Экономикалық өсу деп белгілі уақыт аралығындағы қызмет көрсету мен тауарлар көлемін артуын айтамыз. Удайы өндіріс процесінде экономикалық өсу басты орын алады. Себебі, біріншіден, экономикалық өсу өмір сүру деңгейін және қажеттілітерді қанағаттандыру дәрежесін, елдің экономикалық даму деңгейін, екіншіден, экономикалық өсу мемлекеттің дүние жүзіндегі елдердің арасындағы орның және оның дүние жүзілік экономикалық және саяси процестерге ықпал ете алу мүмкіндігін, үшіншіден, экономикалық өсу елдің даму болашағын айқындайды.
Экономикалық өсудің шарттары мен нәтижесін айыра білу керек. Экономикалық өсудің шарттарына: қоғамның материалдық техникалық базасының жағдайы, жоғары дәрежелі (сапалы) жұмыс күші, ғылыми техникалық прогресс және өндіріс құрал-жабдықтардың үнемі жаңарып отырылуы, өндіріс құрылымының үйлесімділігі, инфрақұрылымның дамуы, кәсіпорындардың экономикалық дербестілігі, нарықтың дамуы жатады.
Экономикалық өсудің нәтижелілігі тұрғындардың өмір сүру деңгейінен және қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесінен, ұлттық табыс және жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынынан, еңбек өнімділігінің дәрежесінен көрінеді.
Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштеріне жататындар:
-қоғамның экономикалық потенциалы;
-елдің экономикалық күш-қуаты;
-мемлекеттің экономикалық даму деңгейі;
Қоғамның экономикалық потенциалына табиғи, өндірістік,қаржы,еңбек ресурстар жиынтығы жатады.
Елдің экономикалық күш-қуаты қоғамда нақты жасалған материалдық игіліктермен сипатталады. Елдің экономикалық күш-қуатының негізгі көрсеткіші өндірілген жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың көлемі болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық даму деңгейін жан басына шаққандағы өндірілген материалдық игіліктер, әсіресе ұлттық табыстың көлемі айқындайды. Мысалы, соңғы уақытта Қытай Хлық республикасының экономикасының өсу қарқыны бойынша АҚШ-пен салыстырғанда-3-4 есе жоғары. Бірақ, Қытай Халық республикасы адам басына шаққандағы өндірілген өнім бойынша Азия мен Африканың дамушы елдері қатарына кіреді.
Экономикалық өсуді сипаттау үшін, жалпы ұлттық өнімнің номиналды көрсеткіші емес, нақты көрсеткіші пайдаланылады.
Мысалы, 2003жылы 1000теңгенің өнімі өндірілді делік, ал 2004 жылы сол өнімнің бағасы 2000теңгеге дейін жететін болса, онда ол нақты экономиңалық өсуді емес,жалпы ұлттық өнімнің номиналды өсуін көрсетеді.
Экономикалық өсудің даму қарқыны өткен кезеңмен салыстырмалы негізде абсолютті мөлшермен немесе пайызбен өлшенеді. Мысалы,егер 32004жылы нақты жалпы ұлттық өнім 5138 млрд теңге мөлшерінде болса, ал 2003жылы 4449,8 млрд теңге құраса, онда ЖҰӨ-нің мөлшерінің абсолютті өсуі 688,2млрд теңгені, ал пайыз есебінен 13 пайызды құрайды. Бұл экономикадағы оңды өзгерістерді көрсетеді.
Экономикалық өсу факторлары деп, өндірістің нақты көлемімен,өнімнің тиімділігін және сапасының өсуін айқындайтын құбылыстар мен процестерді айтамыз.
Экономикалық өсу факторларына жататындар мыналар:
-шаруашылыққа тартылатын табиғи ресурстардың сапасын жақсарту;
-еңбек ресурстарының сапсы мен санын өсіру;
-негізгі капиталдың көлемі мен сапалық құрылымын жақсарту;
-өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру.
