Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сатып-алу сату шарты туралы жалпы ережелер.




Түсінігі: Сатып алу сату шарты - бір тарап (сатушы) затты екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенуі,ал сатып алушы затты қабылдауға және ол үшін ақы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Сатып алу сату шарты ауызша немес жазбаша(жай,білікті жазбаша: нотариалды куәландыру, мемлекеттік тіркеу;) нысанда жасалуы мүмкін. Екі жақты, консенсуалды, ақылы;

Жалпы ереже бойынша шарттың елеулі ережелері: тауардың атауы және тауардың саны;

Субьектілері: жалпы ереже бойынша: кез келген жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік бөлініс; кейбір түрлері бойынша нақты субъектілер де көзделеді.

Обьектілері: азаматтық айналымнан алынбаған сатушының меншігіндегі немесе ол жасайтын, яки сатып алатын кез келген азаматтық айналымнан алынбаған зат(тауар);

Түрлері:

·Бөлшектеп сатып алу сату

·Тауар жеткізілім шарты

·Келісім шарт жасасу шарты

·Энергиямен жабдықтау шарты

·Қозғалмайтын мүлікті сатып алу сату шарты;

·Кәсіпорынды сатып алу сату шарты

Тараптардың құқықтары:

Сатушы-тауарды алған сатып алушы оның ақысын төлеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайларда сатушы берiлген тауарға ақы төлеудi немесе ақы төленбеген тауарларды қайтаруды талап етуге құқылы;

Сатып алушы бөлiп-бөлiп төлеу арқылы сатылған тауар үшiн кезектi төлемдi шартта белгiленген мерзiмде төлемесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы, сатып алушыдан алған төлем сомасы тауар бағасының жартысынан асатын жағдайларды қоспағанда, шартты орындаудан бас тартуға және сатылған тауардың қайтарылуын талап етуге құқылы;

Сатып алушы - шартта көзделген аз сандағы тауарды беретін болса,тауарды толықтырып беруін талап етуге немесе берілген тауардан толықтай бас тартуға; артық тауардан бас тартуға; тауарлардың ассортиментін жеке анықтауға немесе шарттан бас тартуға; егер тауарға кепiлдi мерзiм немесе жарамдылық мерзiмi белгiленбесе, сатылған тауардағы кемшiлiктер қисынды мерзiмде, бiрақ тауардың сатып алушыға берiлген күнiнен бастап 2 жыл шегiнде табылған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiм белгiленбесе, сатып алушы тауардың кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоя алады.

Міндеттері: сатушы: тиісті сандағы тауарды беруге; тауарды тиісті ассортиментте беруге; мақсатына жарамды тауар беруге; тауарды шарт ережелеріне немесе нормативтік актілердің талаптарына немесе оның сақталуын, жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында буып түюге; сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, АК-ң 277, 2-тармақ: «Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс». Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi. Егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.

- ҚР азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР 2011 жылғы 1 наурыз;

- “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы” ҚР заңы 2010 жылғы 4 мамыр;

- “Тауар биржалары туралы” ҚР Заңы 2009 жылғы 4 мамыр;

- «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР 2007 жылғы 26 шілде;

Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты- сатушы сатып алушының меншігіне кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде беруге міндеттенеді, ал сатып алушы қабылдауға және келісілген бағаны төлеуге міндетенеді; консенсуалды,екі жақты, ақылы; жазбаша және мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс;

Субьектілері: азаматттық-құқықтық қатынастардың кез-келген жеке/заңды тұлғалары;

Обьектісі: кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен. Кәсіпорынның құрамына кіретіндер: жер учаскілері; ғимараттар;құрал-жабдықтар, шикізат, дайын өнімдер;талап ету құқықтары, қарыздар; кәсіпорынды дараландыратын айрықша құқықтар (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі); кейбір міндеттер мен құқықтар сатып алушыға ауыспайды (мысалы, лицензиясы қызмет, жұмыс түрлері);

кәсіпорынның қызметкерлеріне, жұмысшыларына қатысты құқықтары мен міндеттері сатушыдан сатып алушыға еңбек заңнамасына сай ауысады.

