Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Р-ның қылмыстық заңнамасы туралы түсінік




Қылмыстық құқық дегеніміз— қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салалары реттемеген және мүлде реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қылмыстық құқық нормаларына Қ.Р-ның қылмыстық кодексі жатады. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы және ерекше бөлім. Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде қылмыстық заң және оның міндеттері, жауаптылық негізі,қолданылуы, қылмыс ұғымы және оның санаттары, қылмыс жиынтығы, қылмыс нысаны және оның түрлері, қылмыс емес екендігін жоятын мән жайлар сияқты мәселелер қарастырылса,ал ерекше бөлімде жаза және оның түрлеріне сипаттама беріледі.

Қылмыс дегеніміз— жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамға қауіпті, заңға қарсы іс-әркеет немесе әрекетсіздік. Мысалы жеке адамға қарсы қылмыс, адам өлтіру (96-бап) және т.б..

Қылмысты санаттары жағынан 4-ке бөлеміз. Олар онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар. (10- бап. Қ.К.)

Азаматтар қылмыс жасағаны бойынша Қ.Р.- ның қылмыстық кодексінің 15- бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Яғни, қылмыс жасаған кезде ақыл есі дұрыс, 16- жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар 14- жасқа толған, ауыр қылмыстар жасаған (96-103-104-120 және т.б. баптарға сәйкес) азаматтар да қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жауаптылыққа тартылуға тиісті адамдар осы кодекстің 14- бабына сәйкес есі дұрыс кодексте белгіленген жасқа толған адамды ғана қылмыстық жауапқа тарта аламыз.

Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) қылмыстық құқықтың бірден- бір қайнар көзі болып табылады.Қылмыстарды реттеу заңға сәйкес істеген қылмысына байланысты жазалау арқылы жүзеге асады. Жаза дегеніміз— соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жазаның мақсаты— құқықтық әділеттілікті қалпына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады (38- бап, ҚК). Жаза екі түрге бөлінеді: негізгі және қосымша жазалар.

42. Құқық негіздері пәні әдіс-тәсілдері мен жүйесі.

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың жүйелік дамуы барысындағы салаларын және оларды реттейтін әдістер мен тәсілдерді біліп түсінуге және бұл салалар бойынша қолданылатын құқықтық нормативтік актілер таныстырып, олардың реттейтін қатынастарынан мағлұмат беретін пән.

Құқық негіздері пәнінің әдіс- тәсілдері:

1. Жалпылама әдістер (диалектикалық- материалистік).

2. Жалпы ғылыми әдістер (талдау, жүйелеу, синтездеу).

3. Жекелеген әдістер (салыстырмалы, міндеттеу, социологиялық, статистикалық, т.б.).

Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

1. Теориялық заң ғылымдары.

2. Салалық заң ғылымдары (оған азаматтық, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек, т.б. құқық салалары жатады).

3. Арнаулы заң ғылымдары (оған криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы, т.б.).

43. Құқық негіздері пәні және оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі.

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың жүйелік дамуы барысындағы салаларын және оларды реттейтін әдістер мен тәсілдерді біліп түсінуге және бұл салалар бойынша қолданылатын құқықтық нормативтік актілер таныстырып, олардың реттейтін қатынастарынан мағлұмат беретін пән.

Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

1. Теориялық заң ғылымдары.

2. Салалық заң ғылымдары (оған азаматтық, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек, т.б. құқық салалары жатады).

3. Арнаулы заң ғылымдары (оған криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы, т.б.).

44. Құқықтық қатынастар, құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Құқық дегеніміз— жалпығы бірдей, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, нақтырақ айтқанда адамдардың арасындағы қатынас. Құқықтық қатынастар адамдардың іс- әрекетінің, мінез- құлқының, өзара субьективтік құқықтар мен міндеттерінің негізінде пайда болады.

Субьективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі бір шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мысалы, жеке тұлғаның еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, отбасын құруға, т.б. Сонымен құқықтық қатынастар дегеніміз- қатысушылардың субьективтік құқықтар мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік- ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық сана – бұл қоғамдық сананың бір саласы деуге болады. Құқықтық сананың сапалық күйі яғни тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның іс- әрекет еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігін арттыру бұл құқықтық мәдениетті білдіреді. Ал тұлғаның құқықтық мәдениеті, құқықты білу, ұғыну, түсіну және құрметтеуден тұрады. Жалпы құқықты дамыту, құқықтық мемлекетті құру тек тұлғаның құқықтық мәдениетінің дамуының нәтижесінде ғана жүзеге асады.

45. Құқықтық мемлекет.

Құқықтық мемлекет дегеніміз— құқықтың құндылықтарына алғы шарттар жасайтын, жұртшылық арасында, сондай- ақ мемлекеттік апарат қызметкерлері арасында олардың билік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіс іс- қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті айтуға болады.

Құқықтық мемлекет белгілері:

1. Биліктің бөліну принципі.

2. Заңның үстемдігі.

3. Заң алдында барлық адамдардың үстемдігі.

4. Мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі.

5. Азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейде дамуы.

6. Барлық қоғам мүшелерінің заңды орындауын бақылауы.

? 46. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары.

Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:

-жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру

-ақшалай сыйлыктар

-заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.

Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін төмендегідей тәртіптік жазалардың түрлерін қолданады:

1. Ескерту;

2. Сөгіс;

3. Қатаң сөгіс;

4. Осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

Жеке еңбек дауларын қарау алдымен келісім комиссияларында және сотта қарастырылады. Келісім комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап 7 күн мерзімінде қарайды (171- 172 баптар, ЕК).

Тағы, сондай- ақ, осы кодекстің 176- бабына сәйкес комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, қызметкер немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.

Қорыта келгенде, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары еңбек шартында көзделген негіздерге сәйкес жүзеге асады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 846 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2414 - | 2334 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.