Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ылмыс санаттары, қылмыстық жауаптылық, қылмыстың субьектісі мен обьектісі.




Қылмыстық құқық дегеніміз— қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салалары реттемеген және мүлде реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде қылмыстық заң және оның міндеттері, жауаптылық негізі,қолданылуы, қылмыс ұғымы және оның санаттары, қылмыс жиынтығы, қылмыс нысаны және оның түрлері, қылмыс емес екендігін жоятын мән жайлар сияқты мәселелер қарастырылса,ал ерекше бөлімде жаза және оның түрлеріне сипаттама беріледі.

Қылмыстың санаттары - оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді: 1)онша ауыр емес;2)ауырлығы орташа;3)ауыр;4)аса ауыр.

Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

49. Қылмыс ұғымы және қылмыстық құқық пәні түсінігі, міндеттері мен қағидаттары және қылмыстық заң мен оның қолданылу мен негіздері.

Қылмыс дегеніміз— жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамға қауіпті, заңға қарсы іс-әркеет немесе әрекетсіздік. Мысалы жеке адамға қарсы қылмыс, адам өлтіру (96-бап) және т.б..

Қылмыс белгілері: заңға қайшылығы, қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі, жазаланушылығы.

Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) қылмыстық құқықтың бірден- бір қайнар көзі болып табылады. Қылмыстарды реттеу заңға сәйкес істеген қылмысына байланысты жазалау арқылы жүзеге асады. Жаза дегеніміз— соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жазаның мақсаты— құқықтық әділеттілікті қалпына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады (38- бап, ҚК). Жаза екі түрге бөлінеді: негізгі және қосымша жазалар.

Негізгі жаза түрлері:

1. Айыппұл салу.

2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

3. Қоғамдық жұмыстарға тарту.

4. Түзеу жұмыстары.

5. Әскери қызмет бойынша шектеу.

6. Бас бостандығын шектеу.

7. Қамау.

8. Тәртіптік әскери бөлімдерде ұстау.

9. Бас бостандығынан айыру.

Қосымша жаза түрлері:

1. Айыппұл салу.

2. Арнаулы әскери атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру.

3. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет пен айналысу құқығынан айыру.

4. Мүлкін тәркілеу.

50. Қылмыстық жауапкершіліктен және жазалаудан босату.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

• бірінші рет қылмыс жасаса;

• жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

• жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;

• жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

51. Қылмыстық жауаптылық және жазалаудан босату.

Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық жауапкершілік пен жазалауға тек қылмыс жасауға, яғни қылмыстық заңнамамен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған кінәлі адам ғана тартылады.

Тек соттың үкімі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмысты жасауға кінәлі болып танылмайды, сондай-ақ. қылмыстық жазаға тартылмайды.

Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

• барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

• жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

• сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

52. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.

 

Қылмыстық іс жүргізу барысы мынадай сатылардан тұрады:

1. Қылмыстық істі қозғау.

2. Қылмыстарды алдын- ала тергеу.

3. Басты сот талқылауын тағайындау.

4. Басты сот талқылауы.

5. Апелляциялық саты сотында іс жүргізу.

6. Үкімді орындау.

Жалпы қылмыстық істердің ерекшелігіне байланысты іс жүргізу мынадай сатылардан тұрады:

1. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу.

2. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу:

Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау;

Сот шешімдерін орындау.

3. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөніндегі іс жүргізу.

4. Айырықша іс жүргізу.

Ал мұндай сатыдағы сотта іс жүргізудің негіздері Қ.Р-ның қылмыстық іс жүргізу кодексінің 6-7-8-10-12- бөмілдерінде қарастырылған.

 

53. Қылмыстық іс- жүргізу, қылмыстық іс- жүргізу заңдары.

 

Қылмыстық іс жүргізу іс жүргізу құқығының күрделі салаларының бірі. Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- басқа сөзбен айтқанда қылмыстық істі сотта қарау. Нақтылап айтар болсақ, іс жүргізу дегеніміз-бұл заңмен реттелген, соттың алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз—бұл заңмен реттелген соттың алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу. Қ.Р-да қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады. Сондай-ақ әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қарауға құқығы бар. (12- бап Қ.І.Ж.К.) Қ.Р-да қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік тілмен бірдей басқа тілдер қолданылады. Қылмыстық істерді талқылау басқа соттар мен сот сатыларында ашық және қажет болған жағдайда жабық түрде жүргізіледі.

