Бап. Тауардың сапасы
1. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Егер сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті.
3. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
4. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тәртiпкесәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша, заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн.
5. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс.
Бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары
1. Егер сатушы тауардың кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;
2) қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
3) тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді;
4) тиiстi сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетiн тауармен алмастыруды;
5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Шарттың сатып алушының осы тармақта көзделген құқықтардан бас тартуы туралы талаптары жарамсыз болып табылады.
2. Жиынтыққа кiретiн тауарлардың (осы Кодекстiң 432-бабы) бір бөлiгiнiң сапасы тиісті деңгейде болмаған жағдайда сатып алушы тауарлардың осы бөлiгiне қатысты, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға құқылы.
3. Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.
4. Егер осы Кодексте немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, осы бапта көзделген ережелер қолданылады.
Бап. Тауардың сатушы жауап беретiн кемшiлiктерi
1. Егер сатып алушы тауардағы кемшiлiктердiң өзiне берiлгенге дейiн пайда болғанын немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшiлiктерi үшiн сатушы жауап бередi.
Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар жөнiнде өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм жарамсыз болады.
2. Егер тауардағы кемшiлiктердiң олар сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың әрекеттерi немесе дүлей күштiң салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, сатушы сапа кепiлдiгiн берген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi үшiн жауап бередi.
Бап. Мүлiктік жалдау шартының талаптары
Мүлiктік жалдау шартында жалға алушыға мүлiктiк жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.
Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктiк жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi.
бап. Мүлiктік жалдау шартының нысаны
1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүлiктік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге оны қоса алғанда мүлiктік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
3. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысуын көздейтiн мүлiктік жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.