Экономикалық өсудің осы төрт факторларын ұсыныс факторларына жатқызуға болады. Себебі, олар өндірістің дамуына нақты мүмкіндік туғызады, сондай-ақ сапалы ресурстарға қол жеткізу негізінде нақты өнімді өндіруге жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл жерде мынаны ескеру қажет, ұсыныс факторларды бөлу және сұраныс факторларымен байланысты болады. Сұраныс факторлары өндірілгшен өнімдердің өтімділігінің өсуіне жағдай жасайтыны белгілі. Ол факторларға мемлекеттік, инвестициялық және тұтыну шығындарының өсуі; жаңа нарықты игеру негізінде экспортты ұлғайту жатады.
Экономикалық өсуге сондай-ақ, ресурстар мен табыстарды тиімді бөлу де әсер етеді. Өңдірістік потенциалды тиімді пайдалану үшін ресурстарды экономикалық айналымға толық тартуды ғана емес, оларды тиімді бөлуді де қажет етеді. Бұл мәселені көп жағдайда мемлекет емес нарық шешіп отырады. Ал экономикалық өсудің табыстарды бөлу факторына келетін болсақ,бұл фактор тек жұмысшыларды жоғары және тиімді еңбекке ынталандыру негізінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қарқыны жоғары немесе төмен болады. Бул жерде мынадай сұрақ тууы мүмкін: қоғамға экономикалық өсудің қандай қарқыны қажет. Әрине, қоғамға экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны дұрыс болады, себебі, қоғам көп өнім өндіріп, алдында тұрған мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Бұл жерде, мынадай жағдайларды ескеру қажет егер қоғам экономикалық өсудің жоғары қарқындылығын сапасы төмен тауарларды өндіру есебінен арттырса немесе өндірілген қоғамдық өнімнің құрылымында тұтыну тауарлардың үлес салмағы төмен болса, онда халықтың тұрмыс жағдайы нашарлай түседі, аяғында экономика құлдырайды. Бұл негізінде әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйеге тән.
Тарихта экономикалық өсудің 2түрі белгілі:
Экстенсивті- материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өсіру,пайдаланатын өндіріс факторларының көлемін ұлғайту негізінде қамтамасыз етіледі.
Интенсивті түрінде- өңдіріс факторларын сан жағынан көбейту.
Қазір экономикалық өсудің 70-75 пайызына өңдірістің интенсивті факторы есебінен, ал 25-30 пайызына экстенсивті факторлар есебінен қол жеткізіледі.
Экономикалық өсудің модельдері кейсиандық макроэкономикалық тепе-теңдік теория және неоклассикалық өндіріс теория негізінде қалыптасты.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, Кейнстің шәкірттері тепе-теңдік динамикасының әр түрлі жағдайын түсіндіре алатын жаңа модельді жасауды міндет қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделдерірінің өкілдері Р.Харрод (Англия) және Е.Домар (АҚШ).
Неокейнсиандық пікірінше,экономикалық өсудің айқындаушы факторы инвестицияның өсуі болып табылады. Қарастырып отырған экономикалық модельде иныестициялар маңызды рөл атқарады: бір жағынан олар ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады, екінші жағынан өңдірістің қуатын өсіреді. Сонымен бірге,табыстың өсуі жұмысбастылықтың өсуіне мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің қарқыны табыстар өсуімен өнім өсуі арасындағы теңдікті қамтамасыз етеді,сондықтан экономикалық өсу процесінде жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдігіне қол жеткізеді.
Экономикалық өсупроблемаларына неоклассиктер де айтарлықтай көңіл бөлген. Неоклассиктер экономикалық өсуді талдауда мыналарға суйенеді: біріншіден, өнімнің құнын жасауға өңдірістік факторлардың бәрі қатысады: екіншіден, өнімнің құнын жасауға әр өндіріс факторы өз үлесін қосады, үшіншіден, өндіретін өнім мен ресурстар арасыында да байланыстар болады.
Неокейсиандық бір факторлы моделге қарағанда неоклассиктердің моделі көп факторлы деп аталады.
Неоклассиандық моделіне дүние жүзіне әйгілі Кобба-Дуглас өндірістік қызметі моделін келтіруге болады.
Нарықтық экономиканың циклдік дамуы
Циклдік, ұдайы өндіріс процесінің бір қалыпты жұмыс істемеу көрінісі. Ғалымдардың пікірінше, циклдік, қоғам мен табиғаттың қозғалысының жалпылама формасы болып табылады. Егер табиғаттың циклділігі бір бірқалыпты және заңды түрде болса, қоғамдағы циклділік көрінісі көп жағдайда қайшылық сипатта болады.