 

?54. Қылмыстық іс-жүргізуде кездесетін кемшіліктер.

 

?55. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.

 

56. Мемлекет оның құрылымдық нысандары және басқару түрі.

 

Мемлекет дегеніміз— басқару функциясын орындайтын және оның көмегімен, қоғамның тіршілік- тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Мемлекеттің қызметі (функциясы) дегеніміз— неғұрлым тұрақты тіршілік ететін, мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешудегі атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары.

Мемлекет қызметі екі түрге бөлінеді. Олар ішкі және сыртқы қызметі. Мемлекет қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмі. Мемлекет механизмінің маңызды буындарын құрайтын ол мемлекет органдары (барлық мемлекеттік органдар билік жүйесі жағынан заң шығару, атқарушы және сот органдары) болып бөлінеді.

Мемлекет механизмі дегеніміз— мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның қызметін (функцияларын) іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай- ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру- мәжбүрлеу құралдарының жүйесі болып табылады.

Мемлекеттің басқару нысаны:

1. Монархиялық (Абсолюттік монархия және конституциялық монархия).

2. Республикалық (Парламенттік және президенттік республика).

Мемлекеттің әкімшілік құрылымы жағынан 3- ке бөлінеді. Олар:

1. Унитарлық (біртұтас) мемлекет.

2. Федеративтік мемлекеттер.

3. Конфедерациялық мемлекет.

 

57. Неке және некеге тұрудың шарты мен тәртібі.

 

Неке дегеніміз - ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы кең құқықтық одақ.

Қ.Р-сында неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді. Неке қию үшін некеге отыратын еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке жасына толуы қажет.

 

Сондай- ақ некелесуге осы заңнаманың 11 бабына сәйкес мынадай жағдайларда жол берілмейді:

1. Бір жынысты адамдардың.

2. Олардың біреуі басқа некеде тіркелген некеде тұратын болса.

3. Жақын туыстардың:

4. Бала асырап алушылармен, асырап алынған балалардың арасында:

5. Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасынад жол берілмейді.

Неке қиюдың тәртібі осы заңнаманың 13 бабына сәйкес жүзеге асады.

1. Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не ранайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда некені қиюды мемлекеттік тіркеу орындарында медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

2. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзімі өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжатымен расталған дәлелді себептер болғанда бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айырықша мән жайлар болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берген күні жүргізіледі.Жалпы неке қиюды мемлекеттік тіркеу органы осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

 

58. Неке және отбасы қандай заңмен қорғалады?

 

Неке отбасы қатынастары Қ.Р-сының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы қабылданған неке және отбасы туралы кодексімен реттеледі. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары сияқты мәселелер қарастырылады. Ал ерекше бөлімде азаматтық хал актілері және заңнама нормаларының қолданылу негіздері қарастырылады. Қ.Р-сының отбасы заңнамасы Республика конституциясына негізделеді, осы кодекстен Қ.Р-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұл кодекс мынадай қатынастарды реттейді:

1. Отбасы мүшелері: ерлі- зайыптылар, ата- аналар мен балалар арасындағы, ал Қ.Р-сының неке – отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және мүліктік емес қатынастарды белгілейді.

2. Некеге отырудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді.

3. Жетім балаларды, ата- анасының қамқолығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды.

4. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді және тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін айқындайды.

 

59. Неке, отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау.

 

Ерлі- зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды мемлекеттік органдарда тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі- зайыптылардың әрқайсы қызмет түрін кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті. Ерлі- зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу оларға білім беру, ерлі-т зайыптылардың тұрғылықты жер таңдау мәлелелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді. Ерлі- зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластықпен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының ден- саулығына, өсіп жетілуіне және әл- ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті. Сондай-ақ ерлі- зайыптылар тектерді таңдауға құқылы. Ерлі- зайыптылар мүліктік құқықтар мен міндеттерін мүліктің зағды режімі негізінде ортақ меншік негізінде жүзеге асырады.Ерлі- зайыптылар мүлкінің шарттық режімі неке шарты негізінде жүзеге асады. Неке шарты дегеніміз некеге отырған ерлі- зайыптылардың немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Ерлі- зайыптылар неке шартымен Қ.Р-сының заңдарында белгіленген бірлескен ортақ меншік режімін өзгертуге ерлі- зайыптылардың барлық мүлкіне оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі- зайыптылардың әрқайсының мүлкіне бірлескен үлестіе немесе бөлек меншік режімін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі- зайыптылардың қолда бор мүлкіне қатысты да, болашақтағы мүлкіне қатысты да жасалуы мүмкін. Сондай- ақ неке шарты ерлі- зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Қорыта келгенде, отбасы құқығы өзінің қайнар көздері Қ.Р-сы конституциясы неке және отбасы туралы заңнама және осы заңнамаға сәйкес қабылданған өзге де заңдар арқылы реттеледі.