Кәсіпорынды сату сатыларына тоқталатын болсақ:

·кәсіпорынның құрамы мен бағасын анықтау;

·кәсіпорынды сатып алу сату шартын жасау;

·кәсіпорынның сатылатыны жөнінде несие берушілерді хабардар ету;

·өткізку актісін жасау арқылы кәсіпорынды сатып алушыға беру;

·кәсіпорынға меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеу.

496-бап. Кредит берушiлердiң кәсiпорынды сату кезіндегі құқықтары

1. Сатушы сатылатын кәсiпорын туралы кредит берушiлерге жазбаша түрде хабарлауға тиiс.

2. Борышты аударуға өз келісімiн беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған кредит берушi кәсiпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап 3 ай iшiнде мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдарды өтеуiн не кәсiпорынды сату шартын толық немесе оның тиiстi бөлiгiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

3. Кәсiпорынды сату туралы хабардар етiлмеген кредит берушi сатушының кәсiпорынды сатып алушыға бергендiгi туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап 1 жыл iшiнде сотқа талап қоюға құқылы.

4. Кәсiпорын сатып алушыға берiлгеннен кейiн кредит берушiнiң келiсуiнсiз сатып алушыға аударылып, берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзiлген борыш үшiн сатушы мен сатып алушы бiрдей жауап бередi.

Бөлшектеп сатып алу-сату- тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сатушы, тауарды сатып алушыға беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды кәсіпкерлік мақсатпен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенеді. Ауызша, жазбаша нысанда жасалуы мүмкін; екі жақты, ақылы және жария;

Субьектілері: сатушы - тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер. Сатып алушы – жеке тұлға;

Нысанасы: айналымнан алынып тасталмаған кез-келген заттар(тектік, жеке сипаттармен анықталатын);

Сатушы барлық сатып алушылармен тең жағдайда шарт жасауға міндетті.

Сатушы шарт ережелеріне саны, сапасы, жиынтығы, буып түюі сай келетін тауарды сатып алушаға беруге міндетті.

Сатып алушы тауарды қабылдауға және бағасын төлеуге міндетті. Сатып алушы тауарға ақыны бөліп-бөліп төлеудің шартта белгіленген кезеңі шегінде тауарға кез келген уақытта толық төлем жасауға құқылы.

Сатушы тауардың сипаты, оны пайдалану және сақтау ерекшеліктері жөнінде сатып алушының нақты мәліметі болатындай мағлұматты беруге міндетті;

Сатушы шарт ережелеріне саны, сапасы, жиынтығы, буып-түюі сай келетін тауарды сатып-алушыға беруге міндетті;

сатып алушы тауарды қабылдауға және бағасын төлеуге міндетті;

454-бап. Сапасы лайықты тауарды алмастыру

1. Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап 14 күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.

2. Сатушыдан алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.

456-бап. Тауарды алмастыру, сатып алу бағасын кеміту және сапасы лайықсыз тауарды қайтару кезiнде баға айырмасының орнын толтыру

1. Сапасы лайықсыз тауарды шартқа сәйкес сапасы лайықты тауарға алмастыру кезiнде сатушының шартта белгiленген тауар бағасы мен тауарды алмастыратын немесе тауарды алмастыру туралы сот шешім шығарған кезде қолданылатын тауар бағасы арасындағы айырманың орны толтырылуын талап етуге құқығы жоқ.

2. Сапасы лайықсыз тауарды соған ұқсас, бiрақ көлемi, пiшiнi, сорты және т.б. жағынан өзгеше сапасы лайықты тауарға алмастырған кезде алмастырылатын тауардың айырбастаған кездегі бағасы мен сапасы лайықсыз тауардың орнына берілетін тауар бағасының арасындағы айырманың орны толтырылуға тиiс.

Егер сатушы сатып алушының талабын қанағаттандырмаса, бұл баға тауарды алмастыру туралы сот шешiм шығарған кезде белгiленедi.

