Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі




 

ҚР АІЖК 45-ші бабына сәйкес, азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.

Азаматтар туылған сәтінен бастап, материалдық құқық субъектілері болып саналады. Мысалы, дүниеге келген нәресте өзінің туылу фактісіне30 сәйкес, ата-анасының қайтыс болуы салдарынан азаматтық құқықтық қатынастарға (мысалы, мұрагер ретінде) қатысушы болуы мүмкін.

Сот құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру азаматтық іс жүргізу қабілеттілігі болып табылады. Он сегіз жасқа толған азаматтарда және тіркелген ұйымдарда азаматтық іс жүргізу қабілеттілігі толық көлемде болады.

Іс жүргізу заңнамасында кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар үшін арнайы шарттар қарастырылған. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

Бұл ескертпелер он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз деп танылғандардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға таралмайды. Ондай санаттағы азаматтардың құқықтарын сотта олардың заңды өкілдері ғана қорғайды.

ҚР АІЖК 47-бабында іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері анықталған.

Олар келесі құқықтарға ие:

- іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге;

- қарсылықтар мәлімдеуге;

- дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға;

- өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге;

- сот жарыссөздеріне қатысуға;

- сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге;

- соттың шешімі мен ұйғарымына (сот актілеріне) шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.

Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Сонымен қатар, олар іс жүргізу міндеттемелеріне ие, оларды орындамаған жағдайда белгілі құқықтық салдар туындайды. Іске қатысушыларға қатысты шараларды сот қолданады, ал қолданылған шараларды сот отырысында сот приставтары жүзеге асырады.

 

30ҚР Азаматтық кодексінің 1044 бабына сәйкес мұрагерлік ашылғанға дейін дүниеге келмеген нәресте де мұрагерлік құқық қатынастарының субъектісі ретінде танылады.

 

Тараптар

 

Өз мүдделерін көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар сотта талап қоюшылар (талапкерлер) болып табылады. Өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар азаматтық істе жауапкерлер болып табылады.

Заңда көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да азаматтық іс бойынша тараптар болуы мүмкін.

Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүргінуге құқығы бар адамдардың (тұлғалардың) арызын сот қабылдаған жағдайда мүдделері қозғалып іс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды. Ол адам сотқа талап қоюшы ретінде қатысады. Азаматтық процесте мемлекет іс бойынша тараптардың бірі болуы мүмкін31.

Талап қоюшы ретінде іске қатысушы мүдделі тұлға өз бетінше өз талаптарын қалыптастыруға, негіздеуге және қорғауға құқылы. Ол талап арыз бергеннен кейін талаптың негіздемесін және нысанасын өзгертуге немесе талаптан толықтай және ішінара бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, ол екі тарап (талап қоюшы және жауапкер) іс бойынша бітімгершілік келісімге келуі мүмкін.

Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту талап қоюшының жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі. Талап қоюшының бұл іс жүргізушілік жағынан маңызды әрекеті соттың іс бойынша шешім қабылдағанына дейін жасалады.

Қойылған талаптарды жауапкер мойындаған жағдайда сот одан бұл жөнінде қолхат алады. Бітімгершілік келісімге келген жағдайда даулы құқықтық қатынастарға қатысушылардың осы келісім шарттарын мойындағаны жөніндегі екіжақты келісімі болуы шарт. Әдетте келісімнің бастамашысы ретінде сотта бір тарап әрекет етеді де, содан кейін олар жекелеген шарттарды талқылайды. Тараптармен қол жеткізілген бітімгершілік келісімге тараптар қол қояды және ол сотпен бекітіледі.

Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын32, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін33 бекітпейді.

Талап қою өндірісіндегі азаматтық іске бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің қатысуы мүмкін. Мысалы, жер учаскесінің меншік иесі екі жеке жалға алушылармен, яғни екі тұлғамен бір жалға беру шартын жасады. Жалға беру мерзімі аяқталған соң жер иесі екі жауапкерге қарсы (жер учаскесін босату туралы) бір талап арызын бере алады. Яғни сот бұл жағдайда бір нысанадағы талап бойынша бір негіздерге сүйеніп, бірақ екі түрлі тұлғаға қарсы қозғалған істі қарай алады.

Бұл мысалда аталып өткен жалға алушылар өз тарапынан да сотқа жүгіне алады. Егер жалға беруші жалға беру шартының мерзімі аяқталғанға дейін өзге тұлғамен дәл сондай келісім жасаса, олар жер иесіне қарсы өз талаптарын қоя алады. Талап қоюшы жалға алушылар өздерінің бірлесіп қойған талабында даулы келісім шарттың ережелері олардың өздерінің құқықтарын шектейтіндіктен, ол келісімді заңсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.

ҚР АІЖК 50-ші бабына сәйкес, талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы, немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Тәжірибеде талап қоюшы өз құқықтары нақты тұлға тарапынан бұзылғаны туралы өзіндік сенімде болып, оған материалдық және өзге де талаптарды қояды. Алайда бұл жағдайда талап қоюшы адал ниетпен адасуы мүмкін, ал жауапкердің бұл талап арызға мүлдем қатысы болмай шығуы да мүмкін. Егер мұндай талап мән-жайы бойынша қарастырылатын болса, сот шешімімен бұл қойылған талап қанағаттандырусыз қалдырылады.

Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі қысқартпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен34 ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

 

31Мемлекет мемлекеттік меншік объектісін жекешелендіруді заңсыз деп тануды талап етуші талап қоюшы ретінде көрініс табады. Егер азаматтық айналымда жасалған келісім шарттың ережелері көпшілік мүдделеріне нұқсан келтіретіндігі анықталса, онда мемлекет атынан сол келісім шартты заңсыз деп тану туралы талап сотқа жолдануы мүмкін. Мемлекетке қарсы қойылатын талаптардың түрлері ретінде тұлғаны заңсыз соттаумен немесе оны негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартумен байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды келтіруге болады.

32Егер талапкер талаптан бас тартуға жауапкер тарапынан көрсетілген қысым немесе оның дауға қатысы жоқ міндеттемелерді орындауға уәде етуі нәтижесінде шешім қабылдаса, сот ондай талапты қабылдай алмайды. дәл осындай негіздері бар талаптарды мойындау сотпен қабылданбауы тиіс.

33Егер іске үшінші тұлға қатысса және ол екі тараптың даулы нысанға қатысты қуынымдарын мойындамайтын болса, ондай бітімгершілік келісім сот тарапынан бекітілмейді.

34Мысалы, үй жануарларының тиістілігіне қатысты даулар бойынша тиісті емес жауапкерді ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, талап қоюшы азамат А-ға оның қорасында тұрған оның заңсыз иеленуіндегі малды қайтарып беруін талап етеді. Сотқа шақырылған азамат А даулы малдың шындығында да оның қорасында тұрғандығын, бірақ оның ол малға ешбір қатысы жоқ екендігін мәлімдейді. Оның пайдалануында азамат Б-мен ортақ мал ұстауға арналған орын бар, ал Б сол қуыным жасалып отырған малға иелік етіп жүргендігін айтты. Мұндай жағдайда тиісті емес жауапкерді ауыстыру талап қоюшының келісімімен жүзеге асырылады.

 

Шінші тұлғалар

 

Іске қатысушылар арасында үшінші тұлғалар ерекше орынға ие. Олар заң бойынша ерекше мәртебеге ие болғандықтан, олардың азаматтық іс жүргізуде жүзеге асыратын заңнамалық өкілеттіктері бар.

Азаматтық іс жүргізу құқығында үшінші тұлғалар екі санатқа бөлінеді:

1) даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар;

2) даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Осылайша олардың мәртебесіндегі айырмашылық нақты соттық талқылаудың пәні болып отырған даулы сұраққа олардың қатыстылығымен негізделеді. Көздеген мақсаттары және олардың талап қоюшы мен жауапкерге қатыстылығының сипатына қарай заңмен олардың іс жүргізудегі жағдайлары анықталып, олардың сот талқылауына қатысуының шарттары белгіленген.

ҚР АІЖК 52-ші бабына сәйкес, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа қарсы талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кіре алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдалану және оның барлық міндеттерін орындау арқылы азаматтық процеске қатыса алады.

Мысалы, мүлікке қатысты (тұрғын үй, пәтер, жер телімі) азаматтық іс бойынша тарап ретінде мұрагерлер (заңды және өсиет бойынша) қатыса алады. Істі сотта талқылау барысында мұрагерлікке қалдырылған мүлікке өзге тұлғаның талап қоюы мүмкін, тіпті ол заң немесе өсиет бойынша мұрагерлер қатарына кірмеуі де мүмкін. Бұл тұлға азаматтық іске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға ретінде қатысып, талап қоюшы және жауапкермен бірдей деңгейде мүлікке қатысты өз қуынымдарын негіздей алады (мысалы, сервитуттық құқықтар бойынша). ҚР АІЖК 53-ші бабына сәйкес, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттық бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Олардың процеске қатысуға тартылуы барысында сот олардың іске қатысқысы келмегендігін ескермеуі мүмкін. Даудың нысанына дербес талап мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың құқықтық жағдайындағы бұл ерекшелік олардың даудың нысанына дербес талаптар мәлімдейтін үшінші тұлғалардан айырмашылығы болып табылады.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және тараптың іс жүргізу міндетін мойнына алады. Сонымен қатар олар талаптан бас тарта алмайды (себебі қойылмаған талаптан бас тарту мүмкін емес), немесе ол талапты мойындай алмайды (өздеріне қойылмаған талапты олар мойындай алмайды). Сондай-ақ олар бітімгершілік келісім жасай алмайды (ол келісім олар дербес талап мәлімдемеген дау нысанына қатысты жасалады). Олардың қарсы талап қоюына жол берілмейді (себебі талап қоюшының алғашқы талабы оларға емес, жауапкерге қарсы қойылған), олар үшін сот шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету де заңмен көзделмеген.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1339 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2409 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.