 

60. Некені бұзу, некені тоқтату әрекеттері.

 

Некені бұзу екі түрлі жолмен жүзеге асады:

1. Тіркеуші органдарда некені бұзу.

2. Некені сот тәртібімен бұзу және сот тәртібімен бұзу ерлі- зайыптылардың бірнеше мәселелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Осы заңнаманың 9 және 11 баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде сот некені жарамсыз деп таниды. Сондай- ақ некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар.

1. Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса онда кәмелетке толмаған жұбай және оның заңды өкілдері немесе прокурор талап етуге құқығы бар.

2. Неке қиюмен құқығы бұзылған жұбай сондай- ақ мәжбүр ету алдау, қателесу нәтижесінде немесе неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс- әрекетінің мәнін түсінбеген және өзін билей алмаған жай- күйінің салдарынан ерлі- зайыптыларының біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса прокурор некені жарамсыз деп тануға құқығы бар. Және басқа-да осы заңнаманың 26 бабының негізінде неке жарамсыз болған жағдайда некені жарамсыд деп тануға құқығы бар. Некені тоқтату ерлі- зайыптылардың өздеріне байланысты емес мән- жайлардың салдарынан немесе осы кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі- зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс- әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі- зайыптылар арасында заңды қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

 

61. Орман және су кодекстері және оның құқықтық негіздері.

 

Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және қоршаған ортаға әсер ету табиғатты пайдалану болып табылады. Табиғатты пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы табиғатты пайдалану түрлеріне жерді пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану, жер қойнауын пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалану, қоршаған ортаға эмиссиялар және қазақстан заңдарында белгіленген өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады. Арнайы табиғат пайдалану құқығы табиғат ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға, лицензиялар және рұқсаттар алу, Қ.Р. Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, негізінде табиғат пайдалануға арналған шарттар негізінде жүзеге асады. (12 бап, Қ.Р- ның 7 к.) Сондай- ақ арнайы табиғат табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қ.Р- ның заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салуы мүмкін. Ал арнай табиғат пайдалану осы кодексте және Қ.Р- ның басқа да заңдарында белгіленген тәртібінен табиғи ресустарды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаның қызметі.

 

62. Отбасы құқығы және отбасы құқығын реттейтін заңдар

 

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.. Адам қоғамға әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтар, партия, қозғалыс, еңбек ұжымдары арқылы кіреді. Осындай топтардың ішіндегі ең маңыздысы бұл отбасы. Отбасы қоғамда өзіндік әр түрлі із қалдыратын құбылыс.Ол қоғамда бірнеше қызмет атқарады. Олар экономикалық, қорғау, тәрбиелік және әлеуметтену. Ал заңдық мағанада отбасы адамдар тобының бір- бірімен өзара құқықтық тұрғыда құқықтар мен міндеттер арқылы байланысатын некеге тұру, бала асырап алу және т.б. мәселелердің негізінде пайда болады. Отбасы құқығын құқықтық реттеуде отбасы нормаларымен реттелетін отбасы мүшелері арасындағы отбасы қатынастары мүліктік және мүліктік емес болуы мүмкін. Отбасы қатынастары субьектісіне азаматтар жатады. Ал отбасы құқығы қатынастарының обьектісіне құқық қатынастары, мүлік және басқа да материалдық құндылықтар жатады. Неке отбасы қатынастары Қ.Р-сының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы қабылданған неке және отбасы туралы кодексімен реттеледі. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары сияқты мәселелер қарастырылады. Ал ерекше бөлімде азаматтық хал актілері және заңнама нормаларының қолданылу негіздері қарастырылады. Қ.Р-сының отбасы заңнамасы Республика конституциясына негізделеді, осы кодекстен Қ.Р-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұл кодекс мынадай қатынастарды реттейді:

1. Отбасы мүшелері: ерлі- зайыптылар, ата- аналар мен балалар арасындағы, ал Қ.Р-сының неке – отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және мүліктік емес қатынастарды белгілейді.

2. Некеге отырудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді.

