а) Жұмыссыздық
б) Жұмыссыздар
в)Фрикциондық жұмыссыздық
г)Құрылымдық жұмыссыздық
д)Циклдық жұмыссыздық
е)Жұмыс күші
ж)Оукен заңы
з)Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
и) Еңбек биржасы
к)Табыстар
л)Лоренц қисық сызығы
м)Джинни коэффициенті
н)Тұтыну қоржыны
1. Адамдардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтердің және басқа да игіліктердің жиынтығынан тұратын көрсеткіш.
2. Жұмыс күшін сату- сатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратын мекеме.
3. Американ экономисі тұжырымдаған заң бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% артса, онда жалпы ішкі өнімнің көлемі орта есеппен 2,5% төмендейді.
4. Жұмыс істей алатын және істегісі келетін адамдар немесе адамның жұмысқа деген қабілеттілігі.
5.Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген ұсыныстың оның сұранысынан үнемі артық болу жағдайы.
6. Обьективті жағдайларға байланысты уақытша жұмысы жоқ және жалақы алмайтын, еңбекке деген қабілеті бар, еңбек биржасында тіркелетін азаматтар.
7. Жұмыс күшінің аймақтық кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен байланысты жұмыссыздықтың түрі.
8. Экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздықтың түрі.
9.Адамдардың тиісті бір мезгілде табатын ақша қаржысының сомасы.
10. Жұмыссыздықтың циклдық формасын ескермеген жағдайдағы жұмыссыздықтың деңгейі.
11. Жекеленген аймақтар мен экономиканың салаларының даму ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын жұмыссыздықтың түрі.
12. Табыстардың теңсіздік дәрежесін көрсететін қисық сызығы.
13.Қоғамдағы мүліктік теңсіздік деңгейін анықтайтын көрсеткіш.
Мемлекеттік бюджет: мәні және құрылымы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.
Қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы маңызды рөл атқарады. Ол экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр. Мемлекеттік қаржының көмегімен қоғам жалпы ұлттық өнімді бөлуді және қайта бөлуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізгі буыны- мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекет, бюджет арқылы экономикалық процесстерді, шаруашылық коньюктураға ықпал етуді, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекет құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады. Ал федеративті құрылымы бар мемлекеттердің тағы бір буынмен: штат (АҚШ) немесе жерлердің (ГФР) бюджеттерімен толықтырады.
Мемлекттік бюджет- мемлекеттің кірісі мен шығысының жылдық жоспары болып табылады.
Қор жинаудың негізгі көздеріне қосымша өнім мен халықтың жинақталған ақшалары жатады.
Қор жинаудың мөлшеріне және дамуына қоғамдық өндірістің тиімділігін жиынтық факторлары әсер етеді.
Адамдар өздерінің қызмет көрсету мен тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олар табыстарының бір бөлігін өндірісті ұлғаймалы түрде дамытуға, яғни инвестиция түрінде падалынып отырады.
Инвестиция- деп табыс алу үшін ел экономикасында жаңа өндіріс қуаттарын құру мақсатында күрделі қаржыны пайдалануды айтамыз. Инвестиция құрамына құрылыс- монтажды жұмыстарды жүргізуге, машина және құралдарды сатып алуға жұмсалған барлық шығындар кіреді.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, сондай-ақ одан ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары да тәуелді болады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қаржымен қамтамссыз етеді. Жаңа құрылыстар салу, яғни жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге байланысты болады.
Инвестицияның негізгі көзі ретінде халықтың жиналған ақшалары, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағын (сбережения) қарастыруға болады. Бірақ біз бұл жерде мына жағдайды ескеруіміз керек, егер жинақ пен инветициялау процестері сә»кес келмесе, экономикадағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.
Инвестициялар мына факторларға байлынысты болады: біріншіден, пайда нормасынан немесе рентабелдіктен, екіншіден, процент ставкасының деңгейінен. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, онда кәсіакер қаржысын бұл салада жұмсамайды, ол процент нормасы төмен болғанда ғана жұмсайды. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі салық салудың деңгейіне байланысты болады. Салық ставкасы жоғары болса, инвестицияны ынталандырмайды. Төртіншіден, ивестиция процестеріне инфляция да әсер етеді.
Инвестициялардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
1. Қаржылы және нақты;
2. Тікелей және портфелдік.
Қардылық инвестициялар- ол мемлекет және жеке меншік компаниялардың шығарған акция, облигация және басқа құнды қағаздарға салынған қардылары. Қаржылық инвестиция көп жағдайда өндірістік емес капиталға салынады.
Нақты инвестициялар- материалдық-өндірістік запастарды өсіруге және негізгі капиталға салынатын қаржы.
Тікелей инвестицияарға шетел капиталының отандық экономика салған қаржылары жатады.
Портфелдік инвестициялар- ол шетел кәсіпорындарының акцияларына, басқа елдердің облигациялары мен басқа құнды қағаздарына салынған капитал.