3. Тауардың сатып алу бағасын соған орай кемiту туралы талап қойылған жағдайда бағасын арзандату жөнiнде талап қойылған кездегi, ал егер сатып алушының талаптары ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, бағаны соған орай кемiту туралы сот шешiм шығарған кездегi тауар бағасы есепке алынады.

4. Сапасы лайықсыз тауарды сатушыға қайтарған кезде сатып алушы шартта белгiленген тауар бағасы мен сатып алушының талабын ерiктi түрде қанағаттандырған кездегi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, сот шешiм шығарған кездегi тиістi тауар бағасы арасындағы айырманың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

457-бап. Сатушының жауапкершілігі және мiндеттеменi заттай орындау

Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемесiн орындамаған жағдайда залалдарды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу сатушыны мiндеттемесiн заттай орындаудан босатпайды.

Тауар жеткізілімі шарты- бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тауар жеткізуші келісілген мерзім ішінде өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін сатып алушыға беруге міндеттенуі, сатып алушы қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Консенсуалды, жазбаша; 1 жылға немесе ұзартылуы мүмкін; тауарларды жеткізу партиялармен жүзеге асырылады; Тауар жеткізуші өзінде жоқ, бірақ келешекте өндіретін немесе сатып алатын тауарларды сату жөнінде шарт жасауы мүмкін. Шарт қамтиды: шарттың мәтінін, тауардың ассортиментін, санын қамтитын ерекшелігін; шартқа бағаны келісу хаттамасын;тауар жеткізу кестесін; мекен-жайды; Шарттың елеулі ережелері: тауардың атауы және саны;

Субьектілері: тауар беруші және сатып алушы жатады.

Тауар жеткізуші-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Сатып алушы-тауарды кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін сатып алатын сатып алушы заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

обьектісі: азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат немесе тауар;

Тауар жеткізілім шартының тараптарының біреуі шартты елеулі түрде бұзған жағдайда шартты орындаудан бір жақты бас тартуға немесе біржақты өзгертуге жол беріледі. Атап айтатын болсақ,

·тауар мерзімдері бірнеше рет бұзылғанда;

·тауарларға ақы төлеу мерзімдері бірнеше рет бұзылғанда;

·кемшілігі бар, сапасы лайықсыз тауар беріліп және ол кемшіліктерді жою мүмкін болмаған жағдайларды айтуға болады.

Тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегіндегі келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi.

Сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар берушіге хабарлай отырып, жеткiзiлiм мерзімi өткен тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауар беруші хабар алғанға дейін берілген тауарды сатып алушы қабылдауға және оған ақы төлеуге мiндеттi.

Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актiлерiнде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге міндетті;

Сатып алушы (алушы) заң актiлерiне немесе тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес тауар берушi жiберген тауардан бас тартса, ол бұл тауардың сақталуын (жауапкершiлiкпен сақтауды) қамтамасыз етуге және тауар берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

Егер тауар берушi тауарларды шартта көзделген мөлшерде бермесе не сатып алушының сапасы лайықсыз тауарды алмастыру туралы немесе белгiленген мерзiмде тауарды толық жиынтықтау туралы талаптарын орындамаса, сатып алушы оларды сатып алу жөнiндегi барлық қажеттi және қисынды шығындарды тауар берушiге жатқыза отырып, берiлмеген тауарларды басқа адамдардан сатып алуға құқылы.

 

Келісімшарт жасасу шарты- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші өзі өсірген немесе шығарған өнімді қайта өңдеу және сату үшін алатын дайындаушыға беруге міндеттенуі, ал дайындаушы қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім болып табылады. Екі жақты, ақылы және консенсуалды; кәсіпкерлік мақсатта ғана жасалады. Келісім шарт жасасу шартының елеулі ережесі болып берілетін ауыл шаруашылығы өнімінің саны жөніндегі жағдаят табылады.

Субьектілері:уыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және дайындаушы.

