Сабақ. Мектеп геометриясынан жазықтықтағы қарапайым салуларды орындай алуын тексеру
Лекции.Орг

Поиск:


Сабақ. Мектеп геометриясынан жазықтықтағы қарапайым салуларды орындай алуын тексеру




ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Шымкент – 2016ж


ӘОЖ 517 (075)

 

Құрастырушылар: Рахымбек Д. «Жазықтықтағы салу есептері» пәнінен практикалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау. - Шымкент: ОҚМПИ, 2016. - б.

 

 

Әдістемелік нұсқау оқу жоспары мен «Жазықтықтағы салу есептері» пәнінің бағдарламасына сәйкес жасалған және студенттердің практикалық жұмыстарының орындалуына қажет барлық мәліметтер толық берілген.

 

 

Әдістемелік нұсқау 5В010900–«Математика» мамандығының студенттеріне арналған.

 

Рецензенттер: Абдрахманов Қ, ф-м.ғ.к., доцент, ОҚМПИ

Юнусов А. ф-м.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ

 

Кафедра мәжілісінде қарастырылып, баспаға ұсынылды _________

(хаттама № _ «» 2016_ ж.)

 

факультеттің әдістемелік комиссиясында қарастырылды ____________

(хаттама «__» _____2016 ж. )

 

ОҚМПИ Ғылыми - әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған

(хаттама «__» _____2016 ж. )

 

 

© Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 2016

КІРІСПЕ

«Жазықтықтағы салу есептері» пәнін оқып-үйрену студентке планиметриялық салу есептерін шығарудың теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді. Салу есептерін шығару тәсілдерін меңгеру болашақ математика мұғалімдерінің мектепте констуктивті геометрияны оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері мен оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ұғынуға жол ашады. Бұл курс математика мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

Практикалық сабақтың негізгі мақсаты салу есептерін шығарудың негізгі әдістерін білу және оны есептер шығаруда пайдалана алу біліктіліктерін қалыптастыру.

Нұсқаулықта әрбір сабаққа қажетті қысқаша теориялық мәліметтер беріліп, есептер шығарудың бірнеше үлгілері көрсетілген. Практикалық сабаққа алдын ала (үйде) оқу құралында берілген материалдарды студент оқып келуі керек. Сабақта шығарылған есептер бойынша талқылаулар жүргізіліп, есептер шығару әдістері меңгеріледі. Одан кейін нұсқаулықтағы әрбір сабақ соңында келтірілген аудиторияда және үйде шығаруға арналған есептерді студент өз бетінше шығаруға кіріседі. Әрбір сабақ үшін берілген есептерді студент міндетті түрде толық шығару талап етіледі. Ол есептің шығарылған шығарылмағаны келесі сабақта есепке алынып отырылады.

Студент түсінбеген немесе шығара алмаған есептері туралы оқытушыдан кеңес сұрайды. Кеңес кестеге сәйкес жүргізіледі. Студент кеңеске жүгінудің алдында мынадай жұмыстар жүргізілген болуы керек:

1. Әрбір сабақ үшін көрсетілген әдебиеттермен танысып шығады.

2. Лекциядағы сәйкес теориялық материалдарды біліп, ондағы есеп шығару үлгілеріне көңіл аударуы қажет.

3. Практикалық сабаққа арналған нұсқаулықтағы шығарылған есептерді меңгерген болуы міндетті.

5. Есепті шартындағы айтылған ұғымдардың анықтамаларын, белгілері мен қасиеттерін мектеп оқулықтарын қайталап шығу.

6. Соңында оқытушыдан кеңес сұрау.

 

Дебиеттер

1. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныптарына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012.

2. Бүкібаева К.О., Миразова А.Т. Геометрия Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық / К. Бүкібаева, А. Миразова. 2-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. -128 бет.

3. Бекбоев И.Б. және т.б. Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2007.