«Экономикалық цикл» термині бірнеше жылдар бойы экономикалық белсенділіктің бірінен біріне ауысып отыратын тоқырау, жандану, өрлеу және дағдарыс деңгейлерін көрсетеді.
Ұдайы өндіріс процессінің циклділік дамуы туралы экономикалық әдебиетте әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Осы мәселені зерттеушілерді екі ғылыми бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері циклдардың тұрақты қайталанып отыратынын мойындамаса және циклдар экономикалық жүйеге кездейсоқ жағдайлардың әсер ету нәтижесі деп қана есептесе, екіншілері циклдің жалпы материалдық дүниенің және соның ішінде экономикалық дүниенің бастапқы негізі ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, цикл үнемі және тұрақты қайталанып отыратын құбылыс.
Дүние жүзі ғылымда циклдік идеясы дүниенің бастапқы негізі (первооснова мира) ретінде сонау көне Қытай және Грекия уақыттарынан бастау алады. Бірақта, экономистер бұл мәселеге ХІХ ғасырдың басында көңіл аудара бастады. Дәл сол уақытта Сисмонди, Робертус, Мальтустің еңбектерінде экономикадағы дағдарыс және циклділік құбылыстарды зерттеулер көрініс тапты.
Осы зерттеулердің пайда болуына нарық жүйесіндкгі 1825 жылғы бірінші экономикалық дағдарыс себеп болды. Сондай-ақ, экономикалық теория 1929-1933 ж.ж. дуние жүзілік экономикалық дағдарыспен байланысты макроэкономикалық процестерді зерттеуге және экономиканы мемлекеттк реттеудің қажжетілігі ткралы түбегейлі бет бұрыс жасады.
Үнемі қайталанып отырылатын экономикалық дағдарыстардың табиғатын және себептерін ең бірінші болып К.Маркс ашып берді. Ол дағдарыстардың тек табиғатын ғана емес, ол олардың сөзсіз болатындығын дәлелдеп берді.
К.Маркс іліміне қарама-қарсы марксистік емес мектептердің өкілдерә басында экономикалық циклдердің заңдылықтарын мойындамады. Кейін ХХ ғасырда дүние жүзілік экономиканың дамуына байланысты олар ұдайы өңдіріс процесінің циклділігі туралы көзқарастарын өзгертті.
Батыс экономистері (Кейнстің ықпалымен) циклділікті сойындаумен қатар, циклдердің формаларын, құрылымын және себептерін терең зерттеуге тырысты. Циклділік туралы марксизмді жақтаушылардың көзқарастары да өзгеріске ұшырады. Енді, экономикалық теория экономикалық циклдердің табиғатын және сипатын терең зерттеуге бағыт алды.
а) Экономикалық цикл жәнет оның құрылымы
Өнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер теориясын зерттеуде К.Маркс едәуір үлес қосты. Оның әлсін-әлсін болып, қайталанып тұратын дағдарыстар туралы ілімі экономикалық циклділікті зерттеудің негізін құрайды. К.Маркс циклдің фазаларына анықтама берді және әр фазасына ғылыми талдау жасады. Бүгін сол анықтамаларды барлық экономикалық мектептердің өкілдері өздерінің зерттеулерінде кеңінен қолдануда.
Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі кезеңді К.Маркс өнеркәсіп циклі деп атады. Ол төрт фазадан тұрады: дағдарыс, тоқыру, жандану, өрлеу.
Циклдің негізгі фазасы дағдарыс. Дағадрыс ұдайы өндірістегі маңызды қайшылықтарды шиеленістіреді. Дағдарыс экономиканың дамуына түрткі болады, бірақ бұндай даму түбінде жаңа дағдарыстың алғышарттарын дайындайды.
