· Рефлексогенді қызметі: периодонтта сезімталдық нерв талшықтарының көп болуына байланысты тіске түсетін шайнау қысымы реттеліп тұрады.
· Трофикалық қызметі: периодонтта капиллярлы тордың тарамдануына байланысты түбір цементі және альвеола қорек алады.
1- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Емтихан тапсыру кезінде студентке жұлынған тіс берілді. Студент берілген тістің қай топқа жататын тісі және қай жақта орналасқан тіс екенін анықтауы тиіс еді. Тісті мұқият қарау барысында тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасқанын анықтады: 2 төмпешіктен сауыттың шетінде, ал бесінші төмпешік көлемі жағынан кішілеу төмпешік осы төмпешіктердің артында және аздап сауыттың ортаңғы сызығына қарай ығыса орналасқанын анықтады. Тісте бесінші төмпешікке иіле орналасқан 2 түбір бар. Бұдан басқа бесінші төмпешік бағытына қарай сауыт көлемінің аздап көлденең тарылғаны көрінеді. Осы параметрлерді ескере отырып анықтау керек:
1. Тістің қай топқа жататынын?
2. Студентке бағалау үшін қандай нақтылы тіс берілгенін?
3. Осы тістің қай жаққа жататынын?
4. Берілген тіс жақтардың қай жағында орналасатынын?
5. Берілген тісті анықтауды қажет ететін негізгі белгілерін атаңыз.
2- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Сынақ алу сабағы кезінде студентке гистологиялық препарат берілді. Тіндер кесіндісін микроскоппен зерттеу негізінде препаратта қандай тіндер берілгенін[w28] анықтау керек болды. Микроскоптағы көріністі бағалау нәтижесінде студент препаратта ауыз қуысы ағзаларының бір тіні екенін анықтады. Сыртқы қабаты біркелкі құрылымды және барлық ұзындықта енген түтікшелер орналасқандығын анықтады. Бұл қабаттың астында қан тамырлары мен борпылдақ талшықтардан тұратын тін орналасқан. Тінде бірнеше белбеуді бөлуге болады.
Шеттік қабат екі өсіндіден тұратын бірнеше қатар ұзынша жасушадан тұрады. Жасушаның ұзын өсіндісі сыртқы қабаттың түтікшелерінде орналасқан. Осыдан басқа препаратта жасушасы аз қабат және тамырлары өте көп қабат анықталды.
1. Кесіндіде ағзаның қай тіні берілген?
2. Кесіндіде қай тін анықталады?
3. Тіннің гистологиялық әр параметрін сипаттаңыз?
ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
1. Екі тістің түйіскен аймағы қалай аталады:
1) окклюзиялық бет;
2) вестибулярлы бет;
3) жанасу нүктесі;
4) кіреуке – дентин байланысы;
5) жиектік айдаршық.
2. Жоғары минералданған қалыптасқан кіреукеге тән:
1)көптеген қантамырлардың болуы;
2) нерв талшықтары торының тарамдануы;
3) қанмен қамтамасыз етілуі және иннервацияланудың болмауы;
4) лимфа жүйесінің болуына;
5) энамелобласттардың болуы.
3. Қалыптасқан кіреукенің негізгі компоненттері:
1) гидроксиапатит;
2) коллаген;
3) монофторфосфат;
4) кварц;
5) энамелобласттар.
4. Ретциус сызығы қамтиды:
1) одонтобластардың қызметі нәтижесінде кіреукенің минералдау үдерісінің біркелкілігін;
2) энамелобласттардың қызметі нәтижесінде минералдану үдерісінің біркелкі еместігін
3) кіреукенің минералдану үдерісіне фибробласттардың қатысуын;
4) кіреукенің минералдануына цементобластардың әсер етуін;
5) кіреукенің дамуы үдерісінде остеокластардың минералдану үдерісіне әсер етуін;
5. Көлденең кесіндіде кіреуке призмасының пішіні қандай болады:
1) тікбұрышты;
2) үшбұрышты;
3) доға тәріздес;
4) сопақ;
5) ромб тәрізді.