4. Рахымбек Д., Мадияров Н.К. Геометриялық салу есептері. Оқу құралы / Д. Рахымбек, Н.К. Мадияров. – Алматы: Эверо, 2015. – 287 б.

5. Жүнісов Т. Планиметриялық салу есептерін шығару әдістері. Алматы, 1998.

6. Әбдімәжитов К., Қаңдыбаев Қ. Геометрия есептерін шешудің кейбір методтары. – Алматы: Абай атындағы ҚазПИ, 1978. – 72 бет.

7. Жазықтықтағы геометриялық салу теориясы мен практикасы. Методикалық талдау. – Алматы: Республикалық оқу-методика кабинеті, 1976. – 101 бет

8. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныптарына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012.

9. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныптарына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.

10. Бекбоев И.Б. және т.б. Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2007.

11. Стереометрия есептерін шешудің методикалық нұсқаулары. Құрастырушылар Қ. Қаңлыбаев, М. Меңдіғалиева. - Алматы, 1990. – 66 бет.

12. Сатыбалдиев С.О., Қаңлыбаев Қ. Геометрия есептерін шешу әдістемесі. – Алматы, 2011. - 104 бет.

13. Қайдасов Ж., Гусев В., Қағазбаева Ә. Геометрия 10 сынып. - Алматы: Мектеп, 2006.

14. Мадияров Н.К. Геометриялық фигураларды кескіндеу. Оқу құралы. –Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010. – 98 бет.

15. Cенников Г.П. VI-VIII кластарда салу есептерін шешу: Оқытушылар үшін. – А., 1959. -165б.

 

сабақ. Мектеп геометриясынан жазықтықтағы қарапайым салуларды орындай алуын тексеру

 

Әдебиеттер: [1]ІІІ тарау § 2, [2]ІУ тарау § 4.5 -4.10. [3]ІУ тарау § 19,

§20, §20 (1-2-есеп)

Жазбаша бақылау жұмысының есептері:

1. Берілген бұрышқа тең бұрыш салу.

2. Бұрыштың биссектрисасын салу.

3. Кесіндіні қақ бөлу.

4. Түзуге одан тыс нүкте арқылы перепендикуляр жүргізу.

5. Түзудің бойындағы нүкте арқылы түзуге перпендикуляр тұрғызу.

6. Берілген нүкте арқылы түзуге параллель түзу жүргізу.

7. Екі қабырғасы олардың арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш салу.

8. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу.

9. Қабырғасы және оған іргелес екі бұрышы бойынша үшбұрыш салу.

10. Циркуль және сызғышпен 300 бұрыш салу.

11. Циркуль және сызғышпен 600 бұрыш салу.

12. Циркуль және сызғышпен 450 бұрыш салу.

13. Үшбұрышқа іштей шеңбер сызу.

14. Үшбұрышқа сырттай шеңбер сызу.

15. Бір катеті мен гипотенузасы арқылы тік бұрышты үшбұрыш салу.

16. Гипотенузасы мен бір сүйір бұрышы арқылы тік бұрышты үшбұрыш салу.

17. Бір катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы арқылы тік бұрышты үшбұрыш салу.

18. Бір катеті мен оған оған қарсы жатқан сүйір бұрышы арқылы тік бұрышты үшбұрыш салу.

19. Екі катеті бойынша тік бұрышты үшбұрыш салу

20. Кесіндіні тең 4 бөлікке бөлу.

21. Кесіндіні тең 5 бөлікке бөлу.

22. Кесіндіні 3:5 қатынасындай бөліктерге бөлу.

23. кесіндісін салу.

24. кесіндісін салу.

25. кесіндісін салу.

26. у= кесіндісін салу.

 

Ескерту: Бақылау жұмысынан қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер екінші аптада жеке-жеке осы есептердің шығарылуын оқытушыға тапсыруы керек.

 

 





Дата добавления: 2017-01-28; просмотров: 625 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.005 с.