Дағдарыстың негізігі белгілері:
1. Сұранысқа қарағанда тауарларға деген ұсыныстың өсуі салдарынан бағалардың күрт төмендеуі;
2. Инвестицияның, өндіріс көлемінің төмендеуі;
3. Шағын және орта кәсіпорындардың жаппай банкрот болуы;
4. Жалақының төмендеуі және жұмыссыздар санының өсуі;
5. Қор биржасында акциялардың бағасының жаппай төмендеуі (құнды қағаз биржасындағы үрей (паника) тууы дағдарыстың алғашқы хабаршысы);
6. Несие жүйесі дағдарысқа ұшырайды (коммерциялық және банк несиелері азаяды, банкротқа ұшыраған банктер көбейеді, қарыз процентінің нормасы өте жоғары болады).
Дағдарыстан кейін экономикалық циклдің тоқырау фазасы басталады. Тоқырау – ол өндірістің құлдырауы тоқтап, бірақ жандануы әлі басталмаған кездегі циклдің сатысы. Сатылмаған тауарлар запасы бірте-бірте өткізіле басталады. Бағаның төмен құлдырауы тоқтайды. Ескі жабдықтарды жаңамен ауыстыру, машина жасау және ауыр индустрия салаларында, ал онан кейін тұтыну заттарын өндіретін салалар да жандануға алғышарттар жасалына басталынады.
Циклдің үшінші және төртінші фазасы – жандану мен өрлеу. Жандану сатысында өндіріс бірте-бірте бұрынғы дәрежесіне жетеді, тауарлардың бағалары да, пайда да өсе бастайды, жұмыссыздық азаяды, сауда жанданып, жандану өрлеуге ауыса бастайды. Өрлеу сатысында өндіріс өзінің ең жоғары деңгейіне жетеді. Мұнда жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылады. Сауда тез өседі және т.б. Дағдарыстар енді қайтып болмайтын «жаңа заман» тұған сияқты болып көрінеді. Бірақ нақ осы кезде экономиканың дағдарысы қайтадан болатындығы бірте-бірте байқала басталады.
б) экономикалық циклдердің себептері
Өнеркәсіп (экономикалық) циклдердің ұзақтылық себептері туралы экономикалық әдебиетте әртүрлі түсінік береді. К.Маркс және басқалары циклдің ұзақтылығын ғылыми-техникалық прогреспен байланыстырады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму нәтижесінде негізгі капиталдың жаңаруы тездетіледі, ал ол өнеркәсіп циклінің кезеңін қысқартады (10-11 жылдан ХІХ ғ. 4-5 жыл ХХ ғасырдағы соғыстан кейін) К.Маркс капиталистік ұдайы өндірістің циклділік себептерін капитализмнің ішкі табиғатында, яғни сол өндіріс әдіснің негізгі қайшылығы (өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін жеке иемдену арасындағы қайшылық) арқылы көрініс алады деп есептеді. Осы қайшылықтардың сыртқы формаларына К.Маркс мыналады жатқызды:
1. Тұтыну мен өндіріс арасындағы қайшылық. Нарықтық экономикада капитал (көптеген факторлардың ықпалымен – бәсеке, жаңа технология, шығындары азайту және т.б.) шексіз ұлғайтуға ынталы болды. Сонымен қатар, тұтынуда өседі, ұлғаяды, бірақ оның өсуі өндірістің дамуынан объективті жағдайларға байланысты қалып қояды, нәтижесінде өндірілген өнімдердің бір бөлігі тұтылмай қалады. Тауарларды артық өндіру процесі көрініс алады.
2. Жеке кәсіпорын деңгейінде өндірісті ұйымдастыру мен нарық жүйесіндегі реттелмейтін стихиялық процестер арасындағы қайшылықтар. Бұл қайшылықта өндірістің тез дамуы нәтижесінде бара-бара артық өндіру дағдарысын туғызады.
Қоғамдық өндірістің циклділік дамуының басқа да себептері бар. Олардың маңыздыларына мыналарды жатқызады:
1. Әр түрлі салалардағы капитал айналымының уақыты бойынша айырмашылығы. Көп жағдайда бір саладағы капиталдың ауыспалы айналымның тиімділігі басқа саладағы капиталдың ауыспалы айналымын жүзеге асыруға алғы шарттар жасайды. Демек, бір капиталдың ауыспалы айналымында кедергілер пайда болса немесе тоқтап қалса, онда басқа саладағы капиталға дағдарыс жағдай тууы мүмкін.