6. Ламеллалар, немесе кіреуке шоғырларының құрылымы тән:
1) кіреукеге;
2) дентинге;
3) ұлпаға;
4) периодонтқа;
5) цементке.
7. Дентиннің негізгі заты бойлай өткен:
1) қан тамырларымен;
2) нерв талшықтарымен;
3) дентин түтікшелерімен;
4) кіреуке білігімен;
5) энамелобласттар өсіндісімен.
8. Цементтің белсенді жасушалары болып табылады:
1) одонтобласттар;
2) энамелобласттар;
3) ұлпаның мес жасушалары;
4) цементобласттар;
5) периодонттың фибробластары.
9. Ұлпаның шеттік сыртқы қабаты тұрады:
1) бірнеше қабат тікенекті жасушалардан;
2) бірнеше қабат мес жасушалардан;
3) фибробласттардан;
4) 1–8 қабат одонтобласттардан;
5) 5–6 қабат энамелобласттардан.
10. Цемент өзінің құрамы және құрылымы бойынша неге ұқсас келеді:
1) дөрекіталшықты сүйекке;
2) етті тінге;
3) жабынды дентинге;
4) жасушалары аз Вейля қабатына;
5) Томс дентинінің дәнді қабатына.
11. Дентин түтікшелерінде орналасады:
1) одонтобласттардың шеттік өсінділері;
2) ұлпа жасушасының детритті өсіндісі;
3) ұлпаның жасушааралық коллаген талшықтары;
4) периодонттың коллаген талшықтарының шоғырлары;
5) қан тамырлары.
12. Периодонттың тосқауыл қызметін атқарады:
1) гистиоциттер;
2) эритроциттер;
3) плазматикалық жасушалар;
4) цементобласттар;
5) тромбоциттер.
ДҰРЫС ЖАУАПТАР:
1 — 3; 2 — 3; 3 — 1; 4 — 2; 5 — 3; 6 — 1; 7 — 3; 8 — 4;
9 — 4; 10 — 1; 11 — 1; 12 — 1.
2- ТАРАУ
ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІ
Тістердің тісжегісі (2.1-сурет) қазіргі таңда өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл ауру тіс шыққаннан кейін пайда болады. Тісжегінің негізінде минералдану үдерісінің бұзылуы және тістің қатты тіндерінің протеолизі әсерінен қуыс түрінде ақаудың пайда болуы жатады.
2.1. Тістердің тісжегісі.
2.1. ТІСЖЕГІМЕН ЗАҚЫМДАНУДЫҢ БЕЛГІСІН БАҒАЛАУ
Тістің қатты тіндерінің популяциясы жағдайын бағалау белгісі ― сүт және тұрақты тістерде тісжегінің таралуы және қарқындылығы болып табылады.
Тістерде тісжегінің таралуы — бұл пайыздық өлшемде белгіленген жалпы тексеруден өткен адамдар санының ішінде тістерінде тісжегінің қандай да бір белгісі бар (тісжегі, пломба, жұлынған тіс) адамдар санының қатынасы.
ДДҰ 12 жастағы балалар арасындағы тістерінің тісжегімен зақымдануын бағалау критериі.
12-жасар балалар арасындағы тісжегінің таралу деңгейі (ДДҰ критерийі):
төмен 0–30%; орташа 31–80%; жоғары 81–100%.
Тісжегінің қарқандылығы — бұл бір пациентте немесе тексерілген топта тісжегімен зақымданудың (тісжегі, пломба, жұлынған тіс) клиникалық көрінісінің қосындысы.
Уақытша тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін келесі сынаманы (индекс) қолданады:
• тпж (т) — тексеруден өткен бір баланың тісжегімен зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістерінің санының қосындысы,
• тпж (п) — тексеруден өткен бір баланың тістер бетінінің тісжегімен зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістер санының қосындысы.
