Сердечно спасибо Вам от моих мамы и папы, для которых Вы и Халима-апай являетесь образцом настоящей любви, примером истинной верности, безграничной преданности и беззаветного служения друг другу.
Для моих родителей Ваши книги стали путеводными нитями в их трудной послевоенной жизни. Удивительно, как похожи судьбы и жизни людей Вашего поколения и поколения моих родителей! В этой похожести усматривается божья воля, в этой похожести — сила этих людей, в этой похожести — правда жизни, в этой похожести — искренность чувств и красота мыслей. Моя мама — дочь врага народа, всю свою жизнь и всей своей жизнью доказывала, что она дочь честного, верного и преданного делу партии и народа человека. Отец, сирота и подранок, всю свою жизнь и всей своей жизнью доказывал, что честность и чистота помыслов — главные составляющие характера современного человека. Этому они научили меня с братом. Этому они учат своих внуков. Они выросли без детства, будучи детьми войны вошли во взрослую жизнь, не оглядываясь назад, но смотря только вперед, узнавая о светлой лювби и о правде счастья из фильмов своей молодости, из книг своих современников, из Ваших книг, уважаемый Мастер.
Доверие, с которым Вы, именитый Писатель, умный, добрый, искренний Человек, относитесь к мнению обыкновенных рядовых читателей, лишний раз подтверждает, насколько талант должен и может быть близок к простым людям, насколько он дорог им, насколько он нужен им.
С каким-то незнакомым мне, новым чувством читала я Ваши нежные, пронизанные теплотой и бесконечной скорбью строки о Подруге Вашей жизни, о Вашей спутнице, единственной хранилище Вашего сердца и дара, Халиме-апай. Сколько пережито вами, сколько сделано вместе, сколько достигнуто! И сколько недосказано!
Вместе с Вашей Лаурой ехала с Вами в Москву,
Вместе с Вами сражалась, жизни сжав тетиву,
Вместе с Вами твердила: «Халима, Халима, Халима...»,
А затем имя мамы — Нагима, Нагима, Нагима.
..
Нет на свете дороже женщин любимых имен,
Именем каждый дарован, именем каждый силен.
В имени словно заложен жизни твоей смысл-путь,
Главное с именем этим с того пути не свернуть.
Мне так сложно, порою, разобраться в себе,
Хочется вместе с Лаурой в чьей-то остаться судьбе.
Хочется в жизненной буре опорой быть для того,
Кому ради счастья со мною не будет жаль ничего.
О вашей любви бесконечной следует песни слагать,
Чтобы учили нас думать, верить, любить и ждать,
Чтобы учили терпенью, надежде и доброте,
Чтобы учили жить в счастье, покое и красоте.
Спасибо Вам, Азильхан ага, за Ваши книги и за Ваш бескорыстный труд.
P. S: Что касается перевода, то очень трудно судить и переводить, не владея в полной мере языком. На мой непросвещенный взгляд. Ваш труд достоин более поэтичного и стилистически более окрашенного перевода. Но это точка зрения дилетанта.
С уважением Гульнара УТЕБАЛИЕВА.
«МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ЖЫРЫНЫҢ»
АВТОРЫНА АЛҒЫС ХАТ
Халқымыздың қалаулы перзенті, аса қымбатты Әзілхан аға!
«Махаббат, қызық мол жылдар» атты тамаша романмен кеше ғана күллі жастардың жүрегінен орын алсаңыз, бүгінде Сіз баға жетпес барша шығармаңыз бен кішіпейіл қамқорлығыңызбен, махаббатқа деген шексіз адалдығыңызбен, сүйікті жарыңыз Халима апайымызбен бірге жазған құдіретті махаббаттың мәңгілік жыры арқылы күллі оқырмандарыңыздың жүрегін жалғап, барша жастардың махаббат аңсаған жүрегіне айналдыңыз.
Сізбен алғашқы таныстығымыз «Махаббат, қызық мол жылдар» атты тамаша еңбегіңізді тебірене оқумен басталды. Ол кезде мен Қытайда орта мектепте оқып жүрген едім. Сол кезде біздің төте жазумен басылған көлемі шағын болса да, мазмұны терең осы кітап оқырмандар арасында шексіз әсерімен көптеп таралып жатты. Шығарманы таласа талқыладық та, асыра бағаладық. Көзі қарақты жастар түгелге жуық бір-бірінен ат түйедей қалап алып, таласа оқыды да.
