Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Диссертациялық жҧмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы.




ЖАНДОСОВА ШОЛПАН МУЛЬКИМАНОВНА

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСАТЫ

6D050200 – Саясаттану мамандығы бойынша

 

 

философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

Отандық ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор З.К. Шәукенова

 

 

Шетелдік ғылыми жетекші: саясаттану бойынша PhD докторы, Донгук университетінің профессоры Пак Мионг-Хо (Корея Республикасы)

 

 

Қазақстан Республикасы Алматы, 2014


МАЗМҦНЫ КІРІСПЕ 3

1. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ............................................................................................ 11

1.1 Діни экстремизм саяси ғылым категориясы мен саяси зерттеу объектісі ретінде 11

1.2 Діни экстремизмді зерттеудің тұжырымдамалық әдістері................... 35

1.3 Діни экстермизмнің алдын алу және күресу: саяси компаративистика тәжірибесі 50

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ САЛАСЫНДА ДИАЛОГ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ БІРІГУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕ............................ 65

2.1 Қазақстанның саяси және социомәдени кеңістігіндегі діни экстремизм: нақты кӛріністері және мүмкін сценарийлері........................................................ 65

2.2 Діни экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық аспектілері мен ерекшеліктері....................................................................... 81

2.3 Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының діни экстремизмммен күрестегі негізгі басымдықтары және дінаралық диалог стратегиясын жетілдіру 90

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................... 112

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................... 119


КІРІСПЕ

Диссертациялық зерттеу тақырыбының ӛзектілігі. Докторлық диссертацияның ӛзектілігі – лаңкестік, экстремизм мен қазіргі әлемдегі оның құбылыстарына қарсы тұру мәселелері жекелеген мемлекеттер үшін де, сондай-ақ жалпы дүниежүзілік қоғам үшін де – ең маңызды мәселелердің бірі болуымен негізделеді. Оны соңғы уақытта лаңкестік акциялардың ӛзінің жеке адами және жеке ұлттық мәнін ӛзгерте отырып, жалпы жершарылық құбылысқа айналған ауқымымен және сипатымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты адекватты әдістер және лаңкестік пен діни экстермизмді жеңу мен жою механизмдерін дайындау мақсатында – осы құбылыстардың заманауи формаларының мәнін нақты анықтап алу керек.

Экстремизм, жалпы түрі бойынша – қоғамда қолданылатын нормалар мен ережелерді жоққа шығаратын қоғамға қарсы пікірлер мен әрекеттер болып табылады. Қоғамның саяси саласында пайда болған экстремизм саяси экстремизм деп, ал діни салада кӛрініс тапқан экстремизм діни экстремизм деп аталады.

Әрине, кез келген дін догматтарға, канондарға сенуге және оларды сақтауға негізделген. Діни ғибадат белгілі бір тәртіпті талап етеді, бағыныштылық сезімін, міндеттерді тануды уағыз ретінде таратады.

Дін барлық әділетсіздікке, жалғандыққа қарсы күресу мен қарсы тұруға негіз болып табылады. Сондықтан адамзат ӛмірінің әртүрлі кезеңдерінде түрлі елдерде, әртүрлі діни наным аясында діни экстремизм пайда болған, ал ол діни наным практикасына қайшы келіп, оған кедергі жасаған. Бұдан басқа, билік режимімен келіспеуді кӛптеген жағдайда діни экстремизм формасында ӛршіткен. Мысалы, христиан әлеміндегі діни шиеленістерді (Лютер реформациясы) христан және мұсылман елдерінде діни фундаментализм кӛріністерінің пайда болуын еске түсіргеннің ӛзі-ақ жеткілікті.