Ескерту. Жұлынған тістердің немесе беттердің санын түбірлердің физиологиялық сорылуына дейін тек қана уақыттан бұрын жұлынған тістерде ғана анықтайды.
Тұрақты тістерде тісжегінің қарқындылығын бағалау үшін төмендегі сынаманы қолданады:
• ТПЖ (т) — тексеруден өткен науқастағы тісжегімен зақымданған, пломбыланған және асқынған тісжегімен, жұлынған, зақымданған тістер ― тістер санының қосындысы;
• ТПЖ (п) — тексеруден өткен бір науқастағы тісжегімен зақымданған тістер бетінің, пломбаның және асқынған тісжегі мен жұлынған, зақымданған тістер ― тістер санының қосындысы;
Ескерту: Егер алдыңғы тістер тобында тіс жұлынса ― ТПЖ(п) сынамасын есептеуде тістің 4 беткейін есепке алады, ал азутістер тобында тіс жұлынса ― 5 беткейін [w29] есептейді.
Тісжегінің қарқындылық сынамасын анықтау кезінде кіреукедегі минералданудың ошақтана бұзылуының бастапқы түрін есепке алмайды.
Тісжегінің қарқындылығын тістердің ауысуы кезінде бағалау үшін (6 - 12 жас) тістерде және беттерінде ТПЖ және тп сынамасын қолданады.
Уақытша және тұрақты тістерінің және беттерінің тісжегі қарқындылығын жеке есептейді.
Тексерілген топ арасындағы тісжегінің қарқындылығы ―- бұл тістердегі тісжегі немесе беттерінің қарқындылығы сынамасының тексерілгендер санына жеке-дара көрсеткіштерінің қатынас қосындысы.
Тісжегі қарқындылығы деңгейі (ТПЖ сынамасы бойынша) 12-жастағы балалар және ересек адамдарда (ДДҰ критериі):
12 жас | Қарқындылық деңгейі | 35–44 |
0–1,1 | Өте төмен | 0,2–1,5 |
1,2–2,6 | төмен | 1,6–6,2 |
2,7–4,4 | орташа | 6,3–12,7 |
4,5–6,5 | жоғары | 12,8–16,2 |
6,6 және жоғары | Өте жоғары | 16,3 және жоғары |
2.2. ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСЖЕГІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ
Бүгінгі таңда балалар мен ересектер тісінің тісжегімен зақымдануы халық арасында кең тараған стоматологиялық аурулардың бірі болып отыр.
Ресей халықтарының негізгі жас тобын эпидемологиялық стоматологиялық тексеру (2009) мәліметтері бойынша 6- жастағы балалар арасында уақытша тістерде [w30] тісжегісінің таралуы 84%, уақытша тістерде тісжегінің [w31] орташа тісжегі қарқындылығы (т) — 4,83, бұл кезде компонент «т» 2,9 тең болса, ал компонент «п» — 1,55, «ж» — 0,38-ге тең болады.
Халық арасында тұрақты тістердің тісжегісінің таралуы мен қарқындылығының орташа көрсеткіші (Ресей деректерін Қазақстандыққа ауыстыру керек пе)? Кітапты біз тек аударушы. Мәліметтер Ресей деректері.
Жасы, жылы | Таралуы % | ТПЖ | Т | П | Ж |
0,23 | 0,15 | 0,08 | - | ||
2,51 | 1,17 | 1,30 | 0,04 | ||
3,81 | 1,57 | 2,15 | 0,09 | ||
35-44 | 13,93 | 3,13 | 6,02 | 4,78 | |
65 және жоғары | 22,75 | 1,72 | 2,77 | 18,26 |
Кестеде РФ-ның 47 аймағында тұрып жатқан 55391 адамдардың эпидемиологиялық- стоматологиялық тексеруден өту кезіндегі ұлттық нәтижесінің мәліметтері келтірілген. Тексеру 2007-2008 жж ДДҰ ұсынған стоматологиялық статусты бағалау критериі мен кодтарын қолдана отырып жүргізілді.
