- өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;
- сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы
туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
- сенiм бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға;
- тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенiмхатты кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге міндетті.
Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi:
- сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;
- сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға;
- сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанының барлығын кешіктірмей қабылдауға
- егер шартта көзделсе, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге міндетті.
Шартты тоқтату:
- сенім білдірушінің тапсырманы ауыстыруы
- сенім білдірілген өкілдің бас тартуы
- сенім білдірушінің, сенім білдірілген өкілдің қайтыс болуы, олардың біреуін әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кетті деп танудың салдарынан тоқтатылады.
Егер сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырма шартының тоқталғаны туралы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, онда сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауы бойынша жасалған оның iс-әрекетi сенiм бiлдiрушiнi (оның құқықтық мирасқорын) үшiншi тұлғаға және сенiм бiлдiрiлген өкiлге қатысты мiндеттейдi.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған шарттан бас тартқан, кәсiптер ретiнде iс-әрекет жасайтын тарап, егер шартта бұдан да ұзақ мерзiм көзделмесе, екiншi тарапқа шарттың тоқтатылғаны туралы бiр ай көлемiнде хабарлауы тиiс.
Комиссия шартының түсінігі мен сипаттамасы. Комиссия шартының мазмұны.
Норм акт жок
Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi.
Шарт нысаны: жазбаша
Шарт: екі жақты, ақылы, келісімді
Шарт пәні: сауда айналымы саласында делдалдық қызмет көрсету
Ішкі қатынастарға комитент – комиссионер, ал сыртқы қатынастарға комиссионер – үшінші тұлға қатысуы мүмкін.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
- комиссионер үшiншi адаммен жасаған мәмiледен туындайтын барлық мiндеттерiн орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиiс
- комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - іскерлік айналымының дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi
- үшiншi тұлғаны таңдауда комиссионер тиісті сақтық көрсетпеген не мәміленің орындалу кепілдігін өз мойнына алған (делькредере) болса және мәміле орындалмай қалса комитент алдында жауап бермейдi
- комиссионермен жасалған мәмілені үшінші тұлға бұзған жағдайда комиссионер бұл туралы дереу комитентке хабарлауға және қажеттi дәлелдердi жинау мен қамтамасыз етуге мiндеттi.
- комиссионермен жасалған мәмiленi үшiншi тұлғаның бұзғандығы туралы хабарландырылған комитенттiң осындай мәмiле бойынша комиссионердiң ол адамға қойған талаптарын өзiне берудi талап етуге құқығы бар
- комитент, комиссионерден шарт бойынша барлыө орылдалғанды қабылдауға міндетті.
- комитент, өзi үшiн комиссионер сатып алған мүлiктi қарауға және осы мүлiкте байқалған кемшiлiктер туралы оған дереу хабарлауға міндетті
Комиссия шартын тоқтату:
- комитент комиссия шартында көзделген барлық тапсырмалардың күшiн жойған жағдайда, шарт тоқталады.
- комиссия шарты жалпы негiздермен қатар:
1) комиссионердiң шартты орындаудан бас тартуының;
2) комиссионердiң қайтыс болуы, оны әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен немесе дәрменсiз (банкрот) деп танудың салдарынан тоқтатылады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі жалпы ережелер. Сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздері.
Норм акт жок
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ды (МСБ) белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Шарт: екі жақты, келісімді, ақылы
МСБ шартында
- МСБ шартының нысанасы, мерзімі
- сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамы
- пайда алушы туралы нұсқау
- сенімгер басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны
- МСБ шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлікті алатын адамды көрсету көзделуі тиіс.
Шарт нысаны: жазбаша (шарт нысанын сақтамау, жылжымайтын мүлікке арналған шарттың тіркелімінің болмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады).
МСБ:
- мәмiле (шарт, өсиет)
- сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда)
- әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады.
МСБ субъектілері:
- сенімгерлікпен басқару құрылтайшсы ретінде – мүліктің меншік иесі, өзге де заттық субъектісі, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган
- сенім басқарушы ретінде – кез келген тұлға бола алады,
- пайда алушы ретінде – сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөлініс бола алады.
МСБ объектілері:
- ақша
- бағалы қағаздар
- мүліктік құқықтар
- басқа да кез келген мүлік
Материалдық емес игіліктер сенімгерлікпен басқару объектісі бола алмайды.
МСБ тоқтатылуы:
- сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп жарияланғанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;
- әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылса
- заңды тұлға – сенімгер басқарушы таратылғанда
- сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда
- сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда
- егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.
Шарт тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көсетілген тұлғаға беріледі.
Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады, сеніп тапсырылған мүлік конкрустық массаға беріледі.
Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.
Тараптардың бірінің бастамашылығы бойынша шарт тоқтатылған кезде екінші тарап кемінде үш ай бұрын хабардар етілуі тиіс.