Обьектісі: өңделмеген, бірақ қайта өңделуге жататын ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады.

Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келiсiм-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаушы өнімді орналасқан жерінде қабылдауға және өз күшімен алып кетуге міндетті болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші міндеттемесін толықтай немес тиісінше орныдамаған жағдайда, кінәсі болса ғана жауап береді. Дайындаушы бой бермейтін күш негізінде шарттың орныдалуын қамтамасыз ете алмаса ғана, жауаптан босатылады. Өзге жағдайларда яғни кездейсоқ зиян үшін де жауапты болады.

Энергиямен жабдықтау шарты- энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған тетіктер арқылы энергияны беруге міндеттенуі, ал тұтынушы қабылданған энергияны төлеуге, оны тұтыну режимін сақтауға, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Екі жақты,ақылы және жария, ұзақ мерзімді;

Субьектілері: энергиямен жабдықтаушы ұйым - тұтынушыларға өндірілген(сатып алынған) электр немесе жылу энергиясын сататын коммерциялық ұйым;

тұтынушы - қосылған тетіктер арқылы элекрт энергиясын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

Шарттың ерекшелігіне тоқталатын болсақ:

·Электрэнергиясын тұтыну оны алумен бірге жүреді, сол себептен де оны қайтарып беру мүмкіндігінің жоқтығы.

·Электрэнергиясын беру тоқтаусыз процесс болып табылады.

·Электрэнергиясын тасымалдау қосылған тетіктер арқылы ғана жүзеге асырылады.

Құқықтары: Электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым: техникалық құралдармен оларды пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жасауға;

Тұтынушы (абонент): тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға;

Міндеттері: электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым: шартта көзделген мөлшерде және тараптар келіскен энергия беру режимін сақтай отырып, абонентке жалған желі арқылы энергия беруге міндетті;

Тұтынушы:өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, энергияны тұтынудың белгiленген режимін сақтауға, сондай-ақ авариялар, өрт, энергия есептеу аспаптарының ақаулы болуы және энергияны пайдалану кезiнде туындайтын өзге де кемшiлiктер туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымға дереу хабарлауға;

Абонент іс жүзінде алған энергия үшін ақы төлеуге міндетті.

Айырбас шарты

Айырбас шарты бойынша әр тарап айырбасқа тауарды екінші тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беруге міндетті.

Шарттың ерекшеліктері:

-шар екі жақты, ақылы, консенсуалды;

-шарттың нысанасы (пәні) ретінде азаматтық айналымнан алынбаған және айналымы шектелмеген заттар табылады;

-әр тарап беретін тауарға қатысты сатушы, алатын тауарға байланысты сатып алушы болып табылады. Сол себептен де айырбас шартына сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.

-жалпы ереже бойынша тауарлар тең бағалы деп танылады. Егер, тауарлар бағасында айырмашылық болса, тауары төмен бағаланған тарап екінші тарапқа айырмашылықты төлеуге міндетті;

-тараптарға меншік құқығы әр тарап тиісті тауарды беру жөніндегі өз міндеттемесін орындаған соң ауысады.(ҚР АК 501-505баптары)

Сыйға тарту шарты

Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

Шарт ерекшеліктері:

-Шарт екіақты мәміле, себебі тек қана сыйғв тартушының ғана еме, сонымен қатар сый алушының да келісімін қажет етеді;

-сыйға тарту шарты ақысыз шарт;

-шынайы немесе консенсуалды шарт;

Шарт ауызша жасалуы мүмкін, яғни сыйды тапсыру немесе символикалық түрде кілтті немесе құжаттарды тапсыру арқылы да болуы ықтимал.

Болашақта сыйды беруге уәде етілсе шарт жазбаша нысанды жасалуға тиіс. Осы негіздер бойынша шарт ауызша жасалса, жарамсыз болып саналады.

Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту шарты мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Сыйға тартушы қайтыс болған жағдайда шартты сыйға тартуға заңнама тыйым салады.

Рента шарты

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.
Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн. Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс.