Алынған мәліметтерге сәйкес әртүрлі аймақтарда тісжегінің таралуы бірдей емес. Ауыз суында фторидтердің мөлшері мен уақытша және тұрақты тістердің тісжегі қарқындылығы арасында ең маңызды өзара байланыс бар екені анықталды. Ауыз суында фторидтердің мөлшерлі концентрациясы 0,7 мг/л төмен болғанда тісжегінің таралуы көбейеді, ал 0,7 мг/л болса онда тісжегінің таралуы азаяды. Бұл тәуелділік 6, 12 және 15 жас арасындағы топтарда өте айқын көрінеді. Ересек жастар арасында бұндай тенденция аз дәрежеде көрінетіні көптеген тісжегі туғызушы факторлардың әсеріне байланысты болуы мүмкін. (2.2., 2.3-сурет).
2.2-. cурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай уақытша тістердегі тісжегінің орташа қарқындылығы
2.3-.сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына қарай тұрақты тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы.
Қалалық және ауылдық тұрғындар арасында тісжегі қарқындылығының көрсеткіші өзгеріссіз болды. ДДҰ градациясы бойынша тісжегі қарқындылығы 12- жастағы балалар арасында 27 аймақта төмен деңгейде, 19 аймақта орташа, ал бір аймақта жоғары болды. ДДҰ градациясы бойынша көптеген аймақтар тұрғындары арасында тісжегі қарқындылығының деңгейі жоғары деп бағаланды.
Ұлттық екіншілік эпидемиологиялық стоматологиялық тексеру нәтижесін талдау барысы 10 жыл бұрынғы (1999) мәліметтерімен салыстырғанда балалардың тұрақты тісінің тісжегі қарқындылығының орташа көрсеткіші төмендегенін анықтаса, ересек және егде тартқан тұрғындарда тістердің тісжегі қарқындылығы жоғары деңгейде қалғаны анықталды.
ІСТЕРІН ЕМДЕТУ МҰҚТАЖДЫҒЫ.
Тексеру нәтижелері тістің қатты тіндерінің әртүрлі емдеу түріне мұқтаж екенін анықтады. 52% алты жастағы балалар тістерінің бір бетіне пломба қоюды қажет етсе, 45% уақытша тістердің екі және одан да көп бетіне пломба қоюды қажет етеді. 13 және 22% жағдайда тістерде эндодонттық ем жүргізуді және жұлуды қажет етеді.
Осы жас арасындағы топтарда тұрақты тістерді емдеу ― негізінен алдын алу шараларын жүргізумен, тұрақты азутістердің табиғи сызаттарын герметизациялау немесе бітеу (52%), қайта минералдану терапиясын тағайындау (51%), басқа бір бетін пломбылауға (13%) және екі бетін пломбылау (5%) құрады.
12 жастағы топ арасында тістерді пломбылау мұқтаждығы (46% — бір, 21% — екі және одан да көп беттерін) артса, эндодонттық ем жүргізу және тұрақты тістердің жұлынуы (8 және10% сәйкес), ал алдын алу шараларын жүргізуді талап ету көрсетілімі (тұрақты екінші азутістердің табиғи сызаттарын бітеу) (48%) құрайды.
15 жастағы жеткіншектер арасында жоғарыда айтылған стоматологиялық көмек көрсету түрлерін жүргізіуді қажет етеді. Соның ішінде ортопедиялық ем жүргізу ―- жасанды сауыт жасауды да кажет етіп отыр.
Ересек тұрғындар арасында тістеріне пломба қойғызуды, жасанды тіс сауытын немесе протез түрлерін жасауды (55%), тістерді жұлуды (23%), ал егде адамдарда негізінен протездеуді (63%), ал тістерін жұлуды (35%) қажет етеді.