Осынан көп өтпей аға жұртқа келіп, университетке оқуға түстім. Баяғы қызығушылығыммен Сіздің кітаптарыңызды іздеп оқи бастадым. Оқи келе өмірдің терең қатпарына Сізбен бірге үңіле бастадым. «Ақиқат пен аңыз» диалог-романы арқылы батыр бабамыз Бауыржанның халқы мойындаған қайсарлығы мен ерлігін танысақ, «Махаббат жыры» шағын повесіңіз арқылы тағы да сиқырлы махаббаттың шынайы сезімінен ләззат алдық. «Өмір өрнектері» атты әдеби күнделігіңіз арқылы өмірде көріп-түйген шындығыңыздың қағаз бетіндегі көркем түйіннен көп нәрсені түсіндік. Ақыры, Сізбен жүздесіп, танысу деген қорытындыға келдім. Бұл тек менің ғана емес, Сіздің, барлық сүйікті оқырмандарыңыздың көкейіндегі арманы еді. Ақыры құдай қолдап, Сіздің телефон нөміріңізді алдық, сол сәттегі менің бойымдағы қуанышты, шаттықты тілмен жеткізе алмаспын сірә-да!
Куратормен ақылдаса келе, студенттердің «Мәлік Ғабдуллин атындағы әдеби журналистикалық бірлестігі» арқылы Сізді кездесуге шақыруға келістік. Табысты шешім іске аса бастады.
Досым Серік екеуміз ақыры тәуекелге бел буып, Құрманғазы көшесі, № 90-шы үйдегі Сіздің адресіңізді таптық.
Көңілімізде күдік те жоқ емес, әрине. Атағы әлемге таныс ағамызбен қалай бірден танысамыз?! Мүмкін біздердей жай ғана студенттерді қабылдай қояр ма екен деген алалдау да жоқ емес. Ақыры есігіңізді қақтық. Жүрегіміз аталақтап, арнасына симай тұр. Есік ашылды да, ар жағынан шыққан тәтеге жағдайымызды айтып, Сізді сұрадық. Ол кісі Сізге хабарлады. Рұқсат берілгесін толқи басып, сәлемімізді беріп Сізбен ақыры жүздестік. Алғаш байқағанымыз — үлкен кемеңгерлігіңізге тән ақ жарқындығыңыз, ойлы пішініңіз бен кішіпейілдігіңіз. Бағана біз ойлаған ойлар зым-зия ғайып болып, енді жүрегімізді ерекше бір қуаныш сезімі ұялады. Таныса отырып, ұсынысымызды қойдық. Бас тарта ма деген алаңдаушылығымыз да жоқ емес, бірақ Сіз кішіпейілдікпен мән-жайды айттыңыз. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған шараларға қатысуға байланысты 9-шы мамырдан бұрын уақытыңыздың болмайтындығын, ал кейін шақырсақ келетініңізді айттыңыз. Қуанышымызда шек жоқ, ризашылықпен алғыс айта бердік. Бірақ, Алланың разылығы мен Сізбен танысудың бақытына кенелдік. Шағын даярлықпен Өзіңізді кездесуге шақырдық. Белгіленген уақыттан сәл кешігіп барғанымызда, Сіздің бізді күтіп қалғаныңызды айттыңыз. Міне осы арада Сіздің уақыт пен уәдеге деген адалдығыңызға тебірендік. Біздегі «қазақи» жайбасарлықтың ізін Сізден көре алмадық.
Кездесу кезінде Сіз бастан-аяқ тік тұрып сөйледіңіз, жасыңыз бен денсаулығыңызға байланысты, Сіздің отырып сөйлеуіңізді қалағанымызда, Сіздің осында отырған студенттердің жасын қоссаңыздар, менің жасымнан әлдеқайда асып кетпей ме, «үлкенді сыйлау, қазақтың әдетімен сіздерге, көпшілікке құрмет етем» дедіңіз де, сөзіңізді жалғап кеттіңіз?!
Балалық шағыңыз, Отан соғысы кезіндегі күндер, Әуезов ағамыз жайлы біз естімеген тың деректерді айттыңыз. Тіпті құнды заттарыңызды да ала келген екенсіз. Олар: Мәншүк қабырынан алынған топырақ, Ментайдың 75 жылдығындағы естелік жүзік, құрметті «Парасат» ордені бәрі-бәрі Сізге деген құрметтің, Сіздің халыққа деген адалдығыңыздың айқын айнасы екенін сездік.
Қыз-жігіттерімізге айтқан тәлім-тәрбиеңіз тіптен әсерлендірді. Атағы алты Алашқа таныс, Президентімізден бастап кітап оқып, өмірді түсіне алатын көзі қарақты жас оқырмандарымызға дейін құрметтеуге дайын ардақты, Әзілхан аға, осылайша Сіздің ықыласыңызға бөленгеніміз әлі есімде.
Ауылыма қайтарда Сіздің «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабыңыздың бір нұсқасына қолыңызды қойдырып, ауылға ала кеткен едім. Сізбен кездесіп, Өз қолыңыздан кітабыңызды алғанымды айтқанымда, ол жақтағы қандастарымыз тебірене түсті. «Сен не деген бақыттысың, Әзілхан ағамен кездескен» деп мені мақтап қояды. Сіздің шығармаңызға құмар оқырмандардың алғашқы легі осылайша жана кітабыңызды бас алмай оқуға кірісті, ішінде мен де бармын. Кітаптың аты мен ішіндегі суреттерге қарап-ақ үлкен маңызға ие екенін былайғы жұрт айтқызбай-ақ мойындап жатты.
