Жалақы жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкердің еңбегі үшін төленетін міндетті ақы. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша кесімді немесе өзгеде еңбекақы жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылады (126- бап, ЕК). Ақы төлеу мынадай түрлерде жүзеге асады: үстеме жүмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу, біліктілік жұмыстарын орындаған кезде ақы төлеу, жаңа өндірістерді игеру кезіндегі еңбекке ақы төлеу, бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу және т.б.. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді. Жалақыдан ұстап қалу сот шешімі бойынша және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Ал қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акті жасалады (73- бап, ЕК). Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі. Еңбек жөніндегі ережелердің әзірлеуі, орнатылуы, ауысуы және қайта қарау жұмыс берушімен еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тәртіпте жүргізіледі. Еңбек орындарының оңтайландыру мен аттестацияулау кезеніндегі еңбек ережелері міндетті аусуға, жаңа техниканың, технологиялардың және техникалық-ұйымдастыру шаралар еңбек өндірімділіктің арттыруы үшін орнатылуы тиіс. Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.Жаңа еңбек ержелерінің еңгізілуі туралы жұмысшылар бір айдан кешікпей жұмыс беруші арқылы хабарландырылуы тиіс.
Жеке тұлға құқықтарының бұзылу себептері- жауабын таппадым
Жергілікті және өзін-өзі басқару органдары. Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.