3. Салықтар. Салықтың қызметтері. Лаффер қисығы.
Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибиесі көрсетіп отырғандай салық-нарықтық экономиканың дамуының қажетті шарты. Себебі, әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Осы тұрғыдан алып қарағада, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі болып табыландығында.
Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті алымдар жатады. Салықтар мемлекеттің каржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін және эконмиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарын қайта бөлуді білдіреді.
Салықтың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын білу қажет. Ал, бұл оның атқараты қызметтеріне тікелей қатысты.
Салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады: фискалдық, реттеушілік және қайта бөлу қызметі. Бұлармен қатар, салықтардың ынталандыру, бақылау қызметтерін де атауға болады.
Реттеушілік- салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді. Мемлекет салық жеңілдіктері арқылы экономикалық өсу мен өндіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және өндірісті модернизациялауды қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік қызметінің ең басты мақсаты-өндірістің дамуына ықпал ету.
Салықтың екінші қызметі- фискалдық-салықтың бұл қызметі елдің экономикасын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарымен мемлекетті қамтамасыз етуінен көрінеді. Яғни, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери қорғаныс, т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Салықтың қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Одан кейін мемлекет бюджетте жиналған салық түсімдерін әртүрлі бағдарламаларды қаржыландыру үшін қайта бөле алады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Барлық салық түрлері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.
Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар және алымдар, салық салу әдәстері мен тәсілдері, салық заңдары және салықтарға қатысты актілер, салықтарды реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жиынтығы салық жуйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғаюына, дамуына жәе саяси-әлеуметтік шаралардың толық іске асырылуына мүмкіндік береді.
Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық ставкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері жатады.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана, салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибиеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде А.Смит көрсеткен:
1. Салық әр салық төлеушінің табысына қарай алынуы керек.
2. Салықтың мөлшері мен төлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.
3. Әр салық салық төлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.
4. Салық жинау шығындары неғұрлым аз болғаны қажет.
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құрудың нақты әдістерін белгілейді. Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады:
-салық салу объектілеріне қарай;
-салықтарды алу әдістеріне қарай;
-салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай;
-салықтарды пайдалану тәртібіне қарай;
1. Салық салу объектісіне қарай: табыстар және мүлік түрлеріне бөлінеді.
2. Алу әдістеріне қарай –салықтар жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей салық негізінен табысқа салынатын салық болса, жанама салық- тұтыну салығы болып табылады. Тікелей салық мемлекеттің жалпы қажеттеріне қаржыны жұмылдыратын инструмет. Тікелей салық табыстардан тәкелей алынатын салық немесе мүлік иелерінен алынатын салық.
Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатыылғанда тауарлардың бағысының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда тұтынушылардан алынады. Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын- акциз және баж салығын атап өтуге болады. Акциздер- ішкі нарықта сатылатын тауарларға салық. Сонымен қатар, акциздер, біріншіден, жеке акциздерге, яғни кейбір жеке тауарлардың бағаларына қосылатынтын қосылымдар, екіншіден, универсалды акциздер –сатылатын тауарлардың жалпы құнына салынатын салықтар.
Баж салығы-мемлекеттік шекарадан өтетін тауарлардан, яғни транзиттік тауарлар мен импорттық тауарлардан алынатын салықтар.
3. салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай, пропорционалды салық мөлшері-мүліктің құнына немесе табыстың сомасына байланысты емес тұрақты процент ставкалы салықтар жатады. Прогрессивтік салықтар мөлшері, салық ставкасының өсуі табыстың өсуімен байланысты болады. Регрессивті салықтар жағдайында табыс өскен сайын салық ставкасы төмендеп отырады.
4. пайдалану тәртібіне қарай – салықтар жалпы және арнайы немесе мақсатты болып бөлінеді.
Жалпы салықтар мемлекеттің орталықтандырылған қорына немесе мемлекеттік бюджетке түседі. Мақсатты немесе арнайы салықтар белгілі бір нақты бір іс әрекеттерге немесе шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
5. Салықты алатын және иелік ететін мекемелерге қарай – салықтар мемлекеттік және жергілікті болып екі топқа бөлінеді. Мемлекеттік салықтарды орталық басқару органдары белгілейді және алып отырады. Жергілікті салықтарды тиісті территориядағы жергілікті басқару органдары реттейді.
Мемлекет салық механизмі арқылы эконоикалық өсуді ынталандыра алады. Экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымн күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың басты шараларына, мысалы 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізгі ретінде американ экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтежиесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
Нарық қатынастары қанат жайған кезде кәсіпкерлер мен үкіметтің, басқа да қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өзара экономикалық қатынастары қатаң түрде салық пен төлем арқылы реттеліп отырылуы қажет. Ол меншіктің көп түрлілігімен де тығыз байланысты. Үкімет қаржысын толықтырудың басты жолы-салық жүйесі. Айталық 1989 ж бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысы құрамындағы тікелей және жанама салықтың үлесі 70 % астам болса, Францияда ол 45,6 %, Норвегияда- 47,8%, ал Швецияда-50,6%.
