Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сақтандыру туралы жалпы ережелер.Сақтандыру құқықтық қатынастарының қатысушылары.Сақтандыру түрлері.




Сақтандыру дегеніміз -шартпен анықталған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға орын алған кезде сақтандыру ұйымның өз активтер есебінен азаматтар мен заңды тұлғалардың заңи мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастардың кешені.

Сақтандыру-азаматтар мен заңды тұлғалардың материалдық ж/е жеке материалдық емес игіліктерін тиімсіз салдардан сақтандыру мақсатында сақтандыру ұйымына ақша жарналарын төлеуі,ал сақтандырушы көрсетілген салдарорыын алған жағдайда сақтанушыға н/е өзге тұлғаға келісілген соманы төлеу жөніндегі қажетті қоғамдық пайдалы қызметтің түрі.

Сақтандыру объектісі болып-заңды тұлға н/е азаматтың кез келген мүддесі табылады.

Сақтанушы -сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

Сақтандырушы -сақтандыру жүзеге асыратын,яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға н/е пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.Сақтандырушы ретінде тіркелген ж/е сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар /коммерциялық/ акционерлік қоғам бола алады.

Сақтандырылған адам -өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

Пайда алушы-сақтандыру шартына н/е міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Заңды тұлға да,азамат та пайда лушы бола алады.

Актуарий -сақтандыру ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру ж/е қайта сақтандыру шарттары б/ша міндеттемелер мөлшерінің экномикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға.

Сақтандыру брокері(делдалы)- сақтандыру ж/е қайта сақтандыру мәселелері б/ша консультациялық қызметті өз атынан ж/е сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шартын н/е өз атынан ж/е цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлға.

Сақтандыру агенті -берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымның атынан ж/е тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке н/е заңды тұлға.

Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор)-уәкілетті мем-к органнның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым(аудитор).

Қайта сақтандыру -сақтандыру шарты б/ша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін н/е бір бөлігін беруге байланысты туындайтын қатынастар.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру деп екі салаға бөлінеді. «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру;

2) аннуитеттік сақтандыру.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2) медициналық сақтандыру;

3)көлік құралдарын сақтандыру;

4) жүктерді сақтандыру;

5) мүлікті сақтандыру;

6) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

7) көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

8) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

9) көліктен басқа зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне, нуқастығыана байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуі немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақ немесе рента түрінде кезең кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылуы жазатайым жағдайдығ немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету қабілетін жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада ішінара менесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілгенммедициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолданымдарымен туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немсе жойылуы, соның ішінде айдан немесе ұрлап жетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немес толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немсе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Мүлікті сақтандыру иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немсе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимылы жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттеремелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған, залалдар тәуекелін, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандыру төлемдерін жүзеге жүзеге асыру көзделетін саөтандыру түрлерінің жиынтығы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1064 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.