Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы




 

Өзінің бұзылған (даулы) құқықтарын заңи қорғау тәсілдерін таңдаушы адам үшін даудың сотқа бағыныстылығы мәселесі барынша маңызды болып табылады. Талапкер үшін бұл сұрақтың шешілуі оның басқа органға емес, тек сотқа ғана жүгінуінің қаншалықты құқыққа (іс жүргізу ережелеріне) сәйкестігін білдіреді. Бағыныстылық азаматтық іс жүргізу тәртібімен түскен арызды сот органының мәні бойынша қарауының қаншалықты құқыққа сай келетіндігін білдіреді.

ҚР АІЖК 24-ші бабына сәйкес, егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды19.

Өзгеше сот тәртібі жөнінде айтқанда заң шығарушы, сотта ең алдымен, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның кінәлі немесе кінәсіздігі жөніндегі мәселе шешілетін қылмыстық іс жүргізу тәртібін түсінеді. Мысалы, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен кімді болса да қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, қылмыстық жаза тағайындау немесе әкімшілік жолмен өндіру, шектеу шарасын таңдау және т.б. сұрақтар шешіле алмайды. Бұл сұрақтардың барлығы өзгеше сот тәртібімен, яғни қылмыстық сот ісін жүргізу (және басқа) тәртібімен шешілуі тиіс.

Ведомстволық бағыныстылық ережелерін сақтау заңнама бойынша өзге өкілетті органдар қарауы тиіс арыздарды соттарда қабылдау және қарастыруға жол бермеуді білдіреді.

Іс жүргізу ережелері жалпы юрисдикциялық соттар және мамандандырылған соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді (ҚР АІЖК 2-ші бабы).

Қазақстандық соттар, егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.

Заңмен өкілеттілік берілген басқа да істер сотқа бағынысты, түрлі салаларда туындайтын даулардың әр түрлілігі тек соттармен қаралатын істердің нақты тізімін жасауды қиындатады. Мысалы, ҚР АІЖК 26-шы бабымен сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы белгіленген. Бұл біреулері – сотқа, ал басқалары соттық емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуы тиіс дегенді білдіреді. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

ҚР АІЖК 25-ші бабы дауларды аралық соттың шешуіне беру мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл бап арқылы заң шығарушы тараптардың келісімі бойынша сотқа ведомстволық тұрғыдан бағынысты мүліктік дау егер оған заңнамамен тыйым салынбаса, аралық сотқа беруге болатындығы туралы ереже енгізген.

Істің сотқа ведомстволық бағыныстылығы дегеніміз, заңнамамен бекітілген іс жүргізу құқығы, оған сай азаматтық дауды қарастыру мен шешу сот органдарының өкілеттілігіне жатқызылған.

 

19Сот ісін жүргізуде қолданылатын іс жүргізу формалары ерекше сипаттарға ие, олар аталуы бойынша бірдей болып, бірақ өздерінің мақсаттық бағыты бойынша ерекшеленуі мүмкін. В.М. Горшенев пен И.Б. Шаховтың пайымдауларынша, әрбір органның құқық қолдану қызметіне өзіндік іс жүргізу формасы тән және ол сот талқылауының кезектілігін, фактілі айғақтардың айқындалу тәртібін және т.б.алдын-ала анықтайды. Аталған авторлардың ойынша іс жүргізу формаларының ерекшелігі кез келген заңи істі шешуді қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер ауқымынан көрініс табады. Заңи іс – сот өндірісінің нақты түрі. Заңи істер бойынша қолданыстағы заңда іс жүргізу актілерінің ерекше түрлерін шығару қарастырылған. Кез келген дауды шешу үшін оның категориялық қатыстылығына қарамастан, сотпен қолданылатын іс жүргізуді қамтамасыз ететін процедуралар қажет болады. Қараңыз: Горшенев В.М., Шахов И.Б. Контроль как правовая форма деятельности. – М.: Юридическая литература, 1987. – С. 176.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2317 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2223 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.