2.4. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Жергілікті факторлар:
•тіс қақтарының болуы (ауыз қуысы гигиенасының қанағаттанғысыз болуы);
•тамақ рационында жеңіл ферменттелетін көмірсулардың жоғары болуы;
•ауыз сұйығының сандық және сапалық құрамының өзгеруі;
•кіреукенің тісжегіге беріктігінің төмен болуы;
•тұрақты тістердің жарып шығу кезеңінде кіреуке сызаттары минералдануының толық аяқталмауы;
•тіс қақтарының тұруына жағдай туғызатын факторлар (тістердің тіс қатарында ауытқи орналасуы, алындайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдар, пломбаның жиектік шеттері және т.б.).
Жалпы факторлар:
• ауыз суында фторидтер мөлшерінің төмен болуы;
• минералды заттардың алиментарлық (алдыменен кальций және фосфат) тапшылығы, дұрыс тамақтанбау, дәрумендер жетіспеушілігі;
• тұлғадағы соматикалық аурулар (асқазан- ішек жолы патологиясы, эндокриндік жүйе патологиясы), зат алмасудың бұзылуы, бет –жақ аймағының туа біткен аномалиялары;
• организмге экстремалды әсер ету, күйзеліс;
• экологиялық жағдайдың әсер етуі;
Төмендегі топтарда тісжегінің пайда болу қауіп дәрежесі өте жоғары:
• жүктілік және 0-3 жасқа дейінгі балалар арасында;
• тұрақты тістері шыға бастау кезіндегі балаларда;
•ауыз қуысы гигиенасы күтімі қиындаған адамдарда (тістердің тіс қатарында ауытқи орналасуы, алындайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдар,және т.б.);
• зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар арасында (радиациялық, химиялық, кондитерлік.).
2.4.1. ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ҚАУПІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ.
АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Ауыз қуысында тіс қақтарын стоматологиялық зондтың көмегімен, арнайы индикаторлық заттарды қолдана отырып немесе қарау арқылы анықтауға болады
1) құрамында эритрозин бар препараттар немесе ерітінділерді қолдану арқылы; фуксин (таблетка Espo-Plak (Paro), Red-Cote (Butler), тіс қағын анықтауға арналған ерітінді (PresiDENT) және басқалар.;
2) йодқұрамдас ерітінділер (Люголь, Шиллер–Писарев ерітіндісі) (2.4-сурет);
3) ультракүлгін сәуле арқылы тіс қақтарын анықтау үшін қолданылатын, құрамында флюоресцин бар препараттар.
2.4-сурет. Шиллер–Писарев ерітіндісімен боялған тіс қақтары
АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЫНАМАЛАР (ИНДЕКС).
1. Жас балаларда тіс қақтарын анықтау сынамасы
(тіс шыққаннан бастап 3 жасқа дейін) (Кузьмина Э. М., 2000).
Сынаманы бағалау үшін қарау немесе стоматологиялық зондтың көмегімен ауыз қуысындағы барлық тістерде тіс қағының бар немесе жоқ екенін анықтайды.
Кодтар және бағалау критериі:
0 —қақ жоқ;
1 — тіс қағы бар.
Сынаманы есептеу:
ИС — жас балалардың гигиеналық сынамасы.
Нәтижесін талдау
Сынаманың мағынасы | Гигиена деңгейі |
жақсы | |
0,1–0,4 | қанағаттанарлық |
0,5–1,0 | нашар |
2. Федоров–Володкин сынамасы (1971).
5-6 жас аралығындағы балаларда ауыз қуысы гигиенасын бағалауға ұсынылған сынама. Сынаманы бағалау және жүргізу үшін алты алдыңғы тістердің вестибулярлы бетін бояйды. 83,82,81,71,72,73 сүт тістер..
Кодтар және бағалау критериі:
1 — боялмайды;
2 — тіс сауытының 1/4 беті боялады;
3 — тіс сауытының 1/2 беті боялады;
4 — тіс сауытының 3/4 беті боялады;
5 — тіс сауытының беті толық боялады.
