Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мердігерлік шартының түсінігі,мазмұны,түрлері,тоқтату негіздері.




Түсінігі: Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.

Субъектілері: мердігер және тапсырыс беруші.

Объектілері: кәсiпорындар, үйлер (оның iшiнде тұрғын үйлер), ғимараттар немесе өзге де объектiлер салынып жатқан объектiлер,жобалау және iздестiруді жүргізу объектілері, ғылыми зерттеулер және т.б.
Түрлері: Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне:

· - тұрмыстық мердiгерлiк;

· - құрылыс мердiгерлiгi;

· - жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк;

· - ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк жатады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері: Шарттың орындалуына байланысты мердiгерге тиесiлi белгiленген бағаны не өзге соманы төлеу мiндетiн тапсырысшы орындамаған жағдайда мердiгердiң жұмыс нәтижесiн ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берiлген тапсырысшыға тиесiлi жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзiнде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалуға құқығы бар.

Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.

Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы.
Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.

тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.

Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетугемiндеттi.
Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме жасауға құқылы.

Тараптардың жауапкершілігі: Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың кемшiлiктерi себептi тиістi дәрежеде орындалмаған жұмыс үшiн, егер ол осы материалдарды тиiстi қабылдау кезiнде оның кемшiлiктердi анықтауы мүмкiн болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.

Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады.

Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
1)қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2)жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;
3)тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.

Егер мердiгерлiк нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тапсырысшы жеткiзген материал кемшiлiктерiнiң немесе оның жұмысты орындау әдiсi туралы өкiмдерiнiң салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алғаннан кейiн болса, мердiгер жұмыс үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

Шарттың тоқтатылуы: Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.

Жасырын кемшіліктер бойынша жұмыс қабылданған күннен бастап мердігерді хабарландыру мерзімі – 1жыл, ғимараттарға қатысты және әдейі мердігер тарапынан жіберілген кемшіліктер бойынша – 3жыл.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2441 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2174 - | 2121 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.017 с.