Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәсіпкерлік қызмет және кәсіпкерлік құқығы туралы түсінік.




Кәсіпкерлік құқығы еліміздің нарықты экономикаға өтуінде және меншік қатынастарындағы мемлекеттік меншік пен қатар жеке меншіктің пайда болып қорғалуы мен танылуына қарай әркімнің кәсіпкерлік қызмет етуіне құқық берілуіне орай кәсіпкерлік қызмет қолданыла бастады. Кәсіпкерлік құқығын қарастыруды біз алдымен кәсіпкерлік ұғымынан бастауымыз керек. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтық кодекстің 10 бабында атап көрсетілгендей меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Мұндағы мемлекеттік басқару бұл мемлекеттік мекемелердің бәрінің қазіргі кезде жекешелендіруге байланысты шаруашылық жүргізу құқығына негізделген. Және оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар жатады. Кәсіпкерлік құқығы басқа құқық салалары сияқты өзіндік қатынастарды реттеуді белгілі әдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Ондай әдістерге мыналар жатады. Құқықтық реттеудің диспозитивтік әдісі. Ол дегеніміз тараптардың теңдігіне негізделу әдісі. Ал екінші әдіс өктем билігі әдісі. Заңдарда тиым салынбаған қызметті жүзеге асырушы кәсіпкерлердің құқықтары:

1. Лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің болса да рұқсатын алмай ақ жүзеге асыру мүмкіндігі арқылы.

2. Экономиканың барлық салаларындағы кәсіпкерліктің барлық түрін бір ғана тіркеуші органда тіркеудің барынша қарапайым өз бетімен жүргізетін тәртібімен.

3. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерді заң құжаттарымен шектеу арқылы.

4. Кәсіпкерлік қызметті заң құжаттарында көзделген негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша ғана еріксіз тоқтату арқылы.

5. Жеке кәсіпкерлік үшін тиым салынған, экспорт немесе импорт үшін тиым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлері мен қызмет тізбесін заң құжаттарында белгілеу арқылы.

6. Мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін олардың алдындағы зыңдарда белгіленген мүліктік жауапкершілікке тарту арқылы және заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.

Сондай ақ жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу (ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен ден саулығын қорғау) салаларында. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеу Қ.Р. конституциясынан, Қ.Р ның азаматтық кодексінен, Қ.Р- дағы кәсіпкерлік туралы нормативтік актілер жинағынан тұрады.

Сондай- ақ, Қ.Р. ратификацияланған халықаралық шартта осы заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мынадай ұстанымдарға негізделеді:

1. Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.

2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субьектілерінің теңдігі.

3. Жеке меншікке қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі.

4. Қ.Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы.

Қ.Р. заңдарында өнімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.

Коммерциялық құпия заңмен қорғалады.

Азаматтар (А.К.) 19- бабына сәйкес және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Екіншіден, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және кәсіпкер ретінде есепке алынады. Ал кәсіпкерлік құқығына қатысушылар құқықтың субьектісі ретінде жүзеге асады. Кәсіпкерлік құқық субьектілері үш түрге бөлінеді. Олар шағын кәсіпкерлік субьектілері, орта кәсіпкерлік субьектілері және ірі кәсіпкерлік субьектілері.

Жеке кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің құқықтары мен міндеттері.

1. Қ.Р-ның заңдарында өзгеше көзделмесе жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.

2. Қ.Р.- ның заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға.

3. Қ.Р.- ның заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға.

4. Қ.Р.- ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда өндірілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағасын дерьбес белгілеуге.

5. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат беруге.

6. Өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға.

7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға.

8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің акредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға.

9. Бақылыау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтырын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша жүгінуге.

10. Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге.

11. Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына сеігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы. Қ.Р.- ның заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға міндетті. Өндірілген өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет түрлерін Қ.Р.- ның заңнамасының талаптарына сәйкестігін қаматмасыз етуге міндетті. Қ.Р.- ның лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензилауға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға, лицензиялар алуға міндетті. Қ.Р.- ның заңдарына сәйкес азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті. Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы қызметі қажет. Мұның жеке кәсіпкерге де, заңды тұлғаларға да қатысы бар. Жек кәсіпкерлік субъектілерін заңды тұлғаларды мемелкеттік тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сәйкес жүргізеді. Жек кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру және тарату, заңды тұлғалар және қандайда бір заңды тұлға құрған ұйымды құқықтық формалар үшін азаматтық заң, сонымен қатар арнай заң белгілеген негіздерде жүзеге асады. Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның құрылтайшыларының шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарын өкілеттілік алған органның шешімі бойынша немесе заң актілерімен қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны қайта құрудың бес формасын: қосу, біріктіру, бөлу, өзгерту және тоқтату, сияқты формалары арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Заңды тұлғаны тарату бұл оның мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен қызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нәтижесіде мұндай кәсіпорындарда құқықтық мирасқорлық болмайды. Тарату ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышкердің арызы негізінде немесе Қ.Р.- ның заңымен көзделген жағдайларда басқа да тұлғалардың сотқа берген арызы негізінде сот шешімімен банкрот болып жарияланады. Банкроттық деп таратуға негіз болып табылатын борышкердің сот шешімімен танылған дәрменсіздігі. Дәрменсіздік деп борышкердің жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның кредит берушілердің ақшалай міндеттемелерін қанағаттандыруға еңбек шарты бойынша жұмыс істейтендердің еңбекақысын төлеуге сонымен қатар салыққа және бюджетке және бюджеттен тық қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қабілетсіздігі танылады. Банкрот деп тану ерікті тәртіппен немесе мәжбүрлі түрде болуы мүмкін. Заңды тұлғаның банкроттық қызметі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған сәттен бастап тоқтатылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1751 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2174 - | 2121 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.