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы мамыр айында Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Дін мәселелерімен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылып, дін саласын реттейтін жаңа заң күшіне енгеннен бергі уақыт ішінде кӛптеген жұмыстар атқарылды.
Дін істері агенттігін қазіргі таңда діни экстремизмнің алдын алу бағытында ауқымды қызметтер атқаратын мемлекеттік орган ретінде кӛрсетуге болады. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін келесідей етіп кӛрсетуге болады:
1. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен ӛзара әрекеттестік орнату.
2. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.
3. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
- азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен ӛзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау;
- елімізде азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтары және діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үрдістерді жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жалпы қорытынды және талдау жасау.
Дін істері агенттігі ӛзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:
- діни бірлестіктермен ӛзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру;
- діни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, қызметін зерделеу мен талдау;
- ақпараттық-насихат іс-шаралары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;
- облыстық жергілікті атқару мекемелері мен республикалық қала мен астаналық деңгейдегі діни қызмет және олардың діни бірлестіктерімен байланыстарын реттеу;
- ӛз құзіретіне қатысты мәселелерге ресми түрде мәлімдеме жасау;
- мемлекеттік қызмет кӛрсету барысында тұтынушылардың құқығын қорғауды Агенттік ӛз құзіретіне сәйкес жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ӛзге де міндеттерді атқара отырып, дін саласына қатысты қызметке шетелдік уәкілетті орталықтарымен ынтымақтастықта болуды, ӛз құзіреті шеңберінде діни қызмет және діни бірлестіктер туралы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және бекітуді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салуды қарастырады.
Діни экстремиз мен терроризм кӛріністеріне қарсы күрес тек орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады. Облыстардағы, Астана және Алматы ққ. Әкімдіктері жанындағы ӛңірлік дін істері басқармалары түріндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті деңгейдегі дін саласындағы мемлекеттік саясат пен діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу секілді келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
- жергілікті деңгейде дін саласы бойынша мемлекет саясатын жүзеге асырады;
- аймақтың діни ахуалына зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізеді;
- ӛз құзіретіне сәйкес аймақтық деңгейде дін мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- құзыретті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;
- құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын бұзушы жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тыйым салу туралыұысыныстар әзірлейді;
- Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру;
- миссионерлік қызметпен айналысушы тұлғаларды тіркеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде мемлекеттік басқару органдарының сұранысына сай жергілікті атқару органдарына жүктелген ӛзге де міндеттерді атқарады.
Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық ӛмірдің маңызды бӛлігін қамтитындықтан, дін тӛңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Ӛйткені, діни сипаттағы проблемалар қоғамның ӛмір сүруіне қатысы бар проблемалар ретінде қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тікелей байланыста кӛрініс табады. Осы орайда, діни экстремизм мен терроризмнің алды алу, елдегі діни ахуалды тұрақтандыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру секілді қызметтерді жүзеге асыратын ғылыми орталықтар мен Үкіметтік емес ұйымдарды қарастырып ӛткен жӛн.
Дін саласына жүйелі мониторинг және талдау жасау, зерттеулер жүргізу, діни экстремизм құбылысының табиғатын анықтау секілді
қызметтермен айналысатын Дін істері агенттігінің жанынан мақсатында құрылған «Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ қызмет атқаруды, Орталық мақсаты дін мәселелері жӛнінде мемлекет органдарының қызметіне ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-талдау жұмыстары бойынша қолдау кӛрсету болып табылады.
Дін істері агенттігінің жанынан құрылған «Мәдениеттер мен діндердің халықаралақ орталығы қызмет атқарады. Орталық жанынан Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптардыжариялау бойынша Әдістемелік Кеңес жұмыс істейді. Әдістемелік кеңес журналистік пул ӛкілдерімен кездесулер, журналистерге арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастырып тұрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыстар жӛніндегі Кеңесі қызмет етеді. Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен ӛзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жӛніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.Кеңестің негізгі міндеттері:
- елдегi дiни жағдайды және оның даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
- діни бірлестіктермен ӛзара ықпалдастық пен діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын сақтау туралы хабардар ету;
- діни бірлестіктермен байланыс бойынша аймақтық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру;
- дiни бiрлестiктер арасындағы ӛзара түсiнiстiк пен тӛзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк кӛмек кӛрсету болып табылады
Дін істері агенттігі жанынан құрылған Қазақстандағы діни ахуал мәселелері жӛніндегі консультациялық-сараптамалық кеңесі ҚР Дін істері агенттігі жанындағы үнемі қызмет атқаратын консультативтік-сараптамалық орган болып табылады.
Кеңес тӛмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
− діни қызметке байланысты мемлекеттік реттеу жұмысын жүзеге асыру мәселесі мен діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
− діни ахуалды зерделеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында шетел сарапшыларымен, халықаралық ұйымдармен ӛзара әрекет етеді.
Кеңес құрамы дінтану, саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, құқықтану саласындағы жетекші мамандар мен ғалымдардан, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар ӛкілдерінен тұрады.
«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі. Конгресс қызметінің негізігі бағыттары тӛмендегідей:
- республикалық және ӛңірлік ауқымда діни ахуалды зерделеу бойынша зерттеу жобаларына қатысу;
-дін саласындағы сарапшылар туралы мәліметтер базасын құру;
- мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер мен сараптамалық қауымдастық арасындағы ӛзара іс-әрекет етуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік қызметкерлер мен педагогикалық жұмыскерлер кадрларын дайындауға және олардың біліктілігін арттыруға дінтанушы сарапшыларды тарту (арнайы курстар оқу, семинарлар, тренингтер, конференциялар ӛткізу);
- орта және жоғары оқу орындарында дінтануды оқыту тәжірибесін зерттеу;
- ақпараттық және ағартушылық сипаттағы іс-шараларды жүргізу.
Қазіргі таңда Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша 160 жетекші дінтанушылар, теологтар, исламтанушылар мен ғалымдар Конгресс мүшелері болып табылады.
Дін істері агенттігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен ӛзара байланыстар кеңесі қызмет атқарады.
Кеңестің мақсаты дін және діни сенім бостандығы саласындағы, атап айтқанда, үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты, толерантты сананы, қоғамдық бейбітшілік пен келісімді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес секторды және азаматтық қоғам институттарын тарту болып табылады.
Кеңес азаматтық секторды қамтитын 40-тан астам ҮЕҰ біріктіреді, соның ішінде 28 ҮЕҰ діни қатынас саласы бойынша қызметтер кӛрсетумен тікелей айналысады (Қараңыз: Қосымша 1).
Сонымен қатар, Кеңес құрамына дін саласында әртүрлі қызмет атқарып жүрген 28 үкіметтік емес ұйымдар кіреді.
Олардың ішіндегі 6 ҮЕҰ радикалды діни топтардың идеологиялық әсеріне ұшыраған азаматтарға кешенді сауықтыру кӛмегін кӛрсетуге мамандандырылған. 25 орталық деструктивті діни бірлестіктер мен ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға кеңес берумен және психологиялық кӛмек кӛрсетумен айналысады.