2. Тауарлар мен қызметтерді несиеге сату. Кейбір жағдайлаға байланысты жаппай төлемеушілік экономикалық дағдарысты болдыруы мүмкін. Төлемеушілік дағдарысты жағдайында кәсіпорындардың көпшілігі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, капиталдың ауыспалы айналымы үзіледі, жұмыссыздық өседі.
3. Әскери шығындардың өсуі – қаржылардың азаматтық өндіріс салаларын жұмыссыздықты азайту және нарықтың сыйымдылығын өсірудің орнына эеономиканы қорғаныс саласына аударылды. Бұл көп жағдайда инфляцияны өсіреді.
Нарықтық экономиканың циклді дамуының себептері тұрақты болмайды, олар материалдық өндірістің дамуымен бірге өзгеріп отырады. Бүгін циклділіктің сбептерінің біреуі негізгі болса, ертең басқасы болуы мүмкін. Сонымен қатар, экономикалық циклдер туралы көзқарастарда өзгеріп жаңа сипатқа ие болуда. Мысалы, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап экономистер нарықтық экономиканың циклділігінің экзоген (ішкі) және эндоген (сыртқы) сбептеріне ерекше көңіл бөле бастады. Сонымен бірге, сыртқы факторларына айырықша көңіл бөлінді. Бұл позиция бойынша, циклдердің дамуының алғашқы қимылын нарық экономикасы жағдайындағы кейбір сыртқы факторлар туғызады. Сонан соң, бұл қозғалыс ішкі экономикалық факторлар әсерінен тербеліске түседі. Циклділіктің ішкі және сыртқы себептерінің бұл синтезі циклдің мультипликациялық – акселерациондық механизмінен көрінеді.
Мультипликатор және акселератор моделдері теорияда жеке қарастырылғанымен, шынында олардың механизмдері бір-біріне байланысты әрекет етеді, атап айтқада механизмнің біреуі қозғала бастаса, екіншісі де әрекет ете бастайды. Мысалы, егер, инвестицияға сұраныс өзгерсе, онда мультипликатор қозғала бастайды да, табыстарды өзгертеді. Сонымен қатар, табыстың өзгеруі акселератор принціпін қозғалтады және күрделі қаржының көлемінің өзгеруіне себепкер болады. Күрделі қаржының өзгеруі қайтадан мультипликация механизмін іске қосады, ол табысты өзгертеді, табыстың өзгеруі жаңа күрделі қаржылардың пайда болуына әкеледі және т.б.
в) Цикл түрлері
Экономикада объективті сипатта болатын әр түрлі тербелістер байқауға болады.
1. Капиталдың элементтерінің жаңару кезеңдері
2. Негізгі капиталдың жаңаруымен байланысты тербелістер
3. Құрылыстардың, ғимараттардың жаңаруымен байланысты тербелістер.
Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
a) Макроэкономика
б) Жалпы ұлттық өнім
в) Жалпы ішкі өнім
г) Таза ұлттық өнім
д) Ұлттық табыс
е) Ұлттық байлық
ж) Түпкі өнім
з) Номиналды жалпы ұлттық өнім
и) Нақты жалпы ұлттық өнім
1. Адамдардың бүкіл ғұмырында жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы
2. Инфляция деңгейі ескерілген жалпы ұлттық өнім
3. Ағымдағы бағамен есептелген жалпы ұлттық өнімнің көлемі
4.Жалпы ұлттық өнімнен амортизацияны алып тастағаннан кейін қалған жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігі
5.Таза қлттық өнімнен барлық жанама салықтарды (акциздер,қосымша құн салығы, баж салығы) алып тастау арқылы есептелінетін макроэкономикалық көрсеткіш.
6.Ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі.
7.Шет елде және ұлттық территория шеңберінде сол елдің азаматтары бір жыл ішінде өндірген барлық түпкі өнімдердің жалпы нарықтық құны.
8.Белгілі бір елдің территориясында барлық меншік иелерінің (шетелдік және отандық) өндірген өнімдерінің нарықтық құнының жалпы сомасы.
9.Тек тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтер жататын өнім (қайта сатуға,өңдеуге арналған тауарлар мен қызметтер ЖҰӨ-ді есептегенде есепке алынбайды).
