Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.




Макроэкономика-бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі. Макроэкономиканың деңгейінде зерттелетін негізгі проблемалар:

-ұлттық табыстың және ұлттық өнімнің құрылымы мен көлемін анықтау;

-ұлттық экономика шеңберінде жұмысбастылықты реттейтін факторларды аныықтау;

-инфляцияны анықтау;

-экономикалық өсудің факторлары мен механизмін зерттеу;

-экономикада коньюктуралық өзгерістер мен циклдық тербелістердің себептерін қарастыру;

-ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарын зерттеу;

-мемлекеттіңмакроэкономикалық саясатын жүзеге асыру формаларын, мазмұнын және мақсаттарын теория жағынан дәлелдеу.

Макроэкономика жүйе ретінде қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі деңгейі – жұмыс орнының, фирманың, ұлттық шаруашылықтың арақатынастарының нәтижесі болып табылады. Бұл жүйенің әр элементі ерекше қызметтер атқарады.

Мемлекет деңгейінде әлеуметтік- экономикалық даму заңдылықтары, жаңа құбылыстар мен даму бағыттары айқындалады. Сонан соң олар барлық субьектілердің шаруашылық іс-әрекетінде ескеріледі. Фирма деңгейінде экономикалық заңдылықтар практика жүзінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, егер фирманың әрекетін сипаттайтын басты экономикалық көрсеткіштер:пайда, шығындар болса, макродеңгейдегі экономикалық процестер жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, қоғамдық өндірістің тиімділігі және т.б. категориялар арқылы көрініс алады.

Макроэкономикалық талдаудың мақсаты- ұдайы өндіріс процесін обьективті бейнелейтін көрсеткіштерді пайдалану арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қалыптасқан жағдайларды анықтау болып табылады.

Ресурстар, жұмыс бастылық, өндіріс дамуының динамикасын және оның экономикалық тиімділігі, халықтың табыстары туралы нақты жағдайды білу шаруашылық субьектілердің экономикалық бағытын анықтауға көмектеседі. Мемлекет деңгейіндегі экономиканың нәтижесі елдің әр азаматына қатысты. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туралы әр азамат, жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де хабардар болулары қажет.

Макроэкономикалық талдаудың мақсатына жету үшін келесі талаптар:

1. Макроэкономикалық процестердің негізгі динамикасын обьективті көрсететін статистикалық мәліметтер қажет;

2. Елдің халық шаруашылығына тарихи тұрғыдан талдау жасау қажет;

3. Экономикалық жүйенің потенциалын обьективті бағалаусыз, мемлекеттің экономикаға араласуы қауіпті екендігін мойындау қажет;

4. Макроэкономикалық теория нақты бір елдің эконмикасын обьективті зерттеу негізінде құрылады және бұл зерттеудің нәтижесін басқа елдар абайлап қолданулары қажет.

 

Макроэкономикалық талдау батыс елдердің нарықтық экономикасында өткен ғасырдың 30-шы жылдары және КСРО жоспарлы директивалық шаруашылық моделінің құрылу барысында пайда болады.

30-шы жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдаарыс нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуын қажет етті. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының обьективті қажеттілігін ең бірінші болып Д.М.Кейнс ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Д.М.Кейнске дейінгі де экономисттер экономикадағы ұлттық өндірістің көлеміне, жұмыспен қамту деңгейіне, инфляцияға және т.б. макроэкономикалық мәселелерге көп көңіл бөлген. Бірақ, олардың ешқайсысы осы мәселелерді біртұтас макроэкономика жүйесі ретінде қарастырмады. Д.М.Кейнс экономикалық теорияның макроэкономикалық бөлімінің негізін қалаушысы болып табылады. Д.М.Кейнс елдегі қоғамдық өндірістің маңызды заңдылықтарын зерттеу негізінде, оларға мемлекеттің араласуы арқылы экономикадағы келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын айқындауға әрекет жасады.

Д.М.Кейнстің зерттеу тақырыбы бір-біріне өзара тәуәлді мынадай халық шаруашылық көрсеткіштері: ұлттық табыс және ақша қаражатын салу, қор жинау және тұтыну, инвестиция және жұмысбастылық, айналыстағы ақшаның массасы, баға деңгейі, жалақы, пайда және процент, т.б.

 

Кейнс шекті пайдалылықтың теоретиктері сияқты айырбасты ұдайы өндіріс процесінің шешуші фазасы ретінде санады. Сол себептен, оның пікірінше мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтерінің бірі ретінде сұранысқа ықпал ету арқылы нарықтық экономикадағы дарыс жағдайын болдырмау немесе бәсеңдету мүмкін болды.

Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жағдай өзгерді: ғылыми-техникалық революцияның даму нәтижесінде ғылыми-техникалық стратегияны және оны жүзге асыру механизмін қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу жұмыстары қаржыландыруда, әлеуметтік сфераны дамытуда және т.б. мемлекеттің рөлі өсті.

Қазіргі кездегі мемлекет тек айырбас сферасына ғана емес, ұдайы өндірістің басқа да фазаларына, соның ішінде ең алдымен экономикалық өсудің қарқынына, факторларына және тиімділігіне араласа алады.

Макроэкономиканың басты міндеті ұлттық экономиканы зерттеу.

Макроэкономикалық модельді талдау ұлттық экономиканың сол кездегі жағдайына байланысты болады. Қазіргі кезде кез келген мемлекеттердің ұлттық экономикасы бір-біріне байланысты күрделі шаруашылық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде адамның орны ерекше, ол экономикада бір жағынан қызметтер мен өнімдерді өндіруші болса, екінші жағынан игіліктерді тұтынушы болады.

Ұлттық экономиканың екінші бөлімін табиғи байлықтар, яғни, сол елдің территориясындағы барлық табиғи ресурстар құрайды.