Қазіргі уақытта дін маңызды рӛл ойнап, секулярлы қоғамдағы адамдар санасын қалыптастыра бастады. Адамгершілік мінез-құлық, толерантты сананы қалыптастыру саласында дәстүрлі дін рӛлі тарихи даму барысында белгіленеді. Бірақ әлемде жағдай ӛзгеріп отырады, және дінде, бізге мәлім болғандай, интеграциялық және дезинтеграциялық әлеует бар, дінді саяси ойындарда пайдалануға болады, міне нақ соны діни экстремизмнің жетекшілері мен апологеттері қолданады. Қандай да болмасын қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси жағдайларын пайдалана отырып, олар қоғамда,

«дұрыс діни наным» жоқ, қоғам әбден бұзылып кеткен және оны қандай да болмасын діни экстремизм формалары арқылы «тазалау» керек, деп түсіндіреді, және осы мақсатта діни экстремизмді толығымен діндар емес елдерге экспорттай бастайды. Егер ХХ ғасырдың басында діни экстремизмнің бейнесі, үрдістері және т.б. жалпы болатын болса, постмодерн жағдайында ол әртүрлі елдер мен әртүрлі жағдайларға тез бейімделетін формалар мен бағыттарды қабылдай бастады. Осыған байланысты діни


экстремизмге тек феноменологиялық аналитика жасау ғана емес, сондай-ақ болжамдық аналитика жүргізу қажеттілігі туындайды.

Қоғамның, әсіресе секулярлы қоғамның басты міндеті діни экстремизммен күрес аясында жақсы жетілдірілген мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады, ол, Қазақстан Республикасы Президенті дәл айтқандай, «алаяқтарды ұстауға арналған емес», әлемде жалпы қабылданған демократиялық қағидаларға сәйкес келетін, белгіленген басымдықтары мен әрекетті механизмдері бар тұжырымдама болуы керек [1]. Бірақ діни экстремизмге қарсы күрес бойынша әрбір мемлекеттік доктрина әлеуметтік- саяси, мәдени, психологиялық және географиялық сипаттағы ерекшеліктерін ескере отырып, ӛзінің құндылық қағидаларына негізделу керек.

Діни экстремизммен күрес тәжірибесі мен оның аналитикасы қазіргі заманның ӛте маңызды міндеті болып табылады, ӛйткені бұл мәселе жаһандық сипатта болып отыр және оны дер кезінде шешпеу –

«ӛркениеттердің қақтығысын» (С. Хантингтон), «тарихтың аяқталуын» (Ф. Фукуяма) қажет етпейтін адамзат дезинтеграциясына әкеліп соғуы мүмкін, ал адамзат ортақ үйде – Жерде бірлесе ӛмір сүруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының сұхбаттық сипатының маңызы ӛте зор, сондай-ақ оның діни экстремизммен күреске қатысты релевантты тұжырымдамасын дайындауға да маңызы үлкен. Діни экстремизмде діни сананың радикалды ӛзгерістерінің феномені ретінде дәстүрлі діни ландшафттың, саяси құрылымның интенционалды ӛзгерістері бар, және ол кейіннен алдына мемлекеттік билікті жаулап алу

мақсатын қояды.

Ӛкінішке орай, саяси және заң әдебиеттерінде «діни экстремизмнің» бірегей анықталған ұғымы жоқ, бірақ оның сипаты полисемантикалық екені анық, ӛйткені оның табиғатының ӛзі де екіұшты болып отыр. Сонымен қатар, бұл ұғымның дифференциациясы да бар. Заманауи жағдайда осы ұғымды анықтау, түсіндіру, ең бастысы, оны онтологиялық түсіну қажеттілігі туындады. Діни экстремизм ұғым ретінде ӛзінің ұзақ тарихы мен ӛзіндік ӛмір сүру дәстүрлері бар қоғамның діни-құндылықтық парадигмасын мүлде қабылдамау және оны ӛзгертуге ұмтылыс жасауды білдіреді.

Діни экстремизм, діни сананы түбегейлі ӛзгерту феномені ретінде, саяси құрылымды қарқынды ӛзгерту, және содан кейін мемлекеттік билікті жаулап алуды білдіреді. Әдетте діни экстремизм қандай да болмасын бір діни сенімді шынайы және қоғамда ӛмір сүру мен уағыздауға құқығы бар жалғыз ғана дін ретінде жүзеге асыруды мақсат етеді, ал оған плюрализм мен конфессия аралық шоғырлану идеологиясы жағдайында жол берілмейді.