Шарттың ерекшеліктері:

Шартт-шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды;

-рента түрлері: тұрақты рента, ғұмырлық және өмір бойы асырауды ұстау;

-рента шарттары жазбаша нысанда жасалуы және нотариалды куәландыруы тиіс;

Жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару. Мемлекеттік тіркеуді қажет етеді.

Рента негізінде иеліктен шығарылатын мүлік рента төлеуші меншігіне беріледі.

Рента, оны төлеу үшін берілген жер учаскесі, сол сияқты кәсіпорын, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік құқығына ауыртпалық түсіреді. Егер, мұндай (ауыртпалықты) мүлікті рента төлеуші иелігінен шығарса оның рента міндеттемелері мүлікті алушыға ауысады. Егер, мүлікті сатып алушы рента шартының міндеттемелерін орындамаса, мүлікті беруші (бұрынғы рента төлеуші) субсидиярлық жауапта болады.

- Рента алушы жер учаскесіне немесе басқа да жылжымайтын мүлікке деген құқықты рента төлеушіге бере отырып, шарт орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бұл мүлікке кепіл құқығын алады.

- Ақша сомасын немесе басқа да жылжитын мүлікті рента төлеміне беруді қарастыратын шарттың елеулі ережелері ретінде 1) рента төлеушінің өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету міндеті немесе 2) бұл міндеттемелердің орындалмау яки тиісті дәреже орындалмау тәуекелін рента алушы пайдасына сақтандыру міндеті қарастырылады. Егер, осы негіздер бойынша рента төлеуші міндеттемелерін орындамаса, рента алушы шартты бұзуға және келтірілген зиян орнын толтыруды талап етуге құқылы.

- Егер шартта өзгеше көзделмесе, рента төлеуші рентаның төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкі белгіленген банкілік пайыздың орташа есептеу ставкасы негізінде рента алушы талабы қанағаттандырылуы мүмкін.

Тұрақты рента шартының ерекшеліктері.

· - Тұрақты рента шарты бойынша рента алушы рентінде азаматтар және қызмет мақсатына қайшы келмейтін болса, коммерциялық емес ұйымдар бола алады.

· - Тұрақты рента ақшалай төленеді.

· - Шарт бойынша ақша сомасына сай келетін зат беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету рента төлемі ретінде қарастырылуы мүмкін.

· - Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетін рентаның мөлшері АЕК-тің мөлшеріне сай өзгеріп отырады.

· - Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әр тоқсан соңында төленеді.

Рента алушы рента төлеушіден мына жағдайларда:

1)Шартпен өзгеше көзделмесе, рента төлеуші рента төлемін бір жылдан астам уақыт төлемесе;

2)Рента төлеуші рента төлемін қамтамасыз ету міндеттемелерін бұзса;

3)Рента төлеушінің төлем қабілеті жоқ деп танылса немесе шартпен қарастырылған мөлшермен мерзімде рентаның төленбейтінің дәлелдейтін басқа да себептер туындаса;

4)Рента төлеміне берілген мүлік ортақ меншікке келіп түссе немесе бірнеше тұлға арасында бөлінсе;

5)Шартпен қарастырылған өзге де жағдайларда рентаны сатып алуды талап етуге құқылы.

Тұрақты рента төлеміне берілген мүлік кездейсоқ жойылса немесе бүлінсе, оның тәуекелі рента төлеушіге жіктеледі. Бұл жағдайда, рента төлеуші рента төлеу міндеттемелерінің тоқтатылуын немесе рентаның төлеу жағдаяттарының өзгерілуін талап етуге құқылы.

Ғұмырлық рента шартының ерекшеліктері.

Ғұмырлық рента шарты бойынша рента алушы мүлігін рента төлеуші меншігіне береді, ал рента төлеуші оған және өзге адамдарға өмір бойы рента төлеп отыруға міндеттенеді.