3. Жетім балаларды, ата- анасының қамқолығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды.

4. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді және тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін айқындайды.

 

63. Өсиет бойынша мұрагерлік.

 

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға(адамдарға) – мұрагерге ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Қ.Р.А.К-тің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай, тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік өсиет арқылы немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ, мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығы кезек бойынша жүзеге асады және реттеледі.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқталуына әкеліп соқтырмайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субьектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

 

64. Президент өкілеттілігі.

 

Президент (латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;

2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б. ұйымдардың басшысы.

 

65. Салық және салық органдары мен олардың міндеттері, салық түрлері.

 

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің үрдісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.Салық кодексі салық салу барысында туындайтын біртектес, өздеріне тән мән-жайларды жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететін нормативтік акті.

Қазіргі кезеңде Қазақстан аумағында мынадай салықтардың түрлері ұсталынады:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жекелей табыс салығы.

3. Қосылған құн салығы.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдары салығы.

Мемлекеттің қаржылық құрылымын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

1. Қаржы министірлігі.

2. Қ.Р. қаржы министірлігінің салық комитеті т.б. комитеттер.

3. Қаржы министірлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар.

4. Қ.Р.- ның ұлттық банкі және тағы басқа да банктік депортаменттер..

5. Қ.Р.- ның экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі.

 

66. Салық түрлері және оны құқықтық реттеу негіздері.

 

Қазіргі кезеңде Қазақстан аумағында мынадай салықтардың түрлері ұсталынады:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жекелей табыс салығы.

3. Қосылған құн салығы.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдары салығы.

Қаржылық құқық бұзушылық деп қаржылық заңдардың нормалары мен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиісті қаржылық міндеттеме-лерін тиісінше орындамаған, қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс- әрекеттері.

Қаржылық құқықтық жауапкершілік дегеніміз- қаржыылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, материалдық, мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады.

 

 

67. Салықты құқықтық реттеу негіздері.

 

Қаржылық құқық бұзушылық деп қаржылық заңдардың нормалары мен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиісті қаржылық міндеттеме-лерін тиісінше орындамаған, қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс- әрекеттері.

Қаржылық құқықтық жауапкершілік дегеніміз- қаржыылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, материалдық, мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады.

 

68. Серіктес ұғымы.

 

Экономикадағы бизнес серіктестік туралы жазасындар.

 

69. Сот және соттар төрелігі.

 

Сот — Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тағы бір саласы. Қ.Р-да сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандарын жүзеге асырады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа билердің қатысуымен жүзеге асырылады. Конституцияның 75-бабына сәйкес республиканың жоғарғы соты, республиканың жергілікті және басқа да соттар республиканың сотттары болып табылады. Қ.Р-да 25 жасқа толған, жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл өтілі бар, биліктілік емтиханын тапсырған азаматтар судья бола алады.

 

?70. Сот шешімдерін орындау. Қадағалау сатысында іс жүргізу.

 

71. Ұжымдық еңбек шарты және оның негіздері.

 

Еңбек құқығы дегеніміз— меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығының негізгі институттарына еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты жатады.

Еңбек шарты дегеніміз— қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбашы нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшылай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлары мен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі.

Еңбек шартының мерзімі:

6. Белгіленбеген мерзімге.

7. Белгіленген мерзімге (29- бап, ЕК).

8. 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Сонымен қатар, еңбек шартын жасасу барысында осы кодекстің 31- бабына сәйкес қажетті құжаттар талап етіледі. Еңбек шарты жазбаша нысанда, 2 дана етіп жасалады және оған талаптар қол қояды. Еңбек шартының 1 данасы қызметкерде, 1 данасы жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының 1 данасын алуы, жазбаша нысанда расталады.

9. Екіншіден, еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың бірінші тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты, еңбек шартының тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап, күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды.

10. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс өтіліне қосылады және 3 айдан аспауға тиіс.

11. Сондай- ақ, тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға, орта және кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға, мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді. Еңбек шартының қолданылуы тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен бастап басталады.

12. Осы кодектің 39- бабына сәйкес еңбек шарты алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп және тағы басқа негіздерге байланысты жасалса, онда сот оны жарамсыз деп таниды.

13. Қ.Р заңдарнда көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыстан шеттетуге міндетті (50- бап).

14. Еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерге сәйкес жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, тараптардың еркінен тыс мән- жайлар, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы және тағы басқа да осы 51- баптың негізінде тоқтатылуы мүмкін.