Діни экстремизм кӛп жағдайдасаясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер тӛндіретін радикалды діни-саяси экстремизм идеологиясына айналады.

Діни экстремизмнің және олардың дәстүрлі діни ілімдер аясында пайда болуының әртүрлі нұсқалары бар: христиан экстремизмі мен ислам


радикализмі. «Діни экстремизмнің» ӛзінің концептін анықтау қажеттілігі туындады. Ұғымдарды жіктеу дін негізінде экстремизмді тудыратын себептерді нақты анықтауға мүмкіндік береді, олармен күресудің құралдары мен әдістерін дұрыс таңдауға ықпал етеді, демек, жағдайларды алдын ала болжау мен осындай құбылыстардың алдын алу мен жеңудің тиімді жолдарын табуға кӛмектеседі.

Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм ӛте үлкен қауіп тӛндіретінін кӛрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрінен айырмашылығы – ол діни ілімдер мен символдарды адамдарды тартудың маңызды факторы ретінде пайдалана отырып, оларды сенім мен діни наным үшін ымырасыз күреске жұмылдыра отырып, мемлекеттік құрылымды күшпен ӛзгерту және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталғандығы болып табылады.

Ғылыми зерттелу деңгейі. Діни экстремизмдегі мәселелердің дәрежесін зерттей келе, әдістемелік тәсілдер арқылы амбивалентті табиғатын анықтап, сараптайтын ғылыми жұмыстар ауадай қажет. зерттей. Сонымен қатар, әртүрлі мемлекеттердің діни экстремизммен күрес жолындағы тәжірибесін талдау арқылы осы саладағы аймақтық диссертациялық зерттеудің қажеттілігі, діни экстремизмге қарсы әмбебап және ерекше (жекелеген) тұжырымдамаларды жасап шығаруға себебін тигізуі мүмкін. Аталмыш диссертацияның авторына тақырып таңдауда таңдау мен оны шешудегі түйткіл болған ең үлкен мәселе осы.

Бүгінгі таңда мәселенің онтологиялық маңыздылығы мен тәжірибелік мәніне қарамастан діни экстремизм тақырыбындағы іргелі зерттеулер саласында біршама гуманитарлық вакуум бар. Оның үстіне Қазақстанда діни экстремизммен күрес мәселелері бойынша арнайы диссертациялық зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен қатар, діни экстремизммен күрес және оның алдын-алу жүйесін жасау бойынша кешенді зерттеулер осы кезге дейін жоқ.

Мәдениеттанулық және саяси зерттеулер аясындағы діни экстремизм мәселесін шетелдік ғалымдар Зб. Бжезинский, Ш. Акинер [2], Б Лоуренс, Р. Макдермоттың, сонымен қатар, К. Мартин, А. Рашид, П. Марсден, У. Штайнбахтың еңбектерін ерекше атап ӛту керек. Аталған ғалымдардың еңбектерінде экстермизмнің табиғаты, шығу тарихы мен себеп-салдары зерттелінеді.

Ресейлік авторлардың арасынан жалпы діни экстремизм құбылысын зерттегендер: М.А.Краснов [3], Л.Д. Башкатова, А.Л. Дворкин, Ю.И. Авдеев [4], И.И. Добаев, Е.А. Димитрова, Ф.В. Кондатрьев, Ю.И. Полищук, А.П. Забияко [5], А.Н. Хвыли-Олинтер, А.Журавский [6], Г.Л. Касторский, А. Игнатенко [7], Т.Н. Кузнецова, С.А. Лукьянов, О.В. Старков, Н. Мезинцев [8],Э.С. Абдулаев, А.Б. Агапов, Ю.А. Бабинов, Ю.А. Дмитриев, Ю.Н. Демидов, И.Н. Яблоков [9], П.В. Дозорцев, С.В. Дьяков, А.Г. Залужный, И.А.


Куницин, В.В. Клочков, А.С. Ловинюков, Д.Нечитайло [10], С.П. Познышев, А.В. Портнов, Е.М. Шевкопляс, Г.П. Лупарев, А.А. Могилевский.