Ұлттық экономиканың үшінші бөлімін капитал құрайды. Капитал бір жағынан өндіріс факторлары ретінде, екінші жағынан ақша құралы ретінде экономикада көрініс алады.

Кез келген ұлттық экономика жүйесі халық шаруашылығының салаларының жиынтығынан тұрады.

 

Кейнстің зерттеу тақырыбы бір-біріне өзара тәуелді мынандай шаруашылық көрсеткіштері:ұлттықтабыс және ақша қаражатын салу, қор жинау және тұтыну; инвестиция және жұмыс бастылық, айналыстағы ақшалардың массасы, баға деңгейі, жалақы, пайда және процент және т.б.

Кейнс шекті пайдалылықтың теоретиктері сиияқты айырбасты ұдайы өндіріс процесінің шешуі фазасы ретінде санады. Сол себептен, оның пікірінше мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтерінің бірі ретінде сұранысқа ықпал ету арқылы нарықтық экономикада дағдарыс жағдайын болдырмау немесе бәсеңдету мүмкін болды. АҚШ-қа және Англияға соғысқа дейінгі кезеңде айырбас мемлекеттік реттеудің басты сферасы ретінде өте маңызды болды.

Бірақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жағдай өзгерді: ғылыми-техникалық революцияның даму нәтижесінде ғылыми-техникалық стратегияны және оны жүзеге асыру механизмін қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу жұмыстарды қаржыландыруда, әлеуметтік сфераны дамытуда және т,.б. мемлекеттің рөлі өсті.

Қазіргі кезеңдегі мемлекет тек айырбас сферасына ғана емес, ұрдайы өндірістің басқа да фазаларына, соның ішінде ең алдымен экономикалық өсудің қарқынына факторларына және тиімділігіне араласа алады.

Макроэконормикалық модельді таңдау ұлттық экономиканың сол кезеңдегі жағдайына байланыстьы болады. Қазіргі кезде кез келген менмлекеттердің ұлттық экономикасы бір-біріне байланысты күрделі шаруашылық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде адамның орны ерекше, ол экономикада бір жағынан қызметтер мен өнімдерді өндіруші болса, екінші жағынан игіліктерді тұтынушы болады.

Ұлттық экономиканың екінші бөлімін табиғи байлықтар, яғни, сол елдің теорриториясындағы барлық табиғи ресурстар (жер, су ресурстары және т,б) құрайды.

Ұлттық экономиканың үшінші бөлімін капитал құрайды. Капитал бір жағынан өндіріс факторлдары ретінде (еңбек заттары, еңбек құралдары, тұтыну заттары жэне т.б), екінші жағынан ақша ұүралы ретінде (экономиканы инвестициялауға арналған ақша сомасы) экономикада көрініс алады.

Кез келген ұлттық экономика жүйесі халық шаруашылығының салаларының жиынтығынан тұрады. Экономиканың салалық құрылымы екі топтан: материалдық өндіріс сферасының салалырынан және әлеуметтік сферадағы салалардан құрылады. Бірінші топтағы салаларға: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс және көлік, сауда және т.б жатады.

Екінші топтағы салаларға: мәдениет, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, басқару, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сфералары жатады.

Ұлттық экономика функционалды және салалық жағынан ғана емес, аймақтық немесе терриоториялық экономикалық құрылымы жағынан да сипатталынады. Аймақтық экономика елдің белгілі территориялық шоғырланған барлық экономикалық обьетілердің жиынтығы болып табылады.

Аймақтық экономика экономикалық аудандардан тұрады.

Қазақстанның экономикалық территориялық құрылымы: шығыс, батыс, орталық, оңтүстік, солтүстік экономикалық аудандардан тұрады. Қазақстанның экономикалық аудандары туралы мәселелелерді сендер экономикалық география пәнінде қарастырдыңдар.

Ұлттық эеономиканың негізгі мақсаты елдің экономикасын дамыту негізінде қоғамының барлық мүшелеріне қолайлы өмір сүрулеріне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін ғылым мен техниканы дамытуды, шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, жұмыссыздықпен инфляцияны тежеуді, әлеуметтік міндеттерді комплексті шешу туралы тұрақты жұмыстар істелінуі қажет.

Нарықтық экономика жағдайында микроэкономикалық мақсаттар негізгі екі талаптарға сәйкес келуі керек. Біріншіден бұл мақсаттар өлшемді және нақты болуы керек.(Мысалы, жеке адамдардың табыстарын қайта бөлу, қорғанысқа қаржыны өсіру және т.б).

Микроэкономикалық мақсаттарға жету үшін және жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін мемлекетте тісті құралдар болуы керек. Оларға сол елдің бюджеттік, салық, несие ақша және валюта жүйесі жатады. Осы инструменттер арқылы мемлекеттің нақты экономикалық саясаты жүзеге асырылады. Осындай саясаттың екі түрін: монетарлық және фискалды саясатын атап өтуге болады. Біріншісі қоғам, экономикалық мақсатына валюта және ақша-несие жүйесін реттеу арқылы асыруды көздейді. Макроэкономикалық саясаттын негізгі міндеті нарық экономикасының тиімділігін арттыру және әлеуметтік бағытта жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты осы міндеттерді шешу барысында келесі негізгі мақсаттарды көздейді:

- экономикалық өсудің тұрақтылығын және тиімділігін;

- толық жұмысбастылықты;

- бағының жалпы деңгейінің тұрақты болуын;

- әлеуметтік әділеттілікті;

- елдің сауда және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуді.

Экономикалық саясаттың түпкі мақсаты адам басына шаққандағы қоғамдық өнімнің өсу қарқынын көбейту болып табылады.

§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 749 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2213 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.