Әр фирманың негізгі мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады.Кез келген жағдайда фирманың осы стратегиялық мақсаты фирманың шығарған өніміне сұраныс және өндіріс шығындарымен шектеледі.Сондықтан,фирма тауарды өндіру туралы шешімді,бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды.
Сонымен, өндіріс шығындары деп өнімді өткізду және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз.
Өндіріс шығындарын жіктеудің әр түрлі варианттары (басқа түрлері) бар. Сондықтан, ең алдымен шығындардың мына түрлеріне тоқталайық – олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.
Бухгалтерлік шығындар өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары.Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік жіне статистикалық есеп беруде (отчет) өзіндік құн формасында көрініс алады.
Өнімнің өзіндік құны,кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындарының ақшалай көрінісі.Өзіндік құн, өнімді өндіріп,өткізудің,кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді.Өзіндік құнға өнімге ауыстырылған бұрынғы еңбектің шығыны (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдың, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) және кәсіпорын қызметкерлерінің, жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу шығындары (жалақы) кіреді.
Өндірістік шығындарды экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды альтернативті пайдалану мүмкіншіліктерге негізделеді.
Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативті шығындар - ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.Альтернативті шығындар айқын (сыртқы) (явные) және айқын емес (ішкі) (неявные) шығындар формасында болады. Айқын шығындарға аралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады. Айқын емес шығындар өндіріс иелерінің меншігіндегі ремсурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.
Бухгалтерлік шығындардың экономикалық шығындардан айырмашылығы бухгалтерлік шығындарға өндіріс иелеріндегі өндіріс факторларының альтернативті құныы кірмейді.Бухгалтерлік шығындарға тек айқын (явные) шығындар ғана жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты,өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындармен толықтыру керек.
Тұрақты шығындар (FC) – ол өндірілген өнінің көлеміне байланысты емес немесе кәсіпорын өнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар.Тұрақты шығындарды келесі графиктен көруге болады:
С TC
VC
FC
Q
Тұрақты шығындарға жататындарға жататындар: облигациялық займ бойынша міндеттемелерді төлеу,аренддалық төлемдер,өндіріс құрал – жабдықтарының және құрылыстардың амортизациясы,сақтандыру жарналарды төлеу, кәсіпорын басшыларының жалақылары және т.б.
Өзгермелі шығындар (VC)- шығарылған өнңмдердің көлемімен тікелей байланысты шығындар.Оған жататындар: шикізатқа, материалға,жалақыға, отынға және т.б. жұмсалған шығындар.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың арасында мынадай айырмашылықтар бар: тұрақты шығындар өнім шығарылмасада төленуі керек, ал өзгермелі шығындардың көлемі өндіріс көлеміне қарай өзгеріп отырады.
Жалпы шығындар (ТС) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады немесе өндірісті ұйымдастыруға және өндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиынтық шығындары.
Бұл жерде мына жағдайдаы ескеру керек.Шығындардың көпшілігі бір жағдайда тұрақты болса басқа жағдайда өзгермелі болуы мүмкін.Шығындары тұрақты немесе өзгермелі түрлеріне жатқызу фирманың әрекет ететін кезеңіне байланысты болады. Қыста мерзім кезеңінде фирма пайданы өсіру мақсатында өзгермелі өндіріс шығындарын өзгерту арқылы шығындардың ең аз мөлшерін қамтамасыз етуге ынталы болады. Ұзақ мерзім кезенде фирма өндірістегі барлық ресурстарды, сондай-ақ өндіріс қуатын да өзгертеді.Сол себептен шығындардың барлығы өзгермелі болады.
Пайдаланудағы ресурстардың санының, сондай –ақ кәсіпорындардың көлемінің өсуі бір уақытқа дейін жалпы шығындарды азайтады.Бірақ бір мезгілден бастап өндіріс тиімділігі минимум деңгейіне жетеді,осы уақыттан бастап жалпы шығындар өсе бастайды.Бұл жағдайда фирма өндірііс шығындарын азайту үшін өндірісті ұлғайтуды немесе өндіріске қосымша өзгермелі факторларды қосу туралы шешім қабылдайды.
Кәсіпкерді жалпы өндіріс шығындармен қатар өнімнің бір единицасының (дана) шығындары, яғни орташа шығындары қызықтырады.Орташа шығындар (ATC) – шығарылған өнімнің бір единицасына шаққандағы жалпы шығындар.Ол мына формуламен, орташа өндіріс шығындары өндірілген өнімнің жалпы шығындарға қатынасы арқылы есептелінеді:
ATC=
Орташа өндірііс шығындары орташа тұрақты шығын дар (AFC) және орташа ауыспалы шығындар (AVC) мен айқын далады.
AFC = ; AVC = ;
AFC,AVC,ATC қисық сызықтары келесі графикте көрсетілген:
С
ATC
AVC
M
AFC
O Q
2-сурет
Графикте көрсетілгендей (2-сурет) орташа шығындар (АТС) басында жоғары деңгейде болса, кейін өндіріс көлемі ұлғайған сайын, өндіріс шығындары төмендеп минимумға (М) дейін жетеді. Одан кейін өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс тиімділігі төмендеп отырады,яғни қайтарым кему заңы әрекет ете бастайды. Осы заңның әрекетінің салдарынан қисық сызығы өрге қарай жылжып, әрбір қосымша ауыспалы ресурстар өндіріс көлемін аз мөлшерге ауысып отырады. Сол себептен, бұл жағдайда фирма өндірістің қай көлемінде қосыиша шығындар ең аз болатындығын анықтан алуы қажет. Ол үшін тек орташа шығындарды ғана емес, сондай-ақ шектік шығындарды да ескеру керек.
Шектік шығындар (МС)- қосымша өнімді өндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша шығындар.
Шекті шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты шығындар қосымша өнімді өндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді. Шекті шығынды анықтау кәсіпкер үшін өте маңызды мәселе болып табылады, себебі, өнім көлемінің өсуі шығынның қай көлемімен байланысты екендігін және өндірісті ұлғайтуды, өндірістің қай көлемінде тоқтату керектігін мүмкін болады. Яғни, кәсәпкер әрбір, қосымша өндірілген өнім әзірше қосымша кірісті өсіргенге дейін өндірісті ұлғайтады. Сондықтан шекті шығындар, шекті кірістен төмен болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта алады.
Трансакциялық шығындар – бұл фирманың информацияны жинауға, келіссөз жүргізуге және т.б. кеткен шығындары. Трансакциялық шығындардың басты ерекшелігі, оның тікелей өндіріспроцесіне қатысы жоқтығы. Бүгінгі фирмалар бұл шығынсыз жұмыс істей алмайды.