Экстремизмнің діни, саяси, әлеуметтік, геосаяси аспектілері бойынша Т.В.Бузова [11], В.И. Арестов, Л.М. Дробижева, А.Нуруллаев [12], В.И. Худавердян, С.Г. Москаленко, Д.В. Новиков, И.В. Вехов [13], В.Б. Коробков, А.А. Ярлыкапов, О.А.Русанова [14], П.А. Романов, В.Б. Козлов, Л.Н. Митрохин [15], Т.А. Скворцова, М.Я. Яхьяев [16], Т.Н. Кильмашкин, В.А. Бурковская [17], М.И. Телякавов, С.Н. Бокарев, В.А. Тишков және В.В. Черноусовтардың зерттеу еңбектері бар.

Экстремизм құбылысын зерттеудегі жалпы әдістемелік базасы О.Г. Бахтияров [18], Ю.М. Антонян, М.Д. Давитадзе, В.В. Смирнов, Д. Ольшанский [19], М.П. Киреев сияқты ресейлік ғалымдардың ұжымдық және жеке ізденістерімен жасалған.

Қазақстандық ғылымда діни экстремизмнің болмысын, тарихи формалары мен пайда болуының мүмкін сценарийлерін зерттеген отандық ғалымдар: Н.А. Абуева, А.П. Абуов, Р.Б. Әбсаттаров, Е.К. Әлияров, Т.Қ. Әуелғазина, М.С. Әшімбаев, Е.У. Байдаров [20], Л.Ә. Байдельдинов, Н.Ж. Байтенова, Ә.С. Балапанова, Б.К. Бейсенов, Л.К. Бокаев, С.М. Борбасов, Қ.М. Борбасова, Е.Е. Бурова [21], К.Н. Бурханов, А.Д. Дарменов, З.Г. Джалилов, Ә.М. Джунусов, Ғ. Есім, Ш. Есетов, Ю. Жулин, Б.С. Жусипов, Л.М. Иватова, А.Ш. Ишмухамедов, Е.Т. Карин [22], Р.Қ. Қадыржанов, А.Г. Косиченко, Б. Кудайбергенов, В.Д. Курганская, М.Т. Лаумулин, А.И. Лұқпанов, М. Маульшариф, С.З. Нарматов, Ә.Н. Нысанбаев, Г.Р. Нурымбетова, Б.Ж. Нурмухамедов, Т.С. Сарсенбаев, Б.М. Сатершинов [23], Д.А. Сатпаев [24], Т.С. Садыков, К.Е. Смагулов, Н.Л. Сейтахметова, М.Ж. Сеңгірбай, А.К. Султангалиева, К.Л. Сыроежкин, М.М. Тажин, М.Б. Татимов, Ғ.Т. Телебаев, Е.В. Тукумов, Қ. Лама Шариф, Ғ.Н. Шойкин.

Аталған зерттеулер діни экстремизммен күрес механизмдерін жасап шығару үшін теориялық және әдіснамалық база болып табылады. Дегенмен қарастырылып жатқан мәселе бойынша жинақталған ғылыми-зерттеу материалдарына қарамастан, діни экстремизм ғылыми категория ретінде әлі күнге дейін ӛзінің нақты ғылыми және концептуалды анықтамасына ие болған жоқ.

Зерттеу нысаны – діни экстремизмге қарсы Қазақстан Республикасының саясаты және оның ерекшеліктері.

Диссертациялық зерттеудің пәні – діни экстремизге қарсы Қазақстан Республикасының саясатын қалыптастыру және жетілдіру үрдісі.