Сынаманы есептеу:
ГС — Федоров–Володкиннің гигиеналық сынамасы.
Нәтижесін талдау
Сынаманың мағынасы | Гигиена деңгейі |
1,1–1,5 | жақсы |
1,6–2,0 | қанағаттанарлық |
2,1–2,5 | қанағаттанғысыз |
2,6–3,4 | нашар |
3,5–5,0 | өте нашар |
3. Ауыз қуысы гигиенасының нәтижесін бағалау сынамасы РНР (Podshadley A. G., Haley P., 1968).
Сынама жүргізіледі:
16, 11, 26, 31 — вестибулярлы беттерінде;
36, 46 — оральді беттерінде.
Сынама жүргізетін тіс болмаған жағдайда аттас топтағы көрші тістерді бояйды. Тістің тексеру жүргізетін бетін 5 –ке бөледі.
1 —медиалды; 2 — дисталды;
3 — орталық-окклюзиялық;
4 — орталық;
5 — орталық-мойын бөлігі.
Коды и критерии оц
Кодтар және бағалау критериі:
0 — боялмайды;
1 — әртүрлі қарқынды боялу.
Сынаманы есептеу:
РНР — ауыз қуысы гигиенасының нәтижелі сынамасы
Нәтижесін талдау
Сынаманың мағынасы | Гигиена деңгейі |
0 | Өте жақсы |
0,1–0,6 | жақсы |
0,7–1,6 | қанағаттанарлық |
1,7 жоғары | қанағаттанғысыз |
4. Ауыз қуысы гигиенасының сынамасы ИГР-У [w32]
(OHI-S — Oral Hygiene Index-Simplifi ed; Greene J. S.,Vermillion J. K., 1964).
Тіс қақтары (сынама жүргізілетін тістер бетін арнайы индикаторлық ерітіндімен бояу) және тіс тастарын (сүңгілеп тексеру әдісі) анықтайды.
Сынама жүргізілетін тістер:
16, 11, 26, 31 — вестибулярлы беттері;
36, 46 — оральді беттері.
Тіс қағын бағалау коды және критериі:
0 — тіс қағы анықталмады;
1 — тістің бетін 1/3 ге дейін жауып тұрған жұмсақ тіс қағы немесе пигменттелген тіс қағы;
2 — жұмсақ тіс қағы тістің 1/3 немесе 2/3 бетін жауып тұрады;
3 — жұмсақ тіс қағы тістің 2/3-тен көп бетін жауып тұрады.
Тіс тастарын бағалау коды және критериі:
0 — тіс тастары анықталмады;
1 — тістің 3/1 бетін жауып тұрған қызылиек үстіндегі тіс тастары;
2 — тістің 1/3, бірақ 2/3 бетінен аз бетін жауып тұрған немесе тістің мойын бөлігінде орналасқан тіс шөгінділері мен қызылиек асты тастары;
3 — тістің 2/3 бетінен артық бөлігін жауып тұрған қызылиек үстіндегі тіс тастары немесе тістің мойын бөлігін қоршай орналасқан қызылиек астылық тастар мен шөгінділер.
Сынаманы есептеу:
Нәтижесін талдау:
ИГР-У мағынасының қосындысы | Гигиена деңгейі |
0–1,2 | жақсы |
1,3–3,0 | қанағаттанарлық |
3,1–6,0 | нашар |
Тіс қақтары мен тіс тастарының көрсеткіштері | Гигиена деңгейі |
0–0,6 | жақсы |
0,7–1,8 | қанағаттанарлық |
1,9–3,0 | нашар |
5. Тістердің апроксималды беттеріндегі қақты анықтау сынамасы
API (Lange D. E., Plagmann H.,1977).
Бояу арқылы тістердің жанасу бетіндегі және тісаралық кеңістіктегі тіс қақтарын анықтайды.