Тест сұрақтары
1. Ұлттық есептеу жуйесінің негізгі көрсеткіштері
А) жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
В) жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),ұлттық байлық(ҰБ)
С) таза ұлттық өнім (ТҰӨ),ұлттық табыс (ҰТ)
Д) ұлттық табыс және ұлттық байлық
Е) жоғарыда аталған көрсеткіштердің барлығы
2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) құрамына қосылады:
A) үй иесінің қызметі
B)көршінің ұсталған автомобилін сатып алу
C)брокерден жаңа акциялар сатып алу
Д)жергілікті кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны
Е)барлық жауаптар дұрыс
3. Трансферттік төлемдер – бұл:
A)үкіметтің жекелеген тұлғаларға төлемдері
B)халыққа зейнетақы бойынша борышты қайтару
C)бір қаржылық мекемеден екіншісіне аудару
Д)жалақы мен өтемдер
Е)дұрыс жауабы жоқ
4. Егер нақты жалпы ұлттық өнімнің ЖІӨ көлемі 6% төмендесе, ал сол жылы халықтың саны 3% қысқарса, онда:
A) адам басына келетін нақты ЖҰӨ төмендегені
B)адам басына келетін нақты ЖҰӨ көбейгені
C)нақты ЖҰӨ көбейеді,ал номиналды ЖҰӨ төмендейді
Д)номиналды ЖҰӨ өзгермейді
Е)баға 3%-ке төмендейді.
5.Жалпы ұлттық өнімді ЖҰӨ есептегенде кірмейді:
A)түпкі өнімнің және қызметтің құны
B)аралық өнімдердің құны
C)амортизация
Д)жалақы
Е)пайыз және пайда
6.Номиналды ЖҰӨ:
A)экспортты бағамен есептелінеді
B)ағымды бағамен есептелінеді
C)өзгермейтін бағамен есептелінеді
Д)базарлық бағамен есептелінеді
Е)әлемдік бағамен есептелінеді
7.Жыл ішінде бүкіл елде өндірілген барлық түрлі игіліктердің нарықты құны анықталады:
A)жалпы ұлттық өніммен
B)таза ұлттық өніммен
C)ұлттық табыспен
Д)ішкі ұлттық өніммен
Е)ішкі жалпы өніммен
8. Дефлятор дегеніміз –бұл:
A)нақты ЖҰӨ мен номиналды ЖҰӨ арасындағы қатынас
B)номиналды ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ арасындағы қатынас
C)номиналды ЖҰӨ мен нақты ЖІӨ арасындағы қатынас
Д)нақты ЖҰӨ мен номиналды ЖІӨ арасындағы қатынас
Е)номиналды ЖҰӨ мен нақты ЖІӨ арасындағы қатынас
9.Нақты ЖҰӨ –бұл:
A)инфляция деңгейі ескерілетін ЖҰӨ
B)ағымдағы нарықтық бағамен есептелінген ЖҰӨ
C)экспорттық бағамен есептелінген ЖҰӨ
Д)ресми бағамен есептелінген ЖҰӨ
Е)нарықтық бағамен есептелінген ЖҰӨ
Жауаптары
Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
1-е; 2-з; 4-г; 5-д; 6-а; 7-б; 8-и; 9-ж
Тест сұрақтары
1-Е; 2-Д; 3-И; 4-А; 5-В; 6-В; 7-Д; 8-В; 9-А
Қамтамасыз етілгендігін, яғни жұмысшыға деген сұраныс, оның ұсынысына тепе-теңдігін көрсетеді.
Егер жалақының мөлшері әр түрлі себептермен жалақының тепе-теңдік деңгейінен РЕ,Р1 деңгейіне дейін өсірілсе,онда еңбек нарыығында жаңа нарықтық жағдай қалыптасады.
Осы нарқтық сәйкессіздіктің нәтижесінде ұсынылып отырылған жұмыс күші саны (QB) оның сұранысының (QA) AB мөлшеріне артық болады,оның нәтижесі жұмыссыздық болып табылады.
Жұмыс күшінің ұсынысының артық болуы жалақының тепе-теңдік деңгейіне дейін төмендеуіне ықпал етеді.Егер жалақы тепе-теңдік деңгейден төмен болса,онда кері прцесстер қалыптасады.Жалпы бәсеке нарығы ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігімен сипатталады.