Кәсіпкерлерді тауарларды көп өндіруге ынталандырудың бір жолы салықтың дұрыс қойылуында жатыр. Сондықтан, салық жүйесінің осы бастан дұрыс қалыптасуын қамтамасы ету өте маңызды проблема.
Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
а) Қаржы
б) Мемлекеттік қаржы
в) Кәсіпорын қаржысы
г)Халықтың қаржысы
д)Мемлекеттік бюджет
е)Бюджет тапшылығы
ж)Мемлекеттік қарыз
з)Мемлекеттің сыртқы қарызы
и)Мемлекеттің ішкі қарызы
к)Лаффер қисық сызығы
1. Салық түсімінің көлемі мен салық ставкасы арасындағы байланысты көрсететін қисық.
2. Мемлекеттік бюджеттің шығысының кірісінен артып кетуі.
3. Мемлекеттің өз еліндегі кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке азаматтарына қарызы.
4. Халықтың еңбек және басқадай қызмет етуінің нәтижесінде құрылатын ақша қорыю
5. Ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану туралы мемлекеттер арасындағы, мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасындағы пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі.
6. Белгілі бір кезеңде бюджет профицитін шегергеннен кейін қалғанбюджет тапшылығының сомасы.
7.Үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры.
8.Экономиканың алғашқы буынының деңгейіндегі ұдайы өндіріс және өндіріс процесін қамтамасыз ететін ақша қорларының жүйесі.
9. Мемлекеттің басқа елдердің жеке азаматтарына, ұйымдарына өкіметтеріне қарызы.
10. Мемлекеттің қызметтерін (халықшаруашылығын басқару, қорғаныс, әлеуметтік сфера және т.б.) қаржыландыруға арналған ақшалай қорлар жүйесі.
Тест сұрақтары
1. Мемлекеттік бюджет дегеніміз:
a) Табыстар мен шығындарды көрсететін мемлекеттік қаржы жоспары
b) Мемлекеттің табыстарының тізімі
c) Қазынаға түскеннің жалпы сомасы
d) Мемлекеттік меншіктен түскен табыс
e) Жеке және заңды тұлғалардың қаржы қатынастары
2. Қаржы экономикалық категория ретінде:
a) Ақша қорын пайдалану және бөлу жайындағы қатынастар жүйесі
b) Мемлекеттің қолындағы ақша қорының жүйесі
c) Кәсіпорынның ақша қоры жүйесі
d) Халықтың ақша қоры
e) Жеке кәсіпкерлердің ақша қорлары
3. Мемлекеттік бюджет тапшылығы қандай жағдайда қалыптасады:
a) Мемлекеттің активтерінің сомасы оның міндеттемелер төлемінен басым болғанда
b) Мемлекет шығындарының сомасы салық түсімдерінің сомасынан басым болғанда
c) Мемлекеттің шығындары азайғанда
d) Салық түсімдерінің сомасы қысқарғанда
e) Салық түсімдерінің сомасы мемлекеттік шығындар сомасынан асып түскенде
4. Лаффер қисық сызығы нені көрсетеді
а) Бюджетке түсетін салық сомасының табыс салығы ставкасына тәуелдігі
b) Салықтың бөлінуін
с) Табыстардың бөлінуін
d) мемлекет деңгейінің тапшылық деңгейін
e) инфляция деңгейін
5. Салық салу және шығындар саласындағы үкіметтің саясаты қалай аталады:
a) Ақшаның мөлшерлік теориясына негізделген саясат
b) Монетарлы саясат
c) Фискалды саясат
d) Табысты бөлетін саясат
e) Ақша –несие саясаты
6. Төменде көрсетілген салықтардың қайсысы тұтынушы төлейді:
a) Сыйлықтарға және мұраға салық
b) Бірлестік пайдасына салық
c) Қосымша құнға салық
d) Жеке табысқа салық
e) Жылжымайтын мүлікке салық
7. Төменде көрсетілгендердің қайсысы мемлекеттік бюджет табысына жатпайды.
a) Мұраға салық
b) Жеке табысқа салық
c) Халыққа берілетін трансферттік төлемдер
d) Баж салығы
e) Қосымша құнға салық
8. Төменде көрсетілгендердің қайсысы мемлекеттік шығындарына жатпайды:
a) Мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер
b) Мемлекеттік меншіктен түсетін табыстар
c) Әкімшілік басқару шығындары
d) Шетел мемлекеттеріне көмек
e) Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты шығындар
Жауаптары:
Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
1-к; 2-е; 3-и; 4-г; 5-а; 6-ж; 7-д; 8-в; 9-з; 10-б.
Тест сұрақтары
1-А; 2-А; 3-В; 4-А; 5-С; 6-С; 7-С; 8-В.