15. Еңбек шарты еңбек кодексінің 26- бабына сәйкес бұзылады.

16. Еңбек заңына сәйкес жұмыс уақыты үш түрге бөлінеді: қалыпты, қысқартылған және мерзімінен тыс жұмыс уақыттары.

17. Осы заңнаманың 77- бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

 

72. Ұжымдық шарт.

 

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.

 

73. Үкімет дегеніміз не?

 

Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін. Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады. Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

 

74. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы.Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық.

 

Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқықтары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. Алғаш рет “адам құқығы”ұғымы халықаралық құқықта Ұлы Француз революциясынан кейін пайда болды. Адам құқығының көпшілігі ол туған сәттен басталатын азаматтығымен анықталады. Азаматтық-бұл белгілі бір мемлекетке қатысты және оның билігіне бағынуда нақты құқықтар мен міндеттерге ие болуында көрінетін жеке тұлғаның нақты мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тұлға мен мемлекеттің арасындағы байланыс, ереже бойынша, туған сәттен басталады, және азаматтықта болуы тұлғаның қайтыс болуымен тоқтатылады.

 

75. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері және оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы.

 

Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық жұртшылық құқықтың негізгі принциптері:

1. Мемлекеттердің егеменді тендігі қағидасы: Ол, халықаралық құқық көзі болып табылатын, екі маңызды қасиеттерді біріктіреді: егемендік пен басқа мемлекеттермен теңдікті. Бұл принцип бойынша мемлекеттер өзге мемлекеттермен терезесі тең, толық егемендікке тән құқықтарды пайдаланады, басқа мемлекеттердің жеке басын құрметтеуге міндетті; мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қол сұқпаушылық, әрбір мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесін еркін таңдауына құқығы бар, әрбір мемлекет халықаралық міндеттемелерін толық және өз еркімен орындауы талап етіледі.

2. Күш немесе қоқан-лоқы қолданбау қағидасы. Әрбір мемлекет халықаралық қатынастарда басқа елдің аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан немесе қоқан-лоқы көрсетуден аулақ болуы талап етіледі.

3. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы. Бірде-бір мемлекет я мемлекеттер тобы өзге мемлекеттің ішкі,сыртқы істеріне тікелей немесе жанама араласуына тыйым салынады. Бірде-бір мемлекет басқа мемлекетке бір мемлекеттің бағынышты қылуға бағытталған іс-шараларында ықпал етуге немесе көтермелеуге құқығы жоқ.

5. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.

6. халықаралық ынтымақтастық қағидасы. Мемлекеттер араларындағы саяси және экономикалық жүйелерінің айырмашылықтарына қарамастан, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін әлемдегі экономикалық прогреске жәрдемдесу үшін бір-бірімен ынтымақтасуы тиіс.

7. Тең құқықтылық пен халықтардың өзін-өзі билеу қағидасы. Барлық халықтар өзінің саяси мәртебесін еркін анықтауға және өз мемлекеттерінің экономикалық және мәдени даму бағытын еркін таңдауға құқылы.

8. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы. Мемлекеттер күштеп басқа мемлекеттердің аумағын немесе бөліктерін бөлшектеуден бас тартуы тиіс.Сондай-ақ әрбір мемлекет өзінің аумағын еркін билеуге құқылы.

9.Мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Мемлекеттер қандай болмасын аумақтық наразылықтардан бас тартуы тиіс және әлемде орнатылған аумақтық бөлініске келісуге міндетті.

10. Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы. онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі көрсетіледі.Өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық және саяси құқықтар сиақты құқықтар жүйесін мызғымай сақталуын міндеттейді.

Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары. Арнайы халықаралық конвенция жолымен бекітіледі. Мемлекеттердін өз міндеттемелерін бұзуы, жауапкершілікке әкеліп соғады. Халықаралық қатынастарда, халықаралық ілтипат нормаларының сақталуына, әсіресе дипломатиялық этикет саласына және т.б. үлкен маңыз беріледі. Халықаралық қатынастарда, халықаралық ілтипат нормаларының сақталуына, әсіресе дипломатиялық этикет саласына және т.б. үлкен маңыз беріледі

 

76.Халықаралық құқық субьектілері және халықаралық құқықтық жауапкершілік.

 

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы — жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. Жалпы алғанда, халықаралық құқық субьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықты&





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1758 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2193 - | 2115 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.