Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көп жағдайда мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатынға қамқор болмауы керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты айырмашылығы оларды белгілеу қажеттілігінің туындауы, әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өзінің құқықтарын қорғай немесе мүлікке басшылық жасай алмайтындарға көмек.Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады («Неке және отбасы туралы» заңның 113-бабы). Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Оршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу, экологиялық құқық бұзушылық және экологиялық жауапкершілік.
1. Қ.Р-сы экологиялық заңнамасының бұзылу салдарынан өздерінің ден- саулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап – арыз беруге құқығы бар. Сондай- ақ жеке тұлғалар қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды ұқыпты қарауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға, өз қызметін экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтармен міндеттелген қоғамдық бірлестіктер жергілікті өзін- өзі басқару органдары және басқа- да құзіретті органдарға бекітілген өзіндік құқықтар мен міндеттер бар. Қоршаған ортаның сапасын реттеу экологиялық нормалар арқылы жүзеге асады. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әр түрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады. Экологиялық нормалау процессінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эммиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Мұндай нормативтерді белгілеу тәртібінің негізі осы кодекстің 23- бабында бекітіліп көрсетілген. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу талаптарды орындау үйлестірілген стандарттармен қамтамасыз етіледі.Ұйымдардың стандарттарының қолдану барысы ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Техникалық реттеуге байланысты экологиялық таңбалау, қоршағани ортаға әсерді бағалау негізі жүзеге асады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам ден- саулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қ.Р- сы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен экологиялық дауларды шешу мәселелері қарастырылады. Қ.Р-сының экологиялық заңнамасын бұзу Қ.Р-сының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар осы кодекстің 321, 322 және басқам да баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ал экологиялық даулар сотта Қ.Р-сының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешіледі. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөніндегі қызмет көрсетуі арнайы лицензия негізінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді Қ.Р-ның лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Сондай- ақ осы кодеске сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын Қ.Р- ның үкіметі бекітеді.