- Рента алушы ретінде бір немесе бірнеше адам бола алады;

- Егер шартта өзгеше көзделмесе, бірнеше адам пайдасына жасалған ғұмырлық рента шарты бойынша олардың біреуі қайтыс болса, оның үлесі басқа рента алушыларға ауысады;

- Ғұмырлық рента туралы азаматтың пайдасына жасалатын шарт күшіне енгенге дейін рента алушы-азамат қайтыс болса, шарт жарамсыз болып табылады;

- Ғұмырлық рентаның мөлшері ең төменгі айлық жалақыдан болмауы тиіс және әр күнтізбелік ай соңында төленіп отырады;

- Мүлік кездейсоқ жойылса немесе бүлінсе де, рента төлеуші төлеу міндеттемелерінен босатылмайды.

Шарт рента алушының қайтыс болуымен тоқтатылады.

Өмір бойы асырауда шартының ерекшеліктері.

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті рента төлеуші меншігіне береді, ал рента төлеуші бұл азаматты немесе ол көрсеткен өзге адамды өмір бойы асырауға міндеттенеді.

Рента төлеуші міндетіне кіруі мүмкін ережелер:

-рента алушының тұрғын үйде тұрумен қамтамасыз ету;

-киіммен, тамақпен бағып күту өзге де қажетті көмекпен қамтамасыз ету;

-діни қызметтерді (жерлеу, кәделерін өткізу және т.б.) көрсетілуі көзделуі мүмкін.

Шарт бойынша рента төлеуші көрсететін айлық асырау мөлшері 2 айлық төменгі жалақыдан төмен болмауы тиіс.

Шартпен көрсетілетін күтімді ақшалай, нақты сомаға алмастыру мүмкіндігі де көзделуі мүмкін.

Шарт рента алушының қайтыс болуымен тоқтатылады.

Рента төлеуші өз міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамаған жағдайда рента алушы жылжымайтын мүлкін қайтарып алуға немесе шартпен қарастырылған рента құнының бір жылдық төлемін талап етуге құқылы. (ҚР АК 517-539баптары)

 

Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенеуі, ал жадға алушы мүліктің қалыпты тозуын (көнеруін) ескере отырып пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың ерекшеліктері:

· - шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды, мерзімді;

· - мүлік жалға алушыға уақытша пайдалану мен иеленуге беріледі;

· - шарт объектісі ретінде жеке белгілермен анықталған тұтынылмайтын заттар табылады;

· - шарт жай жазбаша, субъектілеріне қарай нотариалды куәландыру және объектісіне қарай мемлекеттік тіркеу түрінде жасалуы мүмкін.

Мүлiк жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлiк жалдау объектiсi болуы мүмкiн.

Жалға берушінің негізгі міндеті шарт объектісі болып табылатын мүлікті жалға алушыға беру. Жалға беруші осы міндетін орындамаған жағдайда, жалға алушы мүліктің берілуін талап етуге немесе шартты бұзуға құқылы.

Жалға алушының негізгі міндеті – жалдау ақысын уақытылы төлеу. Егер жалға алушы мүлікті мақсатына сай пайдаланбаса, жалға беруші шарттың бұзылуын талап етуге құқылы.

Жалға алушы жалға берушінің келісімімен жалданған мүлікті қосымша жалға, тегін пайдалануға, жалдау құқықтарын кепілге беруге құқылы. Сонымен қатар, мүлікке жақсартулар жасауға құқылы.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалданған мүліктің күрделі жөндеуі жалға берушіге, ал ағымдағы жөндеуі жалға алушыға жүктеледі.

Жақсартулар: ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді.

1. Жалданған мүлiктiң жалға алушы жүргiзген бөлiгiнiң ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.

2. Жалға алушы өз қаражаты есебiнен және жалға берушiнiң келісімiмен, жалданған мүлiкке зиян келтiрмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргiзсе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның шарт тоқтағаннан кейiн осы жақсартудың құнын өтеттiрiп алуға құқығы бар.

3. Жалға алушының жалға берушiнiң келісімiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтын жақсартуының құны, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өтеуге жатпайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5003 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.