Докторлық диссертацияның мақсаты діни экстремизге қарсы Қазақстан Республикасының саясатына тұжырымдамалық-саясаттанулық талдау жасау болып табылады.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:

- тұжырымдамалық, теориялық-әдіснамалық талдау негізінде «діни экстремизм» феноменінің мәнін, табиғатын, пайда болу себептерін ашу;


- діни экстремизмнің негізгі тенденцияларын анықтай отырып, заманауи әлеуметтік-саяси болмыстағы «діни экстремизм» концептіне анықтама беру;

- әлемдік кеңістікте діни экстремизмнің таралу және даму себептеріне факторлық талдау жүргізу, сондай-ақ саяси компаративистика әдісі негізінде діни экстремизмге қарсы мемлекеттік саяси концепциялардың ерекшеліктерін анықтау;

- діни экстремизмге қарсы мемлекеттік саясаттың спецификалық ерекшеліктері мен құқықтық аспектілерін ашып кӛрсету;

- діни экстермизмнің саяси табиғаты мен оның ары қарай дамуының мүмкін сценарийлерін анықтап, оның заманауи Қазақстанның социомәдени және саяси ӛмірінде пайда болуына сараптама жасау;

- дінаралық қарым-қатынастар саласында сұхбаттық саясатты әрі қарай жетілдіру үшін Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес саласында практикалық нұсқаулар ұсыну.

Диссертациялық жҧмыстың ғылыми жаңалығы отандық саяси ғылымда тұңғыш рет діни экстремизге қарсы Қазақстан Республикасының саясатына тұжырымдамалық-саясаттанулық талдау жасалды. Диссертациялық зерттеу жаңа бағытта дүниетанымдық және әдіснамалық тұрғыдан алғанда тұңғыш рет діни экстремизмді ерекше құбылыс ретінде кешенді талдау жасалды.

Зерттеу үрдісінде жаңашылдық сипаттағы келесі ғылыми нәтижелер

алынды:

- саяси әлемдегі «діни экстремизм» феноменінің пайда болу ерекшеліктерін тұжырымдамалық, теориялық-әдіснамалық талдау негізінде оның мәні, табиғаты және пайда болу себептері анықталды;

- заманауи әлеуметтік-саяси ӛмірдегі «діни экстремизм» концептіне авторлық анықтама берілді, осыған орай «діни экстремизм дегеніміз – қоғам мен саяси әлеуметтік құрылым санасын түбегейлі ӛзгерту мақсатында толерантты емес сана, толерантты емес ой-пікір қалыптастыруға бағытталған радикалды феноменологиялық кӛрініс».

- геосаяси компаративистика әдісін пайдалана отырып, әлемдік кеңістікте діни экстремизмнің таратылу және даму себептеріне факторлық талдау жүргізілді, сондай-ақ діни экстремизмнің негізгі тенденциялары мен діни экстремизммен күрес аясындағы мемлекеттік саяси тұжырымдамалардың ерекшеліктері ашылды;

- діни экстремизмге қарсы мемлекеттік саясаттың спецификалық ерекшеліктері мен құқықтық аспектілері аталған құбылысты жоюда пәрменді механизм болып табылады;

- заманауи Қазақстанның социомәдени және саяси ӛмірінде діни экстермизмнің табиғаты мен кӛрініс табуының ӛзіндік ерекшеліктері ашылған, оның саяси табиғаты мен ары қарай дамуының мүмкін сценарийлері анықталған;


- дінаралық қарым-қатынас саласында сұхбат саясатын әрі қарай жетілдіру үшін Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы әрекеттер саласында практикалық нұсқаулар ұсынылды.

Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі экстремизм феномені аналитикасы бойынша шетелдік және отандық, сондай- ақ заманауи саяси үрдістер жағдайындағы діни экстремизмнің пайда болуының әртүрлі үрдістері мен механизмдерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың еңбектері болып табылады.

Діни экстремизм феноменін ашу барысында алдыға қойған мақсатқа жету үшін институционалды, нақты тарихи, жүйелі, құрылымдық- функционалдық және компаративистикалық талдаудың әдіснамалық тәсілдері, сондай-ақ феноменологиялық талдау әдісі қолданылды.

Диссертациялық жҧмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми нәтижелерін «Саясаттану», «Дінтану»,

«Мәдениеттану», «Конфликтология» сияқты пәндерді оқыту барысында пайдалануға болады. Диссертациялық зерттеудің кейбір нәтижелерін діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған күрес жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік құрылымдарға ұсынуға болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1079 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2194 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.