Міне бастап оқып болғанымша, менің жүрегім тебіреністен арыла алмады. Бірде қуандым, бірде жыладым. Қуанғаным — шығармаларыңызға адал махаббатты арқау етіп жеткізе жырлап жүрсеңіз, ал өмірде де өз басыңызда да нағыз махаббат болғандығы. Халима апамызбен танысқаныңыздан бастап, ғашықтық өмірдегі қыз ықтарыңызды, үйленгеннен кейінгі барша бақытты сәттеріңіз, қысқа ғана өмірдің жырын мәңгілік етіп жазғандарыңыз болса, ал мұңайғаным — адал жарыңыздан айрылғаннан кейін, «аһ» ұрып, егіле отырып жоқтанғаныңыз, сыңарынан айрылған аққудай болған көңіл күйіңізді жырға сыйдыра отырып, өз жүрегіңіздің мұңын өзге оқырмандардың жүрегіне сіңдіре кеткендігіңіз. Бізде бұрынғылар да мойындамай кеткен, тіпті мойындағысы да келмейтін, махаббат атты киелі құбылыстың мәңгілік екенін әрі «шын ғашықтар қосылмайды» деген сыңар жақтылы философияға тойтарыс бере отырып, Өз ғұмырыңызда өткізген адал махаббатыңызды саналы оқырмандарыңызға жайып салдыңыз:
Мен айтқанмын Өзіңді,
«Төбедегі Күнім!» деп.
Жұрт жүрмей ме мазақтап,
Күйеуінің «күні» деп.
Жаның сүйген жарыңның,
Күні болса несі бар?
Одан артық бақыт жоқ,
Әйел үшін есі бар!
Осы екі шумақ өлең ғана Халима апамыз екеуіңіздің адал махаббатыңыздың шексіз сүйіспеншілік пен құрметтеуден құралғандығын көрсетіп тұр емес пе?
Осы кітабыңыздың алды болып оқыған Қытайдағы бірнеше достарым Сізге деген алғысын, тебіренісін жеткізуді маған қадағалай тапсырған еді. Ал славян әрпімен басылған кітаптарды оқи алмайтын оқырмандарыңыздың толғанысы тіптен бөлек. Кітаптың іші-сыртына қарай салып-ақ мақтап, өздерінше түсініп, разы болып жатыр, шіркін, кітап төте жазумен шыққанда ғой деп армандап қояды.
Қадірлі Әзілхан аға, осы кітапты оқығаннан кейін, менің жеке тебіренісім тіптен бөлек. Бұрын шынайы махаббаттың мәңгілігін өмір әмалиатымен дәлелдеген марқұм Халима апамыз екеуіңіздің өмірлеріңіз арқылы бұрынғыдан да шынайы сезінгендеймін. Бұрыннан мен армандайтын махаббаттың мына алмағайып заманда бар екенін, әлі де өмір сүре беретініне сендім.
Қадірлі Әзілхан аға, менің «махаббат» туралы түсінігімді барынша тереңдетіп, адал жол ұсынғандығыңыз үшін Сізге борыштымын. Шексіз разымын. Мен, менің барлық замандастарым, сондай-ақ махаббатта жолы болмай жүрген құрбыларым Сіздің осы шығармаңыз арқылы өздеріне дұрыс жол табатынына сенімдімін.
Өткен заманда ғашықтарымыз жете алмай өткен, Сіздердің бастан кешіріп, мәңгілік етіп жырлаған махаббат, бүгінгі жастар армандайтын адал, пәк махаббат ешқашанда да жоғалмасын деп тілер едім!!!
Сізге деген шынайылығымен, адалдығымен, ғұмыр бойы Сіз үшін және Сіздің ұрпағыңыз үшін қызмет етіп, мәңгілік махаббаттың биік тұғырынан орын алып, артындағы ел-жұртына өшпес өнегесін қалдырып кеткен, махаббаттың пәктік символын сыйлап кеткен ардақты апамыз Халиманың топырағы торқа болып, жаны жаннатта болсын!
Қазақтың қара көз, қарапайым қыздарына Халима апамыздың биік рухы мен мейірі, парасаты дарысын!
Аса қымбатты Әзілхан аға! Сіз — күллі қазақ ұрпақтары мәңгі құрметтеп өтуге татитын тұлғасыз. Сондықтан да махаббатқа адалдық пен қайсар тұлғаңызға қайғы-мұң жоламасын!!!
Сіздің денсаулығыңыз мығым болып, ашық жарқын, ақылгөй ағамыз, атамыз ретінде көре беруге Алла жазсын!!!
Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ,
Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық
университетінің ІІ-ші курс студенті.
13.02.2006 жыл.